Қазақстанда тегін білім беру ҚОЛжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктері



Дата30.03.2023
өлшемі34,17 Kb.
#77817
Байланысты:
?àçà?ñòàíäà òåã³í á³ë³ì áåðó ?ÎËæåò³ìä³ë³ã³í³? àðòû?øûëû?òàðû ìå


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті





Әлеуметтану


БӨЖ

Қазақстанда тегін білім беру ҚОЛжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Білім адамның мәртебесін айқындайтын басты фактор болу себебін негізді түрде түсіндіріңіз. «Креденциализм» түсінігіне анықтама беріңіз. Негізделген мысалдар келтіріңіз


Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде
Артықшылықтары:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасайды;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық , экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелейді;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасайды;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамытады;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар
Кемшіліктері:
бірінші, біз дайын өңделген ақпаратты баланың аузына салып береміз де, оны бала қабылдап алды ма, ол білім баланың меншігіне айналды ма, жоқ па оны ескере бермейміз. Біз дайындап берген материалдарымыз баланың меншігіне айналмаса ол оны кез-келген уақытта ұмытып қалады. Міне сондықтан да біз ең үлкен кемшілік осы дайын нәрсені бере салу деп білеміз. Мысалы, бала бір тригонометрияның өзінен 48 формуланы жаттайды екен. Біздің жаңа стандарт балаға ол форомуланы беріп қана қоймай, оны қайдан табу керек екендігін үйретеді. Сонда бала білімді қайдан алуға болады, қалай іздеуге болады және сол білімді пайдалана білуді үйренеді. Өйткені соншама білімді баланың басына салып қою мүмкін емес.Екіншіден, оқу процесіндегі қарым-қатынас. Бізде мұғалім мен оқушы арасында субъективті объективті қарым-қатынас орнаған. Яғни, оқушы мұғалімге бағынышты. Бұл жерде мұғалім балаға білімді айтып беру үшін қажет емес , баланы білімді алуға үйрету үшін қажет екендігін түсіну керек. Осыны ескере отырып жаңа стандарт баланы оқу процесіне араластыру мәселесі қарастырылады.
Үшіншіден, ең үлкен кемшілік оқудың нәтижесі. Біз қалай бағалаймыз? Біз баланы білімнің көлемін біледі, білмейді деп бағалаймыз. Міне мәселе осында жатыр. Яғни білім репродуктивті. Яғни мектепте тарих пәні мұғалімі бірнәрсені айтып берсе, соны бала тақтаға шығып дәл сондай етіп айтып беріп, бесін алып жүре береді. Ал ондағы маңызды ақпараттар оның есінде қалмайды.
Білім – адамның мәртебесін айқындаушы
Халыққа тегін білім берудегі мақсаттың бірі – адамдарды табысты болуына жағдай жасау. Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілетінің арқасында биік шыңға көтеріле алады. Себебі жұмыс беруші, ең алдымен, ата-анаңыздың кім екенін сұрамайды, оларға керегі – қай оқу орнын аяқтағаныңыз. Ал колледж қызметкерлері біліктілікті арттыру (Advanced Placement) курсынан қанша марте өткеніңізді және халықаралық бакалавриат деңгейіндегі жоғары біліміңіз баржоғын сұрайды. (Егер кедей отбасыдан шығып, кедейлерге арналған жоғарғы мектепке барсаңыз, мұндай бағдарламалар жайлы естімеуіңіз де мүмкін). Алайда конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, адамдарды алған біліміне қарай бағалау, ата-анасына қарап бағалаудан эгалитарлы (теңдік) емес. Бақуатты отбасыдан шыққан адамдар жақсы білім ала алады. Мысалы, қаржылай көмек үшін өтініш жазған Гарвард студентінің отбасылық орташа табысы 150 000 $ шам. Ал білім алушылардың жеке мәліметтеріне мән беру «жағымсыз» студенттерден сақтану үшін қажет. Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, білім туралы куәлікті көзбояушылық деуге болады. Қызметке орналасып, еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік, шын мәнісінде, нэсілдік, жыныстық және қай әлеуметтік таптан шыққанына байланысты дискриминациядан қорғай алмайды. Нәсілге негізделген теріс түсінікке қатысты «нәсілшілдік» термині қолданылса, әлеуметтануда куәліктерге байланысты теріс түсінікті айқындау үшін «креденциализм» термині қолданылады. Креденциализм - айрықша білімі туралы куәлігінің арқасында ғана біреулерді басқалардан жоғары деп санау.






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет