Қазақстанның барша азаматына тең мүмкіндіктер мен лайықты тіршілік жағдайын туғызуға ұмтылу, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын мойындау, ұлт тағдырына жауапкершілікті сезіну, Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда



бет2/5
Дата06.02.2023
өлшемі18,89 Kb.
#65672
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 апта

Бір ел-Бір тағдыр - Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат - әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының - Қазақстан Республикасының - ортақ екенін ұғыну. Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстанмен және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген. Қандай да бір елдің азаматы болу - әр адамның тағдыры. Алайда, адамдар әрқашан таңдау құқығына ие - ал біз өз таңдауымызды жасадық. Біздің таңдауымыз терең дара сипатта, осы таңдау - біздің барлығымызды отандастар етеді. Себебі біздің ортақ еліміз, ортақ отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тарихи тағдырымыздың ортақтығын түсіну және осы таңдауды түйсіне білу - елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз. Бір мемлекетте тұрып, өзге елдің заңына бағынып өмір сүру, азаматтың барлық құқығына ие бола отырып, бірақ оның міндеттерін орындамау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің мұндай бірлігі біздің тағдырымызды да, болашағымызды да бір арнаға қосады. Ортақ болашағымызды бірлесе қалыптастырмай тағдырласа өмір сүру мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан соң біз өз мемлекетімізді бірлесіп құруға тарихи мүмкіндік алдық. Содан бергі жылдарда біз, бәріміз, күшті, қуатты, заманауи мемлекет құру жолында бірге еңбек еттік. Елдің егемендігі, оның территориялық тұтастығы, қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қоғамдық келісімі - біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі. Сондықтан біз, бәріміз, бір Отанның ұлдары мен қыздары екендігімізді, ал біздің Тәуелсіздігіміз - сан ұрпақтың орындалған арманы, халқымыздың ерен еңбегінің, ерлігінің және ерік-жігерінің жемісі екендігін әрқайсымыз түсінуге тиіспіз. Тәуелсіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігімізді дамыту - біздің басты құндылығымыз болып табылады. Жаңа тарихи кезеңде мемлекетіміз Қазақстанға өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналу жөнінде жаңа тарихи миссия тұр. Жаңа тарихи жағдайда қазақ халқының алдында жаңа тарихи парыз тұр. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы - басты жауапкер. Сондықтан да біздің ілгері өркендеп, теңдес және дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба, әлде өткен даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба - ол қазақ халқының парасатына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет