4. Энеолит
Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, Адам өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте, бұл жалпы алғанда, шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соқты. Энеолит (лат. - мыс және грекше - тас) тас ғасыры мен қола дәуірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б.з.б. 4-3 м.ж.) яғни, тас мыс кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен, мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтыры: жалпақ түпті, ернегі бай керамика, ұсақ қалақша, тұрғын үйлер айқын көрінеді.
Энеолиттік дәуір мал шаруашылығының басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Бұл жолда тас индустриясы жоғары деңгейге көтерілді. Климат ылғал болды. Аңшылық ұжымдары бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырланды.
Халықтың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Қоғамдық қатынас – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері әзірге көп емес. Оларға Иманбұлақ, Сексеуілді -1, -2, қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.
Энеолит немесе мыс заманында (б.з.б. 3-2 м.ж.) адамдар өмірге қажет құралдарды алғаш рет мыстан жасай бастады. Мыс кен орындары жер бетінде ерекше көз тартарлық жасыл (малахит минералы) және көк (азурит) түсті бояулы тастарымен адамдардың назарына іліккен. Мыстың сульфид минералдары жер бетіне шыққанда оттегімен тотығу нәтижесінде, ерекше тотықты белдем пайда болды.
Жалпы, кең тараған қазіргі Көктас, Көктасты деген атаулар негізінен мыс Кен орындарына байланысты шыққан.
Бірақ Қазақстандағы мысты тас дәуірінің ескерткіштері осы уақытқа дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ.
Бақылау сұрақтары:
Палеолит және оның тұрақтары
Мезолит және оның кезеңдері
Неолит және оның тұрақтары
Энеолит және оның кезеңдері
Достарыңызбен бөлісу: |