Кіріспе
Қазақстан, Түркия үшін достас және бауырлас ел, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік
алғаннан кейін Орта Азияда демократияға қарай қадам басқан елдер үшін маңызды үлгі болып табылады.
Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін басталған бұл үрдіс өткен кезеңдерде едәуір өрлегенін көрсетті және
одан әрі дамып бара жатыр.
Кеңестен кейінгі Қазақстандық конституционалдықтың басталуын белгілейтін 1993 жылғы үлгідегі
Конституция Қазақстандағы демократиялық конституциялық жүйесінің өзгерістер үрдісінің кезеңі бо-
лып табылады. Конституцияға 1995 жылы енгізілген түзетулер демократиялық шоғырландыру үрдісін
жылдамдатты деп айтуға болады.
Осы мақалада Казақстан конституциялық жүйесінің негізгі ережелері ұсынылатын болады. Біз
Қазақстан тәуелсіздікке ие болған кездегі конституциялық жағдайды, сондай-ақ конституционализмнің
қазіргі уақыттағы даму бағытының бейнесін көрсетеміз.
Конституцияны оның нормаларының құндылығы тұрғысынан шолу
Конституционализм – адамзаттың бостандықты қорғау, бейбітшілікті орнату және болашақты құру
үшін күресінің бөлігі. Халықтың өз конституциясын жасауға ниеті одан өз шешімдерін қабылдауды,
болашақ туралы пікірлерді білдіруді, сондай-ақ өзіне міндеттемелерді алуды талап етеді. Бұған тек
кімнің болса да ықпалынан, қамқорлығынан тыс қоғам ғана қол жеткізе алады.
Конституция мен конституционализм арасындағы тығыз байланысты ерекше атап өту қажет. Осы
екі ұғым бірінің орнына бірі қолданып, қате пайдаланатындықтан, конституционализм конституциямен
бірге келетін ұғым ретінде қабылданды, сондықтан конституционализм шеңберлі көзқарас тұрғысынан
талқыланады. Конституция – мемлекеттің құрылымын, адамның құқықтары мен міндеттерін жоспарлау
Хашим КЫлЫЧ
–
Түркия Республикасы Конституциялық
Сотының төрағасы (2007-2015 жж.)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУ
ҮДЕРІСІНДЕГІ КОНСТИТУЦИОНАЛИЗМ
100
болса, конституционализм – онда билікті жүзеге асырғысы келген үкіметтің өкілеттігі жөнсіз (авторитар-
лы) болмауы тиіс екені туралы идеяны ұсынатын ұғым [1, 253 б.].
Конституционализм идеясы ежелден келе жатқан көне дәстүр [2, 311-362 б.]. Бүгінгі мағынасымен
салыстырғанда ежелгі замандағы конституционализм идеясы тек қана қаладағы (мемлекет-қаладағы)
тәртіпті қорғауға мән беретін. Орта ғасырда конституционализм феодалдар мен король арасындағы
қатынастардан қалыптастырылған. Сондықтан, ежелдегі және орта ғасырдағы шектелген үкіметтің
практикасын еске салмауға болмайды. Қазіргі конституционализмнің зияткерлік негізі өз бастауын сол
кезеңдерден алады деп айтуға болады. [3, 21-31 б.].
Біздің уақытқа қатысты, Америка Құрама Штаттарының құрылуын куәландырған АҚШ конституциясы
(1787) асулы кезең болды, өйткені ол әлемде конституцияның жазбаша мәтінінің алғашқы үлгісі болды.
Осылайша, қазіргі заманғы конституционализм кезеңі басталды және оның негізіне алынған жазбаша
қағидалар жүйесі мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және реттеу үшін құрылған болатын. Бұл жазбаша
нормалар ретінде конституциялардың пайда болуын және олардың заңды құжатқа айналуын себептеді.
Осы тұрғыдан конституция нормативті құжат ретінде қарастырылады; нормалар иерархиясында ең
жоғары норма болып бағаланады.
Оған әйгілі философ Ханс Кельсеннің идеялары едәуір әсер еткен нормативті конституционализм,
конституцияны негізгі заң ретінде қабылдайды және оны құқықтық жүйедегі басқа нормалардың көзі
деп есептейді. Осының табиғи нәтижесі – конституция үстемдігінің кепілі, бұл конституциялық тәртібінің
барлық субъектілері конституцияға салынған қағидаттарға және нормаларға сәйкес әрекет етеді де-
ген сөз. Конституция – заңдардың, жарғылардың, нұсқаулықтардың және басқа нормалардың көзі.
Конституциялық емес норма заң саласына кіре алмайды, бұл конституциялық заңдарды сот арқылы
бақылауға әкеп соғады.
Бұл Конституцияға нормативті көзқарас тұрғысынан қарауды талап етеді, заңдарды мінсіз орындауға
міндеттейді. Күмәнсіз, бұл көзқарас бірізді болып көрінеді. Бірақ бұл көзқарас едәуір сынға түсті, өйткені
оның «адамгершілікті болып табылатынды» алып тастау әлеуеті бар.
Басқаша айтқанда, метафизикалық саланы орнататын нормативті көзқарас, осы салада заңды құрады
және орындайды, бірақ адамгершілікке мән бермеу қатеріне ұшырауы мүмкін. Онда осы проблеманы
шешу құралы бар ма? Егер заң адамдарға арналса, онда біз адамгершілікті жоққа шығаратын және оны
белгілі бір техникалық бөлшекке дейін кемітетін заңмен сот төрелігін қалай атқарамыз? Бұл сұраққа
жауап адамның абыройын негізгі құндылық ретінде қабылдайтын заңда табылуы тиіс. Сондықтан, егер
құқық тәртібінің негізгі нормасы және оның көзі болып табылатын конституция осы негізгі құндылыққа
негізделетін болса, онда осындай құқық тәртібінің субъектілері болып табылатын адамдардың құқықтары
мен бостандықтары қорғалатын болады. Сондықтан да, конституцияның жазбаша дәстүрін бастаған
базалық философия адамның қадір-қасиетін негізгі құндылық ретінде қабылдады.
Біздің пікірімізше, адамның қадір-қасиеті – өте күшті ресурс. Бұл ресурс адамзат тарихының басы-
нан бастап бүгінгі күнге дейін саясатқа, экономикаға, қоғамдық өмірге және мәдениетке ықпал жасауда.
Барлық негізгі құқықтар мен бостандықтарды, сондай-ақ, әділдік сезімін қамтитын «адамның қадір-
қасиеті» ұғымы барлық жүйелермен, соның ішінде, діни және өркениетті жүйелермен қорғалған ең жоғары
құндылық болып табылады. Әлемдегі конституциялардың мәтіндерін зерттеген кезде ең бірінші баптар не-
месе тікелей және толық немесе жанама адамның қадір-қасиетін қорғауға кепілдік беретіні байқалады.
Қазіргі конституционализм негізінің ажыратылмас бөлігі болып табылатын адамның қадір-қасиеті сол
конституциямен орнатылған басқару нысанына да әсер еткен. Конституциямен орнатылатын және адамға
негізделетін тәртіп нысаны. Бұл ретте бізде маңызды балама ретінде демократия бар. Демократия – барлық
қазіргі конституциялардың тәртіп нысаны ретінде таңдауы. Кең мағынасында демократия «адамдардың
үкіметі, адамдармен құрылған, адамдар үшін» деп белгіленеді. Бұл анықтамада «адамдармен құрылған
үкімет» дегені маңызды болады және бұл оны басқа авторитарлық режимдерден бөлек қояды. Және егер
101
адамдар қатысып, шешім қабылдау механизмдерін белгілейтін болса, олар үкіметтің қатысушылары болады.
Конституция мен демократия арасындағы қатынас қазіргі конституциялар демократияны тәртіп ныса-
ны ретінде қабылдайтыны фактісімен шектелмеу қажет. Демократия қазіргі конституциялардың маңызды
қағидаты. Яғни, егер конституция демократиялық әдіспен құрылған болса, онда ол демократиялық сипатқа
ие болады, және, әрине, демократиялық конституция демократияны тәртіп нысаны ретінде қабылдайды.
Конституционализмнің конституцияны құру және демократияға айналдыру үрдісі бір бірімен
өзара байланысты жүретінін байқаймыз. Демократияға айналдыру өскен сайын, конституциялар
(демократиялық) саны да өседі деп айтуға болады. Сэмюэль П. Хантингтон «Үшінші толқын: ХХ ғасырдың
соңындағы демократияландыру» деп аталатын кітабында, осы тақырып бойынша негізгі еңбектірінің
бірінде бүгінгі күнге дейін тарихи үрдісте демократияландырудың үш толқыны және екі қайту толқыны
(демократиядан шегіну) болды деп дәлелдейді.
Демократияландыру толқындары және одан шегіну толқындары [4, 16 б.]
Бірінші Демократияландыру толқыны
1828-1926
Бірінші шегіну толқыны
1922-1942
Екінші Демократияландыру толқыны
1943-1962
Екінші шегіну толқыны
1958-1975
Үшінші Демократияландыру толқыны
1974-...
Хантингтон бірінші толқын 1828-1926 жылдар аралығындағы американдық және француз револю-
цияларынан басталды және бұл Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін авторитарлық және тоталитарлық
режимдерін құрумен демократиядан шегіну толқынына айналғаны туралы мәлімдейді [4, 17 б.].
Хантингтон демократияландырудың екінші толқыны Бірікккен күштердің Екінші дүниежүзілік
соғыстағы жеңісінен кейін басталғаны туралы баяндайды. Демократиялық режимдер басқарған
одақтастардың жеңісі көптеген авторитарлық және тоталитарлық режимдерді демократияға өзгертудің
қозғаушы күші болды [4, 18-19 б.].
Бірақ бұл толқын 1950-ші жылдардағы шегініс толқынымен соқтығысып қалды. Аталған шегініс
толқынының негізін қалаушылары Латын Америкасындағы және Жерорта теңізі алабындағы әскери
төңікеріспен құлатылған үкіметтер және Азиядағы төтенше жағдай режимдері болатын. Бірақ бұл
шегініс толқыны демократияландырудың үшінші толқынын қоздырды және 1974 жылы әскери режимдер
құлағаннан кейін көптеген авторитарлық-тоталитарлық режимдер демократияға өзгерді [4, с. 19-22] .
Тарихи үрдістің белгілі бір кезеңдерінде демократия үстем тәртіп нысаны ретінде пайда болғанын
байқаймыз. Осы ретте басқа мысалды келтіруге болады - Берлин қабырғасы құлағаннан кейін және Кеңес
Одағы ыдырағаннан кейін, Кеңестің бөлігі болған елдер (Бұрынғы Шығыс Блогы және Орта Азия), тәуелсіздікке
ие болды және осы авторитарлық режимдер демократияға өзгеру үшін күресе бастады [5, 212 б.].
Демократияға айналудан басқа, конституциялық (демократиялық) жүйеге де айналу белгілі бір
көтерілу және шегіну толқындары нысанында өтті. Бірінші толқын америкалық және француз революция-
ларынан басталды. Екінші толқын Еуропадағы 1948 жылғы революциядан басталды, үшінші толқын Чехос-
ловакия мен Польша сияқты елдерде конституцияны құру үрдісін білдіреді. Сол кезде Германияда Веймар
конституциясы құрылған болатын. Төртінші толқын Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп қалған Германия,
Жапония сияқты елдерде конституциялар пайда болғанына қатысты. Бесінші толқын – отарлықтан босату
өнімі. Осы кезеңнің басты ерекшеліктері– бұрынғы ағылшын және француз колониялары тәуелсіздік алып,
1940-шы мен 1960-шы жылдары аралығында жаңа мемлекеттер ретінде өз конституцияларын жасады.
Конституциялардың пайда болу себебі болған келесі толқын - Оңтүстік Америкадағы әскери режимдердің
құлдырауы және осы диктатураларды ауыстырған жаңа демократиялық мемлекеттердің конституцияла-
102
рын жасау. Осы мақаланы жазуға себеп болған соңғы толқын 1990 жылдары Кеңес Одағы күйрегеннен
кейін тәуелсіздік алған елдердің конституциясын құру үрдісіне қатысты [6, 364-396 б.].
Демократиялық өзгерістер үрдісінің саны мен конституцияларды құру саны дәл келмейтінін көріп
отырмыз. Демократияландырудың бірінші толқынының басы конституцияны құрудың ішінара бірінші,
екінші және үшінші толқынымен дәл келеді, демократияландырудың екінші толқыны конституцияны
құрудың төртінші және бесінші толқынымен сәйкес келеді, және демократияландырудың үшінші толқыны
конституцияны құрудың алтыншы, жетінші және сегізінші толқынына сәйкес. Бұл бізді демократияға ай-
налу үшін конституциялық жүйені құруға күш салу қажет деген қорытындыға әкеледі.
Қазақстандағы конституционализм және Конституциядағы негізгі құқықтар мен бостандықтар
Үрдіс өзгерістер кезеңінің парадигмасы негізінде қысқаша сипатталатын болады, жаңа конституци-
яны құру тарихына тоқталамыз, сондай-ақ, Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулерді ескере
отырып, іргелі құқықтар мен бостандықтарға көзқарастарды талқылаймыз.
Конституциялық даму
КСРО-да 1980-шы жылдардың екінші жартысында басталған қайта құру саясаты Қазақстанға да
айтарлықтай әсер етті. Нұрсұлтан Назарбаев билікке 1989 жылы келді және 1990 жылы Президент болып
сайланды. Шынында, ел сол сәттен бастап және конституцияны құру мен оны қолданысқа енгізуге дейін
(1995 ж. дейін) либералды демократияға айналу кезеңінен өтті (1995 жылға дейін).
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан 1990 жылғы 25 қазанда өз егемендігін жариялады және 1991
жылғы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның үкіметі
демократияны орнатуға және іргелі құқықтар мен бостандықтарды бекітуге, сондай-ақ нарықтық эконо-
миканы енгізуге тырысты.
Басқа республикалардағы сияқты Қазақстанды қайта құрудың конституциялық үрдісі сол кездегі
социалистік конституцияға түзетулер енгізуден және, елдің саяси жүйесіне сол кезеңге сай жаңа
ережелерді енгзіуден басталды. Алайда, елдегі саяси оқиғалар жаңа конституцияны жасау қажеттілігін
көрсетті. Конституцияны жасау жөніндегі комиссия Президент басшылығымен жаңа конституцияның жо-
басын жасау жұмысына кірісті және елдің алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы
Кеңеспен қабылданды. Осылайша, кеңес кезеңінен қалған құқықтық ережелерді жою үрдісі жеделдетілді.
1993 жылы қабылданған Конституция, өткен мен болашақ арасында бірегей ымыраға жету нәтижесі
болды. Сондықтан, осы конституция ұзақ уақытқа бармайтыны ең басынан белгілі болды. Елдің жетістіктері
жаңа кезеңге сәйкес келетін жаңа Конституцияның қажет екенін дәлелдеді. Осы жаңа конституция 1995
жылғы 30 тамыздағы референдумда жиналған қауымның 89% келісімін алып қабылданды. 1998 жылғы 7
қазанда, 2007 жылғы 21 мамырда және 2011 жылғы 2 ақпанда осы Конституцияға кейбір түзетулер енгізілді.
Бұл түзетулер Қазақстанда демократиялық реформалар үздіксіз жүріп жатқанын көрсетеді.
Осы түзетулер арасында 2007 жылы енгізілгендердің маңызы ерекше. Конституцияға 2007 жылғы
түзетулермен 2012 жылдан бастап Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жылдан 5 жылға азайтылды, және Ре-
спублика Президенті болып бір адамға қатарынан екі рет сайлануға тыйым салынды, және Парламенттің
өкілеттігі кеңейтілді. Оның үстіне, Үкіметті құру рәсімін көпшілігі бар саяси партияға беру, депутаттарды
мөлшерлес өкілдікпен сайлау, депутаттар санын көбейту және т.б. сияқты маңызды түзетулер енгізілді.
Осы түзетулердің ең маңызды нәтижесі парламенттік жүйенің кейбір компоненттерін президенттік респу-
блика нысанына енгізу болып табылды.
Конституциямен көзделген конституциялық жүйе туралы қысқаша былай баяндауға болады.
Бірінші бабынан бастап Конституция ең басты құндылық деп - адамды, оның өмірін, құқықтары
мен бостандықтарын жариялайды және мемлекет осы құндылықтарға негізделгенін белгілейді.
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
103
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Сондықтан, Конституцияға сәйкес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және оның құқықтары мен
бостандықтары.
Бірінші бапта жарияланған қағидат конституциялық тәртіпті мойындайтынына сенімдіміз.
Конституция билік тармақтарының бөлінісін, өкілеттіктердің бөлінісін орнатады және заң шығарушы,
атқарушы және сот билігі тармақтары арасында «тежемелер мен тепе-теңдік» механизмін көздейді.
Мемлекеттік органдар конституцияда немесе заңдарда бекітілмеген қоғамдық билікті жүзеге асы-
ра алмайды (3-бап). Бірақ, оның өкілеттіктері конституциялық жүйеде ескерілген мемлекет Басшысы,
яғни, Республика Президенті оған халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге құқық берілген жүйенің
ең маңызды тұлғасы болып табылады. Президенттің өкілеттігін және міндеттерін реттейтін конституция
баптары осы ережені растайды.
Конституцияның 45-бабына және басқа да баптарға қарасақ, Президенттің өкілеттігі мен міндеттері
классикалық парламенттік жүйедегі мемлекет басшысының өкілеттіктерінен басым екенін байқаймыз.
Осы жүйе мен парламенттік жүйе арасындағы айырмашылық – Президенттің сайлаушылардың дауы-
старымен сайланғанында және, оның үстіне, оған едәуір кең өкілеттіктер берілгенінде. Классикалық
парламенттік жүйеге қарағанда, осы жүйеде Президентке кең әкімшілік өкілеттіктері берілген. Сондықтан,
осы аспектіден қарағанда, Қазақстанның конституциялық жүйесі жартылай президенттік жүйесімен
үйлесімді болып көрінеді. Президенттің Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және
кезектен тыс сайлау тағайындау,Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен
консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кан-
дидатурасын енгізу; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке
тағайындау, оны қызметтен босату, дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындау және кері
шақырып алу, республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдау, келіссөздер жүргізу және
Республиканың халықаралық шарттарына қол қою; бекіту грамоталарына қол қою; өзінің жанында
тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері
шақырып алу грамоталарын қабылдау, Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болу,
Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындау және ауыстырып отыру және т.б. өкілеттіктері
мен міндеттері бар.
Заң шығарушы билік Қазақстанда Парламентке жүктелген. Парламенттің қызметі Конституцияның
49-бабымен және басқа баптарымен регламенттеледі. Қазақстан Парламентінің қос палаталы құрылымы
Мәжілістен және Сенаттан тұрады.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан
және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Се-
натта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі
ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.
Парламенттің екінші палатасын құратын Мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Конституцияға сәйкес, Сенат
депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жылды, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жылды
құрады. Мәжілістің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жа-
сырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамбле-
ясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы
өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Жоғарыда баяндалғандай, Сенат сайланған және тағайындалған депутаттардан тұратын жоғарғы па-
лата ретінде әрекет етеді. Мәжіліс көбінесе қоғам сайлаған депутаттардан тұрады.
Мәжіліс пен Сенат бірлескен немесе бөлек отырысқа шақырылуы мүмкін. Парламент Палаталардың
бірлескен отырысында конституциялық жүйенің негізі болып табылатын міндеттерді атқарады, мысалы,
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар
104
енгізеді, бюджет туралы есептерді мақұлдайды, Президентке оның бастамасы бойынша бір жылдан аспай-
тын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы, соғыс және бітім мәселелерін шешеді.
Парламент республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мемлекеттік
салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық
құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді, мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық
және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді, рақымшылық жасау мәселелерін шешеді,
Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды, республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды, Республика Президентінің қарсылығын туғызған
заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде
қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді.
Кейбір қызметтер Сенаттың ерекше қарауына жатады. Ең бастысы - жоғары сот билігі өкілдерін және
басқа жоғары тұрған шенеуніктерді сайлау және тағайындау.
Конституцияға сәйкес Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады. Алқалы орган болып табылатын
Үкіметтің өкілеттігі классикалық парламенттік жүйеге ұқсас. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика
Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және
Парламенттің алдында жауапты. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім
ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс
енгізуі тиіс.
Үкімет ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын, оның қорғаныс қабілетін,
қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты. Үкімет Парламентке республикалық бюджетті
және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, Мәжіліске
заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді.Үкіметтің басқа міндеттері
Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеуден, Республиканың министрліктері,
мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық
немесе қолданылу бөлігінде жоюдан немесе тоқтата тұрудан тұрады.
сот билігі
Сот пен сот билігі Конституцияның 75-бабымен және одан кейінгі баптармен регламенттеледі.
Конституциялық Кеңестің қызметі Конституцияның 71-74-бабымен регламенттеледі. Конституциялық
Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент де-
путаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша дау туған
жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және
республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдардың Респу-
блика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды; Парламент және оның па-
латалары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды; Республиканың
халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституцияның
нормаларына ресми түсіндірме береді; Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген
реттерде қорытындылар береді; Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін Конституцияның 78-ба-
бында белгіленген реттерде қарайды.
Конституциялық Кеңес жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың
экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады.
Конституцияның 74-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап
күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және
шағымдануға жатпайды.
Сот билігі Қазақстанда соттармен жүзеге асырылады. Сот билігі Республика Конституциясының,
заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындай-
105
тын барлық істер мен дауларға қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Конституцияның 77-бабына сәйкес, судья сот
төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Конституцияның
77-бабына сәйкес, соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға
хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституци-
ямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп
тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен
Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Соттардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңдармен
қорғалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |