Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет71/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   83
Қабілеттілік тестілері
– жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуеттік 
мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы, жалпы қабілетерді және 
көп жақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады. 
34.
Қажеттілік
– адамның дамуы мен өмір жағдайындағы белгілі бір нәрселерге 
мұқтаждануы; қажеттіліктердің түрлері: биологиялық, әлеуметтік, материалдық, рухани, 
аффилиациялық (бірігуге), жақындасуға, жетістік, таным және тағы басқа қажеттер. 
35.
Қажеттілік-мотивациялық құрылым
– өзіндік дамуды қажетсіну және өзін 
дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу 
36.
Қарым – қатынас
– адамдар арасындағы бірлескен іс-әрекет қажеттілігін 
туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс. 
37.
Қорқу - 
қауіппен бетпе бет соқтығысқанда немесе ортаның қауырт жағымсыз 
өзгеруінде өзін-өзі сақтау инстинктінің негізінде пайда болады. 
38.
Құзырет
– (лат. «сompeteo» – жетемін, сай келемін, жараймын) белгілі бір сала 
бойынша білім, білік, дағдылардың, тұлғалық сапалардың жиынтығы, білімге, тәжірибеге
құндылыққа, бейімділікке негізделген оқу арқылы алған білім алушының жалпы қабілеті . 
39.
Құзыреттілік
– қандай да бір салада өмірдегі немесе кәсіби міндеттерді шешуге 
қолданылатын жинақталған қабілеттілік. 
40.
Құндылық - 
жоғары адамгершіліктік, әлеуметтік және мәдени мәнге ие, қоғамдық 
санада бекітілген шынайылықтағы белгілі бір құбылыс. 
41.
Қызығушылық
– дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып 
білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның өзіне тартып, 
құмарттыратын нәрсенің бәрі қызығушылықтың объектісі болып табылады. 
42.
Мотив (
латын тілінде moveo - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-
әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіліктері мен мүдделерін білдіруге 
бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. 
43.
Мотивация
- бұл жеке тұлғаны немесе топтың ішкі немесе сыртқы әсерлер 
ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процессі. 
44.
Мүдде
– алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету әрекетінің негізі. Мүдде – тұлғаның 
іс-әрекетің мақсатын ұғынуға бағыттылығын қамтамассыз ететін танымдық қажеттіліктің 
көріну нысаны. 
45.
Мінез - 
(
грек.
сызық, мөр) – адамның тұрақты қасиеттерінің жиынтығы, адамның 
өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке дара қасиеті. 
46.
Мінез бітістері
– өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерешеліктері. 
Адамның айналасына, басқаларға қатынасын білдіретін: адамгершілік, қайырымдылық
адалдық, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық және тағы басқа жағымды және жағымсыз мінез 
бітістері кездеседі. 
47.
Нышан
– қабілеттіліктің қалыптасуының алғы шарты болып табылатын ағзаның 
анатомиялық-физиологиялық және орталық жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Баланың ата-
анасына ұқсап туылуы анатомиялық нышан, ал жүйке жүйесінің ерекшеліктері 
физиологиялық нышан деп аталады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, 
адам өмірінің мазмұндылығына қарай түрлі қабілеттіліктер қалыптасады. 


94 
48.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет