Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет26/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

 
 


36 
2-ТАРАУ 
ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕКЕ ДАРА-ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ 
 
2.1 Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет 
 
Табыс 
дегеніміз аналитикалық, практикалық және шығармашылық ойлаудың оңтайлы 
үйлесімі. Табысқа жеткен ақыл иелері өздерінің артықшылықтарын барынша біліп, кез-
келген жағдайда сауатты әрекет етуді біледі. 
Темперамент 
туа пайда болатын факторларға шартталған, ол өмірлік тәжірибе мен 
тәрбиеге тәуелді емес. Адамның өмір жолында жетістіктерге жетуіне орай шешім 
қабылдауы, іс-қимылдардың жылдам және баяу орындалуы, есте сақтау сапасы мен эмоция 
күші, көңіл-күйдің өзгерісі темперамент типтерімен байланысты. 
Темперамент 
(латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) 
– психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және белгілі бір жағдайда 
адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері. 
Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ (б.з.д.460-377 жж.) 
темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, 
ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен 
байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн 
анықтайды: қан басым болса – сангвиник, шырын басым болса – флегматик, сары өт басым 
болса – холерик және қара өт басым болса – меланхолик айқындалады деген. 
Темпераменттіңекісипаты бар: 
1)
Белсенділік, бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі. Ол адамның
қозғалыс ырғағында, шапшаңдығында және қарқынында көрінеді. 
2)
Эмоциялық, ол сезімталдылық пен импульсивтіліктің әсер етуімен
анықталады. 
Темпераментті адам ағзасының ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың
бірі И.П.Павлов болды. Оның түсіндіруі бойынша, темпераменттің қасиеттері адамның 
жоғарғы жүйке әрекетіне байланысты дейді. 
Осы ерекшеліктерге мыналар тән болады: 
1) Жүйке жүйесінің күші. Мұнда жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілеттілігі
шартты байланыстарды қалыптастыра білу дегенді түсіндіреді.
2) Қозу мен тежелу процесін біркелкі сақтай білу. 
3) Қозғалғыштық-бір-бірін тез алмастыра білетін жүйке процестерінің қабілеттілігі. 
Кенеттен өзгерістер кезіндегі болған сәттерде жүйке жүйесінің күшін, қозу мен тежелуін 
қамтамасыз етеді.Темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіндегі күшіне, тепе-теңдігі 
мен белсенділігіне байланысты дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет