Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл



бет1/18
Дата16.02.2023
өлшемі3,55 Mb.
#68450
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
елді мекен жоспарлау методичка





Ахилбеков Ғ.Л.


Есембай М.Б.

«Ауылды-елді мекендерді жоспарлау және жер шаруашылығын құру» пәні бойынша


Дәрістер жинағы


Шымкент, 2021ж.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Аграрлық факультет


«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы
«Ауылды-елді мекендерді жоспарлау және жер шаруашылығын құру» пәнінен
Дәріс жинағына арналған әдістемелік нұсқау


6В07360 -6В07350 «Кадастр», «Жерге орналасытру» білім беру бағдарламасы
студенттері үшін


Оқу түрі: күндізгі

Құрастырған: аға оқытушы Ахилбеков Ғ.Л


«Ауылды-елді мекендерді жоспарлау және жер шаруашылығын құру» пәнінен дәрістер жинағына арналған әдістемелік нұсқау. -Шымкент: М.О.Әуезов атындағы ОҚУ, 2021. -б.
Әдістемелік нұсқау оқу жоспарының және «Ауылды-елді мекендерді жоспарлау және жер шаруашылығын құру» пәнінің бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Рецензент:


М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының т.ғ.к. Есимов Е.Қ.

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және баспаға ұсынылды


(№ 1 Хаттама « 27» 08.2021 ж)

Аграрлық факультет әдістемелік комиссиясы


(№ 1 Хаттама «28 » 08 . 2021ж.)

Баспаға М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік Кеңесі ұсынған


(№ 1Хаттама «28» 08.2021ж)

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2020ж.


Жауапты:Мейрбекова А.



    1. Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл елді мекен түрлері, пәннің жерге орналастыру жоспарымен және сызбаларымен байланысы

Жер өңдеу (егіншілік) және мал шаруашылығының дамуына байланысты елдің ауыл елді мекенінде тұрақтанып қалуына себебін тигізеді.


Ауыл елді мекеніндегі, ұйымдастырылған территориядағы (аймақтағы) құрылымдар, ондағы үйлер, көпшілік және басқа да пайдаланылатын құрылыстар, гидротехникалық құрылымдар жоспарлы түрде істелінетінін көрсетеді. Бұл құрамға кіретіндер, таңдау, ауыл елді мекенде материалдың орналасу элементтері мен есебі аймақтарда пайдалану және ұйымдастыру, қоршаған табиғи ортаны пайдалану, осының барлығы ауыл елді мекендерді қанағаттандыру қажет.
Ауыл елді мекеннің түрлері. Елді мекен - қалаларға, поселкелерге, ауыл шаруашылық елді мекендерге бөлінеді.
Қалалар бұл ең үлкен елді мекен орындары. Қала халқының саны 12 мыңнан кем болмайды, негізгі бөлігі (80%-90%) ауыл шаруашылығымен байланысты емес. Қала мынадай базалардан құралады, олар әкімшілік, халық шаруашылығы, мәдени-ағарту орындары, өндірістен тұрады.
Поселкаларға мыналар жатады: жұмысшылар, курортты мекендер, саябақтар, сонымен қатар арнайы мекендер кіреді. Поселкелердің негізі көпшілік қала тұрғындары сияқты ауыл шаруашылығына байланысты емес.
Ауыл шаруашылық елді мекендеріне, барлық қалған мекендер жатады.
Бұл елді мекеннің ең негізгі базасы, ауыл шаруашылығы болып есептеледі.
Ауыл шаруашылық мекендерді төрт топқа бөледі:

  • ауыл шарушылық бағытта;

  • ауыл елді мекенге жақын (қала маңы);

  • өндіру (өндірістік);

  • қызмет (қызмет бағытына) арнайы жұмысты атқаратын елді мекен.

  1. Ауыл шаруашылық елді мекеннің түріне - акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік шаруашылықтар және т.б. ауыл шаруашылық өндірістер жатады.

  2. Ауыл елді мекенге жақын орналасқан елді мекен түріне - қала мен қала орталығымен тығыз байланыста, ол жерде өндіріс орталықтарымен байланыста болатын елді мекен, тұрғындарының құрамы әрқилы, кәсіби және жұмысшы интелегенттер жатады.

  3. Өндіру (ерекше) ауыл шаруашылық мекендерге балық ұстаумен, аңдарды ұстаумен айналысатын және т.б. өндіру жұмыстары жатады.

Арнайы қызмет жұмыстарын атқаратын елді мекен - бұларға кішігірім немесе бір адамнан тұратын мекендерді айтады. Мысалы: орман қарауылдары су және жол транспорттарының, темір жол бойында істейтін жұмысшылар жатады.
ЖШС тұратын елді мекен орны - усадьба деп аталады. Ал усадьба орталыққа, бөлімшелерге және фермаларға бөлінеді.
Ауыл елді мекендерінде тұрғындар саны бойынша қалаға қарағанда әлденеше аз болады. Бұл оның 1-ші ерекшелігі, 2-ші ерекшелігі оның аймағын өндіріс орындары қоршап жатады (танаптар, жайылымдар т.б.), 3-ші ерекшелігі, қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары қосымша шаруашылықтармен айналысады (тауық, сиыр, қой малы), 4-ші ерекшелігі тұрғын үйлердің біркелкі бір этажды үйлерден тұратыны.
Ауыл елді мекендерді ғылыми тұрғыда жоспарлаудың басты принципі болып сол ауыл елді мекен тұрғындарының әл ауқатын, жұмыстарын өте жоғары дәрежеде қамтамасыз ету болып табылады.
Ауыл шаруашылық елді мекенде жобалау және жоспарлау шаруашылықтың келешектегі даму жоспары негізінде жүргізіледі. Бұл жерде әрине аудандық жобалау негізінде, өндіріс күштерінің орналасуын, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің экономикалық және әлеуметтік бағытын ескеріп отырады.
Ауыл елді мекенді жоспарлау ауыл шаруашылығын өндірістерімен жерге орналастыру аймақтарына байланысты ұйымдастыру қажет.
Ауыл елді мекенді жобалау және құрылыс жүргізу мақсаты мынада: болашақтағы даму жолдарын, архитектура - жобалау құрылымдарын, аймақтағы функционалды және құрылыс зоналарын белгілеуге, барлық тұрған объектілерін кіргізуге мәдени-комуналдық және өндіріске арналған жерлерді анықтауға, олардың өз кезегімен құрылыстарын жүргізуге бағытталады.
Ауыл елді мекендегі жобаны және құрылысты жоспарлау құрамы 2 бөліктен тұрады: графикалық сызба және есептік - түсініктеме түрінде жасалынады.
Графикалық бөлімге мыналар кіреді:

  1. Шаруашылықтың жерді пайдалану схемалары, олар мына масштабта орындалады 1:10000 және 1:25000, бұл сызбалар аудандық жобаны жоспарлау және ішкі шаруашылықты жерге орналастыру жоспарларының негізінде жасалынады т.б.;

  2. Қазіргі жағдайдағы ауыл елді мекен орындарының аймақтарын пайдалану жоспарын 1:2000 масштабта орындайды, оған аймақтағы құрылыстар, инженерлік құрылыстар, жолдар, көшелер, өткелдер т.б. кіреді;

  3. Бастапқы жоба (ген план - негізгі сызба) - бұған аймақтың жобаланатын шекаралары, өндірістердің және ауыл елді мекеннің зоналары кіреді;

  4. Тік сызбаларда жоспарлаудың қара және қызыл өлшемдері белгіленеді, (бұл сызбада рельефтің жобаға дейінгі, жобадан кейінгі өлшемдері көрсетіледі);

  5. Инженерлік жүйелер сызбаларында мыналар көрсетіледі: электр жүйелерінің желісі, су тасымалдау жүйелері, гидро-техникалық құрылымдар:

  • есептік-түсініктеме бөлімінде, бастапқы материалдар, жобалық есептер және оған түсініктеме, сонымен қатар сметалық-қаржы есептері;

  • жобалау барысы (жүйе, кезең), үлкен мекендердегі құрылыстарды жобалау және жоспарлау процестері 2-жүйеден: 1-шісі техникалық жоба, 2- шісі жұмыс сызбаларынан тұрады;

  • жоспарлау схемалары және пайдалану мәні. Оның мақсаты мынада, архитектураны (сәулетті) - жоспарлау композициясының негізінде, ауыл елді мекенінің жергілікті жағдайын ескере отырып жасау. Сызба топографиялық жоспарда 1:2000 масштабта жасалынады.

Бастапқы материалдар. Жобалау үшін, бастапқы материалдар негізі болып: шаруашылықтың болашақта даму жоспарлары, аудандық жобалау жоспарлары, ішкі шаруашылықтағы жерге орналастыру жобалары, арнайы инженерлік зерттеу мен ізденулер материалдары, жобалауға берілетін тапсырма кіреді.
Жобалауға тапсырма - құжаттардың бірі болып есептеледі. Жобалау ұйымдармен, шаруашылық мамандарының тапсырма берушінің қатысуымен жасалынады.
Ол мынадай бөлімдерден тұрады: жердің экспликациясынан, өндіріс орындарынан, механикалық жөндеу базаларынан, мәдени коммуналдық мекемелерден, жақсарту, көгалдандыру т.б.
Жобалау тапсырмасын аудандық, облыстық коммитеттермен келісіліп, Қазақстан Республикасының Жер қорын және Жер ресурстарын басқару комитеті бекітеді.
Учаскені таңдау. Ауыл елді мекенде жаңа немесе ескі құрылыстарды қайта құру үшін учаскелерді таңдау қажет, ол үшін орындарды тиімді пайдалануын есепке алу керек, сол аймақта тұратын елдің тұруына және демалуына табиғи жағдайды ескере отырып таңдап орналастырады.
Құрылысқа арналған учаскелерді жаңа немесе ескі құрылыстарды өзгерту үшін ауыл шаруашылыққа жарамсыз жерлерді немесе сапасы төмен ауыл шаруашылық жерлерді пайдаланады. Ауыл шаруашылық елді мекен орындарын таңдау тұрақты комиссияға жүктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет