Қазақстанның барша азаматына тең мүмкіндіктер мен лайықты тіршілік жағдайын туғызуға ұмтылу, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын мойындау, ұлт тағдырына жауапкершілікті сезіну, Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда



бет3/5
Дата06.02.2023
өлшемі18,89 Kb.
#65672
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 апта

Тегі басқа теңдігі бір: Екінші басты қағидат - этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру. Біріміздің алдында бірімізге алдын ала артықшылық берілмейді. Бұл ұстаным біздің бірлік ғимаратымызға берік іргетас болып қаланған. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген. Бұл қағидат әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете алатынын аңғартады. Отан мен қоғамға қызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамуы тиіс, оған ешқандай кедергі болмайды. Бұл мемлекет пен қоғамның дамуына қолайлы жағдай туғызады: қабілеті мен мүмкіндігі артқан адамдар саны көбейген сайын ел егемендігі нығайып, қоғамның біртұтастығы артады. Мемлекет тарапынан барлық адамға бірдей әділетті және тең мүмкіндік жасалады. Меншік еркіндігін дамыту - ел өркендеуі үшін қажетті шарт. Орташа тапты жедел қалыптастырудың экономикалық және құқықтық негіздерін жасау - Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін өмірлік қажеттілік. Теңдік қағидаты ауыл мен қала тұрғындарының, сондай-ақ қайта оралған отандастарымыздың өмір сүру дәрежесін теңестіреді, қалаға келушілердің бейімделуі мен урбанизация үдерісін басқаруды реттейді. Мүмкіндіктердің теңдігі, шығу тегі мен діни ұстанымына қарамай, әркімнің қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласына қатысу құқығына ие бола алатынын көрсетеді. Біздің басты байлығымыз - әралуандықтың бірлігі. Сондықтан мемлекет өз халқының мәдени, рухани дәстүрлерінің ұлттық игілік ретінде сақталуына қамқорлық жасайды. Осы қамқорлықтың бір тетігі ретінде мәдениетаралық сұхбаттың айрықша институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі осыған бағытталады. Біз мүмкіндіктер теңдігі қағидатын сақтай отырып көп нәрсеге қол жеткіздік, келешекте бұдан да зор нәтижеге қол жеткіземіз. Ол үшін азаматтар, қоғам және мемлекет жауапкершілікті тең бөлісуі және мынадай қажетті шараларды пәрменді қолдануы қажет: этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету; қоғамдағы этносаралық және дінаралық алауыздықтың алдын-алу және жолын кесу; этникалық және діни қағидаттар бойынша құрылған саяси ұйымдарға заңмен тыйым салу; ұлтаралық қатынас мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы қабылданған әдеп нормалары мен қағидаттарын сақтай отырып шынайы түрде жариялау; азаматтық теңдікті жүзеге асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру; ұлттық бірлікті нығайтатын әлеуметтік негіз ретінде орташа таптың қалыптасуын жеделдету; әрбір адамның азаматтық құқығын және барлық азаматтың заң алдындағы бірдей жауапкершілігін сақтау; ауылдық жерлерді әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан дамыту, миграция және урбанизация үдерістерін реттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет