əр маман үшін де өте тиімді.
Назгүл РАБИЛОВА,
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті:
жаратамын деп ойлаймын.
Ақпарат көзі
С.Торайғыров атындағы ПМУ 66 бакалавриат, 47 магистра-
тура, 5 докторантура мамандықтары бойынша мамандарды
дайындайды.
С.Торайғыров атындағы ПМУ 19 жəне 16 оқу бағдарламала-
рына сəйкес қосарлы əрі көптілді білім беру бағдарламалары
бойынша білім береді. 2014 жылдың өзінде академиялық ұт-
қырлық бағдарламасы шеңберінде 75 студент, 70 магистрант
шетелде білім алып келді. Ал шетелдік дəріскерлерді уни-
верситетке шақырту бағдарламасы Павлодар мемлекеттік
университетінің студенттеріне ғылыми жұмыстармен айна-
лысуға, əлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдарының ғылыми
жобаларымен, зерттеу жұмыстарының тың бағыттарымен
танысу мүмкіндігіне жол ашады.
4
Тұлға
Әке көрген оқ жанар
Қазақ кино өнерінің іргесін са-
лып кеткен Шəкен Аймановтың
кіндік қаны тамып, асыр салып
балалық дəурен құрған туған
жері – Баянауылдағы Айман
Бұлақ шатқалындағы Торайғыр
көлінің жағасы. Қасиетті топырақ
қазақ ғылымына, мəдениетіне,
өнеріне талантты азаматтарды
аямай-ақ берген-ді. Қазақ маң-
дайына біткен асыл тұлғаларды
тудырған киелі мекеннің нендей
сыры бар десеңші?!
1914 жылы ақпанның 15 жұл-
дызында Кенжетай шаңырағын-
да дүниеге келген нəрестеге
Шаһкерім есімін азан шақырып
қояды. Кенжетай сауатты, өнер-
ге жақын, қашанда қолынан
домбырасы түспей, əн мен күйге
жаны құштар жан еді. Ол саят-
шылық құрып, ит жүгіртіп,
аңшылыққа шыққанды сүйді.
Балалары Əбдікəрім, Шахкəрім,
Əбдірахымның бойларына да
қазақтың бай қазыналы өнері
мен игі жақсылығын, өр мінезді
тектілігін сіңіріп өсірді. «Əкеміз
Сұлтанмахмұт Торайғыровпен
бірге жүрген, жанындай жақ-
сы көрген інісі болған. Біз Сұл-
танмахмұттың жазғандарының
көбісін жатқа айтып, тым болма-
ғанда біріміздің сондай болуы-
мызды арман ететінбіз. Əкеміз
Кенжетай өзінің шамасына қа-
рай, шағын ғана тенор дауысына
лайықтап, əнді сызылтып əдемі
айтады. Қолымызға домбыра ұс-
татып, өнерге баулып əн үйретті,
тақпақ оқытты. Сөйтіп, əкеміздің
жолын қуып, ағайынды үшеуміз
де домбыра тартып, əн салатын
болдық», – деп еске алады бас-
пасөздің біріне берген сұхбатын-
да баласы Кəукен Кенжетайұлы.
Өнерлі де өнегелі əке тəр-
биесін алған ағайындылар дом-
быра шертіп, əнді серік етеді.
Мұнымен қоса, Шəкен балалық
шағында əйгілі əнші, қазақтың
əн мұраларын насихаттаушы
Қали Байжановтың өнерімен
сусындап өседі. Əсіресе үш аға-
йынды арасынан бəрінен бұрын
өнерді өміріне бойтұмар еткісі
келген Шаһкəрім еді. Өнерді
жаны сүйген ол ауыл-аймақта-
ғы ойын-сауық, той-томалақта
жан-тəнімен əуелетіп əн айтып,
жиылғандардың көңілін аулап
бағатын. Осылайша ол тұла бо-
йынан ағылып жатқан шабытты
өнерін көпшілікке паш етуге асы-
ғып, осыдан лəззат алып, жан
рахатына бөленетіндей.
Өнеріне жол ашқан
Ғабит Мүсірепов
Шəкенді ағасы Қажымұрат
1924 жылы Семейге оқуға алып
кетеді. Өзі мұғалім болғандық-
тан, Шəкенді де мұғалім болсын
деп алғашында Казкоммунаға,
кейіннен Халық ағарту институ-
тына түсірген. Осы институтта
оқып жүрген кезінде Шəкеннің
қолынан домбыра мен мандолин
түспей, неше түрлі көркемөнер
үйірмелеріне қатысып жүреді.
Ал Шəкен Аймановтың үлкен
өнерге жолын ашқан қазақтың
белгілі жазушысы Ғабит Мүсі-
репов. 1933 жылы Семейге Ал-
маты қаласындағы Қазақ драма
театрына дарынды жастарды
іріктеу мақсатымен Ғабит
Мүсірепов келеді. Сол жолы
Шəкен Айманов «Зорлық»
спектаклінде өнер көсетеді.
Мүсірепов Шəкеннің актерлік
шеберлігіне ризашылық та-
нытып, Қазақ драма театрына
қызметке шақырады. Содан
институттың 3 курсынан тас-
тап, Алматыға жол тартады.
Сөйтіп ол өзінің жүрек
түкпіріндегі арманына жетіп,
Алматыдағы Қазақ драма
театрында актер ретінде
қызмет етеді. Шəкен жалғыз
əртістер қауымы емес, жазу-
шылар арасында да қадірлі
азамат бола білді. «Маған
өнерге алғаш жол ашқан Ғабит
Мүсірепов болса, өнер шыңына
жетелеген Мұхтар Əуезов еді», –
дейді бір сөзінде ол.
Шəкен Айманов тума талант
иесі еді. Өйткені ол өнер үшін
туған ғұлама əртіс. Дарынды
актер қай образды сомдайтын
болса да бар болмысымен шын
беріліп, актерлік шеберліктің шы-
ңынан бір-ақ шығатын. Шəкенді
кəсібінің шыңына жетелейтін де
оның осы бір тума дарыны екені
хақ. Оны Семейде оқып жүрген
жерінен қазақ драма театрына
шақыруына себепшісі болған да
осы ешкімге ұқсамайтын дара
дарыны болатын.
Театр – менің актерлік
мектебім
Шəкен Айманов театрда күн
өткен сайын өзінің актерлік
кəсібін ұштап, көптеген əсерлі
сахналық образдарды жасап
шығарады. Ол театр сахнасын-
да қайталанбас бейнелерімен
тарих беттерінен өшпестей
орын алды. Шəкен Ақан сері,
Қобыланды, Қодар, Керім, Ал-
дар көсе, Исатай, Кассио жəне
Отелло болып көрерменнің ықы-
ласына бөленеді. Англиядағы
Эвон жағасындағы Статфорд
қаласында Отеллоны ойнайтын
актерлердiң дүниежүзiлiк фести-
валiнде дүниенің шартарабынан
жиылған актерлер арасынан оза
шауып, бас жүлдемен оралды.
Шəкен қазақ театрында 40-тан
астам жаңа бейне жасап, 15-тей
спектакль қояды. 1947 – 1952
жылдар аралығында театрдың
бас режиссері болып қызмет
етеді. «Мылтықты адам», «Та-
ланттар мен табынушылар»,
«Намыс соты», «Абай», «Ақан
сері – Ақтоқты» спектакльдерін
қою арқылы театр
режиссурасының
қыр-сырына қа-
нықты. Ал «Абай»
спектаклін қой-
ғаны үшін Шə-
кен
Айманов-
қа 1952 жылы
КСРО
Мемле-
кеттік сыйлығы
беріледі. Оның сурет-
керлігі, актерлік шеберлігінің əр
қилылығы, жан-жақтылығы оны
жаңашыл бастамаларға жете-
лейтін еді. «Мен драма теат-
рын ешқашан ұмытқан емеспін,
ұмытпаймын да. Осы күніме
жеткізген де – осы театр. Театр –
менің актерлік мектебім», – деп
айтқан сөзі өткен күннің ғибраты
мен болашақтың жаңашыл көз-
қарасын үйлестіре алғандығы-
нан туындаса керек.
Кино – мемлекеттің
төл құжаты
Шəкен Айманов өнердегі жаңа-
шылдықты пайдаланып, қазақ-
тың біртуар тұлғаларының кино
кейіпкерлерін жасайды. Енді ол
кино саласына бел бұра бастай-
ды. Шəкен Айманов 1938 жылы
қазақ өмірін алғаш жария еткен
«Амангелді» киносында эпизод-
тық ролмен танылады. Ол содан
бері киноға ғашық болып, кино
өнерінің қыр-сырын танып-
білуге құштарлана түседі.
Кейін «Райхан», «Ақ гүл»,
«Абай əндері», «Алтын
мүйіз» кинолары арқы-
лы кəсіби шеберлігімен
танылып қалған оны
«Жамбыл»
фильмінің
режиссері Эфим Дзиган
басты рөлді Жамбылдың
өзін ойнауға бекітеді. Шə-
кен осы фильмге түскенде
38 жаста еді. Ұлы ақынның
19 жастан 99 жасқа дейінгі
бүкіл ғұмырын бастан-аяқ ше-
бер ойнап шығады. Осы Жам-
был бейнесін сомдағаннан кейін
əйгілі режиссер Сергей Бондар-
чук «Правда» газетінде, Польша-
ның сыншысы Ирена Мерц «Три-
буна Люду» газетінде, «Шəкен
Айманов сомдаған Жамбыл бей-
несінен тірі адамды, тірі ақынды
көзге елестеткендей болдық» –
деп аса зор баға берді.
1953-1970 жылдары Шəкен
Айманов «Қазақфильм» сту-
диясының көркемдік жағын бас-
қарған тұста, қазақ кино өнері
шарықтай түсті. 1958-1970 жыл-
дары Айманов Қазақстан Кине-
матографистер одағын ұйым-
дастыруға қатысып,
одақ басқармасының
бірінші хатшысы қызметін атқар-
ды.
Шəкен Аймановтың режис-
серлік жетекшілігімен «Махаббат
туралы аңыз», «Алдар көсе»,
«Атамекен», «Найзатас бау-
райында» фильмдері дүниеге
келеді. Тəжірибелі, көркемдік
шеберлігі шыңдалған Шəкен Ай-
манов қазақ кино өнерінің өрісін
кеңейтті. «Біздің сүйікті дəрігер»,
«Тақиялы періште», «Атаманның
ақыры» режиссерлік еңбектері
бүгінгі күнге дейін қазақ киносы-
ның мақтанышы əрі қайталанбас
классикалық туындылары болып
қала бермек.
Оның соңғы қойған «Атаман-
ның ақыры» фильмі Шəкен Ай-
мановтың шоқтығы биік туын-
дысына айналды. 1970 жылы
«Атаманның ақыры» фильмі
үшін Қазақ КСР Мемлекеттік
сыйлығы берілді. Кино туынды
жоғары бағаланып, бүкілодақтық
экранға көрсетілімге шығады.
Мəскеу, Ленинград қалаларында
кино зор ықыласпен қабылда-
нып, тіпті шетел көрермендеріне
де жол тартады. Өкініштісі ұлы
режиссердің бұл сəттерді көруін
тағдыр жазбапты.
1953 жылдан бастап, өмірінің
соңына дейін қазақ кино өнері
саласында өнімді еңбек етеді.
Жұрттың сондағы: «Киноға
неге ауыстыңыз, драма теат-
рынан неге кетіп қалдыңыз?» –
деген
сұрақтарына
Шəкен
Кенжетайұлы кезінде: «Жасыр-
маймын, театрды бір уақытта
көп болса, мың, мың жарым кісі
көреді. Ал киноны пəлен мил-
лион халық көре алады. Кино
өнерінің осы мүмкіндігін пайда-
ланып көрсем деген мақсатым
бар», – деп жауап берген екен.
Ол кино арқылы миллиондаған
көрерменнің жүрегіне ұлттық
болмысы мен мəдениетімен
талай өзекті ойларды салуды
мақсат етеді. Өйткені, кино сала-
сын дамытудың маңыздылығын
бір кісідей біліп, кино кез келген
мемлекеттің төлқұжаты екенін
ол жақсы түсінді. Дарынды ре-
жиссер ел мəдениетін, өнерін
өркендету мəселесінің болашақ-
та кино өнерімен байланысты
болатынын сол уақыттың өзінде
терең түсінген.
Ұлы Шəкен Айманов 1970 жыл-
дың 24 желтоқсанда Мəскеу қа-
ласында жол апатынан мезгілсіз
қазаға ұшырады.
Түйін. «Қазақ киносының
атасы» атанған Шəкен Айма-
нов көзі тірісінде Мұхтар Əуе-
зовтің «Абай жолы» роман
эпопеясы бойынша көркем
туынды түсіруді армандапты.
Өкінішке орай арманын жүзе-
ге асыра алмай кетті. Өйткені
оның көздегені қазақтың зор
тұлғалары арқылы қазақ мə-
дениетiн жаһан жұртына та-
ныстыру еді. Сондықтан оның
қолынан шыққан қай кино
туындысынан болсын қазағы-
ның болмысы аңқып тұрды.
Айдана СИҚЫМ
Шәкен Айманов театрда, кинода режиссер және актер ретінде өз биігін
бағындырған, өмірлік қамалын тұрғызған тұлға. Сол уақыттағы қазақтың
жас кино өнерiне жолбасшылық жасады.
Ұлттық кино саласының дамуына зор еңбек еткен дарын иесінің мына
жалған дүниеге келгеніне бір ғасыр болыпты. Қазақстанның халық әртісі,
КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Айманов
өзінің жарты ғасырлық ғұмырында ғасырларға татитын дүниелерді атқа-
рып кетті.
Өнер үшін туған жан
5
Тағылым
Қариялар – арамызда жүрген
əрбір оныншы азамат. Қария-
лар – қырық, отыз, жиырма, он
жылдан кейін қария болатын
əрқайсымыз. Қариялар – біздің
əжелеріміз, аталарымыз, əкеміз
бен шешеміз, ағаларымыз бен
апайларымыз.
Қарттық – қариялардың күн өт-
кен сайын күш-қайраты əлсіреп,
дəрменсіздікке берілетін шағы.
Қарттықпен қатар ауру-сырқау,
əлсіздік, тəуелділік, кейде жал-
ғыздық бірге келеді. Алайда олар
өмірінің басындағыдай сəбилік
шақтарын, мектеп табалдыры-
ғын аттап, арман қуып, ғашық
болып, биік мұраттарды бағын-
дыруға асық болғандарын кеше
болғандай естеріне түсіреді, əлі
бəрі алда деп ойлаған кездерін
сағына ойына алады.
Қарттар – кешегі жалын ат-
қан қайрат-жігері тасыған жас-
тар. Қазақ жеріндегі бүгінгінің
бəрі, елдігімізден бастап, күн-
делікті тіршілігімізді қоршаған
игіліктердің барлығы дерлігі сол
ардақты жандардың еңбегінің
жемісі. Бүгінгі ұрпақ та солардың
кіндігінен туылғандар. Қарттық –
көргенін тоқып, білгенін елеп,
өмірлік танымын талқыға сала-
тын кез. Бабалар мұра еткен
құндылықтарды аялап, өскелең
ұрпаққа аманатты табыстайтын
уақыт. Қарттықтың табалдыры-
ғын аттап, көрегендік пен да-
налықтың жолына ене беретін,
ешкіммен санаспайтын уақыт-
ай, десеңші.
БЕЙНЕТТІҢ ЗЕЙНЕТІ
1990 жылы 14 желтоқсанда
БҰҰ Бас ассамблеясы 1 қазанды
Халықаралық қарттар күні деп
жария етті. Бұл күн мереке ретін-
де бекітілмес бұрын Еуропада,
АҚШ-та ғана тойлайтын болса,
ал 1990 жылдары қарияларды
құттықтауға бүкіл əлем жұрты
қосылды.
«Қарттық» сөзіне нақты анық-
тама беруге болмайды, өйткені
əр қоғамда бұл сөздің мағынасы
мəдениетіне, ұлттық болмысына
қарай əр түрлі сипатталады. Көп-
теген мемлекеттерде қарттық-
ты өмір сүрген ғұмырына қарай
өлшейді. Батыста «үшінші жас»
деген ұғым бар. «Үшінші жас»
адамның зейнетке шығуымен
басталады. Бұл жылдары ба-
тыстық қарт адамдар бар уақы-
тын өздеріне арнайтын көрінеді.
Көрмелер мен концерттерге
барады, саяхатқа шығып, өзіне
ұнайтын қызығушылығымен ай-
налысады. Бұл кезеңде олар-
дың белсенділігі артып, көптен
бері кейінге қалдырып келген
бастамалары мен жобаларын
жүзеге асырады. Ал қазақстан-
дық қарттар зейнетке шыққаннан
кейінгі ғұмырын кімге арнайды,
немен айналысады? Қарттарын
асыл қазынаға балаған қазақтың
қарттары бүгінде не күй кешуде?
Жан-жағымыздағы қарияларға
көз салсақ осы сұрақтарға да
жауап табармыз.
Қазақстандық қарттар бей-
нетінің зейнетін бірі отбасының
ортасында, бірі жалғыздықта,
бірі еңбек етіп, енді бірі қарттар
үйінде бірі шаттықта, бірі жабыр-
қау, бірі қамсыз, бірі панасыз өмір
кешіп келеді. Дегенмен олардың
көп жылғы бейнетінің қайырымы
қамсыз зейнетпен өтер мезгілі
бейқам өтсе игі болар еді. Қа-
зақстан Республикасының Конс-
титуциясында ақ самайлы жан-
дардың жалпы азаматтық жəне
арнайы құқықтары мен мүдде-
лері, оның ішінде жасы бойын-
ша əлеуметтік қамсыздандыру
кепілдіктері бекітілген.
Қариялардың қамсыз қартты-
ғын қамтамасыз ету мақсатында
оларды əлеуметтік қорғау қажет.
Яғни, қарияларды қаржылай
қолдаудың басты жолы зейне-
тақымен қамтамасыз ету болып
табылады.
«Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру
туралы» ҚР Заңына сай ерлер-
ге арналған зейнеткерлік жас
63 жастан, əйелдер үшін – 2018
жылға дейін 58 жастан баста-
лады. Осы Заңының 11-бабы-
на сəйкес 2018 жылдан бастап
əйелдердің зейнеткерлік жасы
2027 жылға дейін жарты жыл
сайын 63 жасқа жеткенше кө-
терілетін болады. Сондай-ақ,
еліміздің Еңбек заңнамасы зей-
неткерлік жасқа жеткен жəне
бұдан əрі азаматтық қызметші
ретінде жұмысын жалғастыруға
ниетті қызметкермен еңбек шар-
тын ұзартуға құқық береді.
ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
ҚАЖЕТ
БҰҰ есебінше 1950 жылы жа-
һанда 60 жастан асқан 205 мил-
лион адам болса, 2010 жылы
жер бетінде 1 миллиард 100
миллион, ал 2050 жылы 2 мил-
лиардқа жуық болады деген
болжам жасауда. Ғалымдардың
есебінше жаһан қарттары 2000-
2050 жылдары 11 пайыздан 22
пайызға дейін өсетін көрінеді.
Бүгінгі таңда елімізде 65 жастан
асқандар халықтың 7,5 пайызын
құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайы-
зын құрайтын болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының жіктеуіне сəйкес, қарт-
тарға 60 пен 74 жас, кəрі адам-
дарға 75-89 жас аралығындағы-
лар, ал ұзақ ғұмыр жасаушыларға
жасы 90-нан асқандар кіреді
делінген. Қазақстан Республика-
сында осы жастағы адамдардың
өмір сүру сапасын арттырамыз
деген ниеті мемлекеттік бағдар-
ламаларда көрініс тапқан. Олар-
ға медициналық көмек көрсетуді
жақсарту үшін республикада
геронтологиялық көмек жүйесін
құрылуы туралы «Саламатты
Қазақстан» бағдарламасында да
қарастырылған. Алайда, қарттар-
ға арналған бұл жүйенің жұмысы
оң өзгерістер əкеліп жатқаны ша-
малы. Əлі де емханаларда қария-
ларымыз ұзын сонар кезек күтіп,
əуре-сарсаңға түсіп жүргені.
Қарттар сыйлы елде халықтың
бірлігі берік, саналылығы жоға-
ры, адамдығы зор болады. Қарт-
тардың хал-ақуалы бүкіл елдің
тыныс-тіршілігін айна қатесіз
бейнелейді дейді. Ақ самайлы
жандардың жай-күйі – мемле-
кеттің бүгінгі жағдайы. Қарттары-
мызға қамқорлық жасау арқылы
біз жарқын келешегімізге жол
салатынымызды ұмытпасақ бол-
ғаны.
ҚАРТАЮ – АБЫРОЙ
Адамның қартаюы табиғаттың
заңы. Медицина мамандарының
айтуынша қартаю ағза мен ой
сезімнің дамуы, жетілу үдерісі
тоқырап, белсенділік мүмкіншілігі
мен қарқынының үдемелі тө-
мендеуі. Ел аузында бұл жасқа:
«Ат мініп, атан жетелеп, кел-
мейді, сірə, кəрілік. Күтпейді оны
көпшілік, сағынып не тарығып»
деп сипат береді. Көнекөз қария-
лар «абыроймен қартайғанын
берсін» деген сөзін жиі естіп өстік.
Алғашында естіген жан ол сөздің
шын мəніне беріле қоймайды.
Өз басынан өткерген адам бір
кездері естіген сөздің мəйегіне
өз уақытында жетеді. Қазақ үшін
қартаю – абырой. Сол шақтың
абыроймен өткенін кез келген
қазақ қариясы мұрат етеді. Олар
үшін отбасы ортасында, бағып-
қаққан ұлдары мен қыздарының,
немерелері мен шөберелерінің,
құдалары мен ағайындарының
арасында маңғаздана отыру, жа-
қындарының ыстық ықыласта-
ры мен қамқорлықтарын сезіну,
ешнəрседен мұқтаждық көрмей,
ауыл-аймақтың үлкендері мен
жастарының сəлемі мен арнайы
сыбағасын қабылдау, ақ батасын
беріп, үлкенді-кішілі арасында
сыйлы болу зор ғанибет.
Қартаюдың қазақи пайымы –
пəлсапалық та, психологиялық
тұрғыдан үйлесім тапқан өлшем.
Өйткені қария үшін өзіндік төрі-
нен түспей, сыйын қаштырмай,
əдемі қартаю өнеге. Өкінішке
орай сол бір адам көзі көрмес
ұлағатты тағылымнан бүгінгі күні
біртіндеп айырылып бара жат-
қандаймыз. Қарияның ұлық жа-
сын құрметтеу, ғұмырлық тəлімін
сыйлау, өткеннің сынығы деп
қадірлеу сынды ұлттық ұғымды
бүгінгі ұрпаққа сіңіру бізге парыз.
ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ
ҚАРИЯНЫҢ ТІЛЕГІ
Оны ұмытты, одан сырт айнал-
ды, оны жоққа балады, оған де-
ген қызығушылық жоғалды, оны
адам қатарына қосудан қалды…
Қарттың тілегі – ел амандығы,
жұрт тыныштығы. Бұл күндері
уайымы сырлас, сыйлас қатары-
ның сиреп, жаны өткен күнді аң-
сап, достары мен жақындарын,
анасы мен əкесін, ата-əжелерін
сағынып, жалғыздыққа бой ұра-
тын болған. Балаша махаббат-
қа, қамқорлыққа, жақынының
аялы алақанына мұқтаж болып
қалатыны да бар. Сол себепті,
өзі əке-шеше бола тұра бір кез-
дердегідей анасы мен əкесінің
қорғауын аңсайды. Міне, содан
бүгінгі қасында қалған балалары
мен немерелерінен сол аялауды
күтеді, жастық дəуренінде ұрпа-
ғына бере алмаған уақыттарын
бекерге өткен уақытқа санап
отыр, кезінде қолдау танытпаға-
ны үшін өзегі өртенеді. Тұла бо-
йын өкініштің мұңы жеп бара жа-
тыр. Артынан ерген тұяқтарынан
кешірім мен түсінік күтеді.
Өмір деген қатігез ау шамасы.
Күнделікті сепкен дəннің жемісін
қайратың кеткенде ғана орып
алатыны өкінішті. Ата-анасын
кешіре алмаған жүректер ертең
өздері сол орға түсетінін біл-
мейді-ау шамасы. Қарттар үйінің
белең алуына себептің бірі осы
шығар деп топшыладым.
ҚАРТТАР ҮЙІ
БОЛМЫСЫМЫЗҒА ЖАТ
Бүгінде қарттар үйі – жасы ұлға-
йып, қараусыз қалған қарттарды
əлеуметтік қорғау нысандарының
бірі болып табылатын мемле-
кеттік мекеме. Бұрынғы КСРО-да
қарттар үйі ХХ ғасырдың 50-60
жылдарында құрылып, əлеуметі
төмен, еңбекке жарамсыз, аза-
маттардың тұрмыс деңгейін қол-
дау мақсатымен жұмыс баста-
ған-ды. Бұл үрдістің пайда болуы
жақсы бейілден туындаса керек.
Алайда қазіргі таңда қазақы бол-
мысымызға жат қарттар үйі бүгінгі
күні қазақ қарияларының шаңы-
рағына айналуда. Тегі мықты қа-
зақтар заңғар тауға балаған əке-
лерін, жұмақ кілтін аяғына салып
берген аналарын қартайған ша-
ғында жалғыз басты еткендеріне
не себеп? Оған кінəлі өркениетті
қоғам ба, алпауыт заман ба? Кім
білсін?! Бір кездері шығыстықтар
үшін масқара саналған қадамдар
бүгінде батыстықтардың қалып-
ты мəдениетінің көрінісі. Шын-
дығы сол қарттар үйіндегі қазақ
қарияларының саны күн санап
артып келеді. Бұл бағаналы бері
ұлық жасты құрметтеу, үлкенді
қадірлеу тағылымымыздың қан-
дай деңгейде екенінің көрсеткіші
болса керек.
Мəселен, Түркияда қарттар үй-
лері жоқтың қасы. Онда ата-ана-
ға қамқорлық танытпау ардың ісі.
Ғалымдар жасаған статистикалық
мəліметтердің нəтижесі бойынша
Қытайда сауалнамаға қатысқан-
дардың 80 пайызы ата-аналарын
қарттар үйіне тапсыруды жат қы-
лық санап, өздерін қарттар үйіне
балалары тастайтын болса, күй-
зеліске түсетінін айтқан. Ал, Гер-
мания, АҚШ, Нидерландия, Авст-
ралия сынды дамыған елдерде
сауалнамаға қатысушылар əке-
шешелерін қарттар үйіне тапсы-
руды қариялардың денсаулығы-
мен айналысудың кəсіби жағдайы
жасалғандығы мен ата-анасына
қарауға балаларының қолының
тимейтіндігін алға тартты. Ал шы-
ғыстықтар ардың ісі есептейтін
жолды батыстықтар ата-анала-
рын кəсіби бағып-қағатындарға
табыстау деп санайды екен.
Достарыңызбен бөлісу: