Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы



бет2/3
Дата11.11.2022
өлшемі5,7 Mb.
#49492
1   2   3
Байланысты:
3 дарис

Мезозой

Мезозой эрасында Батыс Қазақстаннан Сарыарқаға дейінгі аралықты теңіз басып жатқан. Тактоникалық қозғалыстар баяу болып, жүйелер түзілмеген. Бұрынғы тау жүйелері үгіліп, Қазақстан аумағы біршама тегістелген.

Кайнозой эрасы

  • Палеогонда өзгерістер болмады.
  • Неогенде теңіз тартылды. Неогеннің аяғында алғашқы тектоникалық қозғалыстар болды, содан альпілік таутүзілу болды. Жер қыртысында жарылулар пайда болып, биіктаулы қатпарлы-жақпарлы жүйелер қалыптасты. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань екінші рет көтерілді.
  • Жас платформалар- Батыс Сібір мен Тұран. Палеозойдың көне жынытары жас платформалардың іргетасын құрайды. Оның бетін мезозой мен кайнозойдың шөгінді жыныстары жауып жатыр.

Қазақстанда төмендегідей негізгі геотпектоникалық құрылымды аймақтарды ажыратады: платформалар (өте ежелгі - Шығыс Еуропаның және жяс Батыс Сібір мен Тұран) және қатпарлы облыстар (Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мүғалжар, Сарыарқа).

Қазақстанда төмендегідей негізгі геотпектоникалық құрылымды аймақтарды ажыратады: платформалар (өте ежелгі - Шығыс Еуропаның және жяс Батыс Сібір мен Тұран) және қатпарлы облыстар (Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мүғалжар, Сарыарқа).

Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі

Республика аумағына көне платформаның оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіреді. Бұл Қазақстанның ежелгі бөлігі, ол архей және ерте протерозойда қалыптасқан. Платформа ауқымында Каспий маңы ойпаты мен Орал алды (Жем) үстірті орналасқан. Платформа екі қабаттан тұрады. Платформаның төменгі қабатын құрайтын кристалдық катты жыныстардан тұрса, оның үстінде палеозой, мезозой және кайнозой шөгінді жыныстары жауып жатыр, оның калыңдығы 22 км-ден асады.

Жас платформалар

  • Жас платформалар. Қазақстанда ежелгі платформадан баска жас платформалар (плиталар) да бар (кітаптағы тектоникалық картадан Батыс Сібір және Тұран плиталарын табыңдар). Палеозойда, бұрынғы жазықтардың орнында таулар пайда болған. Ол таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған. Осының нәтижесінде жас платформалар қалыптасады. Палеозойдың көне жыныстары жас платформалардың іргетасын кұрайды. Оның бетін кейінгі мезозой мен кайнозойдың шөгінді жыныстары жауып жатыр.
  • Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір плитасы шөгінділерінің калыңдығы 200-1000 м ғана болады. Түран пли- тасының қүрылысы күрделірек. Оның кейбір жерлерінде шөгінді кабаттардың қалыңдығы 4 км-ге жетеді, ал енді бір жерлерде жер бетіне өте жақын орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет