«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет19/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Орта жүзде өз хандары болды. Олардың ішінде белгілілері — Сәмеке, Күшік. Соңғысы наймандардың едәуір бөлігінін ханы болды және орыс шекарасынан алыста көшіп жүрді. Орыс шекарасына Сөмеке ханның коныстары жакынырақ орналасты. Олардан баска Орта жүзде Әбілмәмбет және Барақ сұлтандардың ыкпалы зор болатын.
Жоңғар баскыншылығы казак коғамының әлеуметтік қатынастарында да терең із калдырды. Елдің каңыратылып, күйзелтілуі кедейлер — байғұстар, коңсылар, жатактар және басқалар санын көбейтті. Дербес шаруашылык жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар бай мал иелерінде бакташылар, үй кызметшілері ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Олардың көбісі тіршілік көздерін іздеп, батыска, орыс шекараларына кашты. Бірақ бұл жерде де олардың шеп өңіріндегі казактарға немесе шекарадағы орыс коныс аударушыларының аукатты шаруашылықтарында батырак болуына тура келді. Тағдыр Орта Азия хандыктарынан баспана іздеуге мәжбүр еткендердің жағдайы да нақ сондай еді.
Казақтардың 1730 жылғы Аңыракайдағы жеңісіне карамастан, Жоңғар хандығының жаңадан шабуыл жасауынын тікелей кауіп-катері жойылмады. Билік басына қазак хандықтары жөнінде тым баскыншылык саясат жүргізген Галдан-Цереннің келуі, мұндай шабуыл каупінің күшейгенін көрсетті, оның үстіне казак хандарының өздері де, соның ішінде Әбілкайыр да, жоңғар феодалдары түткынға алған тайпаластарын қайтару ниетінен бас тартпайтын.
Казак хандықтарының Бұхарамен және Хиуамен катынастары шиеленіскен күйінде калды. Рас, 30-жылдарға қарай казак билеушілерінің Орта Азия хандыктарымен кайшылыктары біршама бәсеңдеуі мүмкін болды.
Қазақ хандыктарынын еділ калмактарымен және башкүрттармен езара катынастары күрделі болып кала берді. Әбілқайырдың башкұрт ақсақалдарымен шапкыншылыкты токтату туралы келіссөздері табыска жетпеді. Кіші жүздің батыстағы шекарасында бейбітшілікке кол жеткізу Әбілқайыр ханның ең басты сырткы саяси міндеттерінің біріне айналды. Басты дұшпан - Жонғар хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.
Қазақ хандыктары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет –қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыранқылық үрдісін жою міндеті тұрды.
Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ калмактарының, башкұрттардың, Жайык және Сібір казактарының коршауында, шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, казак жүздерінің билеушілері Ресей империясы сияқты одактас іздеуге мәжбүр болды.
2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуі.
Бір жағынан, ыкпалды сұлтандар, ақсақалдар арасында, екінші жағынан, үш жүз бірлестіктерінің іс жүзінде тәуелсіз хандары арасында тамыр жайып алған араздық халықты топтастыру, біртұтас халықтық жасақ кұрудың бұрынғы дәстүрін қайта жанғырту жөніндегі күш-жігерді жоққа шығарды.
Осындай өте киын жағдайларда Петербург сарайынаж үгінуге өзі бастамашы болудың, сол кезде-ак ыдырап кеткен біріккен казак одағының сыртқы саяси бағдарында түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін оз мойнына алудың жөне ойрат күштерінің бейбіт ауылдарға кезекті жой-кын шабуылын күтпей, орыс императрицасының кезкарасын айкындау-дың күрделі миссиясы Әбілкайыр ханнын еншісіне тиді.
XVIII ғасырдын 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезінде-ак, Әбілкайыр орыстың дипломатиялык топтарына едәуір белгілі болатын. «Акылы жеткілікті және қулыктан да ада емес адам», – деп ол жөнінде А. И. Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен казак мемлекеттілігінің стратегиялык мүдделерін басшылықка алып, екінші жағынан Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, озінің баска бөсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруга ұмтылды, атакты Тәуке ханның заманында болғанындай, озі біріккен хандыктын жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халықка касіретті зардабын тигізетін ойрат баскыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіругеты-рысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған ол 1730 жылдын жзында Уфа наместниктігі аркылы Петербургке өз елшілігін жіберіп, Ре­сей императрицасынан өзін ұлысымен бірге Орталык Азияның көптеген үлкенді-кішілі халыктары камкорлығына кірген Ресей империясынын бодандығына кабылдауды өтінеді.
Сол кезге карай Петербургтің дипломатиялық кызметі елдің Азиядағы саясатының негізгі бағыттарын айкындайтын елшілік құжаттарын әзірлеу мен шығыс елдерінің екілдерін қабылдау жөнінде едәуір көп тәжірибе жинақтаған еді.
Аюкенін еділ қалмақтарын, Кабарда кіняздігін, грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сырткы істер алкасы дипломатиялык қызметінің өрісін едәуір кеңейтті, бұл жолы да Әбілкайырдың елшілігіне барынша кұрмет кәрсетілді, оның Құтлымбет Коштаев бастаған 7 адамнан тұратын елшілері кұрметпен кабылданып, бағалы сыйлыктар тартыл ды, дала оніріне Сырткы істер алкасының тілмашы А. И. Тевкелев бастаған үлкен комиссия косылып, әскери күзетертіліп кайтарылды, олардың ішінде «жерлерді сипаттау ушін жіберілген екі геодезист –Алексей Писарев пен Михайло Зиновьев болды. Ол дәуірдегі құжаттар А.И. Тевкелевтің мемлекеттік қызметке кірген уакытын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Оның Сырткы істер алқасына алынуы I Петрдің 1722 жылғы парсы жорығынан біршама ертерек болғаны анық. Оның үстіне А. И. Тевкелев үшін «шығыс сөздерінің тілмашы» кәсібі әсте де жаналық болмаған, «...Әр түрлі қағаздарында» оның өзі жазғанындай, оған дейін де ата-бабалары өздерінің тамаша лингвистикалык білімін Мәскеудің елшілік приказында қолданған.
Петрдің мемлекеттік кызмет мектебінен еткен А. И. Тевкелев кейіннен оның өзі мойындағандай, жоғарылап, наградалар алуға үміттенген, бұл «ұлы мәртебелі императордың кайтыс болуы себепті» жүзеге аспай қалған. Қазақ елшілігін Кіші жүзге кері қайтаратын күні А.Тевкелевке 12 тармақтан тұратын, мазмұны қызықты «Нұскау» табыс етілді. Төрт парақтың екі бетіне қолмен айдақтатыла жазылған бұл құжат дипломатиялық миссия үшін өзінше бір іс-қимыл бағдарламасы болған. «Нұсқау» негізінде ол арнайы «Журнал» жүргізген, соның арқасында императрицаның грамотасын кабылдау кезінде де, Кіші жуз бен Орта жүзде ішкі саяси жағдайдың одан кейінгі шиеленісу кезеңінде де хан ордасында қалыптасқан нақты жағдайдын қандай болғанын көрсетуге мүмкіндік бар.
«Шығыс тілдерінің тілмашы Мамет Тевкелевке оны қырғыз-қайсақ ордасына оларды Ресей бодандығына келтіру үшін жіберген кездегі Мемлекеттік сыртқы істер алқасынан нұсқау» - оның бұдан кейінгі мансабында және қазақ-орыс өзара қатынастарының тарихында терең із қалдырған ішкі саяси ведомство нұскауларының толық және ресми атауы осындай.
А. И. Тевкелев сапарының негізгі мақсатын нақтылай түсу тұрғысынан алғанда «Нұсқаудың» үшінші тармағы өте бағалы, онда Ресей бодандығын қабылдау мәселесінде хан төңірегінде алауыздыктар анықталған жағдайда дипломаттың еркін нұскалар тандау жоспарының болуы түсінігіне кілт берілді: «...хан мен аксакалдардың және баска да кырғыз-қайсақтардыц бүкіл нанымы бойынша өз антына адалдығы Алкоранда көрсетіліп, оған қол койып, оны Тевкелевке беретін болсын. Ал егер хан және басқалар одан бас тарта бастаса, оларды оған Тевкелев көндірсін».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет