Қазақстандағы 1867-1868 жж. реформалар «Дала комиссиясы» құрылды. (Ф.Гирс басқарды)Оның құрамына ресейлiк шенеунiктер мен офицерлер кірді. 1867 жылы II Александр «Сырдария мен Жетiсу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженiң» жобасын да бекiттi Басқарудың жаңа ережесiн 1869 жылдың мамырынан бастап енгiзу көзделдi. 1867–1868 жылдардағы реформалар бүкiл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкiмшiлiк құрылды Орынбор генерал-губернаторлығы – Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығы – Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркiстан генерал-губернаторлығы – Жетiсу және Сырдария облыстарын қамтыды Iшкi Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды - Iшкi Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды
- Маңғыстау приставтығы Закаспий облысына өтті
- Жетiсу облысына кірген уездер: Сергиополь, Қапал, Верный, Жаркент, Ыстықкөл, Тоқмақ
- Сырдария облысына кірген уездер: Қазалы, Перовский, Түркiстан, Шымкент, Әулиеата, Ходжент, Жызақ, Құрама (Ташкент)
- Орал облысына кірген уездер: Орал, Гурьев, Калмыково, Жем (Темiр)
- Торғай облысына кірген уездер: Елек (Ақтөбе), Николаев (Қостанай), Ырғыз, Торғай
- Ақмола облысына кірген уездер: Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар
- Семей облысына кірген уездер:Павлодар, Семей, Қарқаралы, Өскемен, Баянауыл ж.б.
- Әр облыс – уездерден, әр уезд – болыстардан, әр болыс – ауылдардан тұрды.
Әкiмшiлiк басқару жүйесiндегi өзгерiстер. - Генерал-губернатордың қолында әскери билiк те, азаматтық билiк те болды.
- Түркiстан генерал-губернаторлығы басшысының көршi мемлекеттермен, атап айтқанда, Қытай және Иранмен тiкелей келiссөздер жүргiзу құқығы да бар едi
- Патша үкіметі облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындады
- Олар сонымен қатар казак әскерлерiнiң атамандары болып есептелдi.
- Уездi уезд бастығы басқарды. Ол ресейлiк шенеунiктер қатарынан сайланды
- Әкiмшiлiк басқарудың ең төменгi екi сатысында жергілікті ақсүйектерден іріктеліп алынатын болыстар мен ауыл старшындары тұрды
- Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылып, өмiрлiк зейнетақы тағайындалды.
Сайлау жүйесi - Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топтардан iрiктелiп, сайлауда (дауыс берудiң) нәтижесi бойынша ғана тағайындалатын.
- Бұл қызметтерге үмiткерлердiң жасы 25-тен кем болмауы шарт саналатын.
- Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзiмге сайланатын
- Болыстарды губернатор, ал ауыл старшындарын уезд бастығы бекiтетiн
- Сондай-ақ оларды бұл қызметтерден кез келген уақытта алып тастауға да құқықты болатын.
Қазынагерлiк жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар. - Қазақстанның бүкiл аумағында бiртұтас салық – «түтiн салығы» енгiзiлдi.
- Ол жыл сайын бiр рет әрi үй басынан ақшалай алынып тұрды.
- Орынбор және Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығындағы қазақтар 3 сомнан, ал Түркiстан генерал-губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келдi.
- Мал санағы 3 жылда бiр рет өткiзiлдi
Жергілікті халық бiрқатар борыштар атқаруға, атап айтқанда, олар көпiрлер мен жолдарды тегiн жөндеп тұруға мiндеттi болды Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас адамдар жататын және iссапарға келген шенеунiктер тоқтайтын киiз үйлер бөлiп тұруға мiндеттелiндi Қазақтарға оларды отын-сумен және шенеунiктердi жолға мiнетiн ат-көлiкпен қамтамасыз ету де жүктелдi. Әртүрлi қажеттіліктерге жұмсау үшiн қарашығын деп аталатын қосымша салық та салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге, көпiр, мешiт, мектеп, аурухана салуға жұмсалды. Қазақтар мiндеттi әскери борыш өтеуден босатылды - Әр облыста облыстық дәрiгер тағайындалды.
- Әрбiр уезде бiр дәрiгер мен акушер кiндiк шеше болатын болды.
- Уездiк дәрiгерге шешекке қарсы егу шараларын қамтамасыз ету мiндетi жүктелдi
- Ол науқас адамдарға медициналық көмек көрсетiп, оларды дәрi-дәрмекпен тегiн қамтамасыз етуi керек болды
- Қазақтар әскери және азаматтық мекемелердегi емдеу орындарында да дәрiгерге тексерiле алды.
Жердi пайдалану мәселелерi. - Қазақтардың қоныстанған жерлерi мемлекет меншiгi саналды
- Жаңа реформа бойынша ормандар да мемлекет меншiгi деп жарияланды
- Қазақтарға жерлерiн Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен қоныс аударып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр мөлшерде жалға беруiне рұқсат етiлдi.
- Қоныс аударып келген орыс шаруалары бiрқатар елеулi жеңiлдiктердi пайдаланды.
- Олардың әрқайсысы уездiк билiк орындарынан үй салып алу үшiн жер телiмiн, сондай-ақ құрылыстық ағаш материалдарын тегiн алды
Достарыңызбен бөлісу: |