Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата10.03.2023
өлшемі225,75 Kb.
#73235
1   2   3   4
Байланысты:
практика 1

1.1
Қазақстандағы 
ауыл 
шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары 
Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей 
жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы ӛнімдері ӛндірісінің 
құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы кӛбірек жапа шекті. 
Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы, әсіресе ондағы ӛсімдік пен мал 
шаруашылығы қатынастары мүлдем ӛзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл 
шаруашылығының жалпы ӛнімінде (1994 ж. бағамен) ӛсімдік шаруашылығы 
үлесіне 80% және мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% ғана тиесілі (1990 
жылы 39% жэне 61% болған) болды. Мысалы, 1 шартты мал басына 
есептелген шартты саны азайып кеткен 1990 жылы 16,6 млн. бас болса, 2003 
жылы 7,5 млн. басқа дейін немесе 55%-ға кеміген), ал мал шаруашылығы 
ӛнімдерінің жалпы ӛндірісі 77%-ға азайған. Бұл жағдайда шаруашылық 
категориялары бойынша мал шаруашылығы саласында қайта бӛлістіру 
ӛзгерді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі біраз азайып кеткен 
ондағы мал басы саны және мал шаруашылығы ӛнімдерінің ӛндірісі де 
кеміген. Қазіргі кезеңде Батыс Қазақстан облысында республикадағы барлық 
мал басының 9,8% орналасқан (шартты басқа есептегенде). Одан да ӛзге 
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жер кӛлемі аумағы да қысқарды. 1 
кәсіпорынға орташа 2100 га жыртылған жерден және 5500 жайылым және 
шабындықтан келіп отыр. 
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық ӛндірісіне 
мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да 
ықпал етеді, басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған аумақтар мал 
шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес, олар бар болғаны орташа 
есеппен 550-600 шартты басты қамтамасыз ете алады. Мұндай фактор, 
шағын 
кӛлемдегі 
жер 
аумағы 
ретінде, 
ауыл 
шаруашылығы кәсіпорындарындағы шоғырландыру деңгейінің ӛте 
тӛмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға орташа МІҚ 300 басқа дейін 
және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның жартысынан астамы 


30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді. Жалпы ӛнімдер кӛлемдері 
бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі бӛлігі шағын 
кӛлемді ӛндіріспен сипатталады: орташа республика бойынша бұл кӛрсеткіш 
1 шаруашылыққа 34 млн. теңгені құрайды. 
Тек солтүстік ӛңірде ғана аздап ӛзгешелеу — 1 шаруашылыққа жалпы 
ӛнім кӛлемі 64 млн. теңге құрайды. Бірақ мұндай жағдай астық ӛндіруші 
кәсіпорындар есебінен қалыптасып отырғандығын айтуға болады. Оңтүстік 
және батыс ӛлкелерде кӛбінесе жалпы ӛнім кӛлемдері бойынша, барынша 
ұсақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары құрылып отыр, сондай-ақ жер 
кӛлемі, мал басы саны, жұмыскерлер саны да ӛте аз. 
Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада 
орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да ӛте ұсақ кӛлемде 
кӛрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл 
жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. 
Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ кӛлемді болып 
келуі жер кӛлемі бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз 
технологиялық процесті қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол 
ақырында ӛңдіріс тиімділігінің тӛмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге 
қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл 
шаруашылығы кәсіпорындарының кӛлеміне айрықша талаптар қояды., оның 
ӛзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жӛн. 
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары кӛлемдерінде, жер аумағы бойынша 
үлкен айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі ӛлкелерде ұтымды 
ӛндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. 
Кӛп кездесе бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша кӛп болмаса да, ӛте 
шағын кӛлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі 
шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық ӛндіріс факторлары 
тиімді сәйкестік тапқан және кӛп пайдаланылады, және соның негізінде 
жақсы қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол. 
Орташа және ірі тауарлы ӛндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары 
дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық ӛндірістік 
технологиясы жер кӛлемдері орташа және ірі және материалдық техникалық 
базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы 
объектілеріне ыңғайланған. Атап ӛтетін нәрсе, жақын болашақта орташа 
және ірі тауарлы ӛндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер 
тұрақты дами алады деуге болады. 
Орташа және ірі шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары 
деңгейлі мамандандыру, ӛндірісті шоғырландыру, рынок бойынша 
интеграциялау мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және 
орташа кәсіпорын, әсіресе ӛсімдік шаруашылығы салаларында, шағынмен 
салыстырғанда басымдықты иеленеді. Оларда күрделі қаржыны тиімді 
пайдалануға мүмкіндік бар, олар ғылыми- техникалық прогресске барынша 
икемді. Астық ӛндіруші кәсіпорын, егер жыртылған жері 15-18 мың га 
шамасында иеленген жағдайда ӛте жоғары пайдалылық деңгейін кӛрсетеді. 


Шаруашылық қызметінен алынатын таза табыстың негізгі массасын 
шағын кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық 
кәсіпорынның 15,4% құрайды, барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан 
алынған таза кірістің 72%-не келеді. 
Интенсификациялау деңгейінің кӛтерілу жағдайында ауыл шаруашылық 
кәсіпорындарының кӛлемі, ӛндіріс күштерінің ӛсуі ӛзгермейтіндей болып 
қалмайды. Олар ӛздерінің ӛндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі 
шаруашылықтың интенсифтілік деңгейі және оны мамандандыру жағдайы 
үшін ӛздерінің оңтайлы шекараларын иеленеді. 
Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, ӛндірістің түрлі 
экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы кӛлемдер 
шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының 
кӛлемдері жалпылама емес, белгілі бір мамандандырылған ӛндіріске 
ыңғайластырылады. Мамандандыру ӛндірісті интенсификациялаумен тығыз 
байланысты, оның ӛзі бір тектес ӛнімдер ӛндірісінің оңтайлы шоғырлануын 
қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оңтайлы кӛлемдері белгілі бір 
шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік жағдайында еңбек 
ресурстары саны бар болса, барлық негізгі ӛндіріс факторларын пайдалану 
жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық 
кәсіпорындарының оңтайлы кӛлемдерінің критериі-бұл барлығынан бұрын 
жоғарғы ӛндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек ӛнімділігі және ӛндірістің 
рентабельдігін қамтамасыз етеді. 
Болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық ӛзгерістер 
жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны 
одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен 
анықталады, жэне ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал 
шаруашылығының ӛз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар етті мал 
шаруашылығы, қой шаруашылығы жылқы шаруашылығын қайта дамытуды 
қарастырады. 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет