Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы


Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі



бет27/80
Дата17.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#117370
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
Байланысты:
Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері -emirsaba.org

27. Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі.
Мадридте өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды.
Ең баянды бақыт – еліңнің бақыты. Ең биік мәртебе де, ең мәнді, ең мәңгі мәртебе де – мемлекетіңнің мәртебесі. Американ демократиясының атасы Т.Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет бақытқа ұмтылуға тиіс екенін айтқан. Осы тұрғыдан қарағанда 2007 жылғы 30 қараша Қазақ елінің баянды бақытқа жету жолындағы басты белестердің бірі болып саналарына біз кәміл сенеміз. Мадридтегі кеңесте 2009, 2010, 2011 жылдардағы үш төраға ел белгіленді. 2009-да – Грекия, 2010-да – Қазақстан, 2011-де – Литва төрағалық етеді. Қатарынан үш жыл төрағалық ететін үштіктің құрамында тұру арқылы біз ЕҚЫҰ басшылығында да қатарынан үш жыл боламыз. “ЕҚЫҰ тәртібі бойынша ондағы төрағалық – үштіктің төрағалығы, іс басындағы, бұрынғы және болашақ төраға қатар басшылық жасайды. Шынтуайтында, мәселе Қазақстанның үш жыл бойы ЕҚЫҰ басшыларының бірі атқаратын міндеттерді толыққанды түрде жүзеге асыратындығы жайында болып отыр”, дейді осы шаруаны жеріне жеткізу жөнінде Елбасы тапсырмасын мүлтіксіз атқарып шыққан азаматымыз – сыртқы істер министрі Марат Тәжин.[30]
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылысы еліміздің саяси және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз дамуының 16 жылдық кезеңінің нәтижелі сатысы болып табылады. Бұл өтінім біздің қауіпсіз әлемге деген тұжырымдамалық көзқарасымыздың маңызды элементі болып табылады. Ол туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы ЕҚЫҰ-ның Лиссабон саммитінде сөйлеген сөзінде атап көрсетілген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жүргізіліп жатқан реформалардың күшті қозғаушы күші болуға, одан әрі ырықтандыру мен ашықтық бағытындағы таңдап алынған жолдың дұрыстығын қосымша растауға бағытталған.
Сонымен қатар, осы шешім Қазақстан үшін ерекше сын болып табылады және заңдар мен құқық қолдану практикасын ЕҚЫҰ-ның стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі қажырлы жұмысты талап етеді. Мадрид саммитінің шешімі демократиялық реформалардың елеулі стимулы және қозғаушы күші болады деп ойлаймын.
Экономистердің айтуы бойынша осынау халықаралық беделді Ұйымға төраға болу Қазақстанның экономикасын дамыта түсуге қосымша серпін береді. Аймақтардың экономикасын арттыруға бағытталған түрлі үдерістің бағдарламаларымыздың іске асуына, тезірек алға жүруіне бұл мұрындық болатыны да анық. Сондай-ақ оның құрылымдық сапасын жақсартуға, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономикалық әлеуетімізді әртараптандыруға қосымша күш берері сөзсіз.
Ауыз су секілді әлеуметтік мәселелердің де өз шешімін табуына ықпал ететіні күмәнсіз. Өйткені, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көбінің экономикалық даму дәрежесі жоғары, әлеуметтік тұрғыдан үлкен жетістіктерге жеткен.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қазақстандық дипломатияның ірі жеңісі болды
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Дегенмен, әлемдік қоғамдастық қуаты жағынан дүние жүзінде төртінші орын алатын ядролық қаруға ие Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында үйлесімділіктің болуына мүдделі еді. Осыны ескерген Қазақстан сыртқы саясатында стратегияның өзегі саналатын көпжақты әріптестікті таңдады.
ЕҚЫҰ өзінің бірегей географиялық үнқатысу алаңында осыған ерекше үміт артты. Сондықтан жетекші Батыс елдерінің Ұйымға кіруге шақыруын Қазақстан Еуропақауіпсіздігінің жаңа архитектурасын құруға бағытталған қадам ретінде қабыл алды. Әрі ол тең құқықтық жағдайында болды және онда бөле-жаратын желі жоқ еді. [22]
Қазақстанның төрағалығы біздің елімізге ғана емес, ЕҚЫҰ-ның өзіне тиімді. 2006 жылы 27 наурызда өзінің Астанаға сапарында ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы, Бельгия сыртқы істер министрі Карел де Гюхт "Орталық Азия аймағында жетекші бір мемлекет болуы керек, ол мемлекет аймаққа өз ішінен экономикалық даму нәрін дарытып, бүкіл аймақтың тұрақтылығына ықпал етуі керек" деп мәлімдеді. Сонда ол "Қазақстан Орталық Азия аймағында ең маңызды ойыншының бірі болғандықтан, ол ЕҚЫҰ төрағалығына толықтай үміткер бола алады" деген еді. Гюхттың баса аударған мәселесінің бірі еліміздегі толеранттық жайы еді. Ол: "Бүкіл әлемде өркениеттер соғысы байқалып отырғанда Қазақстанда төзімділік ахуалы қалыптасқан", – деп атап көрсетті. Осы орайда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы осы заманғы ең басты қатерлер мен қауіптерге жедел және салмақты жауаптарға кепілдік беретінін айтып өткім келеді. [31]
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету – жалпақ тілмен айтқанда, чемпиондар лигасында ойнау. Бұл – біздің еліміздің жеткен жетістіктерінің, бағындырған биіктерінің оң бағалануы. Яғни айналамыздағы көршілеріміз бізге қарап бой түзеп, үлгі-өрнектерімізді өнеге етіп алып, тиесілі жерінде кәдесіне жаратып жатса, одан артық не нәрсе бар?! Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлінің қандай екенін біз емес, басқалар айтып отыр. Қандай да бір тың үрдістің көшбастаушысына жұрт ерекше сын көзімен қарайды. Өз пайымдауымызша, ЕҚЫҰ шеңберінде жүріп жатқан демократиялық үрдістерді біздің аймақта әрі қарай жалғастыратын болсақ, бұл – ұйымға ғана емес, өзге өңірдегі елдерге де пайдалы.
Төрағалық Қазақстанға да көп нәрсе береді.
Біріншіден, Қазақстан дамыған, өркениетті, демократиялық, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам болу үшін алдына жаңа мақсаттар қойып, өте жоғары міндеттеме қабылдайды, оны жүзеге асыру жолында тер төгеді.
Екіншіден, Қазақстан әлеуметтік, саяси дамудың жаңа сатысына көтеріледі.
Үшіншіден, Қазақстан Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынастың жаңа сапалық сатысына көшеді.
Төртіншіден, дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанды тануын тереңдетеді, елімізге сенім деңгейі артып, достарымыз көбейеді.
Бесіншіден, Қазақстанның халықаралық беделі арта түседі. Яғни беделі бар елге әрқашанда сыйласымдылық ілтипаты білдіріледі. Беделі бар елдің аты жүреді, сөзі өтеді.
Сол сияқты Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстан да төрағалыққа “құр қол” келейін деп отырған жоқ. Қазақстанның гүлденуін қамтамасыз ететін халқының бірлігі, ынтымағы, ұлтаралық татулық, дінаралық, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі де ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіне енуге әбден лайық. 2010 жылға әзірлік барысында біздің мемлекеттік құрылымдарымыз халықаралық қатынастың жаңа мектебінен өтіп, мол тәжірибе жинақтайды, қызметкерлеріміз, мамандарымыз өседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тынысы кеңейеді, қанаты алысқа сермеледі. ЕҚЫҰ-ның жұмысын барлық елдердің қауіпсіздігін, ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатына жұмылдырып, беделін көтеруге біздің ел өзінің үлесін қосуға мол әзірлікке кірісіп те кетті. [26]
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету арқылы Қазақстан мемлекеттегі ел тұрмысына байланысты өсу, өркендеу өлшемдеріне жаңа талап, жаңа сапа беретіні де анық. Бұл оқиға қазіргі кездегі біздің дамыған 50 елдің қатарына қосыламыз деген нақты мақсатымызбен үндес. Яғни, алда тұрған міндеттер ұлан-асыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет