Сергеев бөгені— Солтүстік Қазақстан облысындағыбөген. Есілдің абсолюттік биіктігі 125—150 м-лік жазық өңірден өтетін орта бөлігіндегі аңғарында, 1969 жылы іске қосылған. Сергеевка қаласынан бастап, оңтүстікке қарай 75 км-ге созылған. Шарасының ауданы — 117 км2, сыйымдылығы - 695 млн. м3 (1982 жылы 680, 1983 жылы 693 млн.м3 болды). Ені — 7—8 км, орташа тереңдігі — 5,9 м. Жағасының ұзындығы 264 км. Бөгенге Иманбұрлық өзені құяды. Есіл суын тиімді пайдалану мақсатымен салынған. Облыстағы негізгі астықты өңірлердің экономикасында бөгеннің маңызы зор.

Самарқан бөгені (Теміртау бөгені, Нұра бөгені) — Нұра өзен аңғарында, Қарағанды облысы Осакаров аудан жерінде. 1941 ж. іске қосылған. Шарасының ауданы 84 км2, ұзындығы 20 км, ені 7 км, орташа тереңд. 3,25 м (ең терең жері 17 м), суының мөлш. 260 млн. м3. Бөгеннің су жинайтын алабы 11500 км2. Шарасы қалың құмды-малтатасты шөгінділерден, саз және саздақтан түзілген. Түбі тегіс, батыс жағына қарай еңкіштеу келеді. Солт-нің көк желекті жағасы (ені 200 — 300 м) демалыс орнына айналдырылған. Батыс жағалауы Теміртау қаласының шетіне тиіп жатыр. Солт. жағалауында Сарымсақ, Қарабұйрат қоныстары жайласқан. Бөгенге Ертіс — Қарағанды каналының суы Нұра өз. арқылы ауық-ауық қосылып отырады. Бөген деңгейінің жылдық өзгерісі 2 м шамасында. Суы мөлдір, минералдылығы 0,7 — 1 г/л. Бөген суын Қарағанды, Теміртау қалаларының өндірістік кәсіпорындары пайдаланады.