Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.). Мақсаты, негізгі кезеңдері, ауқымы мен сипаты. 1838 жылғы соғыс қимылдарының кең құлаш жаюы. Кенесары хан сарбаздарының патша жазалаушы отрядымен қарулы қақтығыстары. Ақмола приказы үшін күрес. Кенесары ханның өзін қолдамаған сұлтандарға қарсы жорықтары. Кенесары ханның Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын біріктіру әрекеттері. Көтерілістің бүкіл Қазақстан территориясын қамтуы. Кенесары сұлтанның хан болып сайлануы. Кенесары ханның қазақ мемлекеттігін қайта құруға бағытталған қызметі. Хандықтың ішкі құрылысы. Кенесары хан қолына қарсы патша жазалаушы экспедицияларының аттануы. Кенесары ханның Орталық Қазақстан жерінен қоныс аударуы.
Кенесары хан әскерінің қоқандықтармен соғысы. Кене ханның Бұқара және Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасы. Ресейдің Түркістанды жаулап алуын тоқтату үшін, Кене ханның қырғыз және қазақ халықтарын біріктіру жолындағы қимылдары. Бұл әрекеттердің іске аспай, қырғыздармен соғысуы. Кене ханның өлімі. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы.
Ұлы жүз қазақтарының Қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Хиуа және Қоқан билігіне қарсы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс (1856-1857 жж.). 9 қаңтар 1857 ж. Арықбалық мекеніндегі шайқас. Патша билігіне қарсы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс (1857-1858 жж.).
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды аяқтауды көздеген әскери қимылдары. Орыс әскерлерінің Меркі, Әулиеата, Ақмешіт (1853), Шымкент және Түркістанды басып алуы (1864). 1860 ж. Қоқан мен Ресей арасындағы Ұзынағаш шайқасы. Сібір және Сырдария әскери шептерінің тоғысуы. Верный әскери бекінісінің негізінің қалануы (1854), Ташкент қаласының алынуы (1865). Жаңа әскери бекіністердің салынуы. Орынбор әскери округі (1864 ж.) және Түркістан әскери округінің (1867 ж.) құрылуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы.
3.3. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот реформалары. 1867 жылы 11-ші шілдеде бекітілген «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже». 1868 жылы 21-ші қазанда бекітілген «Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже». Қазақстан территориясының 3 генерал-губернаторлыққа біріктіріліп басқарылуы. Генерал-губернаторлықтардың орталықтары. Уақытша Ережеге байланысты қазақ жерлері Ресей империясының меншігі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасының Астрахань губернаторлығына енгізілуі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтардың әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызметінің шектелуі. Реформа бойынша сот және салық жүйесіндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформаларының енгізілуіне байланысты туған ұлт-азаттық көтерілістер (1870-1873 жж.). 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже». Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жерінің территориялық-әкімшілік құрылымы. 1886 және 1891 жылғы Ережелерге байланысты барлық буындағы отаршыл-әкімшілік жүйенің одан әрі жетіле түсуі. Көшпелі және отырықшы тұрмыстағы халыққа белгіленген алым-салық пен міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі.