Байланысты: Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері -emirsaba.org
45. Қазақстан-2050 стратегиясы: қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру мен жаңарту бағыттары (14 - желтоқсан 2012 жыл). 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады.
Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады.