Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар


«Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық және діни-эсхатологиялық идеялар мен мотивтер



бет11/16
Дата12.05.2023
өлшемі86,79 Kb.
#91925
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
аза тарды 1858 жыл ы о ан стемдігіне арсы к терілісі. Жетіс

«Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық және діни-эсхатологиялық идеялар мен мотивтер

Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды.
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән.Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді
ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар – заман шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.

  1. Ғылыми қоғамдардың пайда болуы. Орыс географиялық қоғамының бөлімдері мен бөлімшелерінің (Орынбор, Семей, Түркістан бөлімдері) қызметінің маңызы

Әр кезде Орыс география қоғамы мүшелігіне Қазақстан ғалымдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, М. Бабажанов, т. Б. сайланған. Түрлi кезеңдерде әр түрлi аталған:
Орыс география қоғамы (1845–1850, 1917–1926)
Императорлық орыс география қоғамы (1850–1917)
Мемлекеттік география қоғамы (1926–1938)
Бүкiлодақтық география қоғамы (1938–1991)
Ресей география қоғамы (1991)
Орыс географиялық қоғамы 19 ғасырда құрылып, өзінің ғылыми зерттеу жұмысын әр түрлі салада көптеген аймақтарда бастаған еді. Сондай аймақтар даласына қазақ даласы да кірген еді. Ресей империясының отарлық саясатының мүддесі ең маңызды түрткі болған десек ие қате айтпаймыз. Сол уақытта Ресей үшін әлі тың, мүлде зерттелмеген қазақ жері оны мекендеген халық қызығушылық туғызды. Бұл халықтың тыныс тіршілігін, мінезін, әдет ғұрпын, жерінің берер байлығын білу отарлық үкіметтің басты мақсаты болды. Сол себепті қоғам қызметінің бастапқы кезеңінде ұстанған басты позициясы осы еді.
Орынбор: 1867 жылы 17 шілдеде І Николай патшаның Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесін құру туралы бұйрығы шықты. Қазақ даласында ОГҚ бөлімшелерінің ашылуы қазақ зиялы өкілдерінің өздерінің интеллектуалды әлеуетін жүзеге асыруға, сол сияқты демократиялық көзқарас пен көңіл күйдің қалыптасуына мүмкіндік берді.
Семей: 1902 жылдың 21 ақпанында әскери губернатор А.Ф.Карпов Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің төрағасына Семейде бөлімше ашу туралы тағы да өтініш түсіреді. Бөлім Семей облысындағы ең алғашқы өлкетану орталығы болып, өлкеде географиялық, археологиялық, геологиялық, тарихи, статистикалық зерттеулер жүргізіп ғылым саласын аса құнды мағлұматтармен қамтамасыз етеді.Семей бөлімшесі жұмыс істеген мерзімде 700 мүшесі болып, далалы өлке тарихынан, мәдениетінен, этнографиясы, археологиясы мен қазба байлықтарынан тарихи баға жетпес құнды ғылыми мұра қалдырды.
Түркістан: Орыс география қоғамының Түркістан бөлігі ғылыми зерттеу мекемесi. 1896 жылы 20 мамырда ашылды. Бөлiмнiң алдына өлке ресурстарын зерттеу мақсаттары қойылды. Орыс география қоғамының Түркістан бөлігінiң ұйымдастыруы бойынша 1899–1902 ж. Л.С.Бергтiң басшылығымен Арал экспедициясын жүргiзiлдi. Экспедицияда теңiздi зерттеп, геология және зоология материалдар жинады. Бұл материалдарды өңдеуге көрнектi ғалымдар тартылды. 1903–1904 ж. Балқаш экспедицияларды ұйымдастырылды. Осы экспедициялар деректерiнiң негiзiнде Берг географияның жаңа саласы лимнологияны негiздедi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет