Қазақстанның қазіргі заман тарихы


Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары



бет34/40
Дата09.05.2022
өлшемі138,74 Kb.
#33689
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихы

2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары

Мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік-деңгейде тиімді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттарға сүйену қажет:

- жастар саясатын әзірлеудің жинақтылығы мен жүзеге асырылуы, ресурстардың топтасу бағдары (барлық жауапты және мүдделі тараптарды тарту, түрлі әлеуметтік-экономикалық саланы қамту);

- ел дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндетіне арналған жастар саясатына бағытталған әлеуметтік бағыт пен түрлі жастар тобының қажеттілігі;

- жастар саясаты саласындағы жабдықтаушы мен қызметті қолданушылар үшін, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі;

- жастар саясаты саласындағы жоспарлау мен белгілі топқа қызмет көрсету кезінде мақсатты топқа нақты сегментация беру;

- жауапты орындаушының кәсіптілігі мен барлық деңгейдегі тең орындаушылардың ұйымдылығы.

 3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі

Осы Тұжырымдама Ережесі келесідегідей нормативтің құқықтық актілер арқылы жүзеге асады:

1) 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-ІІ «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы;

2) Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары;

3) Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

4) Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

5) Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған бағдарламасы;

6) Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы;

7) Бизнестің жол картасы — 2020;

8) Аумақтарды дамыту бағдарламасы;

9) «Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы;

10) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стартегиялық жоспарлары.
12 дәріс Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты

1.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар.

2.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы.

3.  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу

4. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі.

5. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы.  

6. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейі көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге мүмкіндік туды.

Мемлекетіміздегі мәдени құрылысының үлкен бір бөлігі – білім саласы. Сондықтан-да, тәуелсіздік жылдары қазақ балабақшалары мен қазақ мектептерін ашу жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 1989 жылмен 1993 жыл аралығында 4 жылда қазақ мектептерінің саны 839-ға көбейген.

Сонымен қатар, Республикамыздағы білім беру саласында проблемалық мәселелер де болды. Оның себептері мен кемшіліктері әр алуан болатын. Ең бастысы, Қазақстан республикасы «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» заңының 7-бабының 3 тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 39-тармағының 2,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік және білім беру жүйесінің ғимараттарын жалға беруге болмайтындығының өрескел бұзылғандығы болды. Нарық заңын сылтауратып, көптеген басшылық орындарында отырған шенеуніктердің балабақшаларды, орта мектептерді жеке меншікке сатуы немесе жалға беруі білім беру саласындағы жағдайды ұшықтыра түсті. Президентіміз Н.Назарбаев 1997 жылы Республика активінің жиналысы алдында сөйлеген сөзінде халыққа білім беру жөніндегі бүгінгі күні жібертіліп отырған кемшіліктерді дереу түзетуді, жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етуді, жағдайы төмен ауыл мектептеріне жәрдем беруді талап етті. Экономикамыз қиын жағдайда тұрғанына қарамастан, мемлекет тарапынан мектептерді компьютерлендіруге 22 миллион АҚШ доллары бөлінетін және 1988 жылдан бастап мектептердің компьютерлермен жабдықталынатыны айтылды.

Республикамыз нарық қатынасы өтуіне байланысты, білім беру жүйесі елеулі өзгеріске ұшырады. Нарық заңына сай мемлекеттік оқу орындарымен қатар, жеке меншік оқу орындары пайда болды. Республикамызда оқу жоспары сан-салалы балабақшалар, мектептер, лицейлер, колледждер, жоғары оқу орындары көптеп ашылды.

Тәуелсіз Республикамыз білім саласы бойынша шет мемлекеттермен тікелей байланысқа көшті. Соның нәтижесінде жастарымыздың шетелдерде білім алуына мүмкіндік туды. Осыған сай «Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендияларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 қарашада №1394 қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық степендиясы белгіленді. Алайда, шетелдерде озық, жетекші жастарды іріктеп жіберудің алғашқы кезеңінен бастап-ақ, осы іске жауапты білім, мәдениет Министрліктері тарапынан және республикамыздың жоғары оқу орындары басшылары тарапынан елеулі кемшіліктер жіберілді. Мәселен, Білім Министрлігі Президенттің қаулысын орындау мақсатында нақты жоспарланған, айқын шаралар қолданбаған. Әрбір степендиятпен келісім-шарт сауатты жасалмаған. Степендияттарды іріктеуде әдеп нормаларына ауытқып, тамыр-таныстыққа жол берілген. Соның салдарынан үш жыл ішінде шетелге жіберген 30 степендият сабаққа үлгермеуі себебінен оқудан шығарылып, 21-елге қайтып оралмады.

Еліміздегі жүргізіліп отырған мәдениет құрылысы саласында ғылымның орны ерекше болып отыр. Дүние жүзіндегі көптеген елдер экономикадағы елеулі жетістікке осы ғылым мен білімнің арқасында жетіп отырғаны белгілі. Қазіргі таңда ел экономикасын көтерудің бірден-бір жолы ғылымды дамыту, оған айрықша көңіл бөлу болып отыр. Осыған сай ең бірінші кезекте республикамыздағы барлық ғылыми-техникалық орталықтар мен мекемелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің мүддесіне қызмет ететін келелі ғылыми орталықтарын құру болды.

Республика Президентінің жарлығымен: экология және табиғи ұлттық орталығы, радиоэлектроника және байланыстар жөніндегі ұлттық орталық, информатика және есептеу техникасы жөніндегі орталық, биотехнология жөніндегі ұлтық орталық, механика мен машина жасау орталығы, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты және басқа ғылыми мекемелер мен зерттеу орталықтары құрылды. Салалық ғылым академиялары жүйесі кеңейтіліп, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы инженерлік және ауыл шаруашылық академиялары жұмыс істей бастады.

Мәдени құндылықтарымыз ажырамас бөлігінің бір саласы көркем әдебиет пен өнеріміз тәуелсіздік жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады. Республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі 1992 жылы маусым айында бүкіл дүние жүзілік қазақтардың бірінші құрылтайы болды.

Осы бастаманың жалғасы бүкіл дүние жүзілік қазақтардың үшінші құрылтайы 2002 жылы қараша айында Түркістан қаласында өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 150 жылдығы дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз молая түсті.

«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.

Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.

Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды.

ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада.

Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева.

Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.

«Тарих ғалымдарының, саясаттанушылардың алдында Қазақстан тарихын шынайы баяндауды қалыптастыру бойынша күрделі мақсат-міндеттер тұр. Мемлекеттік хатшы Марат Тә­жин­ Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баян­дамасында: «Біз өзіміздің қазіргі тарихымыздың бас­ты мән-мағынасын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз. Тәуелсіз егемен мемлекеттің өмірінде үшінші онжылдық басталды. Осы жылдар ішінде расында да ғасырларға тең жолдан өттік. Ойымызды жинақтайтын кез жетті. Қазақстанның өтпелі кезеңі­нің ерекшелігі неде еді, қалып­тасқан мемлекет дегеніміз не, нақты тәуелсіздіктің негізгі белестері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, саяси және мәдени жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті әрі анық жауап беру - тарихшылардың кәсіби қоғамдастығының міндеті», - деп атап өткен еді. Біздің орталықтың ұжымы алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады», - деп түйді орталық директоры.


14 дәріс. Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға

1.Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында.

2.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Тарих толқынында», «Әлем эпицентрі», «Сындарлы он жыл», «Қазақстанның даму жолы» еңбектері

3. «Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы.

4. Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы» бағдарламасының тарихи маңыздылығы.

5. Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі және болашаққа ынталандырушы. 

6. Егеменді елдің қалыптасуының кезеңдері, механизм қағидағасы мен қозғаушы күштердің дамуы, модернизацияның 3 толқыны, 30 елдің қатарына ену мақсатында бағытталған жаңару «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты сөзін 2012 ж.10 шілдеде барлық қазақстандықтарға арнады. Елбасы дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХІ ғасырға жаңа - Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы трендінің қалай біртіндеп еніп келе жатқаның айқын көріп отырмыз. Әлеуметтік реализм іс жүзіндегі векторға айналуда. Сондықтан біздің әлеметтік саясат бәсекеге қаблетті және күшті Жалпыға Ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Болашақта тек Еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады.

Жазғы 2012 ж. Лондон Олимпиадасының женімпаздары ерекше аталып, барлық қазақстандықтардың патриоттық және рухани өсуіне әсері мол екені баяндалады.

14 желтоқсан 2012 ж. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жіберді. Стратегия 3 бөлімнен тұрады: 1. Қалыптасқан Қазақстан -мемлекеттілігіміздің, Ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы. 2. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері. 3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы –жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты. Елбасының Жолдауы семинар сабағында талданады және де екінші аралык бақылау тапсырмасы ретінде қабылданады.

Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана бар қиындықты жеңуге болады. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, бүгінде еңбеке шешуші ұлттық фактор екенің ұғындырады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты сөзін 2012 ж.10 шілдеде барлық қазақстандықтарға арнады. Елбасы дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХІ ғасырға жаңа - Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы трендінің қалай біртіндеп еніп келе жатқаның айқын көріп отырмыз. Әлеуметтік реализм іс жүзіндегі векторға айналуда. Сондықтан біздің әлеметтік саясат бәсекеге қаблетті және күшті Жалпыға Ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Болашақта тек Еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады.

Жазғы ХХХ Лондон Олимпиадасының женімпаздары ерекше аталып, барлық қазақстандықтардың патриоттық және рухани дамуына әсері мол екені баяндалады. 2012 ж. 27-28 шілдеде ашылуы – 12-13 тамызда жабылу салтанаты. Қазақстан -12 орынға ие болды. 13 алтын, кұміс, қола медальдар женіп алғандар: Александр Винокуров(велоспорт), Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика), Майя Манеза(ауыр атлетика), Светлана Подобедова (ауыр атлетика), Илья Ильин ( ауыр атлетика), Ольга Рыпакова ( жеңіл атлетика),Марина Вольнова(бокс), Иван Дычко(бокс), Газель Маюрова (күрес), Серик Сапиев(бокс), Адильбек Ниязымбетов(бокс), Даниял Гаджиев(борьба), Ақжүрек Танатаров(еркін күрес).

14 желтоқсан 2012 ж. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050». Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жіберді. Стратегия 3 бөлімнен тұрады: 1. Қалыптасқан Қазақстан -мемлекеттілігіміздің, Ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы. 2. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері. 3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы –жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты. Елбасының Жолдауы дәріс, семинар сабақтарында талданады және де Емтихан сұрактарына еңгізілген:

1.«Қазақстан -2050» Стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы

2. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – ХХІ ғасырдың жаһандық мәселелері

3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты

Қорытынды дәрісте тақырыптарға шолу жасалады және 2014 жылғы 17 қаңтар

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет