үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю: – Ендеше
мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді. – Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере
алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю
олардың сөздеріне құлақ аспайды. Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю
қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық
тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып
үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа
үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.
17 - Бөлім: Қарт пен тапқыр жігіт
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1714
Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас
жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін: -
Ата, жолды
қысқартайық, - дейді. Қарт: -
Жол қалай қысқарады? - дейді. Жігіт: - Жолдың қысқаруы оңай,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
29 bet
екеуміз бірімізді-біріміз, кеззек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді. Шал ішінен: -
Япырым-ай, мынау
бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды?
Өзін қалай арқаламақшымын? - деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып қарап қояды. Мұнан кейін
жігіт те үндемей келе жатады да, орылмаған, бірақ пісіп тұрган егінді көріп: -
Ата, мына егін сіздің
елдікі ме? - дейді. Қарт: - Я, біздің елдікі, - дейді. Жігіт: -
Иесін білесіз бе? - дейді. Қарт: -
Білемін, - дейді. - Олай болғанда, бұл өзі желініп қойған егін бе, жоқ, желінбеген егін бе? - дейді.
Қарт тағы да бетіне ажырайып қарап қояды да: «Япырпым-ай, мынаның бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-
ау! Орылмай тұрған егіндді көре тұра, бұл не айтқаны?» - деп ойлайды. Онан өтіп, жолшыбай бір елге
кездеседі. Бұл елдің адамдары бір өлген кісіні көтеріп, қабірге қойғалы апара жатыр екен: Жігіт: - Ата,
мына кісіні білесіз бе? - деп сұрайды. Қарт: -
Білемін, - дейді. Жігіт: -
Ата, мына кісі өлген адам ба,
өлмеген адам ба? - деп і сұрайды. Қарт шыдай алмай: - Өлмесе жерлеуге апармайды ғой! - деп жігіттің
бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді. Көтеріп келе жатқан өліктің қабірі жолда екен. Бұлар
қабіршілерге келеді де солармен бірге өлікті қойысады. Былай шыққаннан кейін: - Ата, әлгі кісі өлмеген
екен, - дейді. «Я, құдай, мынаның кесепатынан құтқара көр. Көрге көміп тастаған адам өлмей ме екен?
Бұл не деген ақымақ!» - дейді қарт ішінен. Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қарт оны ұнатпаса
да, күні бойы жолдас боп, бірге келген соң, қондырмасқа болмайды. Қонағын үйіне кіргізеді де бойжеткен
жалғыз қызы бар екен, соны оңаша шақырып алып: -
Шырағым, менімен бірге үйге бір жігіт келді,
мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесепаты зор адам, - дейді. Қыз тамақ әкеліп беріп,
қонақпен сөйлесіп көрсе, сөзі мағыналы, кескіні де ажарлы екен. Қыз: «Япыр-ау, әкемнің айтқаны осы
кісі ме, басқа жігіт пе?» - деген оймен әкесіне келеді де: -
Әке, сізбен еріп келген жолдасыңыз екі
кісі ме, әлде бір кісі ме? - дейді. Әкесі: - Жалғыз кісі, - дейді. -
Үйде отырған қонақ сол ма? - деп,
сұрайды қыз. Әкесі: -
Иә, сол, - дейді. Қыз: -
«Сөзінде кесепаты зор», - деген адамыңыз осы
болса мұнан қаңдай кесепат көрдіңіз? - дейді. Қарт: - Ойбай, шырағым, оның күні бойы сөйлеген
сөзінде кесепатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол қысқартайық», - деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп
едім. Ол: «Бірімізді-біріміз кезек арқалап отырайық», - деді. «Ол мені, мен оны қалай арқаламақшымыз»,
- деп ойладым. Мұнысы былай тұрсын. Онан өтіп пісіп тұрған егінге кез келіп едік: «Ата, мына егін
желініп қойған ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен.
Бұл мұнымен тұрсын. Бір кісі өліп, оны табытқа салып, қойғалы апара жатыр екен, соны көре сала: «Ата,
мына кісі өлген адам ба, өлмеген адам ба?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жаңағы адам
өлмеген екен», - деді. - Міне, мен оның осындай төрт кесепатты сөзін естідім, - дейді. Сонда қыз тұрып: -
Әке, бұл сөздер кесепатты сөздер емес, зор мағыналы сөздер. - Сіз оның айтқан сөзіне түсінбеген
екенсіз. Оның бірінші - «Кезек арқаласып отыралық» - дегені: «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық,
жол қысқарсын» - дегені. Екінші: «Мына егін желінген бе, желінбеген бе?» - дегені: «Байдікі ме,
кедейдікіме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең
өзі алады. Ал бұл желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады,
жерді көлік жалдап жыртады да, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен
бір есеп болады. Үшінші:: «Өлген адам ба, өлмеген адам ба?» - деп, сұрағаны: «Баласы бар ма?» - дегені.
Ол өлген адамды қабірге салғанда оның балалары қабірдің басында, барлығы бүлініп жылап тұрған шыгар,
оны: «Өлмеген адам екен», - дегені сол болу керек. Артында қалған баласы бар адамның аты
жойылмайды,, сондықтан: «Ол өлмейді», - деген сөзі екен. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген
соң, қарт өзінің қате ойлағанын сезеді де, жігіттің қолын алып: - Мен сенің айтқан сөздеріңе түсіне алмай,
ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай емес, сен ақылды жігіт екенсің. Мына менің қыззыммен екеуіңнің
ақылың тең, екеуің бірге өмір сүріңдер, - деп, қызын соған беріпті.
18 - Бөлім: Күшік пен мысық
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1715
Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: – Ей, күшік, мен сені жеймін! –
депті. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік. Қасқыр: – Жарайды,
жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
30 bet
Қасқыр өзінің жолдасына қарап: – Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай
екен? – депті. – Сенің екі көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған,
құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, – депті күшік. –
Мен не қылар екем, соны қара, – депті де, қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысады да,
тұншықтырып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды. – Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін.
Қош бол! – дейді де, қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты. Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш
күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан соң, қаңғып жортуылға шыққан екен, бір аш
мысыққа кез болып, оған: – Ей, мен сені жеймін! – депті. – Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан
соң жерсің, – депті мысық. – Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, – депті күшік. Біраздан соң бұлар бір топ
түйеге келіпті. Күшік: – Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым, қандай
екен? – депті. – Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, аузың айқайып тұр,
тілің салақтап, құйрығың салбаңдап тұр, – депті мысық. Сонда оған күшік: – Енді мен не қылар екенмін,
көр! – депті. Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа
теуіп қалыпты, күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты: – Әй, мақтаншақ! Сен әліңе
қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жемеймін, – депті.
19 - Бөлім: Алтын сақа
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1716
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір
күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген
жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша
айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді.
Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан
ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге: - Ат басындай алтын берейін,
қоя бер, - дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. - Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, - дейді.
Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып: - Енді не берейін? - дейді бай. Кемпір: - Жалғыз балаңды бер,
жіберейін, - дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға: - Балаңды
қай жерде бересің? - дейді. Сонда бай: - Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап
кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, - дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін
беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып
жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын
сақасын жоқтап, жылайды. Сонда әкесі: - Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, -
дейді. Бала бармақшы болады да, әкесінен: - Әке, қандай тайға мініп барайын? - деп сұрайды. -
Жылқышыдан сұрап мін, - дейді бай. Жылқышы балаға: - Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді
сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, - дейді. Бала құрығын құлдыратып, жүгенін
сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды
да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне
ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар
болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек
түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге: - Шеше, анау жатқан сақамды
алып берші! - дейді. Сонда кемпір: - Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам
- отыра алмаймын, - дейді. Сонда бала: - Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын,
- дейді. Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп
алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын
болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш
аяғымен қашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып
түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді.
Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз
кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге: - Шеше,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
31 bet
шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді. Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады
да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір
тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп: -
Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір:
- Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді. Сонда түлкі: - Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ
түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан
бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп,
өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді.
Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір
тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты.
Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға
өтеді. бала қарғаға: - Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта
кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір
мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір
мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады.
Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады. Бұрын бала қыстауындағы ұя салған қарлығаштың
балапандарына тимей, бұларды жақсылап өсіріп, ұшырып жібереді екен. Сондықтан бала қарлығашпен
дос екен. Сонымен, қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтып барады. «Осындай пәлен жердегі
бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жақындатқан, енді құлатуға таяу
тұр», - дейді қарлыгаш баланың төбеттеріне. Мұны естіген соң төбеттер шапқаннан шауып отырып,
бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтерек те жерге құлайды. Баланың төбеттері, жалмауыз кемпірдің қолын
қол, бұтын бұт қылып, жүн-жүнін шығарып, талап тастайды. Бала төбеттеріне кезек-кезек мініп, еліне
аман-сау жетеді. Бала жалмауыздан аман-сау ққтылып келгеніне әке-шешесіне қатты қуанып, ел-жұртын
жиып, үлкен той қылады. Бұдан былай неше күндер өткен соң, баяғы жалмауыз кемпірдің қызы құлаған
бәйтеректің жанына келеді. Келсе, шешесінің жүн-жүні шығып, өліп қалғанын көреді. Кім өлтіргенін білу
үшін сол жерде қарап жүрсе, иттердің ізі көрінеді. Мұнан соң қыз иттердің ізіне түсіп келе жатса, көп
жылқыға кез болады. Енді ауыл жақын екенін біліп, ол жүріп келе жатады. Иттердің ізі тұп-тура байдың
қотанына алып барады. Бұл кезде қотанға баяғы жалмауыз кемпірдің қызының келгенін біліп, бес төбет
жалма-жан тұра ұмтылады, қыз кемпірдей емес, өте-күшті екен, бес төбетке бой бермейді. Сол арада бала,
садақпен атып, қыздың көзін шығарады, садақпен екінші атқанда қызды өлтіреді. Сөйтіп, жалмауыздан
мәңгі құтылады.
20 - Бөлім: Алтын санаған аштан өледі
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1717
Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты.
Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы
мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан
жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе
жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп: –
Оян! – депті. – Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар.
Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны
табылар. Сақтияның аузын ашып-жапқан сайын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған
өміріңе бұйырған несібе осы қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып болады. Жүрегі алып-ұшып,
орнынан атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға қарай он адым аттайды. Опырылған жертөленің
оқпандай орнына кезігеді. Құлаған ошақтың орнын тырналап қазып жатып: ― Осыдан шалдың
айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам – тойынып тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние – ай, бала
шағамның жүрегін жалғар едім. Егер үш ділдәға жетсе, әйеліме арнап көйлек сатып алар едім, - деп
қиялдайды. Шалдың берген аяны айнымай келеді де, айтқан орыннан әмиян табылады. Бір ашса – бір
ділдә, екі ашса – екі.... Әмиянды жүз ашқанда, үйіліп жатқан ділдәларды көзімен жей отырып,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
32 bet
Қарақұмның қақа ортасынан хан сарайындай күмбезді үй салуды армандайды. Қарнының ашқанын да,
балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Көзіне қызылды-жасылды дүние елестеген
Сағат мың, он мың, жүз мың, ..., миллион рет ашамын дегенше, арада екі апта уақыт өтіпті. Өстіп
отырғанда дүниеқоңыз сорлының жүрегі үзіліп, бұл дүниемен қош айтысқан деседі.
21 - Бөлім: Алтын балта
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1718
Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдын балтасын сұрап алады. Бір күні кедей
диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге балтамды алып бер
дейді. Ол қолын диірменге салып бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің
балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Диірменші екінші рет қолын салғанда,
күміс балтаны алып шығады. Сонда диірменші оған «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ.
Бұл менің балтам емес» дейді. Сонда диірменші үшінші қолын салғанда бір ағаш балтаны алып шығады.
Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Сонда кедей «Йа, осы менің балтам» дейді. Сонда
диірменші «Пейілің таза адам екенсің. Сондықтан мына алтын балтаны ал!» дейді. Ол үйіне барып, не
болғанын айтып береді. Балтаны ағып жатқан диірменге қалай түсіргенін айтады. Бай кедейдің
айтқанының бәрін қайталап істейді. Ол балтасын суға түсіріп, диірменшіге балтамды алып бер дейді.
Сонда диірменші алтын балтаны алып шығады. Ол байдан «Мынау ма сенің балтаң?» дейді. Сонда бай
«Менің балтам!» дейді. Диірменші оған «Өтірік айтпа, мынау сенің балтаң емес!» деп өзінің ағаш
балтасын береді.
22 - Бөлім: Алып қара құс - Самұрық
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1719
Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты – Асан,
ортаншысының аты – Үсен, ал ең кенже баласының аты – Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр,
ақ көңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың
күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы
құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан мен Үсенді шақырып алып айтады:
«Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл
түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп
бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», - дейді.
Асан мен Үсен әкесінен корыққанынан:
«Қайдан да болса тауып әкеп береміз», - деп уәде береді де, жол жүріп кетеді. Бұл уақиғаны Хасан
білмейді. Хасан әкесінің Асан мен Үсенді күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен
моншақ-моншақ маржан түсетін құсқа жұмсағанын қырық күннен кейін барып біледі. Асан мен Үсенді
осындай алыс жолға жұмсап, өзінің үйде қалғанына қапа болып, әкесіне жылап келеді.
- Әке, - дейді Хасан, - Асан мен Үсенді жұмсаған жаққа мені неге жұмсамадыңыз, әлде мені ол екеуінен
жек көресіз бе, я болмаса маған сенбедіңіз бе? Патша айтады:
«Жоқ, балам, олай емес, мен Асан мен Үсенді өте қатерлі қиын жолға жұмсадым. Ал сені ол қиын сапарға
жұмсауға қимадым!» Хасан әкесіне жалынып, сол құсты іздеуге разылығын алып, ел-жұртымен қош
айтысып, екі ағасының артынан кетеді. Қырық күн бұрын кеткен ағаларын Хасан қуып жетеді. Ағайынды
үшеуі бір үлкен жолға түсіп жүре береді. Бір күндері бұлардың жүріп келе жатқан жолы үш айрылады:
бір жол оңға, бір жол солға, бір жол тура бетімен. Әр жолдың басында үлкен тас тұр, тастың бетіне ойып
жазған жазуы бар. Бірінші жолда - «Барса, келер», екінші жолда - «Барса, мүмкін келер, мүмкін келмес»,
үшінші жолда - «Барса, келмес» деп жазылған. Асан «барса, келер» жолына түседі. Үсен «барса, мүмкін
келер, мүмкін келмес» жолына түседі, ал Хасан «барса келмес» жолына түсіп жүре береді. Бірнеше ай,
бірнеше күн жүргеннен кейін Хасанның алдынан үлкен қала көрінеді, қаланың айналасында көп киік
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
33 bet
жайылып жүр. Хасанның осы кезде азығы таусылып бірнеше күннен бері ас ішпей, ашығып келе жатқан
кезі екен. Киіктің біреуін атып алайын деп, беліне асынған садағын алып кезене бергенде, киіктердің бәрі
маңырап Хасанды қоршап алып, мұңлы дауыспен шулай кетеді. Хасан киіктерді атпайды, «бұл
жануарларға не болған» деп ойлап, ешнәрсеге түсінбестен қаланың ішіне кіреді. Бір үлкен сарайдың ішіне
кіріп: «Кім бар?» - деп дауыстап еді, ешкім жауап бермеді. Жан-жағына қарап еді, бір алтын табақ тола
қуырылған етті көреді, әбден ашыққан Хасан етті жемекші болып, табаққа қолын сала бергенде: «Әй,
адамзат, тарт қолыңды!» - деп үсті-басы алба-жұлба, тісі ақсиған, түсінен адам қорқатын бір кемпір келіп,
бір нәрселерді айтып аузын күбірлетті де, жерді теуіп қалды. Осы кезде Хасан киікке айналды. Әлгі кемпір
Хасанның мойнынан жетектеп жаңағы маңырап Хасанның алдынан шыққан киіктерге апарып қосты.
Хасан адамгершілік түрінен айрылғанмен, ақылынан адаспады. Көп киіктерден бөлініп жаңағы өзі келген
жолына түсіп, алған бағытына қарай жүре береді. Бірнеше күн өткеннен кейін, алдынан жаңадан соғылған
үлкен сәулетті бір сарай көрінеді. Киік болған Хасан сол сәулетті сарайдың ішіне кірді, алдынан бір сұлу
қыз шығып, киікке қарап:
«Сен киік емессің ғой, адамзатсың ғой, егерде мен сені адамгершілік қалпыңа келтірсем, сен мені аласың
ба?» - деп сұрап еді, киік - Хасан тіл қатпады. Қыз айтты: «Сені киікке айналдырып жіберген менің залым
анам ғой, сенің тіліңді де сөйлетпей қойыпты ғой», - деді де киік - Хасанның бетіне бір уыс топырақ
шашып жіберіп еді, Хасан бұрынғысынан да сұлу жігітке айналды. Хасан адам қалпына келген соң қызбен
сыпайы амандасып, қызға үлкен алғыс айтты және де басынан өткізген тарихын баян етті. Қыз да басынан
Достарыңызбен бөлісу: |