Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты Елбасымыз Н.Ә



бет11/61
Дата14.09.2023
өлшемі333,24 Kb.
#107822
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
Этнопедагогика. китап Каз.

Бақылау сұрақтары:
1.Халық пед.туралы ғалымдар көзқарасын-дағы айырмашылығын ата.
2.Салт-дәстүрлер, жол-жора, ырымдар мен кәделер жөнiндегi өз көзқарасыңды бiлдiр.
3.Ұлттық психикалық құрылымның үш бөлiгiне талдау жаса.
4.Жаңа заман туд. Салт-дәстүрлерге сипаттама бер.
5.”Сегiз қырлы бiр сырлы” азамат тәрбиелеудiң халықтық ұғымын талдап, ажырат;
6.Х/пед.мен ғылыми пе-дагогикасының қағид. идеялық үндестiктi ажыратып талда.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика”. - Астана. 2005 ж.
2.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
3. Асыл сөз. //Құр. Асанов Ж. – Алматы. 2000.
4.Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев Ә. “Әдеп және жантану”. – Алматы: “Атамұра” 1994 ж.
5.Дүйсембiнова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектеп программасына ендiру. – Алматы: “Ғылым” 2000 ж.
6.Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: ҚызмемПИ. – 2005 ж.
7.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.


Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:
1.Адамбаев Б. Шешендiк өнер. А; 1967 ж. Халық даналығы. А; 1976 ж.
2.Кукушкин В.С.Этнопедагогика. Москва-Воронеж. 2002 ж.


Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) үшін берілген тапсырмалар

1. XX ғасырдың барысында империалистiк патшалы Ресейдегi саяси-әлеуметтiк жағдайлар.


2. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Хәлел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, т.б. қазақтың зиялы қауым өкiлдерi ұлттық сана-сезiм мен тәлiмдiк идеялары.
3. “Дала уәлаяты” (1889-1902 ж.ж.) газетi, “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетi (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерi, мүмкiндiктерi, мәдениетi, ғылымы, тарихы мен этнографиясы.


2.3. Қазақстан Республикасындағы ұлттық тәлім-тәрбие

Жоспар:
1. Егемендi Қазақстан Республикасында ұлттық тәлiм-тәрбиенiң қайта жандануы.


2. 1986 жылғы студенттердің саяси көтерілісі.
1980 жылдардың басында бұрынғы Кеңестер Одағында демократия мен қайта құру принципiнiң өркен жаюымен баланысты Қазақстанның мәдени өмiрiнде де бiршама өзгерiстер пайда болды.
Бұрынғы Сталиндiк тоталитарлық саясаттың жазықсыз құрбаны болған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ондаған қазақ зиялылары ақталып, еңбектерi баспа арқылы қайта жарық көре бастады. Олардың ұлттық идеялары жайында ондаған зерттеу еңбектерi жарияланды. Баспасөз, теледидар, радио арқылы ғылыми мақалалар мен хабарлар берiлiп, қазақ зиялыларының халқы үшiн еткен еңбектерi кең көлемде марапатталды.
Жастар ұлы орысшылдық отарлау саясатының iшкi мәнiн терең түсiнiп, саяси көзқарастары ояна бастады.
1986 ж. желтоқсанда болған студенттердiң саяси толқуы осы ұлттық сана-сезiмiнiң оянуының куәсi болды.
Оның әсерi бертiн келе қоғамның барлық салаларын қамтыды. Қазақ мектептерiндегi проблемалар туралы көптеген ұсыныс пiкiрлер қалыптасты. Халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмыстарына енгiзудiң аса қажеттiгi туралы баспасөз бетiнде пiкiр бiлдiрiп, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, С.Ұзақбаева, Т.Сабыров, М. Құрсабаев, М.Оразаев, М.Смайылова және басқа ғалымдар өз үлестерiн қосты.
Кеңес Одағының құрамына енген Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсiздiгiн ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды.
Тәуелсiздiктiң әсерi қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегi озық тәжiрибелерге негiзделген жүйенiң қалыптасуына зор ықпал еттi.
Қазақ халқының тарихына, мәдениетiне, дүниетанымына, ұлттық қасиеттерiне қатысы бар, бұрын-соңды жарияланбаған, немесе саясатқа қайшы деп кезiнде жауып тасталған туындылар мен шығармалардың бетi ашылды. Ұлттық сана-сезiм қайта жаңғырып, жаңаша рухани көтерiлу процесi басталды. Бiлiм беру мен тәрбие мәселелерiне көзқарастар мен талаптар өзгердi, нәтижесiнде жаңа идеялар дүниеге келдi.
Халық педагогикасы мен психологиясын оқу-тәрбие жұмыстарына енгiзу жолдарын ғылыми тұрғыда белгiлеу мақсатында жергiлiктi жерлерде әр түрлi бағыттарда семинарлар-мәжiлiстер, пiкiр алмасу iс-шаралары, сондай-ақ мұғалiм-ұстаздардың заман талаптарына сәйкес бiлiмдерiн жетiлдiру мәселелерi қызу қолға алынды.
Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ескi педагогикалық тәжiрибелердiң орнына жаңаша, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң қағидаларына негiзделiп жазылған “Қазақтың салт-дәстүрлерi” (М. Смайылова, М. Оразаев), “Қазақтың тәлiм-тәрбие тарихы” (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), “Ата-мекен” (М. Құрсабаев), “Елiм-ай” (М. Балтабаев), музыкалы-этнографиялық, “Кәусар бұлақ” (3. Ахметова), “Бал бөбек” (Б. Баймұратова, М. Сөтiмбекова) және басқа да көптеген ғылыми-тәлiмдiк бағдарламалар басылып шығып, оқу-тәрбие жұмыстарына енгiзiле бастады.
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi 1993 жылы “Тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы” атты көлемдi құжат қабылдады. Тұңғыш “Қазақтың салт-дәстүрлерi” атты оқулық (авт. С.Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев) 1994 ж. басылып шықты.
Мектеп және оқу орындарына көмекшi құрал ретiнде үлкен маңызын тигiзетiн ғылыми-тәлiмдiк зерттеу жұмыстары, тарих, мәдениет, философия, социология, психология проблемаларына арналған оқулықтар, әдiстемелiк нұсқаулар көптеп шығарылуда. 1995 жылы “Санат” баспасынан профессор Қ.Б.Жарықбаев пен педагогика ғылымының докторы С. Қалиевтың студенттер мен орта мектеп мұғалiмдерiне арнап жазған “Қазақ тәлiм-тәрбиесi” атты оқулығы шықты.
1994—1995 ж.ж. “Рауан” баспасынан Қазақтың Бiлiм проблемалары институты даярлаған 14 ғасырды қамтитын “Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiрлер антологиясының” (құрастырушылар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) орысша-қазақша томдары жарық көрдi.
Әр облыс, республика орталықтарында қазақ этнопедагогикасының проблемаларына арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткiзiлiп, орта мектептер мен арнайы орат және жоғары оқу орындарына арналған ұлттық мәдениет пен әлемдiк өркениет үлгiлерiне негiзделген монографиялар мен оқулықтар жазыла бастады.
Қазақ этнопедагогикасының проблемаларын зерттеу iстерi батыл қолға алынды. Соның нәтижесiнде соңғы 15 жылда этнопедагогиканың проблемалары бойынша он шақты докторлық, жүзге тарта кандидаттық дисертациялар қорғалды.
Жалпы бiлiм беретiн орта мектептерде халық педагогикасы факультатив ретiнде оқытылса, ал арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында этнопедагогика, этнопсихология пәндерi өтiлетiн болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет