өткен-кеткенін Хасанға айтып берді. Қыз айтты: «Мен сол сені киікке айналдырған жалмауыз кемпірдің
жалғыз қызы едім, шешемнің адамға жасаған дұшпандығына төзе алмай, еншімді алып бөлек шығып едім.
Мен өмірімде адам баласын көрмей жалғыз өтермін деп қапалықта отыр едім, құдай сені маған кездестірді,
мен сенің соңыңнан қалмаймын», - деді. Хасан айтты:
«Мен әкеме берген уәдемді орындамай, саған үйлене алмаймын», - деді. Қыз сұрады:
«Әкеңе қандай уәде берген едің?» Хасан әкесінің түсінде бір тамаша құсты көргенін, күлсе, аузынан
будақ-будақ гүл түсетінін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түсетінін айтты. Сол құсқа әкесінің
көруге құмар болып, екі ағасын «Соны тауып әкеліңдер» - деп жұмсағанын, ағаларының артынан барамын
деп өзінің өтініп, қандай қиындық болса да төзіп, қайдан да болса құсты тауып әкеліп беремін деген
әкесіне берген уәдесін айтты. Қыз Хасанның бұл сөзін естіп жылай берді. «Сен бұл құсты іздейтін болсаң
маған жоқсың. Бұл құс менің құсым еді, адамша сөйлей алатын еді. Менен бұл құсты пері патшасының
Күлжамал деген қызы әскерімен келіп тұрып тартып алып кеткен еді. Ол перінің елін іздеп табарсың-ау,
бірақ та құсты саған оңайлықпен алдыра қоймас», - деді. Хасан айтты:
«Мен қандай қиындыққа болса да төзуге тиіспін, қандай да болса құсты әкеме тауып апарып беру міндетім
және борышым, ал құсты аман-есен тауып алып қайтсам, алдымен саған келемін, сенен басқа ешкімге
үйленбеймін», - деді. Қыз Хасанның беттеген жағынан қайтпайтұғынын білген соң, Хасанға рұқсат беріп,
жөн сілтеді.
- Батысқа қарай тоқсан күн жүресің, одан кейін алдыңнан аспанмен таласқан биік тау кездеседі, сен ол
таудың ар жағына тоқсан күн дегенде өтерсің. Сол таудың арғы түбінде үлкен жалғыз түп бәйтерек бар,
сол бәйтеректің басында самұрық құстың ұясы бар. Сені, мүмкін, сол самұрық перінің еліне жеткізер», -
деді. Содан кейін қыз айтты:
«Менін залым шешем тірі тұрғанда екеумізді бірге өмір сүргізіп қоймайды, бір зиянын тигізеді, менің
шешемнің ажалы мынадан болады», - деп бір садақтың оғын берді. - Қалай қарап атсаң да, менің
шешемнің маңдайына тиеді, - деді. Хасан садақтың оғын алып, көп кідірместен атып жібереді, атылған
оқ жалмауыз кемпірдің маңдайынан тиіп сол заматта өлді. Бұдан кейін Хасан қызбен қош айтысып
батысқа қарай жүріп кетті. Қыз айтқандай Хасан тоқсан күн жүріп аспанмен таласқан үлкен тауға кездесті,
таудың ар жағына тоқсан күн дегенде зорға деп асып түсті. Үлкен жалғыз түп бәйтерекке келіп саясында
демалып отыр еді:
«Әй, адамзат, бізді өлімнен құтқар, құтқар!» - деп шырылдаған самұрық құстың балапандарының даусын
естіді. Хасан:
«Бұл мүсәпірлерге не болды?» - деп қарап еді, бір үлкен айдаһар жылан балапандарды жұтуға әзірленіп,
бәйтеректің басына қарай жылжып өрмелеп бара жатыр екен. Хасан көп ойланбай, дереу қынаптағы
қылышын суырып алып айдаһарды бірнеше жерден шауып өлтірді. Самұрық құстың балапандары
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
34 bet
өлімнен аман-есен құтылғанын біліп, Хасанға көп рақмет айтты, ашығып отырған балапандар айдаһардың
етін жеп тойып алды. Дәл осы кезде қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Хасан балапандардан сұрады:
«Бұл не қылған жел, не деген нөсер жаңбыр?» - деп. Балапандар айтты:
«Бұл жел емес, біздің анамыздың қанатының лебі, ал жаңбыр дегеніміз - біздің анамыздың көз жасы.
Біздің анамыз жылда осы бәйтеректің басына жұмыртқалып, балапан басып шығарады екен. Анамыз
балапандарына тамақ іздеп кеткенде, жаңағы сіз өлтірген айдаһар інінен шығып, біздің анамыздың басып
шығарған балапандарын жеп қояды екен, біздің анамыз келгенше қайтып ініне тығылып қалады екен.
Қазір біздің анамыз аң аулап қайтып келе жатыр, біздерді тірі көремін бе, әлде айдаһар жеп қойды ма деп
жылап келе жатыр. Міне, ол жаңбыр емес, біздің анамыздың көз жасы», - деді.
- Біздің анамыз, - деді балапандар, - адамзаттың етіне сондай құмар. Сізді көрсе дереу жұтып жіберуі
мүмкін, сондықтан сіз біздің қанатымыздың астына жасырына тұрыңыз, - деді. Хасан балапандардың
қанатының астына жасырынды. Бір мезгілден кейін самұрық құс келіп бәйтеректің басына қонды.
Самұрық құстың салмағынан бәйтерек иіліп жерге тиді. Балапандарының тамағына көп бұғы, киік, тағы
басқа аңдарды алып келіп үйіп тастады. Балапандарының тірі екенін көріп көз жасы тыйылып, қуанып
кетті. Дәл осы кезде жадырап күн де шығып, катты жел де тыйылды. Бір кезде самұрық құс тамсанып
жан-жағына қарай берді:
«Адамзаттың иісі шығады, сендер көрген жоқсыңдар ма?» - деді. Балапандар айтты:
«Егер сіз бір касық қанын кешсеңіз, біз адамзатты көрсетелік», - деді. Самұрық «мақұл» дегендей бас
изеді, балапандар қанатының астындағы Хасанды көрсетіп еді, самұрық Хасанды жұтып жібере жаздады.
Балапандар шыр-шыр етіп, анасының тамағынан ұстай алды. Содан кейін самұрық балапандарынан:
«Бұл адамзат сендерге қандай жақсылық істеді?» - деп сұрады. Балапандар айтты: «Бұл адамзат
айдаһарды өлтіріп, бізді ажалдан құтқарды», - деді. Самұрық Хасанға үлкен алғыс айтып, не жұмыспен
келгенін сұрады және де қандай жәрдем керек деді. Хасан басынан кешкен уақиғаны жасырмай айтып
берді және перілердің жеріне жеткізіп тастауды өтінді. Самұрық «мақұл» деп жол қамына кірісті.
Балапандарына өзі қайтып келгенше жетерлік ауқат жинап беріп, жолда жейтін азығын да алып, үстіне
Хасанды мінгізіп перінің жеріне қарай ұшады. Самұрық бір жеті ұшады, мұхиттан өтеді, шөлден өтеді, от
дариясынан өтуге жақындағанда жейтін тамағы таусылып, басы айналып, көзі қарауытқан самұрық састы.
- Ей, адамзат, баратын жерімізге жете алмаймыз-ау, менің әлім құрыды, құлауға айналдым! - дейді. Хасан
дереу екі санының етінен екі жапырақ ет кесіп, самұрықтың аузына тосты. Самұрық Хасанның берген
етін жеп, күшіне келеді. Содан кейін самұрық Хасаннан сұрайды:
«Бұл қайдан шыққан ет? Сондай дәмді, әрі күш беретін ет екен», - дейді. Хасан айтты: «Мен сізге
санымның етін кесіп бердім». Самұрық Хасанның екі санындағы жарасын дереу сипап еді, жара жазылып
кетті. Осыдан кейін көп ұзамай-ақ самұрық пен Хасан перінің жеріне келіп жетті. Самұрық айтты:
«Перілер бір ұйықтаса қырық күн ұйықтайды. Перілердің ұйықтағанына қазір үш күн бопты. Мен сені
осы жерде үш күн күтемін, үш күнде қайтып келмесең, мен саған қарамай-ақ ұшып кете берем», - дейді.
Хасан үш күнде қайтып келуге уәде беріп, қалаға қарай кетеді. Қала өте сұлу екен, ылғи алтыннан
соғылған, бұрын мұндай сұлу қала көрмеген Хасан қаланы тамашалап, құсты да, самұрықты да ұмытып
кетеді. Хасан бір кезде қаланы аралап жүріп, бір үлкен тамаша соғылған сарайға кіреді. Сарайдың ішінде
қырық қыз ұйықтап жатыр, ар жағында оңаша бір бөлмеде алтын кереуеттің үстінде тағы бір қыз ұйықтап
жатыр. Одан әрі тағы бір бөлмеге кіріп еді - жаюлы дастарқан, неше түрлі тамақ. Тамақтан алып жейін
деп еді, бір нәрсе шаңқ ете қалды:
«Әй, адамзат, біреудің тамағын неге рұқсатсыз жейсің?» - деп күліп жібергенде аузынан будақ-будақ гүл
түседі. Хасан қараса, өзінің іздеп жүрген құсы екен, алтын қапаста отыр. Хасан қуанып кетті. Құсты алып
самұрыққа тез қайтпақшы болып, құсқа ұмтылғанда құс шар ете түсті. «Сен мені алып кете алмайсың.
Егерде мен ащы даусыммен сайрасам, осы қаладағы ұйықтап жатқан перілердің бәрі оянады. Ал, сенің
бір мысқал етің бұл жерде мың ділда тұрады, мені ескертпеді деп өкпелеме, ендігісін өзің біл», - деді.
Хасан құсқа жалынып жылай берді. Жолда көрген уақиғаларын және де құстың бұрынғы егесімен
қосылмақшы болып уәделескенін айтты. Құс Хасанның көңілін қимай: «Мақұл, мені алып кете ғой, бірақ
жолда көрген оқиғаларыңды айтып хат жазып, ана бөлек бөлмеде ұйықтап жатқан қыздың қалтасына сал»,
- деді. Хасан құстың айтқанын орындады. Содан кейін құсты алып самұрыққа келді. Самұрық енді
болмаса ұшып кетейін деп отыр екен. Хасан құспен самұрықтың арқасына мініп көп қиындық көрмей,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
35 bet
самұрықтың балапандарына аман-есен жетті. Ар жағына жету үшін самұрық қанатының бір қауырсынын
үзіп берді. Хасан құспен самұрықтың қанатының қауырсынына мініп уәделескен қызына келді. Қыз
қуанып Хасанды, құсты бар ынтасымен қарсы алды. Бірнеше күн демалған соң, Хасан қызды, құсты алып,
самұрық берген қауырсынға мініп еліне қарай жүріп кетті. Бірнеше күн жүрген соң, алдынан жаяу келе
жатқан бір адамға жолықты. Қараса, өзінің ортаншы ағасы Үсен екен, жолда жол азығы таусылып бір
байдың малын бағып күнін көрген, содан кейін еліне жаяу қайтып келе жатыр екен. Өзі әбден аштықтан
азған, киімдері тозған. Хасан Үсенді суға түсіріп, үстіне жаңа киімдер кигізді, тамаққа әбден тойғызды.
Сөйтіп, өздерімен бірге қауырсынға мінгізіп келе жатса, Үсеннің халінен де жаман азып-тозған, биті
торғайдай, мойны ырғайдай болған Асанға кездеседі. Хасан Асанды да Үсен сияқты жуындырып,
киіндіріп, тамаққа тойғызып, қауырсынға мінгізіп алып жүреді. Бір күні бұлар бір жерге келіп қонады.
Осы кезде Асан мен Үсен екеуі ақылдасады. «Біздің әкеміз бұрын да біз екеумізден Хасанды жақсы
көруші еді, енді Хасан елге барған соң құсты мен таптым, қызды да өзім таптым дер, ал бізді аштан өлейін
деп келе жатқан жерінен өзім тамаққа тойындырып алдым дер. Әкеміз екеуміздің байға жалданып мал
баққанымызды естісе, менің атыма дақ келтірдіңдер деп дарға асуы да мүмкін. Қайткен күнде де
Хасанның көзін жою керек, содан кейін құсты өзіміз тауып алып келдік дейміз», - дейді. Екеуі осылай
етіп келісіп, Хасанға келеді. «Бізге құдықтан су алып бер», - дейді. Хасан «мақұл» деп беліне жіп байлап
терең шыңырау құдыққа түседі. Асан мен Үсен Хасан құдықтың дәл ортасына жетісімен жіпті пышақпен
кесіп жібереді. Хасанды құдыққа тастағаннан кейін Асан мен Үсен қызды «мен аламын», «мен аламын»
деп таласып қалады. Қыз екеуіне де тимей, айдалаға қаңғырып кетеді. Асан мен Үсен құсты алып еліне
келеді. Әкесіне құсты алып келгенін баяндайды. Патша Асан мен Үсеннен:
«Хасан қайда?» - деп сұрайды. Асан мен Үсен:
«Хасан біздің айтқанымызға көнбей, теңіздің суына шомылып жатқанда, жайын жұтып қойды. Бірақ біз
жайынды өлтірдік, Хасанның кегін алдық», - дейді. Патша Хасанның өлгенін естіп, қатты қайғырып
басын көтермей күн-түн жатып алады. Дәл сол күні перілер ұйқысынан оянады, пері патшасының қызы
қапастағы құстың жоқ екенін біліп қалаға жар салады. Қалтасындағы хатты көріп, құсты адамзаттың алып
кеткенін біліп, пері патшасының қызы әскерімен құсты іздеуге аспанға ұшады. Хасанның әкесі бір күні
өзі орнынан тұрмастан: «Құсты сайратыңдар!» - деп бұйрық береді. Құсты алтын қапасқа отырғызып
сайратады. Құс қайғылы, мұңлы үн, ащы дауыспен сайрайды. Дәл осы кезде аспанда ұшып, құсты іздеп
кең аспанды кезіп жүрген перінің қызының әскерлері Хасанның елінің үстінен адам болып түсе береді.
Аспаннан адам жауған соң, Хасанның елінің адамдары үрейленіп, қорқып патшаға келіп тығылады. Пері
патшасының қызы әскерімен құстың тұрған жеріне келіп, патшаны алдына шақырады. Патша жатқан
орнынан тұрып киімін киіп, белін буынып, аллаға сиынып, пері патшасының, алдына келеді. Пері қызы
патшадан сұрайды: «Ей, адамзаттың патшасы! Мына құсты қай балаңыз алып келді, соны маған көрсетіңіз,
мен сіздің сол балаңызбен сөйлесер едім», - дейді. «Әй, пері қызы! Осы құсыңды мен түсімде көріп, бір
көруге құмар болғаным рас. Алып келіңдер деп үш баламды жұмсағаным рас. Ал, сол үш баламның екеуі
аман қайтып келді, ал ең кішісі жақсы көретін балам қайтпады, жолда балық жұтты деп келді, өтірік-
расын әлі анықтағаным жоқ. Ал, сол баламның қайғысынан мына құсты осы бірінші рет көріп тұрмын,
ендігісін ана тірі келген екі баладан сұраңыз!» - деді де патша үйіне кетті. Пері қызы Асан мен Үсенді
шақырып: «Қалай алып қайттыңдар, соны айтып беріңдер», - деді. Асан мен Үсен: «Е, қалай алып
қайттыңдар дейтін несі бар, жүйрік атпен бардық та, алып қайттық», - деді. Пері қызы айтты: «Сендер
шындарыңды айтпай отырсыңдар, бәрібір мен қазір құсты сөйлетемін, құс барлық шындықты айтып,
сендердің сөздерің өтірік болса, бастарыңды аламын!» - деді де құсқа «сөйле» деп белгі берді. Құс жолда
болған оқиғаның бөрін айтты: «Хасан ақ көңіл, қайырымды жігіт екен, жылап қоймаған соң, ергенім рас,
Хасан мені алып менің бұрынғы иемнің үйіне әкелді. Содан кейін бәріміз осы жаққа қарай келе
жатқанымызда жолда азып-тозып, ашығып келе жатқан Асан мен Үсенді кездестірдік. Хасан бұл екеуін
тамаққа тойындырып, киім киіндіріп еді, бұлар Хасанға қастық ойлап құдыққа алдап түсіріп тастап кетті.
Содан кейін менің бұрынғы иемді екеуі «мен аламын», «мен аламын» деп таласып еді, ол қыз екеуіне де
тимей, айдалаға қаңғырып кетті. Олардың аштан өлетін уағы болған жоқ, әлі тірі болуы мүмкін», - деді.
Пері қызының бір әскері жер жүзін бір сағатта айналып шығатын жүйрік екен, пері қызы сол жүйрікті
жұмсады, ал Асан мен Үсеннің басын кесіп алды. Пері кызының мұнысына барын өз құлағымен естіген
патша қарсы болған жоқ. Асан мен Үсеннің басы алынып болған кезде жүйрік пері Хасан мен қызды алып
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
36 bet
келді. Пері қызы Хасанның батырлығына, адамгершілігіне риза болып, құсты өз қолынан Хасанның
әкесіне сыйлайды. Патша пері қызына алғыс айтып қырық күн той, отыз күн ойын жасады. Пері қызы
әскерімен қонақ болды. Сонымен адал адамдар өз мақсаттарына жетіп, бақытты өмір кешті.
24 - Бөлім: Алты түлкі
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1721
Алты түлкі
Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана
құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,— деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ
түлкі: «Осыларды, мен осы бес түлкінің қандай қылып құйрықтарын шолақ қылып өзіме тең қылып
қоямын»,— деп ойлап келіп, тапқан ақылы. Сонда бес түлкіге айтты:
— Біз бір жақсы ойын қылайық!— деп.
Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарынан байлап қойып өзі бір биік таудың басына шығып,
түлкілерге айтты:
– Мына жақта бүркіттер келе жатыр,— деп өзі қашты.
Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, әммесі шолақ болып қалады, шолақ болғаннан кейін
бұрынғы, міне, шолақ түлкі өздерін шолақ қылып, серік қылды. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін
ешкім мазақ қылып күлмейтін болды.
25 - Бөлім: Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1722
Бір күні Сүлеймен ғали ассалам барша құсты жиып алып айтыпты: «Мен бұл күнде қартайдым, етіме
жұмсақ төсек болмаса болмайды. Баршаларыңыз барыңыздар, бір-бір жүндеріңізді беріңіздер, содан
төсек істеуге керек,»—дейді. Сонда барша ауадағы құстардың бәрі де бір-бір жүнін жұлып берді дейді
Сүлеймен ғали ассаламға. Сонда жалғыз-ақ жарқанат «Сүлейменге қалайшадан бір-ақ тал жүнімізді
береміз» деп, өзінің тәуір деген жүнінің бәрін алып беріпті. Сонда Сүлеймен барлық жүнін алып,
«құстардың алды бол» деп бата беріпті. Мұнан соң кешікпестен ойлап: «Жалаңаш нәрсеге өзге құстар
мазақтап күле бере ме?»— деп, тағы айтыпты: «Сен ауада түнде ұшарсың, құс пенен адам байқап сенің
сиқыңды көрмейтін уақытта»,— депті. Сонан бермен қарай жарқанат тек түнде ұшатын болған.
26 - Бөлім: Қасқыр мен кісі
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1723
Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай
жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан касқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр
сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығынды, мені
қабыңа салып, арқалап жүре бер»,— дейді.
Қасқыр жылап тұрған соң, егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар
мылтық. қылышын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден сұрайды:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
37 bet
— Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе?—деп.
Кісі:
— Жаңа бір қасқыр анау шоқайдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар,— дейді. Аңшылар асып кеткеннен
кейін, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға:
— «Жөніңе жүре бер, маған да бір жақсылық етерсің»,— дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге:
— «Мен сені жеймін, қарным ашты»,— деп тап-тап береді.
Егінші байғұс сасқалақтап:
— Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете ме
екен, олай болса төрелетейік, қайсымыздікі жөн екен,— дейді.
Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып
шығады. Түлкі:
— Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге
нанбаймын, барып тұрған өтірік,— дейді.
Қасқыр мен кісі «бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға:
— Қапқа кірмей сенбеймін,— дейді.
Қасқыр сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге:
— «Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын кезің келді, қане мен көрейін, күздігүні егінді қалай
соғып жүрсің?»—дейді.
Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды. Түлкі:
— Енді қаптың аузын аш,— дейді.
Қасекең алды-артына қарамастан шыға жөнеледі. Артынан түлкі:
— «Көптен бері істемеген бір әділ төрем еді»,— деп сақ-сақ күліпті.
Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты.
27 - Бөлім: Қу түлкі
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1724
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
-Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
38 bet
— Мүмкін емес,— дейді.
— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз
көзіңмен көр, — дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп
аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал
қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.
— Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
28 - Бөлім: Өткен замандағы хикаят сөз
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1725
Бұрынғы заманда бір түлкі жакын маңайдағы қалаларға түнде барып көшелерін, базарларын аралап,
күндіз түсіп қалған ет, май, ондай-мұндайларын теріп жеп жүреді екен. Бір күні түнде баяғы қалпынша
қыдырып жүрсе, бір бояушының лапкесі ашық қалған екен, соған кіріп, һәмме денесін бояп алыпты.
Тіміскілеп жүріп тамағын тойдырып алып өзінің сахарадағы мекеніне барыпты. Басқа сахарадағы
арыстан, қабылан, жолбарыс я басқа көп аңдар таң қалыпты:
— Бұл бізге көктен түскен патшамыз шығар,— деп, арыстан астындағы тағын түсіп беріпті. Қу түлкі
бұлардың қорыққанын біліп:
— Мен көктен түскен патшаларыңмын,— деп, өзін-өзі мақтап, көп заман сахарадағы аңдарға хүкім дауа
жүргізіп, таққа мініп, патша болып тұрды, һәм неше түрлі аңдар қызметінде болып, қолдарын қусырып
тұрдылар. Бір күні түнде басқа атыраптағы түлкілер уланып өліпті. Түлкілердің өлгенін естуімен мұның
асылы һәм түлкі болған соң, бұл һәм өліпті. Арыстан бұның өлгенін біліп бас салып пәре-пәре қылып
тастапты: «Неше заманнан бері бізді алдап жүрген екен: «мен сіздерге көктен түскен патшамын»,— деп.
«Әлін білмеген әлек» деген сөз сықылды өзін-өзі жоғарыға санаймын деп, өзі-өзіне ажал тапқызды.
29 - Бөлім: АЛДАР КӨСЕ МЕН ШЫҚБЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1726
Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай
болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса,
дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе
оның жауабы:
— Шық, әй! — екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты
естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-әйін» естімеген жан болмайды екен.
Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен.
Алдар қу! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ ел-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге
айналады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
39 bet
Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас, — дейді жұрт. Осы сөз Алдарға
жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да есітеді.
— Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын, — деп, Алдар аттанады.
Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған,
ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.
«Не істеп отыр екен бұл қу» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Сығаласа: Достарыңызбен бөлісу: |