Рефераттық тақырыптар
Абай және жастар тәрибесі.
Абай шығармаларындағы салт-дәстүрлер көрінісі.
Абайдың адамгершілік мәселесі жайындағы пікірлері.
Абайдың оқу-білім, өнер туралы ойлары.
Ү тарау. Қазақ этнопадагогикасының ғылыми негiзiн қалаушы көрнектi педагог-ғалымдар.
5.1. ХІХ ғ. мен ХХ. ғ. басындағы этнопедагогика негізін салушылардың идеялары.
Жоспар:
1. Әбубәкір Диваев, Шәкәрiм Құдайбердиевтың мұралары.
2. Ахмет Байтұрсынов, Хәлел Досмұхамедов Мiржақып Дулатовтың тәлімдік идеялары.
3. Нәзипа Құлжанова, Жүсiпбек Аймауытов, Мағжан Жумабаевтардың этнопедагогикалық ой-пікірлері.
1.Әбубәкiр Диваев (1855-1933). Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Басында бiр топ орыс ғалымдары айналысты. Олардың iшiнде Сырдария генерал-губернаторы Н.И.Гродековтың 1884 ж. қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә.Диваевқа тапсырды. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.
Ә.Диваев белгiлi түркiтанушы В.Н.Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А.Н.Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады. Ел аузындағы ертек, аңыз-әңгiме, батырлар жырын жетiк бiлетiн қариялармен пiкiрлесiп, олардың бiлгендерiн жазып алып жiберiп отыратын мұғалiм-молдаларды бұл iске тартты. Өзi жинаған материалдардың бiр тобын Ресей география қоғамының Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отырды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған “Түркiстан уалаяты” газетiнде жариялады. Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса, екiншiден жиналған материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi. 1896 ж. Қазан университетi жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы Ә.Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға мүшелiкке алғанын хабарлайды.
Бұл қоғамның белсендi мүшелерi; В.В.Радлов, ВАлекторов, Г.Н.Потанин, В.П.Наливкин, Н.П.Остраумовтар да түркi халықтарының мұраларын жинау, зерттеу iсiмен айналысатын.
Ә.Диваев осы қоғамға өзi ел аузынан жинаған бай материалдарды және өзiнiң олар туралы жазған зерттеу мақалаларын жiберiп тұрды.
Қазан университетiнiң ғалымы П.Н.Ахметов (Сахит Герей АКхметов) Диваев жiберген қолжазба материалдардың маңыздылығын жоғары бағалады.
1896 ж. 22 қаңтарда Ә.Диваев ТКЛА ( Ташкентский кружок любителей археологии) мүше болып қабылданып, 1917 ж. дейiн сол үйiрмеден қол үзбей қызмет етедi. Диваев кейiн Москва университетiнiң табиғаттану, антропология, этнография қоғамына мүшелiкке өтiп, оларға да көптеген материалдар жiберiп тұрды.
2004 ж. Диваевтың қатынасымен Ташкентте мұсылман зиялыларының әуесқой театрын ұйымдастырды. Онда Диваев өзiнiң “Махаббат машақаты” атты пьесасын қойды. 1915 ж. Диваевтың ғылыми қызметiнiң 25 жылдығы аталып өтiлiп, “Қазақ”, “Туркестанские ведомости”, “Живая старина” газеттерiнде оған арнау мақалалар жарияланды.
1918 ж. Түркiстан Халық Университетi ашылып, Диваевты осы университетке оқытушылық қызметке шақырады. Ташкен университетi кеңестiк Орта Азияның шығыстану орталығына айналды. Кейiннен одан шығыстану институты бөлiнiп шығып, онда көрнектi шығыстанушы ғалым-академиктер қызмет еттi. Олардың iшiнде: В.В.Бартольд, С.Е.Малов, И.И.Зарубин, М.С.Андреев, М.Ф.Гаврилов, А.А.Семенов, В.М.Кун т.б. сияқты көрнектi ғалымдар болды.
А.Диваев 100-ге тарта ғылыми еңбек қалдырды. Ол жинаған қазақтың батырлар жыры 1922-23 ж.ж. Ташкентте тұңғыш 9 том болып басылды. 1924 ж. Ташкентте қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерiнен құрастырған “Тарту” атты жинақ, ал 1926 ж. Қызылордада “Балаларға тарту” жинағы шықты. Ол “Алпамыс”, “Қамбар батыр” жырларының бiрнеше варианттарын, “Тазша бала” ертегiсiнiң үш нұсқасын салыстыра зерттеп, олардың iшiндегi ең толығын және ең көркем дегендерiн баспа арқылы шығарып отырған.
Диваевтың 1920 ж. Жетiсу, Сырдария бойына ұйымдастырған экспедициясы орасан мол материал әкелген. Олардың iшiнде аңыз да, жұмбақ та тақпақ та, мақал-мәтелдер де, айтыс өлеңдер де бар.
Диваев жинаған мұралар iшiнде көлемi 8 томдық “Манас” дастаны да бар. Диваев “Манас” дастанын ең ұзақ, энциклопедиялық жыр дей келiп, “Манас” батырдың атымен бүкiл қырғыз елiнiң өмiрi мен тұрмысы жырланады” дейдi. Диваев осы еңбегiнде Орақ-Мамай, Ер Қосай сияқты қазақ батырларының да жырда кездесетiнiн айтып, оны қойы қоралас, ауылы аралас қазақ-қырғыз елiнiң мәдени қарым-қатынасының куәсi деп қарайды.
Диваев “қазақ” сөзiнiң шығу тарихы туралы да өз пiкiрiн, бiлдiредi. Ол қазақтың тыю сөздерi мен 70-ке тарта ырымдарын талдай келiп, олардың шығу тегiне, тәлiмдiк мәнiне тоқталады. Бақсылардың кiм екендiгiне түсiнiктеме бередi. Қазақтың “Ас иесiмен тәттi”, “Айналайын” деген сөздердiң этимологиясына талдау жасайды.
Ә.Диваев қазақ ойындары мен ойыншықтарының мән-мағынасына да талдау жасайды.
Жарты ғасыр өмiрiн қазақтың мәдени мұрасын жинауға, зерттеуге арнаған Ә.Диваевтың еңбегi туралы кезiнде М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өлең, мақала жазып, жоғары бағалаған.
Достарыңызбен бөлісу: |