Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

Татьяна ОТЧЕсКАЯ 
– 
Ресей Федерациясының Батыс Сібір
округі Төрелік сотының судьясы,
заң ғылымдарының докторы, профессор
(Тюмень қ.)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  
КОНСТИТУЦИОНАЛИЗМ – АҚИҚАТ БОЛМЫС

168
Шағымдарды шешіп, өтініш берушілермен әңгімелесіп, түскен жүгінулер бойынша тексерулерді 
ұйымдастырып, мен азаматтардың Қазақстан Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары – өмір 
сүру, денсаулық сақтау, еңбек ету құқықтары ешқашан бұзылмас үшін, жол берілген бұзулар уақтылы 
жойылуы үшін бар күшімді салып еңбек еттім, өйткені тек қана Конституция үстем болған мемлекетте 
ғана құқықтың үстемдігі, экономикалық даму және саяси тұрақтылық - ақиқат болмыс болады. 
Мен тәуелсіз мемлекетте, Қазақстан Республикасында ол жаңа құрылып жатқан кезеңде тұрдым және 
мемлекет өзін халықаралық деңгейде орнықтырып, өз экономикасын қалыптастыруға, Конституциямен 
жарияланған құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беретін өз заңдарын әзірлеп, қабылдауға тырысып жатқан 
жас мемлекеттің «алғашқы қиын қадамдарының» куәгері болдым. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін 
нығайту жөніндегі нақты қадамдар нағыз «Ұлттың Көшбасшысы» - Президент Н.Ә. Назарбаев кезінде мүмкін 
болды.
Қазақстан Республикасы мемлекетінің тарихындағы оның рөлі болашақта тарихшылармен зерттелетін болады.
 2000 жылдан бері мен әлемдегі ірі елдердің бірінде - Ресей Федерациясында тұрамын және Ресей 
Федерациясының азаматы екенімді мақтан тұтамын.
Мен осында Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен жоғары лауазымға – Батыс-Сібір 
округының Федералды төрелік сотының судьясы қызметіне тағайындалдым, маған тұрғын үй берілді, 
соттағы қызметімді оқытушы қызметімен қоса атқаруға мүмкіндік берді. Мен Қазақстанда тұрған кезде 
Томск мемлекеттік университетінде Диссертациялық кеңесте заң ғылымының кандидаты атағын алу үшін 
диссертацияны қорғадым.
2000 жылдан 2003 жылға дейін оқытушылық және ғылыми қызметпен айналыса жүріп, Санкт-
Петербург институтының профессоры В.И.Рохлиннің ғылыми басшылығымен заң ғылымдарының докто-
ры ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғадым.
Қазір Ресейдің әйгілі жоғары оқу орындарының - Тюмень мемлекеттік университетінің, Новосібір 
мемлекеттік техникалық университетінің, Тюмень мемлекеттік әлемдік экономика академиясының, Ресей 
Федерациясы Ішкі істер министрлігінің кадрлардың біліктілігін арттыру институтының, Мәскеу басқару 
және құқық институтының Тюмень филиалының профессоры болғанымды мақтан тұтамын. Менің 
басшылығыммен 7 аспирант кандидаттық диссертацияны жазып, қорғады. 
2013 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және 
мемлекеттік қызмет академиясына, Ресей Федерациясының төрелік соттарының судьяларына және 
судьялардың көмекшілеріне лекция оқуға шақырылдым. 
Ресей Федерациясында тұрған жылдары сот төрелігін жүзеге асыруға қосқан үлесім лайықты 
бағаланды – Ресей Федерациясының Жоғарғы Төрелік Сот Төрағасының Құрмет грамотасымен марапат-
талдым және «Ресей Федерациясының сот жүйесінің құрметті қызметкері» атағына ие болдым. 
Сонымен бірге, осы 14 жыл ішінде менің Қазақстанмен байланысым үзілген жоқ, сондықтан мен 
Қазақстанға жиі келіп тұрамын.
Сот практикасының мәселелері бойынша сарапшы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Со-
тына, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне -халықаралық конференцияларға бірнеше 
рет шақырылдым. 
Ұзақ мерзім бойы Д.А.Қонаев атындағы университет жанындағы заң ғылымының кандидаты және 
докторы ғылыми атақты алу үшін диссертацияны қорғау жөніндегі біріккен Диссертациялық кеңесінің 
мүшесі болдым.
Ай сайын Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы ғылымның дамуын нақты қадағалай алдым.
Ресей Федерациясының жоғары оқу орындары мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары – 
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан-Американдық Еркін университет, Д.А. Қонаев 
атындағы гуманитарлық көлік және құқық университеті арасында білім және ғылым саласындағы 
халықаралық шарттарды жасасудың бастамашысы болып табыламын.

169
Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының Ғалымдар Кеңестерінің шешімдерімен Шығыс 
Қазақстан өңірлік университетінің Қазақстан-Американдық Еркін университетінің, Д.А. Қонаев 
атындағы гуманитарлық көлік және құқық университетінің профессоры атағына ие болдым. 
Осы жылдары Қазақстандағы достарыммен (судьялармен, прокурорлармен, адвокаттармен, 
оқытушылармен, ғалымдармен) кездескен сайын, Қазақстанның барлық мемлекеттік қызмет бағыттарында 
тиімді дамуына сенімім арта түсті. 
Өмірдің қай саласы болсын барлық жерде ілгері даму байқалады. 
Қазақстан халқына қызмет көрсетудің көлік саласы тек өрлеуде, өйткені қызмет көрсету деңгейі 
жоғары «Эйр-Астана» компаниясының авиақатынасын ел тұрғындарының көбі және шетел қонақтары оң 
бағалайды. 
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының темір жол паркі де адамдарға жайлы, ыңғайлы, баға 
жағынан да қолжетімді. 
Қазақстанда барлық діндер мен конфессиялардың шынында «бірлігі берекелі, тірлігі тату». Осы 
мемлекеттегі христиандық шіркеулерде де, мешіттерде де болдым.
Қазақстанның халқына мемлекет қолдау көрсететін кәсіпкерлікті дамытуға едәуір мүмкіндіктер 
берілген. 
Мен ол туралы Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданының «Камышенское» шаруа 
қожалығының дамуы үлгісінде айта аламын (шарушылықты В.И. Акулов басқарады). Мұнда ірі қара 
малдың ең жақсы тұқымдары шығарылады, күнбағыстың бағалы сорттарының бірі өсіріледі, шетелге 
жіберілетін күнбағыс майы өндіріледі. «Камышенское» шаруашылығының тұрғындары үшін қолайлы 
жағдай жасалған - жарық, газ барлығы бар. Барлық әлеуметтік секторды шаруашылық қожалығы 
қамтамасыз етеді.
Республикада ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың беделі зор. 
Бірде Ресей Федерациясында әйгілі саясаткер менің Қазақстанға іссапарымнан кейін өткізілген 
сайлау нәтижелері туралы: Президентті сайлау жөніндегі сайлау науқанының деректері шынында әділ 
ме деп сұрады. «Иә, шын», - деп жауап бердім, өйткені, мен таңертеңгі тамаққа тұрғанда, менің туыста-
рым тұтас отбасымен таң атпай Нұрсұлтан Әбішұлы үшін дауыс беріп келгенін көрдім. Олардың осын-
дай белсенділігін түсінемін: менің туыстарым Президенттің қамқорлығы арқасында лайықты зейнетақы 
алады, балалары тұрақты еңбек етеді, жоғары еңбекақы алады. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» ипо-
текасы арқылы қолжетімді пайыздық мөлшерлемені пайдаланып, жақсы пәтер, машина сатып алды, 
ақшаны «кейінге қалдыруға» да мүмкіндіктері бар, ал грант бойынша жоғары оқу орындарында оқитын 
немерелерінің Қазақстанның жоғары оқу орындарындағыдан басқа мемлекеттердегі жоғары оқу орын-
дарында тағлымдамадан өтуге мүмкіндігі бар. 
2014 жылдың жазында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың бастамасымен Жерлес-
тер форумы өткізілді, мен онда Ресей Федерациясынан келген қонақтар қатарында шақырылған бола-
тынмын. 
Өскемен қаласына бұрын Қазақстанда туып-өскен, оқыған, тұрған, қызмет еткен басқа елдердің 
өкілдері шақырылды, қазір олар – Германияның, Израильдің, Чехияның, АҚШ-тың, Грекияның, 
Швейцарияның азаматтары. Форумның нышаны ретінде әлімнің түпкір-түпкірінен туған жерге оралған 
қарлығаштар алынды. Біз сол қарлығаштар сияқты, Қазақстанда белгілі бір жетістіктерге жетіп, қазір 
тұрып жатқан елдеріміздің құрметіне ие болып отырмыз.
Мені таң қалдыру өте қиын, бірақ менің жерлестерім мені де, басқа қонақтарды да таң қалдырды. 
Іс-шараны ұйымдастырушылар бізге бала кезімізде барған балабақшаға, оқыған мектепке барып 
шығуға мүмкіндік берді, біз мұғалімдермен, оқушылармен кездестік. 
Бізге біз оқыған (қызмет еткен) институттарға, жұмыс істеген немесе басқарған еңбек ұжымдарына 
баруға мүмкіндік берді. Және де қонақтардың қалауына қарай шіркеуге, мешітке, синагогаға апарды.

170
Экскурсиялар шынында өте қызықты болды. 
Кезінде қараусыз қалған «Поганка» деген өзен жаяу көпірлері, бұрқақтары және гүлзарлары бар 
қала тұрғындары демалатын тамаша серуен аллеясына айналған. 
Айдаладай алаңқай жерді шеберлер ашық аспан астындағы тамаша музей – паркке айналдырған.
Өскемен қаласындағы Спорт Сарайы Қазақстандағы хоккей орталығына айналды. 
Қаланың сыртындағы жасыл аумақта бокс, волейбол, жеңіл атлетика, жүзу бойынша спорт кешендері 
бой түзген. Олар денсаулығын нығайтқысы келген, спорт түрінде кәсіпқой болғысы келген, жарыстарда 
«жанкүйер» болғысы келген қала тұрғындарына арналған. 
Спорттық кешендерге қоса қонақжайлар (жатақханалар емес) салынған, онда Қазақстан балалары – 
болашақ кәсіпқой спортшылар тұрып, өз спорттық қабілеттерін дамыта алады. 
Мемлекеттегі экономиканың жағдайы туралы көшелерге, алаңдарға, жолдарға қарап білуге болады.
Бірде біз бір облыстық орталыққа түнде келдік. Таңертең терезеден үйдің қасындағы «тозығы жет-
кен» асфальтке неміс техникасының түсіп жатқанын көрдік. 2 күн ішінде қаланың көше бойына ұзыннан 
жаңа бордюрлер салынып, сапалы асфальт төселді. 
Көптеген қолданыстағы зауыттары, комбинаттары бар ірі өнеркәсіптік орталықта көктемнен бастап 
қоңыр күзге дейін ағыл-тегіл гүлдер, Қазақстанның тарихын қалаған әйгілі қайраткерлерге арналған 
әдемі ескерткіштер таң қалдырады. 
 Қазақстанның «нақты нышандары» - қоладан, тастан, граниттен және металдан жасалған тұлпарлар 
парктерді, көшелерді көркейтеді. 
Қазақстан Республикасындағы құқықтың үстемдігін біреулерден естіп-білген жоқпын. Бұны менің 
осы мемлекеттің заң шығарушы органдарының жыл сайынғы бірнеше халықаралық конференцияларына, 
сондай-ақ жоғары оқу орындарының конференцияларына қатысуым дәлелдейді. 
Менің туысым – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының (үш шақыруының) хатшысы В.И. Ахаев 
менімен бірге келген шетелдік қонақтарға облыстағы және муниципалды білім берудегі заң шығару үрдісінің 
нәтижелерін бірнеше рет көрсетіп отырды. Сонда заңдардың және заңға сәйкес актілердің жобаларын 
Ресейдің жоғары оқу орындарының ғалымдары «естелік үшін» тиісті конференцияға қосымша ретінде әкетті. 
Қазақстан туралы айтқанда оның ашық, қонақжайлы, ақ ниетті және әрқашан алға ұмтылған адамда-
рын шет қалдыруға болмайды.
Қазақстандықтардың екі құндылығы бар – Ресеймен достық және өз Президентіне сүйіспеншілік.
Қазақстандағы достарым Қазақстан Президентінің бейнесі мен оның – «АЛҒА, Қазақстан!» деген 
ұраны бар көк-сары төсбелгілерді мақтанышпен тағып жүрген жылы есімде. 
Маған сыйға тартқан бірнеше осындай төсбелгіні мен соттағы және жоғары оқу орнындағы өз 
әріптестеріме бердім. 
Көп ұзамай осы төсбелгілерді олардың төстерінен көрдім. «Татьяна Ивановна, бұл ұран ынталанды-
рады, осы төсбелгімен менің белсенділігім артады» деді достарым.
Елдегі идеологиялық тәрбиенің жоғары деңгейін, осы мемлекеттің әр азаматының бойына өз Отаны-
на, өз тарихына сүйіспеншілік, жас мемлекеттің жетістіктеріне мақтаныш сезімін сіңдіруге бағытталған 
мақсатты іс-әрекеттерді атап өткім келеді.
Біз бәріміз, Қазақстан Республикасы Қонституциялық Кеңесінің бастамасы бойынша өткізілген 
халықаралық ғылыми конференцияның қатысушылары, Конституция күніне арналған концертті 
тамашаладық, оның әртістері бес жастан бастап – әншілер, 12 жастан – сазгерлер, 20 жастан – бишілер, 
30 жастағылар – дикторлар, үлкен экранда ел Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың халықпен, елмен бірге 
түскен суреттері, барлығы еліне бейбітшілік пен игілік, Президентіне денсаулық пен күш-қуат және 
халықтарымызға мызғымас достық тілеп, өз ниеттерін білдірді. 
Және бұл пафос немесе көз бояу үшін емес, бұл елдің осы ҮЛКЕН МЕРЕКЕ қатысушыларының 
жүздерінен білінді, залдағы адамдардың көбі көзіне жас алып, тебіреніп отырды. 

171
Мемлекеттегі осындай маңызды іс-шараларға әр шақыру – жауаптылық. Сен өзің мемлекеттеріміз 
арасындағы достықты дамыту үшін не істедің деген ой келеді. 
Шынында –көп екен. 
Бұл жоғарғы оқу орындарының білім беру және ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы екі 
жақты шарттар, достас мемлекеттегі әріптестермен бірлескен ғылыми конференциялар; құқық қорғау 
органдарының «алтын кадрлар қорын» құратын, сен тәрбиелеген оқушылар.
Соның ішінде: 
Савичева Юлия Анатольевна – Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетінің түлегі, қазір – Шығыс 
Қазақстан облысындағы екі гидроэлектростанцияның директоры;
Пичугин Константин Михайлович – Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетінің түлегі, қазір – 
Шығыс Қазақстан облыстық прокуратура басқармасының бастығы;
Беляев Алексей Александрович – Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетінің түлегі, қазір – Зы-
ряновск қ. прокуроры;
Сарсенов Айдар Болатбекұлы – Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетінің түлегі, қазір – 
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасында басқарма бастығы;
Колесников Евгений Викторович – Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетінің түлегі, қазір –
Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына құқықтық көмек көрсетіп жүрген «КАЗПРАВО-
КОНСАЛТИНГ» АҚБ бас директоры; 
 Мишакова Надежда Валерьевна – Новосібір қ. Мэриясының жер комитеті басқармасының бастығы; 
Жукокова Нәзия Қазбекқызы - Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетінің түлегі, қазір – заң 
кеңесшісі және Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетінің оқытушысы және Ресейдегі жоғары оқу 
орнындағы менің аспирантым.
Ресей мен Қазақстанның мақсаттары қазақстандықтар мен ресейліктердің тағдырында да, 
жүректерінде де тұтасып кеткені соншалықты, бұл бәрімізді біріктіріп, күш-қуатымызды арттырып, 
болашағымызға деген сенімімізді нығайтады.

172
2013 
жылғы 1 қыркүйекте Ресейде «Ресей Федерациясының Орталық банкіне қаржы 
нарықтары саласын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктерін беруге 
байланысты Ресей Федерациясының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу 
туралы» 2013 жылғы 23 шілдедегі № 251-ФЗ Федералды заң күшіне енді (бұдан әрі– Бірыңғай реттеуіш 
туралы Заң), бұл Ресей Федерациясының қаржы нарықтарында реттеу және қадағалау функциялары 
берілген бірыңғай реттеуішті құру белгісі болып табылады. 
Бірыңғай реттеуішті (немесе мегареттеуішті) құру идеясы жаңа емес, ол 30 жыл бұрын пайда болған. 
Мегареттеуішті жасаған кезде қаржы нарығын ықпалдастырып реттеу (немесе кросс-секторлық) үлгісі 
іске асырылады. 
Бірыңғай мегареттеуіш идеясының пайда болуы немен байланысты? 
Қазіргі мемлекеттердің қаржылық жүйелерінің өзегін ақша-кредиттік саясатын жүзеге асыратын ор-
ган ретінде орталық банк және, ең алдымен бюджеттік саясатқа жауапты орган ретінде қаржы министрлігі 
құрады. Ал реттеу және қадағалау үлгілері бұрын да, қазір де бірнеше. 
Татьяна РОЖДЕсТВЕНсКАЯ 
– 
О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетінің қаржылық құқық
кафедрасының профессоры, заң
ғылымдарының докторы
Алексей ГуЗНОВ 
– 
Ресей Банкі заң департаментінің
директоры, Ресей Федерациясының
еңбек сіңірген заңгері,  
заң  ғылымдарының  кандидаты   
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ МЕГАРЕТТЕУІШІ: 
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ    
(САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ)

173
Оның шегінде реттеу және қадағалау бір-біріне тәуелсіз бірнеше органдармен (немесе агенттіктермен) 
жүзеге асырылатын үлгі тарих тұрғысынан бірінші болып табылады. Осындай реттеу және қадағалау 
тұжырымдамасы, мысалы, АҚШ-та, Аргентинада, Бразилияда іске асырылған.
Екінші үлгі секторлы ықпалдастыруды тұспалдайды: банктік және сақтандыру нарықтарын реттеу 
(Канада, Венесуэла және т.б.), банктік және қор нарығын реттеу (Финляндия, Мексика және т.б.), қор 
және сақтандыру нарығын реттеу (Болгария және т.б.). 
Үшінші үлгі – орталық банк пен реттеу және қадағалау функцияларын біріктіру (2013 жылға дейінгі 
Ресей (Ресей Банкі), Украина және т.б..) 
Төртінші үлгі – бірыңғай тәуелсіз қаржылық реттеу және қадағалау органын құру (Англия 1998-2008 
жж., Қазақстан 2004-2011 жж. және т.б.).
Бесінші үлгі, «twin pix», функцияларды «макропруденциалды қадағалау» желісі бойынша бірінші 
органның белгілі бір үстемдігімен бөлуді тұспалдайды. Бұл үлгі Англияда 2008 жылғы реформадан кейін 
іске асырылды. 
Ақыр аяғында, алтыншы үлгі - барлық секторлардың қадағалауын біріктірумен және функцияларын 
орталық банк негізінде ықпалдастырумен бірыңғай реттеуішті құру (Сингапур, Қазақстан, Ресей 2013 ж. 
бастап, б.) [1, 52-53 б.] .
Осы үлгілердің ішінде тек қана біріншіде қаржы нарықтарын реттеу мен қадағалаудың 
ықпалдастыру әдісі іске асырылған жоқ. Басқалары - қалай болса да, оның эмпириялық салдары бол-
ды. Ықпалдастырылған қадағалау үлгісі пайда болуының артында ешқандай жоғарғы идея тұрған жоқ 
еді: ықпалдастырылған қадағалау тұжырымдамасының пайда болуы қадағалау жүйесінің жұмысына 
бюджеттік шығындарды төмендету. Бірақ кейіннен – қаржы секторындағы шоғырландыру үрдістері, 
түрлі қаржы құралдарының дамуы әсерінен – ол жаңа тыныс алып, 1990 жылдың соңында – 2000 жылдың 
басында әйгілі болды. 
Дәл осы кезде бірнеше мемлекетте дербес, кейде мемлекеттен белгілі бір тәуелсіздігі бар қаржылық 
қадағалау органдары пайда болды, олар қаржы нарығының барлық негізгі секторларын қадағалауды бір 
уақытта жүзеге асырып отырды. Бұл органдар мегареттеуіштер деп бейресми аталып, Норвегияда («пио-
нер» - ел, 1986 ж.), Исландияда, Данияда, Швецияда, Англияда, Германияда, Оңтүстік Кореяда, Венгрияда, 
Қазақстанда және, шамамен, тағы 50 елде пайда болды. 
Мегареттеуіштерді құру оң нәтижесін берді ме? Сөзсіз, белгілі бір әсер болды, және ол, ең алдымен, 
барлық қаржылық секторларға қатысты реттеу мен қадағалаудың бірыңғай стандарттар мен техноло-
гияларда әзірлеп қолдану талпынысы жасалғанына байланысты болды, бұл реттеуіш төреліктің пайда 
болуын (яғни, түрлі қадағалау органдары тарапынан бір ғана сегменттерге қатысты түрлі стандарттарды 
қолдану мүмкіндігін) шектеді.
Ресейде мегареттеуішті қалыптастыру идеялары бұрыннан болған – 90-шы жж. соңында банктік 
қадағалау мен бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушыларының қызметін қадағалауды біріктіру 
мәселесі талқыланғанды. Бұл кезде бірыңғай болуға айналған қаржы нарығының реттеу және қадағалау 
жүйесінің шамадан тыс сегменттерге бөлінгенін еңсеру арқылы қаржы нарықтарының бірыңғай реттеуішін 
құруға болады деп болжанды. Соңғы уақытқа дейін Ресейде қаржы нарығындағы реттеу және қадағалау 
бірнеше дербес органдары арасында бөлінгенін атап өту қажет. Қаржы нарығын реттеу жөніндегі 
өкілеттіктер заң шығарушының, Үкіметтің, Қаржы министрлігінің, қаржы нарықтары жөніндегі федаралды 
қызметтің (ҚНФҚ) және Ресей Банкінің қолында-тын. Қадағалау өкілеттіктері Ресей Банкінің (кредиттік 
ұйымдарды және ұлттық төлем жүйесі субъектілерін қадағалау); ҚНФҚ (бағалы қағаздар нарығының 
кәсіптік қатысушыларын, сақтандыру компанияларын, ішінара зейнетақы қорларын, микроқаржылық 
ұйымдарды және қаржы нарығының басқа қатысушыларын қадағалау) қолында шоғырландырылған 
еді. Сондай-ақ қадағалау саласындағы жекелеген өкілеттіктер Қаржы министрлігінің бағынысындағы 
қызметтерде болады. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларын қадағалауды Еңбек және халықты 

174
әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырған.  Осылайша, қаржы нарығын реттеу және қадағалау жүйесі 
тым бөлшектелген халде болды, бұл қаржы нарығын реттеу және қадағалау салаларында әрекеттердің 
үйлеспеушілігіне, шешімдерді кешіктіріп қабылдауына, реттеуіш төреліктің болуын және көптеген басқа 
келеңсіз салдарларға әкеп соғатын. Оның үстіне, осындай жүйе қаржы нарығы тұрақтылығының кешенді 
талдауын жүргізуге жағдай жасай алмады. 
Осындай бөлшектенген қадағалау жүйесінің келеңсіз салдары – оны ұстап тұруға кадрлық та, 
қаржылық та мол ресурс жұмсауға әкеп соқты. Ресей жағдайында қаржы ресурстары – бұл РФ федерал-
ды бюджетінің және Орталық банкінің қаражаты.
90-шы жылдардың соңындағы және 2000 жылдардың басындағы ұсыныстар көбінесе банктік 
қадағалауды Ресей Банкінің құзыретінен шығарып, ҚНФҚ базасында мегареттеуішті құру идеясына 
негізделді. Бұл көзқарас қолдау тапқан жоқ, бірақ оның елесін 2006-2008 жылдарға арналған Ресей 
Федерациясының қаржы нарығын дамыту стратегиясынан (РФ Үкіметінің 2006 ж. 1 маусымдағы № 793-р 
өкімімен бек.) көруге болады [2]. 
Қаржы нарығын реттеу және қадағалау жүйесін дамытудың осы жолы іске асырылмағанының бірнеше 
себебі бар. Банктік қадағалау қаржы нарығының басқа қатысушыларын қадағалаудан гөрі тиімділеу 
болып шықты. Бұл көбінесе банктік қадағалау жүйесі Ресей Банкі жүйесінің бөлігі ретінде дамығаны 
арқасында. Сондықтан, банктік қадағалауды қамтамасыз етуге пайдаланған ресурстар тұрақтылау болды 
– кадрлық әлеуеті тұрғысынан да, материалды-техникалық қамтамасыз ету тұрғысынан да (ең алдымен 
– есептілікті алу және өңдеу технологиялары және т.б.) [3]. Ресейдің банктік қадағалау жүйесі ең үздік 
халықаралық практиканы тез қабылдайды және қазіргі тиімді банктік қадағалаудың барлық стандартта-
рын имплементациялап алушы еді. Басқа кредиттік емес қаржы институттарын қадағалау осы тұрғыдан 
соңынан қуып жетуші рөлінде қалды. 
 Осы жағдайлар 2012 жылы Ресей Банкісі негізінде Ресейдің қаржы нарығының бірыңғай реттеуішін 
құру туралы шешімді қабылдауға алып келді. 
Оның үстіне, басқа мемлекеттердің тәжірибесі есепке алынды (соның ішінде Қазақстан 
Республикасының), оны талдау бірнеше елдердегі ұлттық банктер құрылымына мегареттеуіштерді енгізуді 
«қайтару» кездейсоқ болмағанын дәлелдеді. Қадағалау органы ретінде мегареттеуіш тәуекелдіктерді 
шектеу арқылы қаржылық дағдарыстардың алдын алуға бағытталған. Бірақ ақша ағымын тұрақтандыру 
және нарықтың сенімін қайтару мақсатында нарық қатысушыларына (ең алдымен банктерге) үлкен 
өтімділік көлемін беру бөлігінде қадағалау сипатындағы пруденциалды шаралардың мемлекеттің 
қолдауынсыз шектелгендігін көрсетті (бұндай шектелгендік 2008-2009 жж. әлемдік қаржылық дағдарыс 
кезеңінде әсіресе анық болған). Және осы тұрғыдан, ұлттық валютадағы шектелмеген өтімділік қорына 
ие ұлттық банкілердің жағдайды тұрақтандыру үшін маңызы өте зор.
Ресей Банкі негізінде қаржы нарығының бірыңғай реттеуішін құру туралы шешім қабылданғаннан 
кейін, бірыңғай реттеуішке өтуді қамтамасыз ететін федералды заңның жобасы бойынша жұмыс бастал-
ды, Ресей Федерациясының Орталық Банкінде болашақ бірыңғай реттеуіштің құрылымын анықтау бой-
ынша жұмыс жүргізілді.
Осы жұмыс барысында Қазақстан мен Сингапурдың тәжірибесіне ерекше назар аударылды (бұрын 
атап өткендей, бұл мемлекеттер қаржы нарықтарын қадағалау және банктік қадағалау орталық банктер 
негізінде шоғырландырылған қадағалау үлгісін іске асырды).
Әсіресе Қазақстанның тәжірибесі пайдалы, өйткені Ресей мен Қазақстанның құқықтық кеңістігі, 
менталитеті жақын, құқықтық мектебі бірыңғай. Бұл тұрғыдан Ресей Банкінің және Қазақстан Ұлттық 
Банкінің қызметкерлері «бір тілде» сөйлесе алады. 
 2012 жылы жазда Ресей Банкінің қаржы нарықтары жөніндегі қызметінің басшысы Сергей Швецовтың 
басшылығымен Ресей Банкінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тәжірибе ал-
масу үшін келді.

175
Ресей Федерациясындағы Ресей Банкі сияқты, ҚР Ұлттық Банкі Қазақстанның қаржы жүйесін 
ұйымдастырудың басты орган болып табылады. Оның мақсаттары, міндеттері, функциялары және 
өкілеттіктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 
жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңымен (өзгерістермен және толықтырулармен) белгіленген. [4]. Аталған 
Заңның 2 б. сәйкес Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және 
жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және бақылауды, қаржы 
нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды, Алматы қаласының 
өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің 
тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін мемлекеттік 
орган болып табылады.    
 Ресей Банкінен ерекшелігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Президентіне есеп 
береді (Ресей Банкі– Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасына).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы баға 
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады (ҚР ҰБ Заңының 7 б.), ал Ресей Банкінің негізгі мақсаты 
рубльдің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады (Ресей Банкі туралы Заңның 3 б.). Қазіргі моне-
тарлы басқару теориясы тұрғысынан орталық банктер қызметінің басымдығы бағам саясаты емес, баға 
тұрақтылығы болуы тиіс екенін атап өтеміз. 
Қазақстанның Ұлттық Банкі құрылымында екі ведомство ерекше бөлінеді: Қаржы нарығын және 
қаржы ұйымдарын қадағалау комитеті және Қаржы қызметтерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау 
комитеті. 
Ресейде қаржы нарықтары саласындағы бақылау-қадағалау өкілеттіктері Қаржы нарықтары 
жөніндегі федералды қызмет деңгейінде шоғырландырылған болатын және тек қана бірыңғай 
реттеуішті құруына байланысты Банкке берілген болатын, Қазақстанда «мегареттеуіш» ҚР ҰБ негізінде 
қалыптастырылды. 
 90-шы жылдардың соңында – 2000-шы жылдардың басында бірнеше жыл ішінде Қазақстан Рес-
публикасы Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сақтандаруды қадағалау 
департаментінің (сақтандыру нарығын қадағалау жөніндегі (1998 ж.), Қазақстан Республикасының 
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі 
(2001 ж.), Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы 
зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитетінің (жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін рет-
теу жөніндегі (2002 ж.). функциялары мен өкілеттіктері тапсырылды.
 2003 ж. дербес қадағалау ведомствосын құру туралы шешім қабылданды, және 2004 жылдың 
1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және 
қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жұмысы басталды, оған заңды түрде мынадай 
мақсаттар мен міндеттер бекітілді:
1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтас 
қаржы жүйесіне сенімділікті сақтау;
2) қаржы қызметтерін тұтынушылар мүдделерінің тиісті деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету;
3) қаржы ұйымдарының қызметі үшін қаржы нарығындағы әділ бәсекені сақтауға бағытталған тең 
жағдайларды жасау;
4) қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративті басқаруды 
жақсарту үшін ынталандырмаларды жасау;
5) қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын 
мониторингілеу;
6) қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында ресурстарды қаржы нарығының қатерлерге ұшырағыш 
салаларында шоғырландыру;

176
7) қазіргі технологияларды енгізуді ынталандыру, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдары және олар 
көрсететін қаржы қызметтері туралы ақпараттың қолжетімділігін және толықтығын қамтамасыз ету.
Бірақ бұл Агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен толық тәуелсіз болған жоқ: соңғысы 
Агенттіктің қызметін қаржыландыруды қамтамасыз еткен. 
2008-2009 жж. дағдарыстан кейін Қазақстан ҚР Ұлттық Банкі негізіндегі бірыңғай қадағалау 
органының қызметіне қайта оралды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі 
№ 25 Жарлығымен Агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне 
тапсырылды, ал 2011 жылғы 18 сәуірдегі №61 Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті құрылды (бұдан әрі – ҚҚК).
ҚҚК туралы ереже ҚР Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 4 наурыздағы №3164 
шешімімен бекітілді [5]. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын 
және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) өзінің құзыреті шегінде 
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Респу-
бликасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ведомствосы болып табылады (п.1).
Ережемен белгіленгендей, ҚҚК Ұлттық Банктің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда банк, сақтандыру қызметін, жинақтаушы зейнетақы 
қорларының, инвестициялық қорлардың, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және кредиттік 
бюролардың қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша негізгі функцияларды орындайды.
ҚР ҰБ ведомствосы бола тұра, Комитеттің, алайда, қандай да бір (символ мәнді болса да ) тәуелсіздігі 
бар. Атап айтқанда, Комитеттің төрағасын Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыр-
масы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша Ұлттық 
Банк Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. 
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (ҚҚТҚҚК) де 2013 жылғы 1 нау-
рызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республика-
сы Президентінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 458 Жарлығына сәйкес сұрылған болатын. ҚҚТҚҚК 
қолданыстағы қорғау жүйесін күшейту, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойын-
ша превентивті шараларды қолдану, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында 
құрылды. 
Қазіргі уақытта ҚҚТҚҚК құрамына 2 құрылымдық бөлімше кіреді: Тұтынушылардың құқықтары 
жөніндегі департамент (оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы және Қаржылық 
сауаттылық басқармасы) және дербес Заң басқармасы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау 
комитеті туралы ережеге сәйкес (ҚР Ұлттық Банкі Директорлар Кеңесінің 2013 ж. 7 ақпандағы №27 
қаулысымен бекітілген) ҚҚТҚҚК-нің негізгі міндеті қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын 
қорғау деңгейін қамтамасыз ету. Осыған орай ҚҚТҚҚК мынадай негізгі функцияларды орындайды:
1) жеке және заңды тұлғалардың қаржы қызметтерін ұсыну жөніндегі мәселелері бойынша 
жүгінулерін қарайды;
2) қаржы қызметтерін тұтынушыларға олардың құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер бойынша 
құқықтық көмек көрсетеді; 
3) Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын бұзуларды анықтайды;
4) қаржы қызметтерін тұтынушылардың жүгінулерінің және оларды қарау нәтижелерінің тізілімін 
жүргізеді, тиісті статистикалық ақпараттың талдауын жүргізеді;
5) қаржы ұйымдарымен және бағалы қағаздар эмитенттерімен қаржы қызметтерін тұтынушылардың 
құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама талаптарын бұзулардың тізілімін жүргізеді;
6) жеке және заңды тұлғалардан қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін қажетті 
мәліметтерді сұратады және алады; 

177
7) қаржы қызметін көрсеткен кезде және қаржы қызметі туралы ақпаратты ашқан кезде қаржы 
нарығы субъектілерінің қызметін бақылауды және тексеруді жүзеге асырады;
8) қаржы нарығы субъектілерімен ұсынылатын қызметтер сапасын және олармен таратылатын қаржы 
қызметтері туралы ақпаратты қадағалауды жүзеге асырады;
9) қаржы ұйымдарымен қаржы қызметтерін көрсету және қаржы қызметтерін көрсету туралы 
ақпаратты тарату стандарттарын әзірлейді;
10) қаржы қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. 
Осылайша, Қазақстанда қаржы нарығы субъектілерін және эмитенттерді қадағалау бір құрылымды 
– Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде шоғырландырылды. 
Қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғау да барлық қызмет түрлері бойынша құрылымданған, осын-
дай қорғауды жүзеге асыру Қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғау комитетіне бекітілген. Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкінің тікелей функцияларына қазіргі уақытта бұрынғыдай мыналар жатады: 
монетарлық саясатты жүзеге асыру; қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыру; валюталық реттеу және 
валюталық бақылау; төлем жүйелерін дамыту; қылмыстық жолмен заңдастыруға (жылыстатуға) және 
терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес.
 Сонымен, Қазақстанда орталық банк негізінде толық секторлық және функционалды біріктіру мен 
бірыңғай реттеуіш үлгісі іске асырылды. 
Қазақстан Республикасының қаржы нарығында реттеуді және қадағалауды ұйымдастыру тәжірибесін 
мұқият зерттеп, Ресей Банкі біраз басқа жолмен кетті.
Ресей Банкінің құрылымында 6 тең мағыналы қызмет бағыты құрылды:
1) ақша-кредит саясатын жүзеге асыру;
2) қолма қол ақша айналымын ұйымдастыру;
3) банктік реттеу және банктік қадағалау (соның ішінде кредиттік ұйымдардың қызметін лицензия-
лау мәселелерін);
4) Ресейдің ұлттық төлем жүйесінің тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ету (соның ішінде Ресей 
Банкінің төлем жүйесін дамыту және жеке төлем жүйелерін қадағалау);
5) Кредиттік емес қыржы ұйымдарын қадағалау және бақылау; қаржы қызметтерін тұтынушылардың 
құқықтарын қорғау (банктікті қоспағанда);
6) қылмыстық жолмен заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы 
күресті ұйымдастыру; валюталық реттеу және валюталық бақылау.
Қазақстан Ұлттық банкінен айырмашылығы, бұл бағыттар жеке ведомстволарға құрылымдалмаған, 
олар Ресей Банкі Төрағасының бірінші орынбасарларының (орынбасарларының) бағынысындағы жеке-
леген департаменттер арқылы іске асырылады. 
Банктік қадағалау және банктік реттеу Ресей Банкі қызметінің кредиттік емес ұйымдарды реттеу 
және қадағалау бағытымен қатар және бірдей қызмет ететін дербес бағыттары болып табылады деп 
айтуға болады.
Кредиттік емес ұйымдарды реттеу және қадағалау 2014 жылғы 3 сәуірде біржола құрылымдалды,  
онда Ресей Банкінің бұрынғы Қаржы нарықтары жөніндегі қызметі таратылып, оның негізінде 9 (өңірлік 
өкілдіктері бар) құрылымдық бөлімше құрылған болатын, олардың ішінде:
- Қаржы нарықтарын дамыту департаменті;
- Қаржы нарығына кіруге рұқсат беру департаменті;
- Сақтандыру нарығының департаменті;
- Ұжымдық инвестициялар және сенімді басқару департаменті;
- Бағалы қағаздар нарығы және тауар нарығы департаменті;
- Микроқаржылық нарық пен қаржылық қолжетімдік әдістемесінің бас басқармасы;
- Кредиттік емес ұйымдардың есептілігін жинау және өңдеу департаменті;

178
- Ашық нарықтағы іждағатсыз тәртіпке қарсы іс-қимылдың бас басқармасы;
- Ресей Банкінің қаржы қызметтерін тұтынушылардың және миноритарлы акционерлердің құқықтарын 
қорғау қызметі.
Сонда – Қазақстаннан айырмашылығы – құқықтық сүйемелдеу және инспекциялық қызмет тиісінше 
Заң департаментінде және Ресей Банкінің Бас инспекциясында шоғырландырылды. 
Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мегареттеуіштерінің бір үлгіге жата-
тынына қарамастан, олардың қызметін ұйымдастыру бірдей емес екенін атап өту қажет. 
Бірақ Ресейдегі және Қазақстандағы қаржы нарығын бірыңғай реттеуіштер қызметінің мақсаты, 
міндеттері және функциялары бір-біріне жақын, және бұл Ресей мен Қазақстандағы мегареттеуіштердің 
даму парадигмасының ұқсастығын білдіреді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР:
1. Моисеев С.Р. Мегаререттуіш / Терминология – Мәнді аспектілер// Ақша және кредит, 2013, №7.
2.  «Гарант»  АҚҚ
3. Дұрысын айтқанда, дәл қажетті ресурстардың жоқтығы бірыңғай реттеуішті құрудың себебі 
болды. Соңғы жылдар ішінде ҚНФҚ сақтандыру компанияларды, мемлекеттік емес зейнетақы қорларын, 
микроқаржылық ұйымдарды, кредиттік кооперативтерді және т. б.  реттеу және қадағалау жөніндегі 
өкілеттіктерді жүзеге асырды.     2012 жылы ҚНФҚ қол астында болған ресурстармен қаржы нарығының 
брлық субъектілерін (кредиттік ұйымдарды қоспағанда да) қадағалау мүмкін емес екені  анық болды.  
4. http://www.nationalbank.kz/?docid=41
5. http://www.afn.kz/?docid=1365

179

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет