Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет54/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83
Ригидті модельдегі адам:
күмән тудыратын, өзіндік бағалауы жоғары, үнемі өзінің 
мәнділігін, мықтылығын бекіткенді талап етеді, алайда болып жатқан жағдайды ескермейді, 
бір беткей, икемділікке бармайды, қоршағандардың пікірлерін өте қиын қабылдайды, 
түсінбейді, басқалардың пікірімен санаспайды, қоршағандардың оған көрсеткен құрметін 
міндетті деп санайды, егер қоршағандар риза еместігін білдірсе, бірден өкпелейді, өзінің 
әрекеттеріне сын көзбен қарамайды, қиналып өкпелейді оған ол ауыр тиеді, айтылған сынды 
пікірлерге жоғарғы сезім көрсетіп өкпелей береді. 
Басқарылмайтын модельдегі адам:
импульсивті, өзін жеткілікті қадағалай алмайды, 
мұндай адамның мінез-құлқын бірден түсінбейсің, күтпейсің, өзін өте агрессивті көрсетеді, 
өзіне сынмен қарамайды, үнемі көңілсіз, өзінің сәтсіздіктерін басқалардан көреді, іс-
әрекеттерін сауатты жоспарлай алмайды, әрекеті мен мақсаттары сай болмайды, өткен 
тәжірибеден, негативтерінен аз сабақ алады. 
Шамадан тыс дәл модельдегі адам
: жұмысқа өте ұқыпты, дәлдікпен қарайды, өзіне 
және қоршағандарға жоғары талап қояды, алайда адамдар оны түсінбейді, жақтырмайды, 
мазасыздануы өте жоғары, әрбір нәрсесіне өте сезімтал, қоршағдардың ескертпелеріне 
шамадан тыс сезімтал, аяқ асты достардан, таныстардан қол үзе салады, ойлайды мені 
ренжітті деп, алайда олай болуы мүмкін болмаса да солай ойлайды, өзі жалғыз соған 
қайғырады, өзінің жіберген қателеріне, сәтсіздіктеріне өте қатты қайғырады (ұйқысы 
қашады, басы ауырады), сырттай әсіресе эмоцияларға ұстамды, топтағы өзара қатынастарды 
әлсіз сезінеді, дұрыс көрмей қалады.
Конфликтсіз модельде болатын адам:
бағалау мен пікірлеріне орнықты емес, тез 
иланып қалады, іштей бәріне қарсы, жағдайға байланысты тез болатын, лезде өтіп кететін 
сәттілікке ғана бағдарланады,болашақты жақсы болжай алмайды, қорғағандардың пікірінен 
тәуелді, шамадан тыс компромиске ұмтылады. 
Енді конфликтілі мінез-құлықты адамдардың жіктеулеріне токталамыз:
1. «Мақта»: Басында өзара әрекеттесу ұнайды, алайда өте жиі мәселелер туындай 
бастайды, ол уәдесінде тұрмайды, айтқанын орындамайды, ылғи сылтауы көп, аяқ асты бір 
нәрсе болып қалды деп істен қаша береді, дегенменде ол бір көргенде сүйкімді, тіл алғыш, 
тез көнгіш, сөйлегіш адам болып көрінеді.
2. «Кінә таққыш»: оның ойынша барлық адамдар мисыз, түк істемейтін жалқаулар. Бар 
әлемді емес, нақты бір адамдарды сынай береді, мысалы көршісін, автобустың жүргізушісін, 
сатушыны, дәрігерді, кластастарын, қысқасын айтқанда бәрін сынағыш. Өзінің өзгертпейтін 
қатып қалған пікірі бар, кім қалай өмір сүру керек, кім қалай жұмыс жасау керек деген 
сияқты өз пікірлерінен айнымайды.
Адамдар арасында бақталастық деген жағдайлар көп кездеседі, соған байланысты да 
мінез-құлық модельдері бар:
1.«Берсекер» (ежелгі канадалық сөз, психологияда бақталастық ретінде қолданылады,
пайда әкелмейтін қатынастары болады, бәрібір ол тұрақты емес, жойылып кетеді), алдауды, 
қулықты көп пайдаланады, серіктестің ойына келмейтін әрекеттерге итермелейді; 
қарсыласының мінез-құлқын қатал бақылап отырады, ол туралы ақпараттарды көп жинайды; 
өзі жаңалықтардан қашады, өз мінез-құлқын ешкім сынамаса екен деп қорқады, 
бағыныштылары болсы оларды басып тастайды, шешім қабылдағанда әдейі маңызды 
еместерін қолданады;
2.«Жаны жайдарлы адам» түріндегі мінез-құлық: мінез-құлықтағы негізгі принципі: 
«не жасағыңыз келеді маған бәрібір, тек дос болып өмір сүрейік», қарсыласы айтқан барлық 
талаптармен келісе береді, жеңісті қажет етпейтінін үнемі білдіреді, мінез-құлқына рухани 
құндылықтар, ар ұят сияқты түсініктер арқылы қысымды жасайды және қоқан лоқы беделді 
құртады деп санайды, күрделі жағдайда жеке меншік пікірі жоқ, бәріне жаққысы келеді,
ешкімді ренжіткісі келмейді, мұндай адамдар жиі манипуляцияға түсіп қалады.


74 
3. «Камикадзе» (латын тілінен алынған, термиттердің бір түрі, псхологияда мінез-
құлықтың қорғаныс тәсілі)-өте енжар, конфликтіге тез түсіп қалушы, диалогқа түскісі жоқ, 
күш қолданудан қашады, қарсыластан келген барлық ақпаратты жоққа шығарады, 
қабылдағысы келмейді, мәліметтерге сенбейді оларды жинамайды, шешім қабылдауда өте 
баяу, жауапты қадам жасауға қорқады, қарым-қатынасқа түскенге аса ұялшақ болады.
4. «Клейстер» - конфликтіні реттеуге ұмтыла береді, өзара көнгіш тәсілді таңдайды, 
яғни ол да, қарсылас та бір біріне жол беруі керек, алайда өзінің қажет нәрселерін де 
ұмытпайды, соны қанағаттандыруға жұмыс жасайды, сізбен саудаласа береді, 
саудаласқандарды жақсы көреді, болып жатқан жағдайға қарай жақсы бағдарланады, үнемі 
таладу жасап отырады, мінез-құлықтың ойнақы тәсілін жақсы көреді, бағалауда, сын 
айтқанда өте аса сақ болады, әдемі құр сөздерді ұнатады, өз ойын білдіртпей адамдарды тез 
көндіргісі келеді. 
5. «Виртуоз»-ынтамақтасқыш тәсілде жүреді, конфликтіге түскендермен бірге өзара 
пайдалы конструктивті шешім қабылдағанды ұнатады, жұмысқа қатынасты конфликтімен 
қарамайды, мәселе ретінде қарайды, ақпараттардың маңыздысын ғана жинайды, мәселені 
ашық талқылайды, келіспеушіліктен қорықпайды, егер оппонент ақылды нәрсе айтса 
қабылдайды, мәселені шешу үшін диалогтан қашпайды, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай 
біледі.
6. «Педант»: ұсақ түйекке дейін мән береді, кез келген нәрсеге қатып қалған принциі 
бар, орындағыш бірақ соған өте талапты қатты қояды, қоршағандарға да жоғары талап 
қояды, өте жоғары мазасыздық, әр нәрсеге көңіл бөлгіш .
7.«Танк»: әдейі қарсы келеді, басқалардың ойымен, сезімдерімен санаспайды, эгоист,
өзінің беделі үшін бәрін құрбан етеді, ауыр қабылдайды, өзін өте жақсы көреді, өзінің 
сәтсіздігін қоршағандардан көреді. 
Мінез-құлықты зерттеген ғылыми зертетулерге де шолу жасап кетеміз, дәрісте қаралған 
мәселелерді толық түсінуге негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет