Қазақстандағы су қоймалары Дайындаған: Альбекова А



бет1/6
Дата20.09.2023
өлшемі434,11 Kb.
#109277
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
403401.pptx

Қазақстандағы су қоймалары

Дайындаған: Альбекова А

Қабылдаған: а.ш.ғ.м, Буланбаева П

Су қоймасы- суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары. 


Қазақстанның су қоймаларының тізімі

су қоймасы

орны

пайдалануға берілген жылы

ауданы км2

ұзындығы

ені

тереңдігі

Бұқтырма

Ертіс өзені ШҚО

1967

5500

600

40

80

Қапшағай

Іле өзені Алматы обл.

1970

1847

187

23

43

Шардара

Сырдария өзені ОҚО

1966

900

48

20

26

Көксарай

Сырдария өзені ОҚО

2011

460

-

-

-

Сергеев

Есіл өзені СҚО

1969

117

75

7

20

Қаратомар

Тобыл өзені Қостанай обл.

1965

92

72

4

16

Самарқан (Теміртау бөгені, Нұра бөгені)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1941

82

25

7

12

Бөген

Бөген өзені ОҚО

1967

65

13

6

15

Астана (Вячеслав)

Есіл өзені Ақмола обл.

1969

61

11

10

25

Киров

Көшім өзені БҚО

1967

39

22

4

7

Топар (Шерубайнұра)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1960

39

13

4,2

24

Кеңгір

Кеңгір өзені Қарағанды обл.

1952

37

33

1,6

25

Өскемен

Ертіс өзені ШҚО

1963

37

85

1,2

45

Тасөткел

Шу өзені Жамбыл обл.

1974

77

18

8,5

23

Бұқтырма бөгені (орыс. Бухтарминское водохранилище) - Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, ҚалбаНарынКүршім жоталары аралығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі бөген.

  • Бұқтырма бөгені (орыс. Бухтарминское водохранилище) - Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, ҚалбаНарынКүршім жоталары аралығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі бөген.
  • Гидрологиясы
  • Су айдыны 5940 км2, ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м. Суының көлемі 49,6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі (бастауынан Серебрянск қаласына дейін), Бұқтырма, Нарын өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді. Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5,0 м-ге жетсе, маусымдық тербелісі – 1,3 – 3,8 м аралығында болады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,05 – 0,14 г/л, жұмсақ, химиялық құрамы – гидрокарбонатты кальцийлі.

Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айында басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң біртұтас су айдынына айналды.
Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде үшке бөлінеді: жоғарғы (көлдік), орта (таулы-аңғарлық) және төменгі (таулық) бөліктер
Бөгенде фитопланктонның 280, зоопланктонның 260 түрі кездеседі. СазанТабан балықкөксеркетүрке балық (омуль), шармайақ амурбақтақ, т.б. балықтар өседі. Жылына орта есеппен 8 – 9 мың т балық ауланады. Бұқтырма бөгеніндегі ӨскеменБұқтырма су электр станциялары Шығыс Қазақстан облысының аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Көктемде бөгеннен жіберілген су Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жүздеген мың га егісі мен шабындықтарын суландырады
Тарихы
Морфо-метриялық ерекше-ліктері
Шаруашы-
лықтағы
маңызы

Қапшағай бөгеніІле бойында, Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 ж. басталды. Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км3. Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Бөгенде балықтың 26 түрі (ақмарқамөңкетұқытабан балық, т.б.) кездеседі, олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қапшағай қаласының кәсіпорындары пайдаланады.

  • Қапшағай бөгеніІле бойында, Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 ж. басталды. Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км3. Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Бөгенде балықтың 26 түрі (ақмарқамөңкетұқытабан балық, т.б.) кездеседі, олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қапшағай қаласының кәсіпорындары пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет