Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

IV.
 2015 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы жаңа Конституцияның 20 жылдығын тойлайды. Осы  
Конституция негізінде конституциялық соттың функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасының 
Конституциялық Кеңесі құрылған.
Австрия Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасының құқықтың үстемдігі 
арқылы демократиялық мемлекетті дамытуға және қамтамасыз етуге міндетті механизм ретінде 
конституциялық әділдік идеясына шынайы берілгендігін құптайды. Австрия Республикасының 
Конституциялық Соты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, оның Еуропа Кеңесінің 
Венециандық Комиссиясына және Азиялық конституциялық соттар мен балама институттар 
қауымдастығына (АКСҚ) мүшелігі арқылы конституциялық соттардың халықаралық ынтымақтастығы са-
ласында мықты позицияға ие болғанын қанағаттанғандықпен атап өтеді. 

124
1995 
жылы 30 тамызда республикалық референдумда қазақстан халқының ерік қалауының 
нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 
Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін, оның жоғары құндылықтарын, 
институционалдық құрылымын және биліктің міндеттерін жиырма жыл бойы белгілеп келе жатқан 
түбегейлі заңнамалық актінің маңызын айтып жеткізу қиын. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1-бабында адамды, оның өмірін, құқықтары мен 
бостандықтарын ең жоғары құндылық деп жариялады. Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық 
және әлеуметтік бағытталған мемлекет ретінде үнемі дамып және жетілдіріліп, жалпыәлемдік 
адамгершілік мұраттарға берілгендігін нақты іс-әрекеттермен дәлелдей келеді. Қазақстанның тарихи 
жылнамасы жарқын істерге, үздік жетістіктерге, мәнді күндерге толы. Және бүгін де осы мүдделер, 
сот төрелігімен қамтамасыз етіліп, бұрынғыдай, республикалық заңдардың мәнін, мазмұнын және 
олардың қолданылуын, ұлттық билік органдарының қызметін белгілейді. Қазақстан Республикасы, бір 
жағынан, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың барын-
ша ықтимал кепілдіктерін іске асыруға, екінші жағынан – барлық мемлекеттік органдардың, лауазым-
ды тұлғалардың, азаматтардың және ұйымдардың өздерінің конституциялық міндеттерін толық және 
сөзсіз орындаун қамтамасыз етуге күш салады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық координаттар жүйесінде елдің қазіргі 
бейнесін белгілейтін жақтарын және заңның үстемдігін, заңдылықты, адамның және азаматтың құқықтары 
мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін біріктіретін және нығайтатын Қазақстан 
Республикасының Бас прокуратурасы сияқты аса маңызды көпшілік институтының мәні мен мазмұнын 
қалыптастыратын сәттерді белгілейді. 
Қазақстанның егеменді мемлекеттілігін дамыту жылдары ішінде прокуратура мемлекет атынан 
заңдарға жоғары қадағалауды жүзеге асыратын жетекші билік органына айналды. Оның көпфункционалды 
қызметінің негізгі мәні құқық қорғау міндетінен және заңның үстемдігін қамтамасыз етуден тұрады. 
Қазақстан тәуелсіздіке ие болғаннан кейінгі жылдары прокурорлық жүйені басқарған Қазақстан 
Республикасының бас прокурорларының әрқайсысы қадағалаушы ведомствоның дамуына елеулі 
үлес қосты: Ж.А. Тұяқбай (1990-1995 жж.),оның білімі мен көлемді тәжірибесі 1995-1996 жж. жаңа 
жағдайларда жұмыс істеуге міндеттенген прокуратура жүйесінің іргелі негізін қалыптастыруға мүмкіндік 
берген М.С. Нәрікбаев, С.И. Шуткин (1996-1997 жж.), Ю.А. Хитрин (1997-2000 жж.), Р.Т. Түсіпбеков 
(2000-2009 жж.), Қ.А. Мами (2009-2011 жж.) және 2011 жылдың 15 сәуірінен бастап – А.К. Дауылбаев.
Юрий ЧАЙКА 
– 
Ресей Федерациясының Бас Прокуроры,
іс басындағы мемлекеттік әділет кеңесшісі, Ресей 
Федерациясының еңбек сіңірген заңгері

125
Қазіргі уақытта қазақстандық прокуратураның мәртебесі конституциялық-құқықтық деңгейде рет-
телген, онда прокуратураның өз қызметін жүзеге асыруға міндетті құқықтық ақиқат шегі белгіленді. 
Осы мәнмәтінде конституциялық құрылыстың негізін, адамның және азаматтың құқықтары мен 
бостандықтарын, билік органдары жүйесін орнықтыратын нормалар жетекші рөл атқарады.  
Республиканың прокуратурасы біртұтас орталықтандырылған жүйе ретінде өз өкілеттіктерін басқа 
мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға тәуелсіз жүзеге асыратыны және тек қана Республика 
Президентіне есеп беретіні конституциялық-құқықтық деңгейде белгіленгені де өте маңызды. Соны-
мен прокуратураны ұйымдастырудың және оның қызметінің, оған қойылған талаптардың және тиісті 
үміттердің ауқымын түсіндіретін негізгі, басшылыққа алынатын ережелері: прокуратураның біртұтастығы, 
оның орталықтандырылуы және тәуелсіздігі бекітілді. 
Прокуратура органдары жүйесінің біртұтастығы, тәуелсіздігі, қатаң орталықтандырылған және 
иерархиялық құрылымы конституциялық ережелерге формалды енгізілген емес. Бұл жүйе құрастырушы 
санат барлық деңгейдегі прокурорларға ведомство алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуді, 
заңдылықты бекіту және азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау саласында 
пайда болған проблемаларды келісіп шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылымды туындатады.
Заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен өзара әрекеттесетін прокуратура органдары, бүкіл 
мемлекет мүдделеріне сай әрекет етеді және, басқа билік органдары өкілеттіктерінің іске асырылу-
ын қадағалау механизмі ретінде, республиканың бүкіл аумағында заңдардың және басқа нормативті 
құқықтық актілердің тиянақты және біркелкі қолдануына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Осы 
нормативті ережелер прокурордың негізгі міндетін: кез келген заң бұзушылықты анықтауды, оларды жо-
юды, кінәсіздерді қорғауды, бұзушылардың жауапкершілігі туралы мәселе қою [1, 12 б.] белгілейді. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабына сәйкес Прокуратура мемлекет атынан 
Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының 
және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру 
қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары 
қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар 
қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да 
құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ 
заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. 
Осылайша, Қазақстан жаңа үлгідегі прокуратура органдарын құқықтық қалыптастыру жолын өз 
бетімен таңдады. [2, 57,61 б.]. Қазақстанның заңнамасында және ғылыми доктринасында прокурорлық 
қадағалау жоғары деп аталады, өйткені прокурорлар өз функционалды өкілеттіктерін орындаған 
кезде мемлекет атынан әрекет етеді және, бұзушылықтарды жою үшін бірегей құқықтық құралдар 
жинағын қолдана отыра, бүкіл аумақ бойынша құқық қолдану субъектілерін қадағалауды жүзеге асы-
рады. Қазақстанда олардың өкілеттігіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кіретін басқа 
мамандандырылған мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүйесі болғанына қарамастан, «жоғары» эпитеті 
тек қана прокурорлық қадағалауға қатысты қолданылады, өйткені ол бүкіл мемлекет аумағында бәрін 
қамтиды және ең тиімді болып табылады. Прокуратура Қазақстан Республикасының құқық қорғаушы 
және бақылаушы органдар иерархиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының сақталуын 
және заңдардың қолдануын қадағалаудан басқа, заңда аталған қадағалау объектілерімен шығарылатын 
заңдардың құқықтық актілерге сәйкестігін де қадағалайды [3, с.11.]. 
Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған прокуратуралардың, әсіресе, прокуратура органдары 
жүйесінің маңызды буыны болып табылатын Бас көлік прокуратурасының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі 
де ден қоярлық [4]. Бағынысында 24 аудандық көлік прокуратуралары бар осы прокуратураның ерекшелігі –
көліктің барлық түрлерінің: тек темір жол, теңіз, ішкі су, әуе ғана емес, сондай-ақ автомобиль, қалалық электр, 
соның ішінде метрополитен және магистральды құбыр жүргізу жолдары оның бақылауында болатыны.

126
Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті 
қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесін құруын прокурорлық қадағалау қызметінің жаңа кезеңі 
деп атауға болады, оның мақсаты, атап айтқанда, жедел-іздестіру қызметін, қылмысқа қарсы күресте 
анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының күш-жігері мен өзара іс-қимылын 
біріктіру болып табылады, бұл Ресейде де басым міндет мәртебесіне ие. 
90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстан Республикасында бизнес пен мемлекет 
мүдделерінің тепе-теңдігін, сондай-ақ олардың мүдделі және өзара тиімді ынтымақтастығының қазіргі 
сәулетін анықтау бойынша қолданылған шаралар жаңашылдық болды. 
Сонымен бірге, қазақстандық прокурорлардың құқықты қолдану практикасында, қоғамдық сана-
да, заңдарда жүзеге асырылған жаңа стандарттарды бірізді бекітудегі және қылмысқа қарсы әрекеттегі 
рөлінің де маңызы зор. 
Тұтас алғанда Ресей мен Қазақстан прокуратураларының бүгінгі қызметінде ұқсастықтар көп. Соның 
ішінде прокуратура тарапынан назар аударуды талап ететін заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі про-
блемалары да ұқсас.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі –ТМД, Достастық) елдерінің ұлттық еңбек нарығына соңғы 
жылдары жоғары серпінмен және тұрақты өсумен сипатталатын көші-қон үрдістері елеулі әсер ететіні 
мәлім. Жалпы тарихы, ежелден қалыптасқан мәдени және кейде, туыстас байланыстар, ортақ дәстүрлер, 
тіл тосқауылдарының болмауы халықтың Достастық елдері арасында белсенді жүріп-тұруына алғы шарт 
жасайды, ал экономикалық дамудың бірнеше деңгейі жұмыс күшінің көші-қонын детерминдейді.
Еңбекші қоныстанушылардың жүріп-тұруындағы стихиялық ТМД аумағындағы қабылдайтын 
елдердің, ең алдымен – Ресей мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында сәйкессіздікті ту-
дырады, өңірлік еңбек нарықтарының әркелкі дамуына әкеп соғады, криминогенді ошақтардың өсуін 
қоздырады, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, халық арасында көші-қонға қарсы бағытталған көңіл- 
күйді күшейтеді.
Осыған орай Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары 
олардың қызметіне тән өкілеттіктер мен әдістер арқылы көші-қон қатынастары саласында адамның және 
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағытталған 
заңнама талаптарының ұлттық жоғары және атқарушы билік органдарының (өңірлік және жергілікті), 
заңды және лауазымды тұлғалардың тарапынан тұтас орындалуын белсенді және кешенді қамтамасыз 
етуге күш салады. Ресейлік және қазақстандық прокурорлардың бірлескен қызметі көші-қон саласын-
да анықталған бұзушылықтарға орай жедел әрекет ететін, тұрақты әрекет етуші заң механизмін құрады 
[5, с.3,4.].
Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы барлық еуразиялық 
кеңістіктің экономикалық және тұтас геосаяси конфигурациясын түбегейлі өзгерткеннен басқа, 
тиісті құқықтық қамтамасыз етуді, (соның ішінде аталған елдердің заңнамаларын үйлестіру арқылы), 
бірегейлендірілген құқық қолдану практикасын қалыптастыруды және тиісті билік органдарының өзара 
жедел әрекеттесуін талап еткен жаңа ықпалдастыру кезеңін - Кеден одағын [6] қалыптастырған кезде, 
осы мәселелер одан сайын өзекті бола түсті.
Аталған мемлекетаралық одақ құрылғаннан кейін, бірыңғай экономикалық кеңістікті және бірыңғай 
кеден аумағын құру, көлік бақылауын Кеден одағы шекарасынан тыс ауыстыру бағытын іске асыру сәтінен 
бастап Қазақстанның прокуратурасы (басқа қатысушы елдердің прокуратуралары сияқты) бірыңғай ке-
ден заңнамасын – ең алдымен Кеден одағының Кедендік кодексінің толық іске асырылуына мүмкіндік 
жасай отырып, тек өз Республикасы аумағында ғана емес, бүкіл Кеден одағы аумағында заңдылықты 
қамтамасыз етудің кепілі болды. 
Ықпалдастыру үрдістерінің барысында 2014 жылғы 29 мамырда Астана қаласында, оның шеңберінде 
тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы, экономика салаларында 

127
үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясатты жүргізу қамтамасыз етілетін халықаралық құқықтық 
субъектілігіне ие өңірлік экономикалық ықпалдастырудың халықаралық ұйымы болып табылатын 
Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қойылды (2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне 
енді). Сондай-ақ, жаңа мемлекетаралық органдарды құру болжанады. Бұл келісімді іске асыру олардың 
ықпалдастыру практикасының ұлттық мүдделерді білдіретін заңдардың талаптарына және мақсаттарына 
дәл сәйкестігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ескере отырып, елдеріміздің прокуратураларынан өз 
жұмысына түзетулер енгізуді талап етеді. Бұның берік негізі прокуратура органдарының Кеден одағы 
қызметі аясындағы табысты жұмысымен салынған. 
Бірыңғай кедендік заңнаманың әрекеті және экономикалық қатынастар саласын тұтас регламенттейтін 
заңнаманы үйлестіру жағдайында, Кеден одағының жұмыс аумағындағы заңдылық жағдайын талдау, оны 
қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу қажеттілігі, әсіресе, прокуратурамен тікелей байланы-
сты бөлігінде, өте маңызды. Бұл мәселеде өзара ынтымақтасты белсенді нығайтып, практикамен өзара 
әрекеттесетін, перспективалық және бірегей ғылыми-практикалық әзірлемелерді ұсынатын жиі Қазақстан 
мен Ресей прокуратураларының ғылыми-зерттеу мекемелерінің шығармашылық ұжымдарының көмегі 
өнімді болар еді. 
Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Ре-
спубликасында конституциялық ережелерді қорғаудың қазіргі заманға сай және теңдестірілген 
механизмдерін одан әрі енгізуді, заңдылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, прокурорлық қадағалау 
құралдары арқылы елдегі тұрақтылықты және әлеуметтік-экономикалық кепілдіктерді арттыруға, оның 
мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған реформаларды жүргізуге көмек көрсетуді күні бұрын белгілейтін 
үдемелі дамудың жалғаса беретінін айтуда. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. Жүрсімбаев С.К. Қазақстандағы прокурорлық бақылау. Алматы, 2003.
2. Бақтыбаев И.Ж. Прокуратура Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде // Прокурату-
ра органдарының қазіргі кезеңдегі құқық қорғау міндеті . Алматы: ДП «Эдельвейс», 2005. 
3. Щерба С.П., Решетникова Т.А., Фролова М.А. ТМД қатысушы-мемлекеттердің прокуратура 
органдарының өкілеттіктері: монография. М., 2013
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің 
және сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 
Жарлығына сәйкес құрылған.
5. Ресей Федерациясындағы және Қазақстандағы еңбек көші-қоны саласындағы прокурорлық 
қадағалау: оқу құралы. – М., 2012. 
6. Беларусь, Қазақстан және Ресей арасындағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын 
қалыптастыру туралы шартқа 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қ. қол қойылған.

128
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КОНСТИТУЦИОНАЛИЗМДІ 
ҚҰРУДАҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
К
ез келген конституцияның мерейтойы кемінде екі факторды бағалауды тұспалдайды: ең алды-
мен, оның қоғамдық-саяси дамудың жалпы өркениетті заңдылықтарын қаншалықты көрсеткені, 
екіншіден, осы конституция жалпыәлемдік құндылық ретінде тұтас конституционализмнің идеялары 
мен практикасына қандай үлес қосқаны.
Қазақстан Республикасының Конституциясы аталған позициялардың екеуі бойынша да оң 
қорытындылар үшін негіз береді. 
Конституция Қазақстанның конституциялық құрылымының басты параметрлерін бекітеді: өзін 
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат 
қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1 б. 1 т.). Ре-
спубликада идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады (5 б. 1 .). Қазақстан Республикасында 
мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6 б. 1 т.). «Адам және азамат» 
II бөлімінде жеке тұлғаның конституциялық мәртебесінің ең маңызды қағидаттары бекітіледі. Консти-
туция республиканың мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылуының және қызмет етуінің толық 
қағидаларын көрсетеді. Конституциялық реттеу өте білікті орындалған, ол Қазақстан Республикасының 
саяси-қоғамдық және мемлекеттік дамуының сенімді іргетасын құрады.  
Республика Конституциясының көптеген ережелері назар аударарлық, біз оларды қазақстандықтардың 
қазіргі конституционализмнің жалпы қалыптасуына енгізген үлесі деп есептейміз. 
сурен АВАКьЯН 
– 
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университетінің конституциялық
және муниципалдық құқық кафедрасының
меңгерушісі, заң ғылымдарының  докторы,
профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері
III. ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМДАСТЫҚ  ӨКІЛДЕРІ   

129
1. Конституцияның 1 б. 2 т. ден қоярлық: «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық 
татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық 
патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде 
республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу». 
Негізгі заңда көрсетілген қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық туралы тезистер негізгі болып 
табылады деп есептейміз, идеологиялық және саяси әр алуандылық туралы ережелерді де оларды ескере 
отырып түсіндіру қажет. Сонымен Республика, түрлі көзқарасқа және олардың ұйымдастырушылық ны-
санына рұқсат ете отырып, Қазақстан халқының мүдделеріне нұқсан келтіретін асыра пайдалануға жол 
бермейді, осыдан тағы да бір маңызды постулат шығады – қазақстандық патриотизм туралы, бұл Отан 
мүдделерінің саяси және басқа құштарлықтан үстемдігін көрсетеді.
2. Қазақстандық конституциялық үлгісінің позитивті жері «қолданыстағы құқық» санатын пайдала-
ну болып табылады. Конституцияның 4 б. 1 т. сәйкес: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық 
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарт-
тар мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің 
және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады». 
Біріншіден, «қолданыстағы құқық» санаты бір мағыналы екені түсінікті – бұл нақты қолданыстағы 
актілер, оларды қолдану қажет, осының негізінде нормалар мен құқықты қолдану практикасының 
үйлесімі қалыптастырылады. 
Екіншіден, басқа елдерде, соның ішінде Ресейде де пікірталастардың мәні болып табылатын – нор-
ма шығармашылығы қатарына жоғары тұрған, атап айтқанда, сот инстанцияларының актілерін кіргізуге 
бола ма - деген сұраққа Республикада анық жауап берілді. Сірә, олар кейде құқықтың мәнін күні бұрын 
белгілейді, сондықтан Қазақстан Республикасының «қолданыстағы құқығы» көлеміне енгізілген. 
Үшіншіден, «қолданыстағы құқық» санаты барлық нормативті материалды біріктіретіні, сонымен 
барлық оның жасаушыларын байластыратыны маңызды. 
Соңғы жағдайға байланысты қазақстандық ұстанымның халықаралық көздеріне қатысты сәттілігіне 
назар аударайық. Жоғарыда айтылғанға қоса, 4 б. 3 т. рөлін атап өтеміз: «Республика бекіткен 
халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бой-
ынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады». 
Бұл жерде басқа елдерде, соның ішінде Ресей Федерациясында әйгілі және, сонымен бірге, түсініксіз 
«халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаттары» туралы сөздерді 
көрмейміз. «Жалпыға бірдей танылған» - осы мемлекетпен танылған деген түсінік емес пе. Қазақстан 
Конституциясының сөздері әбден түсінікті - онымен ресми танылған халықаралық актілер мемлекеттің 
қолданыстағы құқығының бөлігіне айналады. 
3. Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялымемлекет болып табылады. Конституциялық-құқықтық 
тұрғыдан бұл бірнеше санатта жақсы көрсетілген. Оның ішінде біз мыналарды ерекше бөліп шығардық. 
Ең алдымен, бұл барлығының заң мен сот алдында теңдігін жариялау (14 б.). Осындай норма 
конституциялық мәтіндерге дәстүрлі түрде енгізіледі. 
7-бапты ерекше атап өткім келеді, онда былай делінген: 
«1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде 
қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды».
Тіл (тілдер) мәселесі жекелеген мемлекеттер үшін жанға бататын проблема. Қазақстан өзінің 
конституциялық тіл саясатының даналығы арқылы осындай проблемалардың көбінен құтыла алды. 
Жерін алуан санды ұлттардың өкілдері мекендеген, өзін қазақ деп санайтын азаматтарының көбі орыс 
тілін еркін меңгерген, ел үшін екі тілдікке бағытталған стратегия осы негізде қақтығыстардың пайда бо-
луына жол бермей, ұлтаралық қатынаста бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етті. Қазақстандықтар, 
сондай-ақ, мемлекет басшылары, ғалымдар екі және одан көп тілді білу адамдарды рухани байытатынын, 
ой өрісін кеңейтетінін тез түсінді. 

130
Конституцияның 22 б. ар-ождан бостандығы қысқаша тұжырымдалған болса да, қазақстандық 
көпконфессиялық көпшілікке мәлім. Республика талай рет конфессияаралық кездесулердің алаңшасы 
болғаны кездейсоқ емес.
4. Қазақстандық конституционализмнің ерекшеліктерінің бірі, біздің пайымдауымызша, бұл адам 
мен азаматтың мәртебесінде міндетті тәртіп бастауларының құқықтар және бостандықтармен ұйлесімі.  
Конституцияның бірінші бабы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Республика үшін 
жоғары құндылық деп жариялағанына қарамастан, жеке тұлға тарапынан осындай «жауапты» міндетті 
тәртіп факторы да Негізгі заңда тіркелген. 
Біз бұны баса айтамыз – әңгіме жай ғана адам мен азаматтың міндеттері туралы емес. Мына нормаларға 
назар аударайық: 
Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың 
құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті, бірақ бұдан басқа 
әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті (34 б.); 
6 б. сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей 
қорғалады (терминдердің осындай кезектілігі бізге ұнайды, өйткені Қазақстанның барлық азаматтарының 
меншігі – мемлекеттік меншік – біріші орында тұр); бірақ ары қарай 6 б. 2 т. – «Меншік міндет жүктейді, 
оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, 
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен 
белгіленеді» деп айтылған (яғни, бұл жерде батыс конституцияларда бар, РФ Конституциясында жоқ 
нәрсе туралы айтылған);
22 б. ар-ождан бостандығын бекіту оны жүзеге асыру жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық 
құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс 
деп жалғастырылады. 
5. Конституция: «Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемле-
кет» (2 б. 1 т.) деп бекітеді. Бұл жерде ғалымдар мен саясаткерлердің пікірталастарының мәні болып 
табылатын мәселе анық және бір мағыналы шешілген. Осы жолдардың авторы «жартылай президенттік 
республика», «парламенттік-президенттік республика» деген сөздерге аң-таң болады. «Парламенттік 
(немесе парламентарлық) республика» деген санатта да шарттылық бар, әсіресе мысал ретінде ГФР-ді 
келтіргенде, өйткені реалистер осы елді «канцлер республикасы» деп атауды артық көреді. 
Осылайша, мемлекетке жартылай басқару нысаны қажет емес. Парламентаралық республикадағы 
мықты премьер-министр, және, әсіресе, мықты президент саяси қиын-қыстау жағдайларда депутаттық 
корпусқа кіріп кеткен және көп жағдайда мемлекет басқару, сондай-ақ заң шығару мәселелерінде 
құзыреті жоқ бірнеше жүз парламентарийлерден артық.
Әрине, Конституцияда президенттік басқару нысанын бекіту жөніндегі қазақстандық тәжірибе 
кездейсоқ емес және көшбасшысы тұлғасымен үйлесімді. Сонымен бірге, жаңа мемлекеттілікті 
қалыптастыру жағдайында мықты мемлекет басшысы бар президенттік басқару нәтижелі болатынын 
анық дәлелдейді. Парламентаралық басқару нысанын таңдаған кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттерде 
парламент пен президенттің өзара қатынасында, билікаралық, сондай-ақ көшелердегі де қатығыстарға 
әкеп соғатын проблемалар туындап отырады.
Және тағы бір назар аударарлық жай, біртұтас қазақ мемлекетінде қос палаталы парламент, 
және палаталардың көптеген өкілеттіктері бар, олар палаталармен дербес іске асырылады. Бірақ 
Конституция (59 б.) Палаталардың бірлескен отырыстарын өткізуге негізін қарастырады. Бұл 
ағымдағы заңнамалық реттеумен толықтырылатын икемді реттеу палаталарға, дауыс беру бөлек бо-
луын қарамастан, маңызды мемлекеттік және саяси-қоғамдық проблемаларды талқылауға мүмкіндік 
береді.
Қазақстан Конституциясының мерейтойы оның ережелерін белсенді қолдану міндетінен, әрине, 
босатпайды. Бірақ, сонымен бірге, конституционализмнің үлгісін және конституциялық құрылыстың 
ең маңызды параметрлерін ойдағыдай бекіту елдің тарихи ілгерілеу жолымен жылжуына мүмкіндік 
жасайды.

131
Қ
азіргі уақытта Конституция барлық саяси-құқықтық қатынастар кешенін біріктіретін 
(ықпалдастыратын), мемлекеттің мәнін, оның ұлттық құқықтық жүйесін белгілейтін басты заңды 
құжат болып табылады. Конституциялар түрлі билік субъектілерімен қабылданады: парламент-
пен, халықпен, осы мақсатта арнайы құрылған органмен, мысалы, конституциялық комиссиямен, 
конституциялық ассамблеямен және т.б. Бірақ оны қабылдаудың ең демократиялық әдісі референдум 
(халықтық дауыс беру). 1995 жылғы 30 тамызда референдумда Қазақстан Републикасы Конституциясын 
қабылдау халықтың ерік қалауын, оның азаматтарға Конституцияның жаңартылған мәтініне қатысты өз 
шешімін шығаруға ұсыныс жасаған билікке сенімін білдіру болып табылады.
Кез келген мемлекеттің Конституциясы оны қабылдау сәтіндегі саяси және әлеуметтік үрдістердің, 
күштердің орналасуының көрінісі болып табылады. Конституция әлеуметтік ымыраны көрсетіп, оның 
шиеленістерді шешу механизмдері болған жағдайда, бұл оңтайлы нұсқа болып табылады. Қазақстан 
Конституциясы, біздің ойымызша, осы талаптарға сай. Ол қазіргі заманғы негізгі құқықтық идеяларды 
қамтиды: биліктің бөлінісі, құқықтың үстемдігі, саяси плюрализм, меншік нысандарының сан-алуандығы, 
адамның және азаматтың барлық негізгі құқықтар мен бостандықтар кешенін қоғам мен мемлекеттің 
ең жоғары құндылығы ретінде бекіту. Конституция қазақстандық мемлекеттің дамуындағы аса маңызды 
кезең болып табылды. Халықтың Конституцияны референдума мақұлдауы, басқа факторлардың үстіне, 
мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың жаңа, одан әрі жетілдірілген, 
Конституцияға негізделген, ондағы қолданыстағы заңнама және оны қолдану практикасы конституциялық 
қағидаттарға және нормаларға сай мемлекеттік құқықтық жүйені құруға міндеттенгенін білдіреді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет