Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

Конфликтінің құрылымы

Конфликт = Конфликті жағдай + Инцидент деген формуламен көрсетуге болады. 
Конфликтілі жағдай-конфликтінің пайда болуына арналған жағдай. Ондай жағдай 
конфликтіге айналуы үшін сыртқы әрекет, түрткі және шиеленіс қажет.
Инцидент (себеп)-қарсы жақтың қызығушылықтарына кедергі келтіретін қатысушы 
екінші жақтың іс-әрекеті болып табылады. Үшінші жақтың да әрекеттері инцидент ретінде 
есептелуі мүмкін. Мысалы, басшылықпен қиын өткен сұқбат кезіндегі әріптесінің ашуды 
келтіретін сөздері. 
Конфликт негізгі төрт кезеңге бөлінеді.


69 
1.Объективті конфликтілі жағдайдың пайда болуы. Мұны күшті конфликт кезеңі деп 
атайды, бір бірін түсінбейді, түсінгілері келмейді және бұл жағдайды адамдар адекватты 
түрде бірден қабылдамайды.
2.Объективті конфликт жағдайды түсіну немесе конфликтінің себебін түсіну -мұнда 
көптеген қайшылықтарды түсіне бастайды, 
3. Конфликттік әрекет немесе конфликтілі мінез-құлыққа өту, катысушы екінші адамды 
төмендетуге бағытталған. Егер бір катысушы конструктивті әрекетке көшсе, онда 
конфликтіден шығатын мүмкін болатын жолдарды іздеп конфликттік жағдайды өзгертеді.
4.Конфликтінің шешімі. Ол объективті конфликт жағдайдың өзгеруі немесе 
конфликтілі жағдайдың қарсыластары конфликтідегі әрекетті трансформацияласа, яғни 
әңгімені жағымды жаққа бұрса конфликтіден шығуы мүмкін.
Конфликтінің негізгі бес кезеңін атап көрсетуге болады:
1.қақтығыстық жағдайдың пайда болуы,
2. конфликтіні тану, 
3. конфликтік тәртіп орнату,
4.қақтығыстың тереңдеуі
5.және оның шешілуі.
Конфликтінің объективтік себептеріне адамдардың өмірдегі қызығуларының, 
көзқарастарының, пікірлерінің, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Субъективті себептері 
конфликтідегі 
қарсыласушы 
мүшелерінің 
(оппонеттер) 
жеке 
психологиялық 
ерекшеліктерімен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын мінез-құлыққа байланысты 
болады. 
Субъективті себептері әртүрлі болуы мүмкін: шаршау, жасап жаткан іс-әрекеттің 
жалыктыруы, өзін ұстай білмегендіктен мінез-құлықтағы ұнамсыз көріністерден келіп 
шығатын қақтығыстар болады 
К. Томас конфликтіні бақылау мен басқарудың бес негізгі әдісін көрсетті: 
1. Бәсекелестік; 
2. Бейімделу; 
3. Компромисс (ымыраға келу); 
4. Қашу; 
5. Одақтасу. 
Сонымен қатар, адамдар жасайтын өңірлерде экологиялық жағдайлардың нашарлауы
әртүрлі төтенше апат жағдайлары және тағы басқалар қақтығыстардың келіп шығуына себеп 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет