№ 14 семинар Мінездің қалыптасу мәселелері
Мінез түсінігі мазмұны
Психоанализдік (З. Фрейд, К.Г. Юнг, А. Адлер, және т.б.) мінезді адамның бейсаналы түрде әсер етуімен түсіндіреді.
Мінез типологиясы
Э. Кречмер бойынша мінез типологиясы
1.Мінез түсінігі мазмұны
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.
2.Психоанализдік (З. Фрейд, К.Г. Юнг, А. Адлер, және т.б.) мінезді адамның бейсаналы түрде әсер етуімен түсіндіреді.
Мінез тұқым қуаламайды және тұлғаның туыла берілетін
қасиеті емес, сонымен бірге тұрақты және өзгермейтін қасиет
болып табылмайды. Мінез өмір шартының әсерінен темперамент
негізінде қалыптасады. Мінез қоршаған орта әсерінен, адамның
өмірлік тәжірибесінен, оның тәрбиесінен қалыптасады және
дамиды.Мінез түсінігі мазмұны жағынан түрлі теориялық
құрылымдардан ерекшеленеді. Қазіргі кездегі шетелдік
характерологияны үш бағытқа бөлуге болады:
1. Э.Кречмермен байланысты, конституциялы-
биологиялық. Мінез конституция мен темпераменттің қосындысы;
2. Психоанализдік (З. Фрейд, К.Г. Юнг, А.Адлер, және
т.б)мінезді адамның бейсаналы түрде әсер етуімен түсіндіреді:
3. Идеологиялық (Робектің психоэтикалық
теориясы)мінезді этико-логикалық санкция анықтайтын
инстинкттердің тежелуінен көреді. Қандай инстинктер және
қандай санкциялармен тежелетіні тұлғаның ішкі имманетті
қасиеттеріне тәуелді.
Ресей психологтарының мінезді зерттеу Н.О. Лосский, П.Ф.
Лесгафт, А.Ф. Лазурский, А.П. Нечаев, В.И. Страхова, Б.Г.
Ананьев, Н.Д. Левитов және т.б. есімдерімен байланысты. Осы
жерде тағы бірнеше бағыттарғы бөлуге болады: идеалистік,
биологизаторлық, материалистік. Осы феномендерге әр түрлі
тұрғыда келіп, мінезді анықтауда әлеуметтік-бағалауға,
психологиялық мінездеменің мағыналық тұрақтылығын
көрсетуге болады.Қалыпты мінездің шеткі варианттарын акцентуацияланған
мінез деп атайды. Орта өлшеммен акцентуацияның ауытқуы кейбір мәселелер мен қиындықтардан көрінеді. Мінез
акцентуациясы мәселесі қазіргі зерттеулердегі өзекті
тақырыптардың бірі. Көпшілік уақытта орта мектепте
жасөспірімдерде акцентуацияланған мінез көрініс береді.
Акцентуация типтері негізінен психопатия типтеріне ұқсас
келеді. А.Е. Личко акцентуацияның келесі типтерін бөліп
көрсетті: гипертимді, циклоидты, лабильді, астено-невротикалық,
сензетивті, психостеникалық, шизоидты, эпилиптоидты,
истероидты, тұрақсыз және конформды. Психопатия кезінде әр
түрлі типтер бір адамда аралас көрінуі мүмкін.
Гипертимдер үшін қандай жағдайлар күрделі? Олардың
мінез-құлқы бақыланатын, ықыласын көрсетуге мүмкіндігі жоқ
жер, монотонды еңбек немесе олқылықтар жасайды. Мысалы,
егер осындай типтегі жеткіншекке ата-анасы тым қамқорлық
жасайтын болса, оның әрбір қадамын бақылап отыратын болса,
онда ол ерте қарсылық білдіреді, үйден қашуға дейін баратын
өткір негативті реациялар көрсетеді. Шизоидты ацентуациялы
адамдармен эмоциялық байланыс жасау қиынға түседі.
Сондықтан, олар формалды қарым-қатыныс жасайтын
ортада(гипертимге өте жақын) дезадаптацияланады. Сондықтан,
оларға сеніп тапсыруға болмайды, мысалы жаңа жұмыстың
ұйымдастырушы рөлін, себебі ол жерде адамдармен көп
байланыс жасау керек, олардың көңіл-күйлерін және
қатынастарын бақылау, әлеуметтік жағдайда шебер бағыт беруші, мінез-құлқының икемділігі және т.б. бұл типтер өкілдері
«жанына енуді» жек көреді, олар әсіресе өздерінің ішікі әлеміне
ұқыпты қатынас жасауды талап етеді.
3.Мінез типологиясы
Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
А.Е.Личко бойынша мінездің жасөспірімдерге арналған типологиясы:1.Гипертимді тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынасы жоғары, қимыл – қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл – күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл – күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ересектермен, ата – аналарымен, ұстаздарымен қарым – қатынас барысында әртүрлі қақтығыстарға түседі.2.Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Көбіне үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбыларымен қарым – қатыныас жасамайды. Айналадағылардың ескетпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Сәл болатын өзгерістерді қапаланып қабылдайды. Көңіл – күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл –күиінің ауысу мерзімі 2-3 апта.3.Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл – күйі жиі өзгергіш. Көңіл – күйінің өзгеруіне кез – келген ұсақ – түйек әсер етуі мүмкін. Мұндай адамдардың көңіл – күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді. Олар басқа адамдардың өздеріне деген қатынасын аса сезімталдықпен сезінеді.4.Астенал – невротикалық тип. Бұл типті адамдар аса жоғары көңілге алушылығымен, тез шаршап, болдыруымен, қырсықтығымен көзге түседі.5.Сензитивті тип. Аса сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Аса үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс орындарын аса ұнатпайды. Олар танымайтын, бөтен адамдармен қарым – қатынасқа көп түсе бермейді. Өздерінің қабілет саласындағы кемшіліктерді аса ұқыптылық, кез – келген істі орындаумен толтырады.6.Психастеникалық тип. Секем алғыштық, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі жоғары. Бірақ оқуы нашар, себебі, ауызша жауап бергенде мазасызданып, білгенін жеткізе алмай қиналады.
7.Шизойдты тип. Тұйық, айналасындағылармен қарым – қатынасқа түсуге ынта –ықыласы жоқ, оқшау жүреді, ішкі жан –дүниесі бай, бірақ сырт келбеті кедей адам. Ақыл – ой дарындылығы бола тұра, икемсіз.8.Эпилептойдты тип. Бұл типті адамдар ызақор, өте қозғалғыш, әсіресе бұл белгілер 2-3 жас арасында корінеді. Личконың айтуынша бұл типті адамдар жан – жануарларды азаптап, қинауды, өздерінен әлсіз адамдарды мазақ етуді жақсы көреді. Аса қатыгез, өздерін аса жақсы көреді. Басшылыққа ұмтылады.9.Истероидты тип. Бұл типке тән белгілер: үнемі назарда болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таңқалдыруға әуестік.10. Тұрақсыз тип. Бұл типті адамдар болашақты тіпті де ойламайды. Олардың әрекеттері белгілі бір мақсатпен, міндетпен байланысты болмайды, тұрақсыз және өзгермелі.11. Комформды тип. Кез – келген өзіне тиімді жағдайларға тез бейімделеді[8].Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік – адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл — әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені темперамент – адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай, мінез – адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.XIX ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психолгиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиет деді.И.Кант мінезді темперментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т.б. мінездің туа пайда болумен қатар жүре пайда болумен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас – тартыс туғызып келеді.
4.Э. Кречмер бойынша мінез типологиясы
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет–қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип–адамның дене құрылмына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген–конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, және т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
Лептосоматик–бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол–аяғы ұзын, сидыйған.Пикник–мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.Атлетик–бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойылы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.Диспластик–дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар-әрқилы мүшелік зақым–сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ– қолы кемістер).Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик–дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (астенический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын.Иксотомик–денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым–ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик–семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған–Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40–жылдарында АҚШ–та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі–адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы–эмбриологиялық белгілер.Конституциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі–тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі. У. Шелдон теориясын сынға алған Я. Стреляу былай жазады: “Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сияқты темпераменттік қасиеттері оның дене құрылымындай нәсілдік белгі емес, мұндай қасиеттер анатомиялық–физиологиялық негізге ие болғанымен тәрбие және әлеуметтік ортада ғана қалыптасады”Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден– ақ белгілі болған. Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелегіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |