«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет18/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Негізгі ұғымдар: Аманат, керуен саудасы, казактар, Орда, шекаралық барымта.
Мақсаты: Әбілқайыр хандығының ішкі-сыртқы жағдайларының себебін ашып көрсету. Ресей патшалығының Қазақстанға деген мүлдесінбілдіру. Қазақ хандығының сырты-ішкі саяси жағдайларына саралау.
Жоспар:
1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері.
2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуі.
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.
1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілері арасында жіктеліс туды. Деректемелерде шайқасқа қатыскан сұлтандардың мінез-құлқындағы мұндай келіспеушіліктің себептері туралы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай сұлтан Әбілмәмбеттің қазақ хандарының ордасы-Түркістанға көшіп кеткені, ал Әбілқайырдың асыға көшіп, орыс шекараларына бет алғаны мәлім. Аңыракай шайқасынан кейін қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы жікке бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп болды деп санаудың негізі бар. Тәукенің ұлы, қайтыс болған аға хан Болаттың орнына Орта жүзден - Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр үміттенді. Көпшіліктің тандауы Әбілмәмбетке түсті. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін елеусіз калдырды деп тауып, шайқас алаңынан кетіп қалды, сол арқылы қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңдырмай соққы берді.
Жоңғар әскерлері шапқыншылық жасаған жылдар қазақтар тарихына «Ақтабан шұбырынды» жылдары болып еніп, қазақ жүздерінің экономикалык және саяси өмірінде ұзак уакыт бойы терең із қалдырды.
Қазақтар материалдык және адам жағынан шығындарға ұшырап қана қойған жоқ, сонымен қатар уакытша Жетісудағы бай жайылымдарынан айырылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан көшіп-қону бағыттары бұзылды, Сырдария ауданы мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтарын жойып жіберілді. Қазақ руларының жайылым іздеп батысқа және солтүстік-батысқа ығысуы үлкен қиыншылықтарға ұштасты. Ол Жайық пен Еділ арасындағы көшіп жүретін кеңістік туралы мәселені шиеленістірді, қалмақтармен және башқұрттармен үздіксіз қақтығыстарға әкеп соқты. Жоңғар феодалдарының Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының экономикалык және мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ рулары сауда және қолөнер орталықтарынан бөлініп қалды, ірі феодалдар қала халкынан алым алу мүмкіндігінен айырылды.
Жоңғарлардың шапкыншылығы казак жүздері арасындағы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылык-саяси байланыстарын әлсіретті. «Ал Үлкен орда олардан алыс жерде Бұхараға карай көшіп жүр және ол Орта және Кіші ордалармен қатыспайды, олардың хандары да бөлек». Мұндай жағдай феодалдык бытыраңкылыктың күшеюіне және Тәуке билік еткен жылдарда бастау алған мемлекеттік билікті орталыктандыру негіздерінің бүзылуына ыкпал етпей қоймайтын еді.
Жоңғар хандығына карсы күрес барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке иеліктерге бөлініп кетті. Ұлы хан деп саналған Әбілкайыр өз билігін тіпті бүкіл Кіші жүзге де жүргізе алмады. Одан баска онда Кайыптың баласы Батыр сұлтан мен Әбілкайырдың баласы Нұралы сұлтан билік етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет