ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет12/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153


болды. Пәленше елдің патшасы елге жар салыпты. Бұл елге бір жеті басты айдаһар пайда болыпты. Сол 

айдаһарды  өлтірген  батырға  қызын  бермекші  екен.  Сіз  барып  айдаһарды  өлтіріп  патшаның  қызына 

үйленіп алып келсеңіз, - дейді. Сонда ағасы: «Апырмау, бұл мені бір өлімге жұмсап отырған жоқ па?» - 

деп  іштей  ойлайды.  Бірақ  сыр  білдірмей,  келісімін  беріп  жолға  дайындалып  жүріп  кетеді.  Кетерінде 

інісіне  айтады:  «Мен  тірі  болсам  үш  айда  қайтып  ораламын»,  -  дейді.  Ағасын  жолға  шығарып  салып, 

аңшылық және соғыс өнерімен шұғылданып сарайға ие болып бала тұра береді. Үш ай өтеді, ағасынан 

ешқандай хабар болмайды. Ағасының бір сұмдыққа ұшырағанын сезіп, ағасын іздеуге бұл да аттанып 

жолға  шығады.  Күн  жүріп,  түн  жүріп,  ай  жүріп  бір  елдің  шетіне  келіп  ілінеді.  Иен  далада  бір  аппақ 

шатырдың тұрғанын көреді. «Бұл не деген шатыр екен» деп ат басын бұрып шатырға кеп тірейді. Шатыр 

ішінен ай мен күндей, жібекке оралған сұлу қыз жүгіріп шығып баланың мойнына оралады. «Аман-есен 

келдің бе, сарғайып сені күткелі бір ай болды»,  - деп көзінен жасын моншақ-моншақ ағызады. Аң-таң 

болған  жігіт  өзінің  ағасынан  аумайтын  ұқсастығын  біліп,  бұл  қыз  ағасы  екен  деп  тұрғанын  біледі. 

Шатырға кіріп, жуынып, тамақтанып, есін жиған соң, өзінің ауырып тұрғанын айтады. Қыз төсек салып 

жатуға  кіріседі.  Төсекке  жатқан  жігіт  ауырдым  деп  теріс  қарап  жатып  алып,  өзінің  ағасының  қашан 

кеткенін,  қайда  барамын  дегенін  білдірмей  сұрастыра  бастайды.  «Ойбай-ай,  жеті  басты  айдаһармен 

алысамын деп есіңнен ауысып қалғансың ба?»  - деп өткен күндегілерді  есіне түсіре бастайды. Уақиға 

былай болғанын біледі: Ағасы бұл елге келгенде жылына осы елден жеті басты айдаһар бір қызды алады 

екен. Елдің қызы таусылып, кезек патшаның қызына келеді. Далаға ақ шатыр тігіп, патша қызын әкеп, 

айдаһардың  келуін  күтіп  жатқанда  ағасының  келгенін,  содан  айдаһарды  өлтіруге  кетіп  қалып  қайтып 

оралмағанын біліп, жігіт сол ауырған күйінде бүркеніп жатып алады. Таңертең ерте тұрып: «Бір жұмысым 

бар еді, тез қайтып оралам», - деп айдаһарды іздеп ағасының өлі-тірі екенін білуге асығып аттанып жүріп 

кетеді. Кездескен елден сұрастырып жүріп жеті басты айдаһардың жатқан жеріне келеді. Келсе, үлкен тай 

қазанның буы бұрқырап суы қайнап жатыр екен. Жеті басты айдаһар қолына түскен адамдарды көгендеп 

қойып,  күнде  біреуін  асып  жейді  екен.  Ендігі  кезек  ағасына  келгенін  біледі.  Осы  кезде  жеті  басты 

айдаһардың қатты ұйықтап жатқан кезі екен. Көгендеулі тұрған ағасын босатып алып, ағасы екеуі жеті 

басты айдаһармен соғысуға дайындалады. Ұйықтап жатқан жеті басты айдаһардың екеуі екі басын кесіп 

түсіреді.  Қалған  бастары  өкіріп  біреуінен  жел,  біреуінен  су,  біреуінен  от  шығарып,  үш  күн,  үш  түн 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              69 bet 

соғысып, батырлар айдаһарды жеңеді. Сөйтіп, айдаһардың бастарын кесіп алып, патшаның қызы жатқан 

шатырға  келеді.  Сол  кезде  патша  шапқыншы  жіберіп,  қызының  өлітірісін  біліп  келіңдер  дейді.  Екі 

батырдың айдаһарды өлтіріп басын кесіп әкелгенін, қызының аман-есен екенін хабарлап, сүйінші сұрап 

патшаға келеді. Сөйтіп, патша алдарынан нөкер жіберіп, екі батырды сарайға алып келіңдер дейді. Бұлар 

келген соң, патша бүкіл еліне қырық күн той, қырық күн ойын жасап, өз қызын ағасына, інісіне уәзірінің 

ай мен күндей сұлу қызын үйлендіреді. 

 

Бұл патша елінде бір жыл тұрып, патшадан өздерінің сарайына баруға рұқсат сұрайды. Патша көптеген 



байлық-қазынаны қырық түйеге артып, нөкерлерімен қосып, қызын жолға шығарып салады. Өз сарайына 

оралған  соң,  бір  күні  інісі  ағасына:  «Сіз  де  өте  мергенсіз,  мен  де  сізден  калыспаймын,  бір  мергендік 

сынасып көрейікші», - депті. «Ал сынассақ, сынасайық, сонда не атуымыз керек», - дейді. Інісі үстіндегі 

камзолын шешіп тастап, қырық адым жерге барып, шынтағына басындағы кепешін жабыстыра кигізіп: 

«Осыны денеге дарытпай атуымыз керек», - дейді. Сонда ағасы: «Ойпырай, осы бір қастық ойлап тұрған 

жоқ па, қалай бұл денеге дарымайды?» - деп ойлайды да, бірақ сыр білдірмейді. Сонда: «Сіз үлкенсіз жол 

сіздікі, ал, атыңыз», - деп інісі тұра береді. Ағасы уәде берген соң, амалсыздан кепешті дәлдеп садағын 

тартады. Шынтағына жабысып тұрған кепешпен қоса терісін сыдырып бірге ұшып түседі. Ағасы жүгіріп 

барып: «Ойпырай, мынау қиын болды ғой. Ал, енді сен ат», - деп кепешті шынтағына киіп орнына барып 

тұрады. Сонда інісі айтқан екен: «Жоқ, енді мен атпаймын, бұл шынтақтың кінәсі бар еді. Өзіне сол керек», 

-  дейді.  «Баяғыда  менің  жеңгем  шатырда  жатқанда,  мені  сіз  екен  деп  жанына  алып  жатқанда,  осы 

шынтағым тиіп кетіп еді», - дейді. Сонда ағасы інісінің нағыз адал екеніне көзі жетеді. Сөйтіп ағалы-інілі 

екеуі бақытты ұзақ өмір сүріп, мұраттарына жеткен екен. 

 

43 - Бөлім: Көрұғылы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1740 

 

 



Бегәлі сыншы ханға ат сынап беретін сыншы екен. Бірнеше рет ат сынап береді. Тағы бір күні ат сынауға 

кетеді. Ол кеткенде әйелі жүкті екен, жүкті әйелі Бегәлі кеткен соң, дүниеден өтеді. Бір күндері: «Әйелінің 

қабырынан бала шығып жүр», - деген сөз болады. Бегәлі әйелінің қабырынан бала шығып жүр дегенді 

естіп: «Не істеймін?» - деп ханға барады. Сонда хан Бегәліге былай деп ақыл қосады: «Сен барып ер жасат, 

оның үстіне шырыш жақтыр, қуыршақ жасат, асық алып, бәрін де алып барып көрдің аузына қой. Әйел 

бала болса қуыршақ ойнар. Ер бала болса, ерге мініп алып жерді сабалап отырар. Ер көрге сыймайды ғой, 

баланы  шырыш  ұстап  алып  жібермес,  сосын  ұстап  алуға  болады»,  -  деді.  Осы  заттарды  қойып,  өзі 

моланың түбіне барып, бұғып жата қалады, бір мезгілде бала көрден шығып, ерге мініп айт, «шу-шулап» 

жерді сабалай бастайды, қуыршақтарды лақтырып тастайды. Бұны көріп Бегәлі баланы ұстай алады, бала 

бақырып жылайды: «Менің еміп жатқан ақ мамам бар, шешем де, әкем де сол», - дейді. Жылап қоймаған 

соң бір аз уақыттан кейін баланы қайтадан қоя береді. Бала көрге кіріп қайта шығып: «Ақ мамам бар еді, 

шешем бар еді, біреуі де жоқ, қу сүйек болып жатыр, әкем сен екенсің», - деді. Баланы ертіп, үйіне алып 

барып, баланың атын көрден шыққан Көрұғылы деп қойды. Тоғыз күн тойын, он екі күн ойын жасайды. 

Бір-екі жылдан кейін, баласы өскен соң, хан Бегәліге тағы ат іздетіп жібереді. Сол кеткеннен үш ай жүріп, 

үш ат арытып, бір Ғират деген атты алып келеді, оны ханға апарып береді. Ол ат тоқсан ұрғанда аяғын 

тоғыз басады. «Сыншының көзі ағарған екен, көзін ойып алып, атын өзіне апарып беріңдер», - дейді хан. 

Бегәлінің көзін ойып алып атты өзіне әкеліп береді. Бегәлі баласына айтады: «Бір жұлым үй тігіп, атты 

соның ішіне қой, екі жағына екі шелек су қойып, үйдің есігін жап, өзің қайтып келіп қарама», - дейді. 

Көрұғылы:  «Қарамағанда,  бұның  несі  бар,  мен  бір  қарайыншы»,  -  деп  ойлайды,  қайтып  келіп  қараса, 

аттың екі қанаты бар екен, оны самауырдағы суға салып тұр екен. «Қанаты бар атты жаман деп әкемнің 

көзін ойып алды», - деп Көрұғылы көшеге шығып алып, ханның ата-бабасын қоймай сөккен. Үйге қайтып 

келіп: 


 

- Әке, аттың қанаты бар екен ғой, - дейді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              70 bet 

- Балам, біреуге айттың ба? - деп сұрады әкесі. 

 

- Айтқаным жоқ, көшеге шығып ханның ата-бабасын қоймай сөгіп қайттым, - депті. Бегәлі: - Ойбай, балам 



атты алып келе гөр, - депті. Көрұғылы атты алып келіп сол атқа мініп екеуі қашады, ол кезде Көрұғылы 

сегіз жаста екен. Қашып келе жатып: 

 

- Апырмай, әке, мына бір қасқа ат бізге жетті ғой. 



 

- Балам, ол кәрі айғырдың баласы еді, әрі-бері шапқан соң буыны талып, жете алмай қалады, - депті. Бір 

заманда: 

 

- Әке, мына бір сұр ат жетті ғой, - депті. 



 

- Ол жетіп еш нәрсе қылмайды, ол бір қулықтың баласы еді, - депті. 

 

- Әке, мына бір қара ат жетті ғой, - депті. 



 

- Әй, кәпір, үш қулықтың баласы еді, бір көзінің сасы бар еді, қалың боздың ішімен тура күннің астына 

қарай жүр, көзіне күн шағылып, тер құйылғасын қалар,- депті, айтқанындай қара ат жүре алмай қалыпты. 

Сонда тұрып Бегәлі сыншы баласына: 

 

- Ә, балам, күннің батысында не көрдің? - депті. 



 

Сонда бала: 

 

-Бір қара қою бұлт көрінеді, - депті. 



 

- Ол бұлт емес, Жәмбілбелдің тауы, оның Темірқазық жағында жалғыз аяқ жолы барды, сол жолмен жүр, 

сол тау біздің мекеніміз болар, - депті. Сол таудың күншығыс жағынан барып үстіне шықсаң, үстінде кең 

үй бар, таудың жағасына барып түс, - депті. - Күнбатыс жағында бір әулие бар, соған бар, әулие не берер 

екен, - депті. Ертеңіне бала барып түнеп қайтып келіпті. 

 

- Е, балам, не қыл деді, - депті. 



 

- Ана кеуекте бір кісінің киер киімі, қару-жарағы бар, соны барып ал, деді, - депті. 

 

- Е, құдай берген екен, барып алып кел, - депті. Барып алып келді.Бір күндерде таудың астынан кіреші 



жүрді. Әкесі баласына: 

 

- Кірешіге барып отын ал, отын жақ та, өзің тамақ іш, маған тамақ ала кел,  - депті. Түнде тамақтанып, 



жатып қалған соң, бектерін өлтіріп, қарашасын түйе-мүйесімен айдап таудың үстіне шығарды, таудың 

үстіне  шыққан  соң,  біреуін  аға,  біреуін  іні  қылып  ағайын-тумаластай  болып  отыра  береді.  Бір  күні 

Көрұғылы отырып әкесінен: - Кегің кеткен жер бар ма? - деп сұрады. Сонда әкесі: 

 

-Шырағым, баяғыда Бесбатыр  деген батыр  менің қарындасымды тартып алып кетті,  - депті. Көрұғылы 



Бесбатырдың  елін  іздеп  кетеді.Бір  күндерде  Көрұғылы  Бесбатырдың  елін  тауып,  үй  сыртынан  келіп, 

сөйлес дегенде, бір кемпір шығады. 

 

- Е, балам, кімді іздеп келесің, - депті. 



 

- Менің іздеп келе жатқаным Бесбатырдың елі, -депті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              71 bet 

 

- Шырағым, онда сенің не ісің бар еді, - депті. 



 

- Ықтиярсыз тартып алып кеткен бір апайым бар еді,- дейді. 

 

-  Ол  апаң  мен,  бірақ  мені  не  қыласың,  алып  жүруіңе  жарамаймын,  алжып  өлуге  қалдым,  онан  да 



Бесбатырдың Ақ Дінәс атты сұлу қызы бар, оған мен «сырттағы кісіге қымыз апарып бер» дейін қымызды 

ұстап тұрып,бір қолынан тарт, мен көтеріп жіберейін, атыңа мінгестір де қаш, әне, сүйтсең сенің кегің 

қайтады, - дейді.Кемпір үйге кіріп қызға: 

 

- Сырттағы кісіге қымыз апар, - дейді. Қыз қымыз алып шығады. Көрұғылы қымызды ұстай тұрып, қызды 



бір қолынан тартып еді, кемпір артынан көтеріп жібереді. 

 

- Бесбатырдың бес күн ұйықтайтын ұйқысы бар, бірақ оянса, жетеді, сен қапы болма, - деді де қала берді 



кемпір.  Ол  кеткен  соң  Бесбатыр  оянды,  қара  айғырға  мініп  тура  қуды,  Бесбатыр  Көрұғылыға 

жақындағанда бір да дрияға тап болады. Көрұғылы Ғиратты дарияға салып жіберіп еді, Ғират ар жағына 

барып дүрс ете түсті. Қара айғыр қарғып еді, бір аяғы суға малына түсті, сонда Бесбатыр: - Көрұғылы тұра 

тұр, мен саған бата берейін, -дейді. «Қара ат зәрін Ғираттың шешесіне беріп еді,Ғираттың зәрін басқаға 

бермегейсің, жолың болсын жүре бер, жолдасың қайырлы болсын»,  - деді де, Бесбатыр қала берді. Ақ 

Дінәсті алып Көрұғылы әкесіне қайтып келді. 

 

Бір күні Көрұғлы Ақ Дінәске: 



 

- Осы қара жердің үстінде менің қайратыма шақ келетін кісі бар ма екен? - дейді. Сонда Ақ Дінәс: 

 

- Менің әкем Бесбатыр сені тақымына қысып алып кетер еді, - дейді. 



 

Сонда Көрұғылы: 

 

- Мен сенің әкеннің күшін көрейін, - деп кете берді. Ак Дінәс: 



 

-  Әкем  Тәшкент  пен  Қоқанның  арасында  жалғыз  өзі  кіре  салып  жүреді,  бара  ғой,  -  деді.  Айтқанындай 

Тәшкент пен Қоқанның арасында кіре салып кетіп барады екен. Көрұғылы жақындап барғанда, Бесбатыр: 

 

- Көрұғылымысың, қонақ бол, түс бері, - дейді. Сонда Көрұғылы: 



 

- Мен түспеймін, - дейді. 

 

- Олай болса, кейін тұра тұр, - дейді Бесбатыр.Сонан соң Бесбатыр атына мініп, Көрұғылыға қарсы барып 



Көрұғылының желкесінен ұстап алып, тақымына қысып, аттан түсіреді. Оның атын алып: 

 

- Бұл атты Ақ Дінәс келіп алып кетсін, - дейді. Бір күні Көрұғылы Бесбатырды аңдып жүріп, қол оқпен 



атады,  ол  оғы  өтпейді.  Бесбатыр  «қонып  жүрген  маса  мен  сона  болар»  деп  жүре  береді.  Бір  мезгілде 

Бесбатырдың  таң  ұйқысы  келіп  кеткенде  Көрұғылы  оны  атып  қалады,  оқ  жылп  өтіп  кетеді.  Бесбатыр 

Көрұғылыға: «Менің ішігімді алып беліңе орап қой, менің аруағым саған қонады», - дейді. Сонда ішікті 

сынайын деп ағашқа орап қарап еді, ағашты қиып түседі, Бесбатырдың ойы «Көрұғылыны сөйтіп қиып 

түссін» дегені екен. 

 

* * * 



 

Күндерде бір күн қалмақтың ханы Шынтемір халқына жар салады: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              72 bet 

 

-  Көрұғылының  Ғираты  мен  қару-жарағын  әкеліп  берген  кісінің  төбесінен  құйған  алтынды  етегінен 



түсірер едім, - дейді. Сонда бір мыстан кемпір: 

 

- Ә, Шынтемір, мені желмаямен апарып тастасаң, мен әкеліп берер едім, - дейді. Сонда оны Жәмбілбелдің 



тауының астына әкеліп тастайды. Кемпір мойынына дорба салып, қайыршы болып келіп, Көрұғылының 

үйіне түседі.Сонда Көрұғылы: - Шешеме қымыз бер, - дейді. Ақ Дінәс кемпірге қымыз құйып береді. 

 

- Ойбай, қарағым, тамақты келістіріп жасай алмайды екенсің, - дейді кемпір. 



 

-  Ә, шеше, тамақты сен жасай ғой, - дейді Көрұғылы. Сонда мыстан: 

 

- Қой, қарағым, менің үйімде жетім балам бар ғой, соған баруым керек қой, - деді. 



 

- Ештеме етпес, - деді Көрұғылы. 

 

- Бес күн қымыз ішпей отырасың, - деді кемпір. Қымызды әбден арақ қылып ашытып, Көрұғылыға береді. 



Ол мас болып жығылып қалды. Ақ Дінәске беріп еді, ол да жығылып қалды. Қымызды Ғиратқа да беріп 

мас етеді. Енді кемпір Көрұғылының Ғиратына мініп, қарау-жарағын алып Шынтемірге тарта береді. Бір 

мезгілдерде Көрұғылы есін жиып, атын жоқтап әйелі Ақ Дінәске айтқаны: 

 

Көк Ғиратымнан айрылып, 



 

Қанатым қалды қайрылып, 

 

Басыма қайғы салынды, 



 

Қару-жарақ алдырып, 

 

Белім қалды майрылып. 



 

Ер атынан айрылса, 

 

Өлгені болар дүниеде, 



 

Мен бір іздеп кетейін, 

 

Тұрып мұнда не етейін? 



 

Көк Ғираттың жолына 

 

Жанымды құрбан етейін. 



 

Шамам келсе Ғираттың 

 

Артынан қуып кетейін. 



 

Қу таяғын таянып, 

 

Өксіп-өксіп жылады, 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              73 bet 

Көзінің жасын бұлады. 

 

Көзінен ақты қанды жас



 

Ішінде қаны аралас. 

 

Ақ Дінәс: 



 

- Қой тақсыр, жылама, жыламақ сізге бұйрық емес, бізге бұйрық, сізге іздемек бұйрық, - дейді. - Мен саған 

қос жұдырық, тоқсан құрт жасап берейін, сонсын күніне бір құрт жесең де, қарныңды ашырмас. Іздеген 

жеріңе тоқсан күнде жетерсің, тұлпардың басқан ізі ошақтың орнындай болып ойылып қалатын, соның 

соңынан жүріп табарсың, - деді. Көрұғылының жолына темір таяқ, басына темір телпек, үстіне шекпен, 

аяғына темір кебіс, қолына қос жұдырық, тоқсан құрт беріп жолға салады. Көрұғылы кетерінде Ақ Дінәске 

қоштасып айтқаны: 

 

Ақ Дінәстей алғаным, 



 

Дүниенің білдім жалғанын. 

 

Көк Ғираттан айрылып, 



 

Басыма қайғы салғаным. 

 

Барысы сексен күн екен, 



 

Жолы жүрер мол екен, 

 

Қиындығы сол екен, 



 

Қапаланып қайғырма, 

 

Бір жылдардың ішінде, 



 

Аман болсам келермін, 

 

Дұшпаныңа алдырма. 



 

Дұшпандық еткен кісіні 

 

Аман болсам көрермін, 



 

Сазасын оның берермін, - 

 

деп қырық інісінің бірі Асанды шақырып алып, Көрұғылы сөйлей бастайды: 



 

Асандайын інісің, 

 

Осындай қиын жерлерде, 



 

Жақсылық ісің білінсін. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              74 bet 

Мынау тұрған Ақ Дінәс 

 

Қалды жеңгең қолында, 



 

Сыртынан қарап торырсың. 

 

Малым менің жинаған 



 

Сенің қалды қолыңа, 

 

Дұшпанға бермей қорырсың. 



 

Осылай деп тапсырып, Көрұғылы атын іздеп жүріп кетеді. Сексен күн дегенде Шынтемірдің еліне жетеді. 

Көрұғылының  атының  төрт  аяғы  төрт  қазықта,  басы  бір  қазықта,  жемді  лақтырып  беріп  тұрады  екен. 

Ғират Көрұғылыны көріп, қазықты сындырып тастады да, Көрұғылының қасына еріп жүре береді. Мұны 

көрген қалмақтар ханға барып айтады. Сонда хан: 

 

- Ол кісіні шақырып алып кел, - дейді. Көрұғылыны алып келеді. Сонда хан тұрып: 



 

- Сен Көрұғылының атын танисың ба? - дейді. 

 

- Я, танимын, - мұны мен бес жыл баққанмын, -дейді. 



 

- Онда сен оны баға бер, - дейді. 

 

- Қой, ойбай, менің шешем өлген, бес балам панасыз қалып отыр, оны қайда тастап кетемін, өледі ғой, - 



дейді. 

 

  - Өлсе де жалдан, бақ деген соң, бақ, - дейді. Содан Көрұғылы, өзін қалмақтарға танытпай, Ғиратты баға 



береді,  атты  әбден  семіртеді.  Хан  бір  күні  ат  бағушыны  шақыртып  алып  одан:  -  Көк  Ғиратты  ойната 

білемісің? - деп сұрайды. 

 

- Көрұғылының қару-жарағы, киімі болса ойнатуға болады, - дейді ат бағушы. 



 

- Е, онда киім-кешегі, қару-жарағы міне, - дейді. 

 

- Олай болса мен ойнатайын, - деп киініп, қаруланып атты шарбақтың ішіне жатқызып та, шауып жүріп 



те, көлбетіп те ойнатады. Көрұғылы батыр: «Осы атты шаршатып алармын, жылдамырақ кетейін», - деп 

ойлайды. Енді ханға айтады: «Бұның ойыны шегіне жетті, белгі шаншып оқ қойып, соны атып оқ өткізу 

керек, онан басқаға тоқтамайды», - дейді. Жеті белгі шанышты да: 

 

Көрұғылы бек бола білмедім, 



 

Жеті белден оқ кетіре білмедім, - 

 

деп атып қалып еді, оқ жылп ете түсті. 



 

-  Ұстай  көріңдер,  дарбазаны  жаба  көр,  мынау  Көрұғылы  екен  ғой,  -  дейді  хан.  Дарбазаны  жапқанша 

жылдам шығып кетті. Қалмақтар жабылып қуып, соғыс сала береді. Көрұғылы да қаша ұрыс салып кете 

береді,  он  бес  күн  дегенде  аттың  сілесі  қатып  әбден  шаршайды,  үш  қатар  қалмақтар  қамап  алады, 

Көрұғылы сосын атына сөйлей бастайды: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              75 bet 

 

Ай, Ғират ат, Ғират ат, 



 

Жәмбілбелдің тауынан, 

 

Жаяу іздеп жеткенім. 



 

Аямадым мен сен үшін 

 

Көкіректе шыбын жанымды, 



 

Жауда тастап кетпегін. 

 

Әзірейілдей аяңдап, 



 

Ажалдың білдім жеткенін. 

 

Туған бірге аға жоқ 



 

Алдыма қорған етерге, 

 

Не болмаса інім жоқ, 



 

Не болмаса бала жоқ, 

 

Ата менен ана жоқ, 



 

Жалғыздықтан басқа 

 

Дүниеде менің мінім жоқ. 



 

Мөйі жасап бал берген 

 

Елде қалды қарасам, 



 

Ақ Дінәстей анаңыз, 

 

Жарық жүзін көруге, 



 

Қайрат етіп қараңыз. 

 

Үш қатардан қамаған 



 

Қалмақты қарғып асады, 

 

Ғираттың пысы басады. 



 

Мұны көрген қалмақтар: «Біз босқа қырылатын шығармыз, қайталық», - деп кейін қайтып кетті. Төбеден 

асқанша Ғират қырлап-қырлап желеді, төбеден асқан соң ат жүрмей қалады. Көрұғылы атты жетелеп өзі 

жаяу кете береді. Көрұғылы қалмаққа кеткеннен соң, оның асырап алған қырық інісі Ақ Дінәске: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              76 bet 

- Көрұғылы кетті, енді сен бізге ти, - дейді. Ақ Дінәс «Көрұғылы ертең келгенде мен не бетімді айтам»,- 

дейді. Ол сөзді інілері тыңдамайды, сонда тұрып Ақ Дінәстің айтқаны: 

 

Жараттың алла кетерге, 



 

Мен жолықтым бедерге. 

 

Мұнан артық жамандық 



 

Дүниеде өтер ме? 

 

Қор болып бүйтіп жүргенше, 



 

Қорлықты мұндай көргенше, 

 

Емес пе жақсы өлгенім, 



 

Құрысын бүйтіп жүргенім. 

 

Әуелінде, жасаған, 



 

Біреуге қойдың бенде қып, 

 

Ұшпадан ұшып кетейін 



 

Құрысын дәурен сүргенім. 

 

Көрұғылыдай батырмен 



 

Бірге еріп кетпедім. 

 

Әуелінде мен сорлы 



 

Боларын былай білмедім. 

 

Туысқандай бола алар деп, 



 

Құлағыма ілмедім, - 

 

деп Жәмбілбелдің тауынан ұшып келіп кетіп еді, көйлегінің етегі кеулеп барып, түбірі бір, басы бөлек бір 



төбенің  үстіне  әкеліп  түсіреді.  Сол  төбенің  бауырына  Көрұғылының  қойшысы  келіп,  қой  бағып,  Ақ 

Дінәспен  сөйлесіп,  ес  болып  отырады.  Бір  күндері  болғанда  азығы  таусылып,  өзі  шаршап  аты  арып 

Көрұғылы елдің шетіне келгенде, қойды қайырып жүрген қойшыға кездесіп, қойшыны шақырады. Қойшы: 

 

- Мазамды алмашы, Ақ Дінәстей жеңгем таудың басында отырғанда, - деді де кете берді. Көрұғылы тағы 



шақырады. Қойшы жүгіріп келіп тал таяқпен Көрұғылының басына періп келіп жібереді, Көрұғылы есі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет