Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы


Палеозой қатпарлығының аймақтары



бет3/3
Дата11.11.2022
өлшемі5,7 Mb.
#49492
1   2   3
Байланысты:
3 дарис

Палеозой қатпарлығының аймақтары

  • Алғашқы кезде бұл аймақтардың даму дәрежесі ұзак уақыт бір деңгейде болып, теңіз суы басып жатқан. Кейін ұлан-байтак теңіз орнында таулар пайда бола бастады.
  • Каледон (ерте палеозой) қатпарлы аймағы Сарыарканың солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстік бөлігін камтыған. Герцин (кейінгі палеозой) қатпарлы аймағына Мүғал- жар, Сарыарканың шығыс бөлігі, Тянь-Шаньның батыс жоталары, Жетісу Алатауы, Сауыр мен Алтай таулары кірген. Бұл аймақтардың негізін құрайтын тау жыныстары көп жерлерде жер бетіне шығып жатады, ал ойыс жерлері мезозой және кайнозойдың борпылдақ жыныстары жауып жатыр.

Кайнозойлық құрылымдар

Кайнозой эрасында, яғни ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты. Олар палеоген, неоген және антропоген кезеңдерінде өзен түбінде түзілген шегінді жыныстардың қалың қабатымен толтырылған. Кейін болған тауқүрылулар тау рельефін «жасартуға» үлкен әсерін тигізді. Каледон және герцин қатпарлықтарындағы көтеріліп үгіліп қираған таулар енді қайта көтерілді. Неоген мен антропогенде дүркін-дүркін жүрген күшті жаңатектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тауларының қайта жаңғыруы басталды. Тау жасалу қозғалыстары қазір де жүріп жатыр.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  • 1.Геохронологиялық кесте қандай мақсатта жасалған?
  • 2.Палеозой кезеңінде Қазақстан аумағында қандай өзгерістер болды?
  • 3.Мезозой дәуірінің Қазақстан жеріндегі ерекшелігі?
  • 4.Кайназаой кезеңіндегі Қазақстан аумағының бейнесі
  • 5.Платформалар мен геосинклинальды аймақтарды ата
  • 6.Қазақстаннық физикалық картасын пайдалана тырып жер бедерінің қалыптасу кезеңдерін түсіндір


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет