– Әлгі семізін ап келмей, арығын ап келер, өзім шығайыншы! - деп, жүгіріп шығып, екеуі сыбырласып:
– Аузын ұрып, аяғын сыпырған жарықтықтарды қалай қиып, бас салып соямыз? Жетім күнінде не жемеді
дейсің? Бір мысық сойып, палау басайық! - деп, жанға көрсетпей, мысық сойып, палау басты дейді.
Табақты көтеріп пайғамбар алдына ап келіп, қойған заман бір бүртік ет табақта қалмай, мысық тіріліп,
шек-қарнын шұбатып, мияулап, жүре бергенде, екеуі жүгіріп шығып, ұялғаннан жүннің арасына кіріп
кетіп, қайта жарық жалғанның жүзіне шыға алмай,қара күйе болып кетіпті. Қара күйе өзі екі түрлі болады:
себебі сол дейді, солай болғаны үшін. Бұл әңгіменің қиямет қайымғаша айтылып жүруіне мұның хақында
Уаейл сүресі келген деседі. [Мағынасы мынадай айтылады...]
«Айналайын, һамза, Лумза, малды үсті-үстіне топырлатып жиды. Санап санына жете алмады ... ойлады:
«Сол жиылған мал сол бойымен тұрады. Өзімізге өлу жоқ, ол малға ешқайда кету жоқ» - дейді. Ол мал ол
дүние жиюшының өзіне Хұтыма деген тозақтан кейін болмайды. Хұтыма деген тозақ ішіне түсісімен,
күйдіріп жібереді екен. «Сондай ол һамза, Лумза да жүннің ішіне кірісімен, күйіп күйе болды!» - дейді.
Жалғанда осы һамза, Лумзаны еліктеушілер ақыретте Хұтыма атлы тозаққа кіргенде, түсісімен, күйе
болып кетсе керек.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=3241&oku=19499#ixzz4WeByTNJn
276 - Бөлім: ЗАМАНЫНА ҚАРАЙ АМАЛЫ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1973
ЗАМАНЫНА ҚАРАЙ АМАЛЫ
Бұрынғы заманда бір адам қатынымен араз болыпты. Болған себебі - қатынының өз байынан басқа жақсы
көрер тамыры болғандықтан. Байы үйден шығып кетсе, тамырын шақырып алып, ойына алғанын
жұмыстай беретұғын болғандықтан, байы кіріп келе сабап, еркектің күшін қолымен көрсетіп, бірін-бірі
көргісіз болып, өйткенмен бірінен бірі кете алмайды. Қосақталған екі хайуандай бір арыснай (арестный)
домға қамалған екі арестанттай күн кешіріп жүре беріпті.
Бір күн[і] қатынының тамыры қойынында жатқанда,даладан байының келіп қалғанын сезіп, қатын есікті
ішінен тарс бекітіп алып, байы кіре алмай, есіктің алдында тұрғанда,көше жақтан бір жаршы жар салып
жүр екен:
– Хан түсін жоруын білетұғын түс жорушы бар ма?! - деп.
Қатын терезеден айғайлап, жаршыны шақырып алып:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
459 bet
– Есіктің алдында менің байым тұр, түс жоруын жақсы біледі. Айтқаны далаға кетпейді. Жалғыз-ақ
ұрмаса, соқпаса, қинамаса, білмейтұғын жаман әдеті бар. Өзін өлтіре ұрса, сонда шешіліп сөйлейді! -
деген соң, ханның жұмсаған жендеттері ерік-әліне қоймай, сүйретіп ала жөнеліп, ханның алдына
апарыпты.
– Түс жоруын білемісің?- деген екен.
– Жоқ, тақсыр, білмеуші едім!- деген соң,алып келген жендеттер айтыпты:
– Өзінің қатыны бізге барлық сырды айтып берді. Ұрмай, соқпай сөйлемейтұғын әдеті бар өзінің!- дейді.
– Ендеше ұрыңдар, соғыңдар, қинаңдар! Тұщы етіне ащы таяқ тисе долданып, ашынып сөйлейтұғын
бойында бір бөлек айтатұғыны бар шығар! - деп, дүрсілдеттірді дейді. Жанына таяқ батып бара жатқан
соң:
– Тақсыр, дат!- дейді.
– Арызың болса, айт!- дейді.
– Үш күн мәулет беріңіз, оңашаға барып, елсіз жапанда ұйықтап қалып, сіз не көрсеңіз, соны түсімде
көріп, сөйтіп келіп айтушы едім,- дейді.
– Жарайды,- деп, босатып қоя берді.
Хан алдынан былай (бұлай) шығысымен, құба жон, құла түзге бет қойып жөнелді.«Үш күнге шейін
іздеген жан таба алмастай, бір жетермін!»- деп, сол кеткеннен мол кетіп бара жатыр еді. Жапанның сары
даласында біреу мұның атын атап шақырады:
– Ай, пәленше, қайда барасың? - деп.
Жан-жағына қараса, өзінен басқа қарайған, қалқиған жан жоқ,жүре берейін десе, шақырып қоймайды.
Қараса, бір жылан басын қақитып, шақырып тұрған. «Осы менің атымды айтпай танып, сұрамай біліп
тұрған жылан да болса, тегін жылан емес қой!»- деп, жуықтап, жанына барды.
– А, пәленше, қорықпа, саспа! Хан түс көріп, сол түсін саған жоры!- деп, қинап, қыстаған соң, жаныңнан
қорқып кетіп барасың ғой! Ханның түсінде не көргенін айтайын және оның жоруын үйретейін. Ханның
өзіңе бергенінің жарымысын маған қиямысың өзің? -дейді.
– Ойбай, саған түгел әкеп берейін, маған ханның бергенінің керегі жоқ. Жаным өлімнен қалса, маған
соның өзі зор олжа!- дейді.
– Ой, байғұс-ай, «Судан өткенше, қызымды берейін, - деп, өтіп алған соң аузыңды сі...ін!» - деп айтатұғын
қазақтың бірі емессің бе? Бүтін әкеп бер деп не қылайын, жартысына қалыт (қалта) қылмасаң болады!» -
деп, әбден кешіріп, жылан сөйлепті. - Хан түсінде көктен жылан, шаян, құрт, құмырсқа жауғанын көрді.
Өзі қорқып, түсімде соны көрдім! -деп айтуға да аузы бармай: «Не көрдім түсімде, соны тап та және
жоруын айт!» - деп, қинаған ғой сені. Ол түсінің жоруы - заман жаманға айналады: ұрлық, зорлық, өтірік
көп болады. Бұ күнгі уәдесінде ертең ешкім тұрмайды. Біреуді біреу жеу, біреуді біреу өтірік алдау, арбау
- жұрт түрі солай болады.
– Жарайды, ханның бергенінің қақ жартысын саған ап келіп, алдыңа қояйын! - деп, қайта берді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
460 bet
Келіп ханға сөйлеген соң,хан түсін тапқанына риза (ырза) болса да, «заман жаман болады!» - деген соң,
мың ділда сыйлапты. Бұл мың ділда қолына тиген соң, «Алтын көрсе, періште жолдан шығады» - деген
бар ғой,«Жыланға ділданың не керегі бар, маған енді жыланның не керегі бар?!» - деп, үйіне барып,
тымпиып жатып алды дейді.
Айлардан айлар өтті, жылдардан жылдар өтті. Баяғы хан тағы бір түс көріп, белгілі түс жорушыны
шақыртты дейді. Шақырғанмен қоя ма, ерік әліне қоймай дедектетіп алып келіпті. «Білмеймін десем, тағы
да ұрады ғой!» - деп:
– Тақсыр, үш күн мәулет!- депті.
– Жарайды, бар!- деп, қоя беріпті.
Тағы да жазы жапанға, құла түзге қаша жөнелді: «Енді маған баяғы қыдыр болған жылан қайда? Жылан
ұшырағанмен, не бетімді айтамын, қалай ұялмай, оны көремін? Не болса да, осы бетіммен қаңғи берейін!»
- деп, бара жатса, баяғыдай атын атап, жылан тағы шақырды дейді.
Аяғымен басып баруға жарай алмады. Жерге жата қалып, бетімен басып, зорға барды дейді:
– Саған қарар жүзім де жоқ, айтар сөзім де жоқ! Алсаң, міне, бас;алмасаң, алдияр бас!-деп, жыланның
аяғына бас қойып, жатып алды дейді.
– Көтер басыңды! Байғұс, енді мұнан былай өтірік айтпасаң, ендігі бергеннің жартысын ап келіп бересің!
Оныңа да көнейін! - деген соң, қуанып, ұшып тұра келді:
– Ендігі бергенін түгел ап келіп, алдыңа қоймасам ба? Менен ұрғашының жаман жері жақсы деп біл!-
дейді.
– Жарайды, антың толық болды.Хан түсінде көктен қой жауғанын, қозы жауғанын көрді, қуанып оянды.
Бастапқы түсін қорыққанынан ұмытты, бұл түсін қуанғанынан ұмытты. «Қорыққан, қуанған - екеуі бір
бас» демеп пе еді? Оның жоруы - заман жақсылыққа айналады (айланады). Жылан мен бала ойнағандай,
ит-құс пен қой ойнағандай: «Қой үстінде торғай жұмыртқалайтұғын» - заман болады! - дейді.
Еліктей ұшып, елпілдей басып, ханға келіп:
– Тақсыр, түсіңізде көктен қой жауғанын, қозы жауғанын көрдіңіз бе? - дегенде:
– Рас, рас, көрген түсім - осы еді. Енді мұның жоруын айт! - дейді.
– Тақсыр, бұл түсіңіздің жоруы - заман оңға айналды, жамандықтың жолы байланды. Енді заманыңыз бір
түрлі, бұрын соң да ешкім көрмеген жақсы заман болады! - деген соң, хан қуанып, он мың ділда берді.
Қолына түсісімен: «Қайдасың, жылан, енді көрінші!» - деп, асып-сасып, желпектей басып, жолда сүрініп,
мүдірместен,титтей кідірместен, жыланның алдына алып келіп, бәрін төге салды:
– Алшы түгел бәрін сен! - деп.
Жылан айтты:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
461 bet
– Ой, байғұс-ай, баяғы мың ділданың жартысын әкеліп беруге қимай, өтірік айтып кеткен пәленше сен
емессің бе? Бүгін қайдан әулие бола қалдың?! Мен сені сөзге түсіндірейін. Заманды адам билемейді,
адамды заман билемек! Баяғыда заман көтін көрсеткен заман еді. Заман оңға айналмай (айланбай), қыңыр
қисыққа айналған еді. Сондықтан сені заман шыры жеңіп, өтірікші болып алып, келе алмағаның сол. Бұл
күнде заман бетін көрсеткен заман. Заман оңға айналып, өтірік зым-зия жоғалып, шындық күшейіп, ұрлық
жоғалып, біреудің біреу бір сабақ жібіне қиянат қылмайтұғын болып, зорлық жоғалып, әділет күшейіп,
сол заманның жақсылығының әсері (шыры) сені шыншыл қылып, айтқанда, табанын аудармай тұра
қалатұғын жігіт қылып тұрғаны. Сенде жазықта жоқ, әулиелік те жоқ. Өтірік сөйлетсе, заман сөйлетті.
Шыншыл қылса, заман қылды. Солай болғаны үшін айтылады: «Заманына қарай - амалы»- деген сөз
сонан қалған! - дейді.
Дүние бір күн көтін көрсетпек, бір күн бетін көрсетпек! «Дәл осы күн дүниенің көтін көрмесе, бетін көріп
тұрған бір жан жоқ!» - десең, өтірікші болмайсың. Көктен жылан, шаян жауғанын бұрынғы түсінде көрген
болса, бұл заманның адамы өңінде көріп тұр. Ешкімге өкпе жүрмейді. «От ішінде мақта, Мақтадан Құдай
сақта!» - деп, жүре бергеннен басқа дәнеме өнбейді.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=3241&oku=19500#ixzz4WeCC48Pw
277 - Бөлім: АҚЫЛДЫҢ ПАЙДАСЫ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1974
АҚЫЛДЫҢ ПАЙДАСЫ
Ерте уақытта бір патша болыпты. Патшаның әдеті үстіне жабайы киім киіп, жабайы адам болып, шаһарын
аралап жүреді екен. Бір күні бір жерде бір адамды көреді. Басына ат басындай алтын, аяғына қой басындай
алтын жастап жатыр екен. Патша бұған келіп:
– Сен не ғып жатқан адамсың?- деді.
Ол айтты:
– Мен ақыл сатып, кәсіп [етіп] жүретін адаммын, - деді.
– Мынау алтындарым сонан жинап алған пұлым, - деді.
– Ендеше маған да бір ақыл сатасың ба? - деді патша.
– Сатайын,- деді адам. - Сізге осы ақыл қайырлы болсын, - деп, мынау ақылды береді, сатады: «Не жұмыс,
не іс қылсаң,ақылмен, сабырмен артын ойлап істе!» - деген сөзді береді.
Патша бір ділда беріп, алып кетеді. Үйіне келгеннен кейін, үйінің қабырғасына, әрбір ұстайтын орамал,
дастарханға сол сияқты неше түрлі нәрселеріне жазып қояды. Бір күні патша шаштаразыға:
– Сен бүгін біздікіне жүріп, менің шашымды алып берші! - деп, шақырып кетеді. Артынан шаштаразы
кешікпей келеді. Шаштаразының патшаның шашын алайын деп келе жатқанын біліп, патшаның бас уәзірі
алдынан қарсы жолығып:
– Патшаның шашын қандай пышақпен аласың? - деді.
Шаштаразы өзінің күнде шаш алып жүрген ағаш сапты пышағын көрсетті. Онда уәзірі айтты:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
462 bet
– Сенің ол пышағың патшаның шашын алуға лайық емес. Мә, сен мына пышақпен ал! -деп, уәзір өзінің
алтын сапты ұстарасын береді.
Ол алып келеді де, патшаның үйінде жазулы тұрған жазуды көріп: «Не іс қылсаң,ойлап істе, - деген сөз
дұрыс қой деп, - қой, өзімнің күнде алып жүрген ұстарам лайық болар!»[деп], алтын сапты ұстараны
былай қояды да, ағаш сапты ұстарамен алады.
Патша көріп отыр, ойлап отыр: «Бұл маған менің шашымды алуға алтын сапты жақсы ұстарасын қимай
отыр. Бұл ұстарасын менің шашымды алуға қимағанда, енді кімге қияды?! Шашты алып болсын, шашты
алып болған соң, оның сазайын тарттырамын!» -деп, шашын алып болған соң, бір жасауылын жіберіп,
бас алатын жендетін шақыртып алып:
– Шаштаразының басын ал! - дегенде, шаштаразы:
– Дат, тақсыр! - деді.
Патша:
– Айт! - деді.
– Айтсам, тақсыр, менің жазығым не, айтып өлтіріңіз!- деді.
Патша:
– Айтсам, екі ұстара әкелдің: алтын сапты, ағаш сапты. Алтын сапты жақсы ұстараңды менің шашымды
алуға не себепті қимадың? Жазығың сол! - дегенде:
– Тақсыр, оның себебі қимағаным емес, себебі бар. Себебін айтайын. Алтын сапты ұстара менікі емес.
Оны сіздің өзіңіздің бас уәзіріңіз беріп,жаңа осында сіздің шашыңызды алуға келе жатқанымда, алдымнан
қарсы жолығып беріп еді: «Патшаның шашын[а] мына алтын сапты ұстара лайық, осымен ал!» - деп.
Мұнда үйіңізге келген соң, сіздің мына жазуыңызды көзім көріп: «Қой, сырын білмеген аттың сыртынан
жүрме!» - деген бұрынғылардың мақалы да бар еді, - деп, - күнде көзім көріп, қолыма ұстап үйренген өзім
ұстарам жақсы болар! - деп, алған себебім сол! - дегенде, патша бір жасауылын жіберіп, уәзірін шақыртып
алып, шаштаразыға:
– Мынаның шашын ал, өз ұстарасымен! - деді.
Шаш алып болмай-ақ, уәзірдің табанда жаны шығып кетіпті. Онан кейін патша бағанағы ақыл сатушыны
өзіне бас уәзір қылыпты. Тағы да патша бір күні шаһар аралап жүрсе, базарда нан сатушы біреудің нанын
талап, таласып алып жатады. Патша да бір нанын алып дәмін татып көрсе, наны өте тәтті екен. Патша
оған айтады:
– Сен маған үйіңді көрсет. Сенен күнде нан алып тұрайын, - дейді. Ол үйіне патшаны ертіп барып, тамақ
жайын аралатып көрсетіп, енді бір үйге алып барса, үйдің іші толған адам, бәрі темір көгенмен көгенделіп
жатқан. Патшаны да бірге көгендеп салады.
Патша жоғалады. Уақытында үйіне бармайды. Патшаның жоғалғанын ешкімге сездірмейді. Ақылды
уәзірі өзіне белгілі ақылы бар: «Артын ойлап іс қылу керек», - деп, ешкімге сездірмеген, артын ойлап іс
қылуды ойлаған.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
463 bet
Күнде біреуін сойып, майына нан пісіріп, базарға сатады. Бір күні патшаны союға кезек келеді. Патша
жалынып айтады:
– Сен мені сойма, мен саған нан сатқан пайдаңнан артық пайда келтірейін - дейді. - Маған кілем тоқитын
құрал тауып бер!- деген соң, басқа бір биік үйге, оңаша кілем тоқуға қояды. Патша кілемін тоқып бітіреді,
өзіне белгілі ақылды қоса тоқып:
– Ақыл белгілі ойлап, іс қылу басқаның әлі келмейді. Осы шаһардың патшасына сат, мың ділдадан кем
берме!- деп айтып жібереді.
Айтқанындай, дәл сатып келеді. Бағанағы бас уәзірі, ақылды уәзірі, біледі: патшаның тірі екенін, мынаның
білетіндігін сезеді де, бұған айтады:
– Үйіңде енді осындай кілемің бар ма? Бар болса тағы аламын! - дейді.
– Бар - деген.
– Ендеше екі есе артық бағаға аламын, үйіңді көрсет! - деп, бір жасауылын қосып жібереді. Артынан
жансыз үш жасауылын жіберіп, оның соңынан өзі он жігітпен барып тінтіп қарап, патшаны,басқа
көгендеулі адамдардың бәрін тірі тауып, тұтқыннан босатып алады. Патшамен көрісіп жыласып жатыр.
Мана жоғарыда патша жоғалған күнде ақылды уәзірі патшаның жоғалғанын жарияламаған, көпшілікке
сездірмеген, артын ойлап іс қылуды ойлаған.
Әлгі кісі өлтіріп, кісі етін сатып пайдаланушыны мойнына темір шынжыр тағып, сүйретіп өлтіріпті.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=3241&oku=19501#ixzz4WeCKPgTX
278 - Бөлім: ЕКІ ПАТШАНЫҢ БІЛМЕСТІГІ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1975
ЕКІ ПАТШАНЫҢ БІЛМЕСТІГІ
Біреуі Мысыр, біреуі Бағдат, Басра шаһарында болатындығы бар. Сөз басы Мысыр шаһарының патшасы
бір күні өзінің қол астындағы халқын жиып алып, сахара майдан жеріне сейілге шығып, шаттанып
отырғанда, барлық халқынан, жолдастарынан сұрайды:
– Жасырмай айтыңдар: өз тұсымда дүние жүзінде менен асқан көрікті, ақылды, данышпан адам бар ма?
Көрген, білгендерің бар ма? Егер бар болса, менен қорықпай, ұялмай, жасырмай айтыңдар! - дейді.
Дегеннен кейін көптің ішінде бір жігіт адам айтады:
– Маған айтты деп ренжімесеңіз, қаһар қылмасаңыз, мен бір адам көрдім. Ол он қабат артық. Ақыл да,
көрік те,мінез де, инабат та, ғылым да, мал да, ой да, бой да бәрі де сізден артық! - дегенде, патша айтқан
жігітке қаһар етіп:
– Сол айтқан патшаңды тауып алып кел. Әйтпесе басыңды аламын! - деп, қаһар етеді.
Бұл жігіттің айтқан патшасы Басра шаһарының патшасы еді. Бұл жігіт патшадан мәулет сұрап, Басра
шаһарының өзі көрген патшасының шаһарына барып жетіп, патшаның [үйіне] қалжырап жетіп, есігіне
барып, қақпасын қаққан соң, есігін ашады, үйіне кіргізеді. Кіріп, патшаның алдына келген соң, патшаның
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
464 bet
алдына жығылып, талып, ессіз болып, бірнеше күн жатады. Патша данышпан адам болғандықтан: «Бұл
жігіт алыс жерден келген адам. Мұнда бір сыр бар шығар!» - деп, бірнеше тыныққанша күтіп, сыйлап,
өзіне келтіреді. Бірнеше уақыттан кейін өзіне келген соң, жөнін, жайын сұрап, қайдан келген, қайда
баратынын, жұмысын сұрап біледі. Жігіт бастан-аяқ келген, жүрген, көрген әңгімесін айтады, патшаны
іздеп келгенін айтады. Егер бұл патша ана патшаға көрініске бармаса, жігіт өлетіндігін айтты. Патша
жігіттің, бармаса, өлетіндігін ойлап, амалсыз бармақ болады. Жол жабдығын ыңғайлап, үйінен,
шаһарынан бір қонақтық жерге барғаннан кейін:
– Үйімде бір өте қажет, адамға айтпайтын бір нәрсем ұмыт қалыпты, - деп, түн ішінде үйіне қайтып келіп,
күзетшілеріне патша екенін білдірмей, көп алтын сыйлап, өз үйіне өзі сөйтіп кіріп барса, төсегінде қатыны
мен бір бөтен жігіт бірге жатыр екен. Патша қолындағы қылышпен екеуін бір-ақ кесіп өлтіріп, қайтадан
жолына келіп, бірнеше күн жол жүріп, Мысыр патшасының үйіне келіп тынығады.
Бірнеше күндер өткеннен кейін екі патша әңгімеге келіп, жолаушы келген Басра шаһарының патшасының
ажары күн-күн сайын бәсең тартып, ажары түсіп, жүдеу тартып,уайым-қайғыда болып, күрсініп
жүдегендік, көңілінде ауыр қайғысы барлығы біліне бастайды. Екі патша бір күндері көңілдерін көтеру
үшін далаға сейілге шығады. Екі патша сейілге шығып, шаһар сыртында биік тау бар екен. Тау басына
шығып, тау басынан шаһарға көз салып қарап тұрса, патшаның әйелі қырық қыз, қырық жігіт нөкерімен
о да сейілге шығып, шаһар ішінде бау-бақша ішінде гуляйть құрады. Патшаның әйелі де бір жігітпен
гуляйть құрғанын алыстан, тау нан патша өз көзімен көріп, екі патша бастас болып, екеуінің мұңы бір
келіп, екеуі енді түсіп: «Бүйтіп мынаны көріп, мына дүниенің ішінде жүргенше, о дүниені бер!» - деп,
құдай жолына түсіп, мал-жанынан безіп, қаңғып келе жатып,бір қалың ағашты бәйтерекке келіп,
бәйтеректің түбінде ағып жатқан тұщы мөлдір бұлақ бар екен. Су ішіп, сусындарын қандырып, дамылдап
отырғанда, бір айдаһар жылан келеді. Екі патша айдаһардан қорқып, бәйтеректің басына шығып
паналайды. Біраздан кейін айдаһар жөніне кетеді. Енді аздан соң, бір дәу келеді. Арқасында арқалаған
алтын әбдіресі бар. Екі патша айдаһардан құтылдым ба деп отырғанда, дәуге кез болып, шыбын
жандарынан үміттерін үзіп отыра берді. Дәу келді де, жоғары-төмен еш нәрседен қауіпсіз ешқайда
қараған жоқ. Бұлақтан суды бір-екі ұрттап алды да, арқасындағы әбдіренің аузын ашып, ішінен ай мен
күндей бір сұлу қызды шығарып алып, ойнағаннан кейін, ұйықтап қалды. Біраздан соң қыз түсіп,
бұлақтың басына суға шомылып, жуынып, бұлақтың шетіне отырып, шашын тарап отырса, судың бетінде
екі көркем жігіттің сәулесі түсіп тұр. Қыз көріп,талып қалғандай тамашалап, бұлар қайдан келіп қалған
адам дегендей, жан-жағына қараса, бәйтеректің басында екі жігіт отырғанын көріп, қуанып шақырып:
– Екеуің мұнда кел! - деп.
Екі патша:
– Түспейміз! - деп еді, қыз айтты:
– Екеуің түспесең, менің тілегімді орындамасаң, қазір екеуіңді мына жатқан дәуге өлтіртемін! - деген соң,
жанынан қорыққан соң, екеуі қыздың тілегін амалсыз орындайды.
Қыз бастан кешкен уақиғасын айтып, осы екеуімен тоқсан тоғыз адаммен ойнағанын айтады. Бұл екі жігіт
қыздан мұндай әңгімені естіген соң: «Біздікі асаулық, дәнеме білмегендік екен!» - деп, тәубе қылып,
райдан қайтып, үйірін, елін табады. Мұның аяғы қыздың тоқсан тоғыз жігітпен қалай ойнаған әңгімесін
естігендерің әңгімеге жарисыңдар, соған құлақтарыңды салып тыңдап тұрыңдар.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=3241&oku=19502#ixzz4WeCRXS8X
279 - Бөлім: БЕС ТИЫН БАҚЫР ЖӘНЕ МЫСЫҚ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1976
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
465 bet
БЕС ТИЫН БАҚЫР ЖӘНЕ МЫСЫҚ
Бұрын ерте уақытта бір адам: «Адал еңбекпен азға қанағат қып, қалай байиды екен? - деп, адал еңбек
қылып, азға қанағат қып байиын!» - деп,сол ойының соңына түседі дейді. Өз елінен басқа, өз шаһарынан
басқа, бір алыс жерге барып, бір байға жұмыскер болып, жұмыс істеп тұрады. Баймен жалақысына баға
сөйлеспей тұрады. «Құдайдың бұйырғанын алармын, адал еңбегімді жемес!» - деп,жыл он екі ай болып,
байдан шықпақшы болып, еңбегін сұрағанда, бай бес тиын бақыр ақша береді. «Құдайдың бұйырғаны Достарыңызбен бөлісу: |