Бақылау сұрақтары: 1.Ыбырайдың мектеп ашуы, оқулықтар жазуы.
2.Ыбырай оқулықтарының құрлымдық ерекшелiктерi.
3.Ыбырайдың қазақтардың өлген адамды жерлеуi, ас беру дәстүрлерi туралы очеркiнiң мазмұны мен тәлiмдiк мәнi?
4.Ыбырайдың қазақтың құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерiн сипаттауы, ондағы дәстүрдiң тозығынан озығының айырмашылығына ерекше мән беру себептерi.
5.Ыбырайдың орыс достарымен қарым-қатынасында көзделген басты мақсат неде едi?
Негізгі әдебиеттер: 1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5. Алтынсарин Ы. Таңдамалы пед.мұралары - Алматы: “Рауан” 1991 ж.
6. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.
7.Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж. Ақ жол. А; “Жалын” 1991 ж.
Қосымша танысуға арналған әдебиеттер: 1.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиетi. А; ҚМОП баспасы. 1958 ж.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) үшін берілген тапсырмалар
1. Ы.Алтынсаринның тұңғыш қазақ бастауыш мектебін ашуы.
2. Ы.Алтынсаринның дінді – тәрбие құралы ретінде пайдалануы.
3. Ы.Алтынсарин «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегінің маңызы.
4. Ы.Алтынсаринның қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты.
5. Қостанайдағы қазақ мектеп-интернатының тәрбиедегі маңызы.
Қосымша тақырыптар: Ыбырай әңгімелеріндегі қазақтың салт-дәстүрлерінің көрінісі деген тақырыпта пікірлесу.
Ыбырайдың қазақ салт-дәстүрлері туралы екі очеркін оқып келіп пікір айтуды ұйымдастыру.
Ә.Ламашевтің «Ыбырайдың орыс достары» деген еңбегіне пікір білдіру.