Әлеуметтік рөл - тұлғаның әлеуметтік қызметі, оның әлеуметтік мекемелердің
қоятын талаптарына, әлеуметтік күтуіне сәйкес келуі, мінез-құлық моделі.
12. Дағды– алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру
нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
13.
Данышпандық – бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы
мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет.
14.
Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық
адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі.
15.
Депрессия (
лат, көңілсіздік, басылу) – басылудың, пессимисттің, рухани күштің
жаншылуының субъективті күйі.
16.
Еңбек психологиясы – еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның
еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін
ғылым.
17.
Ерік – адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі
детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі қызметтері:
түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясы жеткіліксіз не басы артық
болғанда іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу, психикалық процестерді адам атқаратын іс-
әрекетке барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден
өтетіндей жағдайда физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.
18.
Жиіркенушілік - объектімен (заттармен, адамдармен, жағдайлармен және тағы
басқалармен) шақырылатын жағымсыз эмоциялық бастан кешірулер.
19.
Жеке психологиялық саулық деңгейі - психикалық іс-әрекетінің жағдайымен,
қызметімен анықталатын күй
20.
Идентификация (сәйкестендіру)- өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін
түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату, адамның өзін басқа адаммен, топпен, үлгімен
санасыз сәйкестендіру процесі.
21.
Индивид - (лат, бөлінбейтін) – адам, тіршілік иесі, homo sapiens өкілі,
филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі.
22.
Интеллект (
лат. түсіну, тану) — кең мағынада адамның ақыл-ой қабілеті, барлық
танымдық процестерінің жиынтығы; тар мағынада – ақыл, ойлау.
23.