Қазақстанның ежелгі тарихы


Патша өкіметінің аграрлық саясаты



бет16/40
Дата07.04.2023
өлшемі130,6 Kb.
#80152
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
ежелги казахстан

Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1891 жылғы Дала Ережесінің жер мәселесіне байланысты отаршыл сипаты. Сібір темір жолы Ерекше комитетінің аграрлық саясатын жүргізудегі ролі. Ф.Щербина экспедициясының қызметі. Қоныс аудару қозғалысы. Қоныстанушылар. Қоныстанушылар орналасқан аудандар. Переселен деревнялары. Өкімет орындарының оларды орналастырудағы саясаты. ХІХ ғ. 2-ші жартысында Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару және оларға жасалған жеңілдіктер. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрі. ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары.
Ресей әскерінің Іле аймағына кіргізілуі және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғау. 1881 ж. Санкт-Петербор келісімі. 1881-1884 жж. Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуінің жүзеге асырылуы. 1883 жылдан бастап Жетісуда қоныс аударушыларға берілген жеңілдік. Қоныс аударудың экологиялық зардаптары. Қоныс аудару қозғалысының әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижесі. Жергілікті халық пен қоныстанушылардың арасалмағы. Қазақтардың белгілі бір бөлігінің отырықшы тұрмысқа өте бастауы. Қазақ ауылына нарықтық қатынастың енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі.
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері және сипаты. Қазақстанның қалалары. Олардың орналасуы. Қалалар – Қазақстанды отарлық қанаудың әкімшілік орталықтары. Қалалардың экономикалық өмірі. Қалалардың халқы, әлеуметтік-демографиялық құрамы. Қазақстанның жер қыртысы байлығын игеру шаралары. Орыс капиталының тау-кен өндірісіне шоғырлануы. Тас көмір және мыс қорларын игерудің басталуы. Металл өндіру заводтарының пайда болуы. Алғашқы өнеркәсіптік акционерлік қоғамдардың құрылуы. Қазақстандағы өнеркәсіп орындарында жалдамалы жұмысшылардың қалыптаса бастауы. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы және сауда. ХІХ ғ. аяғында шетел капиталистерінің тау-кен өнеркәсібінде белсенділігінің артуы. Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының дамуы. ХІХ ғасырдың ортасындағы жәрмеңкелер. ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы. Бұқтырма, Семей, Петропавлдың Синьцзянмен сауда жасау орталықтарына айналуы. Жергілікті халықтан жұмысшы мамандардың қалыптасуының ерекшеліктері. ХХ ғ. басындағы Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы. ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда дамыған өндіріс саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет