«Қазақстанның ежелгі тарихы» пәнінен тарих мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет29/91
Дата07.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#20469
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
Байланысты:
13.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ

3. Неолит.

Неолит дәуірінің басы шамамен б. з. б. 7-мыңжылдықтың екінші жартысы мен 6-мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Қыспа ретушь техникасының жетілдіруімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер, білезіктер, алқалар жасалды.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін икемдену орнына - жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болган мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600 - ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай - бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай - ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал - саймандар - пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.

Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі - ашық үлгідегі тұрақтар.

Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар - жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерін дамытып, жетілдіруге себеп болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың мәдениеті жағынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитін Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұқсас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа қарай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6- 4 мыңжылдықтың орта шені шегінде белгіленсе, Алдыңгы Азия үшін ол б.з.б. 8 - 6 мыңжылдықтарды қамтиды. Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашқы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік өзгерістер» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді.

Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкөністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Евразия далаларында қолға үйретілді - бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймақтың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ - мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балық аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмаған. Сөйтіп, неолитте ежелгі Қазақстан жеріне шаруашылықтың өндіруші түрлері әлі тарала қойған жоқ. Табиғи орта өлке тұрғындарына қиыншылықтарды жеңіп шығып дамуына қолайлы жағдай жасады. Қазақстан аумағы қарама - қарсы табиғи аумақтарды қамтымады және табиғи шептерге бөлінбеді, ал мұндай жағдайларда біртекті материалдық мәдениет қалыптасады. Сондықтан Қазақстан неолиті үшін бөлінетін азын - аулақ археологиялық мәдениеттердің түбегейлі айырмашылықтары жоқ және олардың таралу аймағы өте кең. Бұл орайда картада өзінше бір археологиялық шағын аудандарды - ежелгі тұрақтар шоғырланған орындарды белгілеуге болады. Әдетте тұрақтар адамдардың тіршілігін қамтамасыз ететін жерлерге жақын - балық және құс аулайтын, жануарлар су ішуге келетін өзендердің (Есіл, Тобыл, Торғай, Терісаққан, Обаған өзендері мен тайыз дала тайыз дала жылғаларының; көптеген көлдердің) жағаларына орналасқан. Сондай-ақ неолит халқының тығыздығы құралдар дайындау үшін қажетті тас қорының жеткілікті болуына байланысты екені аңғарылған. Мұндай тастың негізгі түрі шақпақ тас, оның кварцты және яшмалы түрлері болып қала берді. Солтүстік Қазақстан және Қостанай - Торғай археологиялық экспедициялары жүргізген көптеген зерттеулердің нәтижесінде Солтүстік Қазақстан аумағынан жақсы құжатталған, салмақты материал алынды. 300 - ден астам тұрақтың материалдарына талдау жасаған зерттеушілер Есіл өңіріндегі - Атбасар мен Торғай үстіртіндегі Маханжар неолиттік мәдениетін бөліп көрсетті. Мейлінше ортақ белгілері бойынша бұл мәдениеттер Кельтеминар және Оңтүстік Орал неолитіне ұқсас.

Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының Қараүңгір ауылынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде, өзі аттас өзеннің оң жағасына орналасқан. Үңгірдің өзі өзен арнасынан 7 м биікте жатыр. Кіреберісінің ені 20 - 25 м, биіктігі 2-16 метрге жуық. Үңгір екі залдан тұрады: алдыңғысының ұзындығы - 20 м және төргісі - 9 м. Қазу барысында мәдени - тұрмыстық қалдықтардың мол жиынтығы ежелгі қырғыштар, бүйірі ойық қалақшалар, бұрғылар, жиектері мұқалған қалақшалар, жүздері ретушьпен өңделген және өңделмеген қалақшалар, жебелердің ұштары, нуклеустер, шот -балталар, келсаптар, қырғыш пышақтар және көптеген өндіріс қалдықтары алынды. Шақпақ таспен жасалған құралдармен қатар көп мөлшерде сүйек бұйымдар - көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш - жонғыштар және т. б. табылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет