Қазақстандағы төлем жүйелері



жүктеу 1.03 Mb.

бет3/9
Дата06.04.2017
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Төлемнің түсу уақыты 

Құны теңгемен 

С 08.00 до 13.00 

57 

С 13.00 до 20.00 



114 

С 20.00 


740 

 

3.2.9 Статистика 

2002  жылы  БААЖ-дағы  төлемдердің  орташа  айлық  саны 268 060 болды.  БААЖ-дағы 

төлемдердің орташа күндік саны мен сомасы тиісінше 12 765  жəне 58,7 млрд. теңге болды. Бес 

ірі қатысушы үлесінің саны жəне сомасы тиісінше 38% жəне 53% болды. 

3.3 Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) 

Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) клирингтік есеп айырысу жүйесі болып табылады. Қазақстанда 

клиринг палатасының функцияларын ҚРҰБ берген лицензияның негізінде Қазақстан Банкаралық 

Есеп  айырысу  орталығы  орындайды. 1995 жылдан  бастап    ҚБЕО  клиринг  палатасы  ретінде 

жергілікті облыстық клирингті жүзеге асырды, онда оның  пайдаланушылары клирингтің басқа 

қатысушыларына  дебеттік  жəне  кредиттік  шектеулерді  күнделікті  ұсынып  отырды.  Ондағы 

тəуекелдердің  құрылу  принциптері  мен  басқару  жүйесі  екінші  деңгейдегі  банктердің  аздаған 

санымен  ғана  қатысушылардың  шеңберін  шектеді.  Алайда  банк  жүйесіндегі  қажеттіліктің  өсе 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

19

түсуі  Қазақстанның  барлық  аймақтары  мен  қаржы  мекемелері  үшін  ашық  клиринг  құру 



қажеттігіне алып келді. 

1999 жылы ҚРҰБ екінші деңгейдегі банктер филиалдарының корреспонденттік шоттарын ҚРҰБ-

нің орталық аппаратына аударуды жүзеге асырды, сонымен бірге  аймақтық клиринг палаталары 

жабылды, олардың функциялары ҚБЕО-ға берілді. Жаңа клирингтік жүйе Қазақстанның барлық 

банктері  мен  банктік  емес  ұйымдарын,  оған  қоса  Қазынашылықты,  зейнетақы  қорларын  жəне 

басқаларды  қосуға  мүмкіндік  берді.  Жаңа  клирингтің  жағымды  жақтары:  алдағы  күнмен 

валюталау  арқылы    жұмыс  істеу  мүмкіндігі  (төлемдерді  алдағы  үш  күнге  есептеу  күнімен 

қалыптастыруға  болады),  түпкілікті    есеп  айырысу  уақытына  дейін  төлемдерді  қайтарып  алу, 

МТ102 хабарламалар форматын өңдеу болып табылады. 

БТЖ-де  ұсақ  жедел  емес  төлемдер  жүзеге  асырылады.  БТЖ-де 3 млн.  теңге  мөлшеріндегі  бір 

төлемнің  ең  көп  сомасына  лимит  белгіленген.  Осы  лимиттен  асып  кеткен  жағдайда  төлемді 

орындаудан  бас  тартылады.  Бұл  БТЖ-нің  БААЖ  тарифтерінен  төмен  төлем  тарифтерінің  ұсақ 

төлемдерін жүзеге асыратынына байланысты (бір төлем тапсырмасы үшін 9-22 теңге). 

2002 жылы БТЖ-дегі төлемдердің орташа күндік саны мен сомасы 2,7 млрд. теңге сомасына 33 

534  төлем болды. 

3.3.1 Жүйенің қатысушылары 

Республикалық  банкаралық  клиринг  жүйесін  пайдаланушылар  ҚБЕО-мен  клиринг  жөнінде 

қызмет көрсету туралы шарт жасасқан банктер жəне басқа қаржы мекемелері болуы мүмкін. 

2002 жылдың аяғында БТЖ-ны пайдаланушылар саны 51, оларды 27 екінші деңгейдегі банктер, 

17  Қазынашылықтың  облыстық  басқармалары,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі, 

Кастодиан  банк  (ҚҰБ-нің  МОД),  Мемлекеттік  зейнетақы  төлеу  жөніндегі  орталық, «Қазпочта» 

ААҚ,  басқа  да  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдар  жəне 

«Тимей» ҚӨК ЖШС құрайды. 

 «Тимей» ҚӨК ЖШС еліміздің солтүстігіндегі жеке аймақтық клиринг палатасы. «Тимей» ҚӨК 

ЖШС  БТЖ  арқылы  екінші  деңгейдегі  банктердің  үш  филиалының  жəне  бір  облыстық 

қазынашылық  басқармасының  таза  позицияларын  есептеуді  жүзеге  асырды. 2003 жылғы 

шілдеден бастап клиринг қызметін жүзеге асырмайтын болды. 

Қазіргі уақытта ҚБЕО-ның ең алдыңғы қатарлы коммуникациялық құрал-жабдықтары бар, төлем 

жүйелерін  пайдаланушыларға  байланыс  арналарының  барлық  түрлерін:  коммутацияланған, 

бөлек,  Интернет,  Х.25, DialNet желілерін  ұсынады  жəне  арналарды  пайдаланушылардың  өздері 

таңдайды. БТЖ-де МТ100 жəне МТ102 электрондық хабарламалар форматтары (SWIFT сияқты 

форматтар)  ғана  пайдаланылады.  БТЖ  пайдаланушылары  БААЖ-ға  арналған  бірыңғай 

терминалды пайдаланады. 



3.3.2 Жүйенің жұмыс істеуі 

Алматы клиринг палатасы (бұдан əрі  – ҚБЕО) БТЖ қызметін 1996  жылдан бері жүзеге асырып 

келеді,  бұдан  кейін  ҚБЕО 1999 жылы  жаңа  клиринг  жүйесін  іске  қосты.  Жаңа  жүйеде 

қатысушылар  валюталау  күнімен  жұмыс  істеуге,  түпкілікті  есеп  айырысу  уақытына  дейін 

төлемдерді қайтарып алу мүмкіндігіне ие болды.  

БТЖ-нің  жұмыс  істеу  принципі    неттингке  негізделген  жəне  бір  операциялық  күнде  бір 

клирингтік  циклі  бар.  Жүйе  төлем  тапсырмаларын S-1 күнгі 16:00-ден  бастап S күнгі  (есеп 

айырысу күні) 15:00-ге дейін төлем тапсырмаларын қабылдайды. Төлем тарсырмалары қабылдау 

аяқталғаннан  кейін  бір  күн  ішіндегі  келіп  түскен  жəне  жіберілген  төлемдер  негізінде 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

20

қатысушылардың  таза  позицияларын  жан-жақты  есептеу  жүзеге  асырылады.  Бұдан  кейін  таза 



позициялар  кейіннен  түпкілікті  есеп  айырысу  үшін 15:00 жəне 16:00 аралығында  жүзеге 

асырылатын БААЖ-ға жіберіледі. 



3.3.3 Есеп айырысу рəсімдері 

Клиринг жүйесі ретінде БТЖ операциялық күн соңындағы таза позициялардың орнын жабу үшін 

ғана қажет қаражатты талап етеді. БТЖ қатысушыларының таза позицияларын есептеуді ҚБЕО 

15:00-ден  кейін  жүзеге  асырады.  Бұдан  кейін  таза  позициялар  БААЖ  арқылы  жіберіледі  жəне 

есептеледі. 

Клиринг  нəтижелері  бойынша  ақша  аударымы  аяқталғаннан  кейін  клиринг  ұйымы  мен  ҚБЕО 

қатысушыға осы қатысушының таза позициясына сəйкес ақша аударымының аяқталғаны туралы 

хабарлама  береді.  Сонымен  бірге,  ҚБЕО  қатысушыларға  осы  қатысушының  пайдасына  түскен 

төлем құжаттарын, клиринг нəтижелері бойынша қатысушының таза позициясы туралы ақпарат 

жəне  себептерін  көрсете  отырып,  қандай  да  бір  себеппен  өңделмеген  төлем  құжаттары  туралы 

ақпарат береді. 

3.3.4 Тəуекелдерді басқару 

БТЖ-де  əрбір  қатысушыға  арналған  кредиттік  жəне  дебеттік  шектеулер  пайдаланылмайды. 

Тəуекелдерді басқару кезекті «жеделдету» əдісімен жүзеге асырылады. Барлық төлем құжаттары 

түпкілікті  есеп  айырысқанға  дейін  кезекте  тұрады.  Төлемдер  банктер  белгілеген  кодтар 

басымдылығы, БААЖ-бен бірдей болуы ескеріле отырып, бір күн ішінде жүйеге жіберіледі, олар 

сондай-ақ FIFO принципі  бойынша («алғашқы  болып  келді,  алғашқы  болып  кетті»)  өңделеді. 

Пайдаланушының  15:00-ге дейін төлем тапсырмасын қайтарып алуға мүмкіндігі бар. 

Əрбір  пайдалаушының  таза  позициясы  айқындалғаннан  кейін,  есеп  айырысу  рəсімдеріне 

дайындық  басталады.  Таза  позициялар  пайдаланушылардың  БАЖ-дағы  қаражатының 

жеткіліктілігін  тексеру  үшін  БААЖ-ға  жіберіледі.  Егер  қаражат  жеткілікті  болса,  дебеттік  таза 

позицияның  сомасы  оқшауланады.  Егер  қаражат  жеткіліксіз  болса,  БААЖ-дағы  қажетті  сома 

оқшауланады жəне жетіспейтін өтімділік сомасына кезекті «жеделдету» рəсімдері қолданылады. 

Жетпейтін  соманы  құрайтын  төлем  тапсырмасы    басымдылық  кодтарына  жəне FIFO 

принциптеріне сəйкес кезектен алынып, тапсырма жіберушіге хабарлама беріледі. Осыдан кейін 

пайдаланушылардың таза позициялары қайта есептеліп, таза позициялар түпкілікті есеп айырысу 

үшін БААЖ-ға жіберіледі. 

Пайдаланушылар операциялық күн ішінде екі рет (немесе талап бойынша одан да көп) автоматты 

түрде  ақпараттық  көшірме  алады.  Ақпаратқа  жіберілген  жəне  алынған  төлем  тапсырмалары, 

сондай-ақ БТЖ-дегі таза позиция кіреді. Мұндай қызмет көрсету түпкілікті есеп айырысуға дейін 

өтімділікті басқаруға жəрдемдеседі. Басқаша айтқанда, пайдаланушылар ақша рыногындағы есеп 

айырысу  уақытына  дейін  немесе  ҚРҰБ-нің  кредиті  арқылы  өтімділіктің  қажетті  көлемін  ала 

алады (3.2.7-тарауды қараңыз). 



4. Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу жүйесі 

Қазақстандағы  қор  рыногының  басталуы  жəне  дамуы  жекешелендірудің  басталуымен 

байланысты  болды.  Акционерлік  қоғамдар  құру  мемлекеттік  кəсіпорындарды  жеке 

инвесторларға  сату,  жаппай  жекешелендірудің  басталуы,  инвестициялық-жекешелендіру 

қорлары - осының  бəрі  Қазақстан  Республикасының  қор  рыногының  бастау  көзі  болды. 

Жекешелендірумен,  мемлекеттік  борыштық  міндеттемелер  шығарумен  бір  уақытта  ҚР-ның 

бағалы  қағаздар  рыногының  инфрақұрылымы  дамыды.  Бағалы  қағаздар  рыногының  жұмыс 


ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

21

істеуін  реттеу  мақсатында  «Бағалы  қағаздар  рыногы  туралы»  Заң  жаңартылып, 2003 жылы 



шілдеде қолданысқа енгізілді. 

4.1 Сауда-саттық 

Қазақстанда бір қор биржасы «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ (ҚҚБ) жұмыс істейді. Бастапқыда 

ол  Қазақстан  банкаралық  валюта  биржасы  ретінде 1993 жылы  қарашада  құрылған  болатын, 

қызметі  қор  рыногы  шығынының  орнын  жабуға  дейін    кеңейтілгеннен  кейін 1995 жылы 

маусымда атауы Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы болып өзгерді. 1996 жылы сəуірде 

биржа  Қазақстан  қор  биржасы  (ҚҚБ)  болып  қайта  аталды.  Валюта  рыногы 1997 жылы 

қыркүйекте ҚҚБ құрамынан  Алматы қаржы құралдарының биржасына (AFINEX) бөлінді жəне 

1999  жылғы  сəуірде  ҚҚБ-ға  қайта  қосылды. 1997 жылдан  бастап KASE-де  Қазақстанның  кез 

келген  жерінен  сауда-саттыққа  қатысуға  мүмкіндік  беретін  алыстан  қатысу  режимін  құру  жəне 

іске  қосу  жөніндегі  жұмыстар  басталды.  Бағалы  қағаздардың  барлық  түрлері  биржадан  тыс 

сияқты, ҚҚБ-дағы сауда-саттыққа да қатыса алады. 

 2002 жылдың аяғында Қазақстанда 181,2 млрд. теңге сомасына мемлекеттік бағалы қағаздар, 1 

175,2  млрд.  теңге  сомасына  акциялар  жəне 91,9 млрд.  теңге  сомасына  корпоративтік  бағалы 

қағаздар айналыста болды. 

 «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  туралы»  Заңға  сəйкес  бағалы  қағаздар  рыногын 

қадағалау органы ҚРҰБ болып табылады (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап  қаржы нарығын жəне 

қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау жөніндегі уəкілетті орган). 

4.2 Клиринг 

Қазақстанда  бағалы  қағаздармен  сауда-саттьық  жөніндегі  орталық  қарсы  əріптес  жоқ  Барлық 

есеп айырысулар жалпы режимде жүзеге асырылады. 

4.3 Есеп айырысу рəсімі 

Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу мынадай түрде жүргізіледі: 

1.  Мемлекеттік бағалы қағаздар БҚОД Т+0 шартымен. 

2.  Мемлекеттік бағалы қағаздар БҚОД арқылы Т+3 шартымен. 

3.  Шетел валютасымен операциялар TOD, TOM жəне SPOT шартымен: 

 теңгемен – ҚРҰБ-дағы ҚҚБ-ның корреспонденттік шоты арқылы; 

 шетел валюталарымен – шетелдік корреспондент-банктерде. 

 «Бағалы  қағаздардың  орталық  депозитарийі»  ЖАҚ  (БҚОД) 1997 жылғы  шілдеде 

мамандандырылған  ұйым  ретінде  құрылған  болатын.  БҚОД-ның  ролі  бағалы  қағаздар  иелерін 

есепке  алу  олардың  құқықтарын  растау,  бағалы  қағаздарды  материалсыздандыру  болып 

табылады.  Сондай-ақ  бағалы  қағаздарды  сақтауды  жəне  есепке  алуды,  жасалатын  мəмілелерге 

техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ клиринг қызметін жүзеге асырады. 

БҚОД  акционерлерінің  құрамына  кіретіндер:  ҚРҰБ (50%), ҚҚБ (26,66%), 15 екінші  деңгейдегі 

банктер (16,66%) жəне 6 брокер  компаниясы (6,66%). 2002 жылдың  аяғында  БҚОД 

қатысушыларының  саны 42 болды,  оның  ішінде: 19 екінші  деңгейдегі  банктер, 20 брокерлік 

компания, «Қазпочта» ААҚ, Қырғыз Республикасының Орталық депозитарийі жəне ҚРҰБ бар. 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

22

БҚОД-ға депонирленетін бағалы қағаздардың барлық түрлері материалсыздандырылған. Алайда, 



корпоративтік бағалы қағаздар үшін БҚОД-ның қызметін пайдалану міндетті емес. Клиенттердің 

бағалы қағаздары қатысушылардың өздерінің бағалы қағаздарынан бөлінген жəне  олар бойынша 

есеп  жеке  суб-шоттарда  жүргізіледі.  Бағалы  қағаздармен  операциялар  бойынша  түпкілікті  есеп 

айырысу БААЖ арқылы есеп айырысатын күні жүзеге асырылады. Əрбір қатысушының БААЖ-

да осы мақсаттарға арналған шоты болуға тиіс.  

Бағалы  қағаздармен  операциялар DVP принципі - «төлемге  қарай  жеткізілім»  бойынша  жүзеге 

асырылады.  Жалпы  негізде  жүзеге  асырылатын  бағалы  қағаздар,  қаражат,  сияқты  аударым 

кезінде де DVP 1-моделі пайдаланылады 

ҚҚБ-дағы сауда-саттық салыстырмалы операциялар ретінде БҚОД-ға жіберіледі. Биржадан тыс 

сауда-саттық  үшін  қатысушылар  БҚОД-ға  тікелей  электрондық  хабарлар  жібере  алады  жəне 

БҚОД  сатып  алушы  мен  сатушының  сауда  «мэтчингін»  жүргізетін  болады.  салыстырылған 

операцияларды  немесе  мэтчингті  алғаннан  кейін  БҚОД  сатушының  шотындағы  бағалы 

қағаздардың бар-жоғын тексереді жəне оларды оқшаулайды. Бағалы қағаздар болмаған жағдайда 

операция жүргізілмейді. БҚОД бағалы қағаздарды оқшаулағаннан кейін сатушының БААЖ-дағы 

шотын  дебеттеуге  жəне  өзінің  шотын  (БҚОД  шотын)  кредиттеуге  тапсырма  жібереді.  БҚОД 

сатып  алушының  бағалы  қағаздары  аударылғаннан  кейін  БҚОД-ның  шотын  дебеттейді  жəне 

сатушының  БААЖ-дағы  шотын  кредиттейді.  Сатып  алушының  шотында  қаражат  жетіспеген 

жағдайда  БҚОД  операцияны  жүргізбейді.  Барлық  рəсімдер  аяқталғаннан  кейін  БҚОД  сатып 

алушы мен сатушыға операцияның аяқталғаны туралы растама жібереді. 

Бастапқы  жəне  қайталама  рыноктың  қалыпты  жұмыс  істеуі  үшін  БҚОД-ның  депоненттермен, 

ҚБЕО-мен,  қор  биржаларымен,  Ұлттық  Банкпен  жəне  басқа  қатысушылармен  өзара  іс-əрекеті 

электрондық  хабарлармен  алмасу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бағалы  қағаздар  бойынша  есеп 

айырысу  жүйесі  сағат 9.30-дан 20.00-ге  дейін  операцияларды  жүзеге  асырады,  алайда  ақшалай 

есеп айырысуды жүзеге асыру БААЖ-дың операциялық күні жабылғанға дейін кемінде 40 минут 

бұрын тоқтатылады. 

4.4 Орталық банктің бағалы қағаздар инфрақұрылымын пайдалануы 

ҚРҰБ  БҚОД-ның  қатысушысы  болып  табылады  жəне  осы  арна  арқылы  кейбір  қызметтің 

түрлерін  жүзеге  асырады.  Біріншіден,  ҚРҰБ  БҚОД-ны  кепіл  түріндегі  бағалы  қағаздарды  алу 

үшін  пайдаланады.  Бұл  кепілді  ҚРҰБ  қаржы  институттарына  көмектесу  үшін  пайдаланады. 

Екіншіден,  ҚРҰБ    ақша-кредит  саясатын  жүргізу  үшін    ашық  рынокта  операциялар  жүргізеді. 

Бағалы  қағаздармен  осындай  операциялар  бойынша  есеп  айырысу  БҚОД  арқылы  жүргізіледі. 

Үшіншіден, БҚОД  ҚРҰБ шығарған жəне монетарлық операциялар үшін пайдаланылатын қысқа 

мерзімді  ноттар  үшін  төлем  агенті  ретінде  жұмыс  істейді.  БҚОД  төлем  агенті  ретінде  алғашқы 

шығарылымды ұйымдастырады, сыйақы төлеуді жəне ұстаушыларға төлеуді жүзеге асырады. 

 

 



 

 

 



 

 

2-сурет 



БҚОД жəне БААЖ арасындағы DVP механизмі 

ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

23

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

   



«Мэтчинг» 

БҚОД 


Бағалы  

қағаздар 

Операцияны тоқтату 

Жоқ 


Иə 

Бағалы 


қағаздарды

 

оқшаулау



 

Бағалы қағаздарды 

оқшаудан алу 

Жоқ 


Сатып алушыға 

бағалы қағаздарды 

аудару  

БҚОД-ның БААЖ-дағы 

шотын дебеттеу 

Сатушының БААЖ-дағы 

шотын кредиттеу 

Иə 


Сатып алушы мен сатушыға 

растама 


БААЖ-дағы сатып 

алушының шотын дебеттеу

БҚОД-ның БААЖ-дағы 

шотын кредиттеу 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

24

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Статистикалық кестелер 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

25

 



1-кесте 

Негізгі статистикалық деректер 

 

1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 

Халық (млн., жыл соңында) 

15.4 15.2 15.0  14.9 14.9 14.8 14.9 

ІЖӨ (млрд. теңге) 

1,416 1,672 1,733  2,016 2,600 3,251 3,747 

Жан басына шаққандағы ІЖӨ 

(тыс. теңге) 

91.9 110.0 115.5  135.3 174.5 219.7 251.5 

Айырбас бағамы (теңге/USD): 

 

 



 

 

 



 

 

жыл соңында 



73.30 75.55 83.80 138.20 144.50 150.20 155.60 

орташа алынған 

67.30 75.44 78.30 119.52 142.13 146.74 153.28 

 

 



 

2-кесте 


Банктік емес мекемелер пайдаланған есеп айырысу қаражаттары 

Жыл соңында, млрд. теңге



 

 

1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 

Банкноттар мен монеталар 

63.5  93.3  69.8 104.6 108.8 136.1 167.1 

Аударылған депозиттер 

46.5 47.8 34.6 57.5 86.6 88.1 120.2 

Басқалары 



с.к.

 1

 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

M1 


110.0 141.1 104.4 162.1 195.4 224.2 287.3 

Мəлімет үшін: 

 

 



 

 

 



 

 

M3 



135.0 173.0 148.5 273.9 397.0 576.0 764.9 

Шетел валютасымен 

аударылатын депозиттер 

д.ж.

2

 

д.ж. 

д.ж. 

д.ж. 

д.ж. 

д.ж. 

д.ж. 

Электрондық ақша көлемі 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

с.к. 

 

 



 

3-кесте 


Банктер пайдаланған есеп айырысу қаражаттары 

Жыл соңында, млрд. теңге

 

 

1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 

ҚРҰБ-гі банктердің жалпы 

резервтері 

17.7 22.4 12.1 21.8 24.4 42.3 45.4 



Олардың ішінде: 

 

 

 

 

 

 

 

Міндетті резервтер 

0.04 0.02 0.02 0.09 0.05 0.01  0.3 

Ерікті резервтер 

17.7 22.4 12.1 21.7 24.4 42.3 45.1 

Басқа банктердегі резервтер 



д.ж. 

д.ж. 

д.ж. 

д.ж. 

д.ж. 

0.18 0.21 



Мəлімет үшін: ҚРҰБ 

банктерге кредиттері 

8.7 8.2 2.1 4.6 2.8 1.8 3.8 

 

                                                           



1

 - Қазақстан жағдайларына сəйкес келмейді 

2

 - деректер жоқ 



ТЕЖК – Қазақстандағы төлем жүйелері 

26

4-кесте 



Банкноттар жəне монеталар 

Жыл соңында, млрд. теңге 



 

1997 1998 1999 2000 2001 2002 

Айналыстағы барлық банкноттар 

96.5 72.96 110.1 115.2 143.0 174.0 

олардың ішінде: 

 

 



 

 

 



 

5,000 0 



9.2 

32.3 

38.2 

53.3 

2,000 9.2 

9.2 

17.8 

20.6 

32.4 

43.5 

1,000 25.6 

21.3 

32.0 

22.5 

22.4 

31.1 

500 19.3 

14.2 

22.4 

20.97 

29.9 

27.7 

200 19.4 

12.98 

15.95 

13.4 

16.7 

14.3 

100 11.9 

8.4 

8.5 

4.1 

2.9 

3.5 

50 6.2 

3.8 

2.4 

0.6 

0.1 

0.1 

20 2.4 

1.5 

0.7 

0.2 

0.1 

0.1 

10 1.4 

0.9 

0.5 

0.2 

0.09 

0.09 

5 0.7 

0.4 

0.3 

0.1 

0.09 

0.09 

3 0.4 

0.3 

0.2 

0.1 

0.07 

0.07 

1 0.08 

0.07 

0.07 

0.07 

0.07 

0.07 

Айналыстағы барлық монеталар 0.3 

0.4 

0.7 


1.6 

2.9 


4.4 

олардың ішіндегі: 

 

 



 

 

 



 

100 0 









0.6 

50 0 

0.07 

0.1 

0.6 

1.2 

1.6 

20 0.2 

0.2 

0.3 

0.4 

0.8 

1.0 

10 0.05 

0.05 

0.1 

0.3 

0.4 

0.6 

5 0.03 

0.04 

0.1 

0.2 

0.3 

0.4 

3 0.01 

0.02 

0.02 

0.02 

0.02 

0.02 

1 0.0 

0.01 

0.02 

0.06 

0.1 

0.2 

Айналыстағы барлық банкноттар жəне 

монеталар 

96.8 73.4 

110.9 

116.9 


146.0 

178.4 


Банктердегі банкноттар жəне монеталар 3.5 3.6 6.3 8.1 9.9 

11.3 


Банктерден тыс банкноттар жəне монеталар 93.3 

69.8  104.6  108.8  136.1  167.1 

 

 

 



5-кесте 



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал