Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, қалалары. Көрші тайпалардың басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.
Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Оғыз тайпалары туралы жазба деректер. М.Қашғари оғыздар жөнінде. Оғыздардың печенег тайпаларын Сырдария аңғарынан, Арал жағалауларынан ығыстыруы. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Янгикент қаласы мемлекеттің астанасы. Қоғамдық-саяси құрылысы. Оғыздардың тайпалық құрамы және екі фратрияға бөлінуі (бұзықтар және ұшықтар). Оғыз-қыпшақ қатынастары. Оғыз тайпаларының шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері. «Кітаби Қорқыт». Селжұқтармен күрес және өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз мемлекетінің құлдырауы мен құлауы.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақ тайпалары туралы араб-парсы, қытай, европалық (комондар), орыс деректерінің мәліметтері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. ХІ ғ. қыпшақтардың орналасуы, олардың батысқа және оңтүстікке жылжуы. «Дешті Қыпшақ» термині. Қыпшақ хандығының құрылуы (ХІ-ХІІІ ғғ). Шығыс Дешті-Қыпшақ хандарының шыққан әулеті. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және иерархиясы. Қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті арасындағы байланыстар. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. Рулық-тайпалық құрамы. Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі халықтарының қалыптасуындағы рөлі. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Монғол шапқыншылығы. Қыпшақ хандығының құлауы. . Әл-Ідірісидің «Кіші картасы» («Қыпшақ даласы» туралы мәліметтер).
Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың басып алуы. Елүй Дашы. Қарақытайлардың саяси ықпалының Мәуереннахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қарақытай мемлекетінің құлауы.