Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға шақыруы. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы
Саяси билікті іске асырушылар тобын қазіргі саясаттануда саяси элита (франц. еlite – ең жақсысы, таңдаулысы) деп атайды. Расында, қоғам мүшелері күнделікті жағдайда жаппай саясатқа араласып, саяси үдерісті жүргізуге қатынаса бермейді. Олардың қатынасуы, көбінесе сайлау науқанымен шектеліп, сайлау өткен соң өз сабасына түсіп, тынышталады. Шындығына келгенде, қоғамдағы саяси билік саяси элитаның қолында болады.
Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға шақыруы. Облыстық қазақ съездері және оларда көтерілген мәселелер. Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі.
1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Партия бағдарламасы. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы депутаттарының сайлауы, Алаш партиясының жеңісі. Алаш қозғалысының көсемі Ә.Н.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуын атап өту туралы ЮНЕСКО шешімі. Алаш қозғалысының 100 жылдығы: қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметіне жаңа көзқарастардың қалыптасуы.
Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім
Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім
Жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне қатысты мәселелер қарастырылды мысалы;
Мемлекеттік құрылысы,Қазақ автономиясы,Жер мәселесі,Халық милициясы,Земство,Оқу мәселесі,Сот мәселесі,Дін мәселесі,Әйел мәселесіБүкілресейлік құрылтай жиналысы,Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі,Қазақ саяси партиясы,Жетісу оқиғасы
Партияның төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
"Алаш" сөзі – түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш – қазақ сөзінің синонимі болып саналады.
1917 жылы шілдедегі Жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылып, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін қалыптасты [1]. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды .
«Алаш» партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастайды. Мәселен, Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазан айының шамамен 12-20 жұлдызы аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, сонан соң Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылады. Қорыта келгенде, Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы. Алаш- Қазақстанның «Мәңгі ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы. Ұлт зиялыларының қажырлы еңбегі кеңестік мемлекеттік мекеменің негізін қалады. Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. Алаш зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, қателіктерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет.
Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір.
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.
Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері.
Түркiстан автономиясы – 1917 жылы 28 қарашада Түркiстан өлкесi халықтарының өзiн-өзi басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттiк құрылым. Съезд сайлаған автономия үкiметiн қоғамдық-саяси қайраткер М. Тынышбаев, кейiн Мұстафа Шоқай басқарды. Мұстафа Шоқай мұсылман халықтарының саяси жағынан қайта өрлеуінде елеулi еңбек атқарған. Осы құрылымның дем берушiлерi мен ұйымдастырушыларының бiрi болды. М. Шоқай бүкiл Түркiстанды бiр автономиялық республикаға бiрiктiрiп, оны демократиялық Ресейдiң құрамына енгiзу идеясын қозғады. Алайда большевиктер ұлттық үкiметтiң өмір сүруiмен келiскiсi келмедi. 1918 жылы Ресейден жiберiлген большевиктердiң басшылығымен құрамына Қазақстанның оңтүстiк аймақтары енген Түркiстан Кеңестiк Федерациялық Республикасы жарияланды. Түркiстан АКСР-iнiң астанасы – Ташкент қаласы болды Съезд 1917 ж. 28 қараша күні орталығы Қоқан болатын Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы (Туркестони мухтариат) деп жариялап, Түркістан құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдайды. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарасы мен қызметі:
Мұстафа Шоқай - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.
Мұстафа Шоқайдың өмір жолында маңызды кезең — балалық шағы мен Ташкент гимназиясы, Петербург қаласында оқыған жылдары екендігін атап көрсету қажет. Қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасы үлкен əсер етті. Мұстафа Шоқай Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде дүниеге келді.
Түркістан автономиясының жетекшісі.Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы съезде «Шура-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады.
Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы.
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.
ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.
ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.
1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.
1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
Қазақстандағы Жер-су реформасы.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
ХХ ғасырдың 20-ншы жылдарындағы кеңестер Одағында Азамат соғысынан қираған ел экономикасын тұрғызу, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1918-20 жылдарындағы Азамат соғысы елді әбден тұралатып, экономикалық жағдайды бірнеше жылға кері шегерді. Өндіріс орындары тоқтап, мұнай, көмір, мыс өндіру бірнеше есеге азайды. Ауыл шаруашылығы қатты дағдарысқа ұшырады. Егістік жерлер көлемі қысқарды. Әлбетте мал шаруашылығы да құлдырай бастады. 1921 жылдың көктемінде коммунистік партияның Х съезінде «әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу арқылы қираған халық шуарашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты шет елден капитал тартылып, ақша реформасы жүргізілді. Азық-түлік салығы енгізілді. Осындай солақай саясаттың кесірінен республиканы аштық жайлады. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы, мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді. Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды. М.Әуезов, Ә.Ермеков және М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мәлімдеді. Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрттүлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның "Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына әкелген саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ та, солақай саясаттың, жазықсыз қалың қазақтың қанының иісі шығып тұрады бұл тақырыптан. Міне, Голощекиннің "кіші қазанының" тарихи мазмұны осылай ұмытылмас ақтаңдақтармен қалып қойды
Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
1991 жылы ел Кеңес одағынан тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда Индустрияландыру бірнеше кезеңнен өтті. Соңғы жылдары Қазақстан үкіметі елдегі индустрияландыру мен жаңғыртуға жәрдемдесуге бағытталған бірқатар экономикалық шараларды жүзеге асырды.
Қазақстандағы индустрияландырудың басты ерекшеліктерінің бірі үкіметтің мұнай мен газға дәстүрлі тәуелділігінен тыс ел экономикасын әртараптандыруға назар аударуы болды. Үкімет тау-кен, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі сияқты жаңа салаларды дамытуға қомақты қаржы жұмсады және шетелдік инвесторларға елдегі қызметті ұйымдастыруға ынталандыру мен қолдау көрсетті.
Қазақстандағы индустрияландырудың тағы бір маңызды ерекшелігі өнеркәсіптің жаңа салаларын қолдау үшін инфрақұрылымды дамыту болды. Үкімет тауарлар мен адамдарды тасымалдауды жеңілдету үшін жаңа автомобиль, теміржол және әуежайлар салуға инвестиция салды және энергия тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаның ластануын азайтуға бағытталған саясат жүргізді.
Сонымен қатар, Үкімет жұмыс күшін жаңа салаларда жұмыс істеуге дайындау үшін білім беру мен кәсіптік оқыту бағдарламаларына инвестиция салу арқылы адами капиталды дамытуға басымдық береді. Үкімет сонымен қатар елге салықтық жеңілдіктер беру және визалық рәсімдерді жеңілдету сияқты жоғары білікті мамандар мен кәсіпкерлерді тартуға бағытталған саясат жүргізеді.
Жалпы, Қазақстан Үкіметінің индустрияландыруға көзқарасы стратегиялық жоспарлаудың, инфрақұрылым мен адами капиталға инвестициялардың, сондай-ақ өнеркәсіптің жаңа салаларын қолдаудың үйлесімімен сипатталады. Осы жолдағы кейбір проблемалар мен сәтсіздіктерге қарамастан, үкіметтің күш-жігері экономикалық өсу мен әртараптандыруды ынталандыруға көмектесті және Қазақстанды шетелдік инвестициялар мен бизнес үшін перспективалы бағыт ретінде көрсетті.
Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары
Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.)
Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында
ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды.
Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы республикадағы мал саны 40,5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті.
1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды.
Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді.
Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орталықтардан жіберілді.
Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.
1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы
республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,
1930 жылы сәуірде 56,4%-ы,
1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.
Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.
Ұжымдастыру зардабы
1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды.
1930–1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады.
1931–1933 жылдардағы аштық. Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты.
Аштық жылдарындағы халық шығыны:
1930 жылы аштықтан 313 мың адам,
1931 жылы аштықтан 755 мың адам,
1932 жылы аштықтан 769 мың адам өлді.
Ауыл халқының 40% -ын жоғалтты (1 млн 750 мың адам).
1 миллионнан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931–1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді.
1929 жылы Қазақстандағы 40,5 млн. малдан 1933 жылы 4,5 млн. ғана қалды.
1932 жылғы аштық, оның себептері туралы мемлекет қайраткерлері Ғ. Мүсірепов, Қ. Қуанышев, М. Ғатауллин, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев Ф. И. Голощекинге хат жазды. Бұл хат «Бесеудің хаты» деп аталды.
Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.
1930 жылдары Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.
1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі қалды.
Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды.
Қазақстанда халыққа қысым жасау саясаты, әсіресе, 1925 жылы қыргүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен күшейді. 20 жылдардың соңында ел ішінде адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі, қорқыныш пен қорғансыздық күйі белең алды.
Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т.б.) лагерьлерде қайтыс болды, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б.) жазасын өтегенімен «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді.
«Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды:
этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);
саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.