Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИРВЕРСИТЕТІ»
Институт: Телекоммуникация және ғарыштық инжерия
Кафедра: Телекоммуникация және инновациялық технологи
СРС
Пән: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ (МӘДЕНИЕТТАНУ, ПСИХОЛОГИЯ)
Тақрыбы : «Қазақстанның көшпелілік мәдениеті – қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде»
«Түркілік Қайта Өрлеу және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны»
Мамандық: «Коммуникации и коммуникационные технологии/B059 Радиотехника, электроника и телекоммуникации/6B06201»
Орындаған:Кулумбетов Дамир
Тобы:РЭТук-21 -1
Қабылдаған: Өмірбекова Жадыра
Алматы 2021
«Қазақстанның көшпелілік мәдениеті – қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде»
Қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары. Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан түрі - киіз үй. Киіз үй - көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ.
Мыңдаған жылдар бойы жергілікті халықтың өмір салты көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі халықтар Еуразия кеңістігіндегі өркениеттің дамуына әсер ете алды. Олар бұл өлкеде көш жолдарын түзді. Ол жолдар алыс қашықтарға ақпарат жеткізу құралына айналды. Сауда дамыды. Бір құрлықты мекендеген əр түрлі аймақтардың мəдени өмірі мен өркениеттерін бір-бірімен жалғастырған, материалдық жəне рухани құндылықтарымен танысуына себеп болған осы көшпелілік мəдениеті.
Қазақстанның соңғы үш мың жылдықтағы тарихы мен мәдениеті көшпелілікпен тығыз байланысты. Ел аумағындағы халықтың тұрмысының, психологиясының және менталитетінің, мәдени дәстүр-салтының негізі көшпелі өмір салтынан бастау алады.
«Түркілік Қайта Өрлеу және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны»
Қайта өрлеу дәуіріне белгілі бір дәрежеде классикалық анықтаманы өз кезінде Ф. Энгельс бере алды. Оның әділ айтуынша қайта өрлеу өткендегінің, ескінің, антиканың қайта жаңғыруы ғана емес, бұл дәуір сауда мен қолөнердің орталығы — қалалардың дамуы қала сословиелерінің пайда болуы, қоғам мен мәдениетттің өркендеуі, сонымен қатар, феодалдардан да және халықтың ішінен де зиялылыар қауымының бөлініп шығуы болып табылады. Бұдан әрі «…барлығы дерлік өз заманының мақсат-мүддесіне сай өмір сүреді, партияларға бөлініп, біреу сөзбен, қаламмен, біреу семсермен, ал енді біреу онымен де басқалармен де бірге болып, практикалық күреске белсене қатысады
Достарыңызбен бөлісу: |