|
Бабатайұлыны шығармаларының тарихилығЫ
УДК 82
-2: 821.512.122
Д
.
БАБАТАЙҰЛЫНЫ
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИЛЫҒЫ
(«ЕСПЕМБЕТ», «ШАШТАРАЗ»
ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ
)
Тулегенова Шынар Исланбекқызы
-
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы
Бұл
мақалада Дулат Бабатайұлының «Еспембет» және «Шаштараз» шығармалары
туралы айтылған. Д.Бабатайұлы жырау және зар заман ақыны. Былғы жылы «Бір ел –
бір кітап»
республикалық акциясында Дулат Бабатайұлының шығармалары ұсынылды. «Еспембет» поэмасы
Еспембет атты батырдың қазақ
-
қалмақ арасындағы
шайқастағы
ерлігі баяндалады. Поэмада ел
үшін туған Еспембеттің өмір жолы баяндалады. Ата
-
анасынан жастай жетім қалып,
нағашысының қолында тәрбиеленген Еспембет есейген сайын туған еліне деген сүйіспеншілігінің,
сағынышының артуы, еліне аман
-
есен келіп, өзінің ер екендігін, батырлығын дәлелдеп шығып,
халқының қамқорына, айбарлы батыр дәрежесіне дейінгі ерлік оқиғалары баяндалады. Қазақ жерін
қалмақ
-
қытайдан қорғаған Еспембеттің ер мінезі, азаматтық тұлғасы сомдалады.
Бұл
шығарма
шынайы өмірге барынша жақын, себебі дастанда өмірде болған Ақтамберді, Қабанбай, Матай
сынды батырлар да көрсетіледі. Шығарма соңында Еспембет батырдың ерлігімен аяқталатыны
көрсетілген.
«Шаштараз» шығармасы тарихтағы Ескендір Зұлқарнай патшаның бойындағы міні –
басындағы мүйізі туралы ел арасында таралған оқиғаның негізінде жазылған
.
Бұл шығармада
патшаның басындағы екі мүйізін көрген шаштараздың тағдыры, өмір
-
тіршілігі суреттеледі. Сөз
құдыретінін, тілдің атқарар рөлін көрсету басты мақсат етіп қойған. Көбен көрген нәрсесін,
ішіндегі бар толғанысын кең даладағы ойпан жерге айтып, сол айтылған сөзінің патшаның
құлағына жетіп, ақыр соңында шаштараздың басын дарға асып өлтірілгендігімен аяқталатыны
жайында айтылған.
Негіз сөздер: батыр, ер жүрек, шайқас, патша, шаштараз, халық, ақын.
ИСТОРИЗМ ПРОИЗВЕДЕНИЙ Д.БАБАТАЙУЛЫ
(НА ОСНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЙ «ЕСПЕМБЕТ», «ШАШТАРАЗ»)
Тулегенова Ш.И. –
преподователь кафедры теории языков и литературы, Костанайский
государственный университет имени А.Байтурсынова
В данном статье идет речь о произведении «Еспембет», «Шаштараз» Дулат
Бабатайулы. Д.
Бабатайулы –
писатель горестного времени и сказитель. В этом году на
республиканской акции «Одна страна –
одна книга» были рекомендованы произведения
Д.Бабатайулы.
В поэме идет речь о Еспембета, его жизни, о том что он родился ради страны.
Рано о
сиропов воспитывался в руках, у деда, повзрослев любовь
к своей родине, вернутся живыми и
здоровом, чтобы доказать свое
мужество отважу
и героизм своему народу все это описывается
в данном произведением. Описывается мужество, которое он проявил в защите казахских земель
от калмак
-
китайцов. Это произведение ближе к нашей реальной жизни, так как в поэме
присутствуют такие герой (батыр) как Актамберди, Кабанбай, Матай
.
В оконцовке произведения
завершается подвигом Еспембет батыр.
Произведение «Шаштараз» рассказывается о царе Ескендир Зулкарнай, об его личности
распространенном
среди народа. В данном произведением
также идет речь о судьбе
парикмахера
увидевшего
рога
у царя. Главной целью было показать силу слова, роль языка. Рассказывается о
том, как кобеи увидев
одну вещь, все свое душевное состояние, восприятие рассказам все по его
рассказанное дошло и до царя, что и в последствий привело к тому что, бедного парикмахера
убили по
вешав его.
Ключевые слова: батыр, отважный, битва, кароль, парикмахер, народ, ақын.
HISTORICISM OF DULAT BABATAIULU
’
S WORKS
(FOUNDING FROM WORKS OF
,
ESPEMBET’ AND ‘SHASHTARAZ’
)
Tulegenova Sh.I.
–
lecturer, department of theory of languages and literature, Kostanay State
University named after A.Baitursynov
This article refers to the works of Dulat Babataiulu ‘Espembet’ and Shashtaraz’ .He is a
kazakh
poet. This year is devoted to works of Dulat Babataiulu within ‘Bir el
-bir kitap .
The
poem of ‘Espembet’ refers to Kazakh hero called Espembet and his courage during the fight
between kazakh-
kalmak . Also the poem is about Espembet’s life and heroism. He was an orphan at an
early age that is why he was brought by mother’s relatives. But l
ater he wanted go back to his motherland
and there he proved his bravery towards his people. Moreover the poem describes his personalities as
courage kazakh hero and defender. The poem is more realistic because it includes real characters like
Aktanberdi,
Kabanbai and Matai. The poem ends with Espembet’s bravery.
‘The hairdresser’ is based on the story about the king Eskendir Zulkainar who had horns in his head.
This work shows the hairdresser’s life who worked with the king and his troubles .He told the
story which he
had over lived in his life and that is why the king ordered to kill him. Thus the story ends.
Keywords: hero, courage , fight, the king, a hairdresser, people, poet.
Keywords: batyr, drave, battle, karol, hairdressers, people, akin.
2007
жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен «Бір ел
-
бір кітап»
республикалық акциясы құрылған болатын. Ең алғаш рет Абай Құнанбаевтың «Қара сӛздері» оқылды.
Одан кейін М.Әуезовтың «Қилы заман», Ф.Оңғарсынованың «Дауа»
,
С.Мұратбековтың «Жусан иісі»
кітаптары оқырмандарға ұсынылып, оқылған болатын.
«Бір ел
–
бір кітап» акциясының мақсаты
-
қазақ әдебиетін кӛпшілікке таныту және
қазақстандықтардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген
туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай
-
ақ жастарды
отаншылдыққа әрі ӛнегелілікке тәрбиелеу.
Ӛткен жылы елімізде І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер»
тарихи романы ұсынылды. І.Есенберлиннің шығармасы бойынша Қазақстанның әр аймағында іс
-
шаралар ұйымдастырылып, кітапты талқыға салған болатын.... Бұндағы
«Қаһар», «Алмас қылыш»,
«Жанталас» кітаптарындағы кейіпкерлерді талдап, мазмұнының не жайында жазылғанын
толық ашып
қарастырған болатын.
Міне, биылғы жылы
«Бір ел –
бір кітап»
акциясына Дулат
Бабатайұлының шығармалары
ұсынылды.
Қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын майталман ақын
-
жазушылардың
шығармаларын жыл сайын оқырмандарға ұсынып, толық танысуға мүмкіндік береді.
Д.Бабатайұлының ӛмірі жайлы мәлімет ӛте аз. Халық ақыны Шәкір Әбеновтің ел аузынан
жиыстырған мәліметтеріне қарағанда Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,
Аягӛз ауданы, Сандықтас ӛңірінде туып, 1871 жылы дүниеден ӛткен
екен
.
Д.Бабатайұлы қазақ
тарихында шығармаларының шыңшылдығымен, зар заманның қилы тағдырын шынайы суреттеген
жырау, ақын ретінде танимыз
.
Дулат Бабатайұлы шығармашылығының даралық, суреткерлік шеберлік қырларын сӛз
еткенде, оның тіл кӛркемдігін, сӛз кестесін нысанаға аламыз. Сол арқылы ақынның алғыр ойын, жүйрік
қиялын, талғампаздығы мен шешендігін қатар танытатын тіл кӛрнекілігін толық түсінеміз. Ақынның сӛз
қолданысындағы шеберлік қыры, тілдегі бар сӛзді орынды пайдаланумен ғана емес, оларды бейнелік
құрал ретінде алмастырып, ауыстырып жаңа, тың образдар тудыруынан айқын кӛрінеді.
Дулат Бабатайұлының алғашқы ӛлеңдер жинағы «Ӛсиетнама» 1880 жылы Қазан қаласында
жарық кӛрген.
Тәуелсіздік тұсында ғана Дулат Бабатайұлының шығармашылығы толық жинақталып, ақынның
200 жыл толуы қарсаңында бірнеше еңбектері жарыққа шыққан
Дулат –
жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Олай дейтін
себебіміз ӛлең сӛз арқылы насихат, дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам жалпы
философиялық қозғалысты қозғаса, ал ақындық мектепте поэзиядағы нақтылық,сынау, күйіну, сүйіну
сияқты нақты суреттерге тоқталған.
Кӛркем сӛзді халыққа қызмет ететін қару деп ұғынған ақын ӛз
шығармаларында заманының кӛкейкесті мәселелерін қозғайды. Ол ӛмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған
орта, әлем жӛнінде, ӛзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдамшы, жалған дүние турасында толық
тебіренеді.
Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика,
дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі кӛрсетеді.
«Еспембет»
-
сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның кӛркемдік қасиеті де осы шағындығында. Кӛп сӛзге
салынбай, поэмада суреттелетін кӛп оқиғаны аз жолға сыйғызып кӛрсеткен.
Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман,
тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды.
Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді.
Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол ӛзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды.
Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбӛрте тайды беруін сұрайды.
Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді.
Атасының батасын алып, ӛзінің туған жеріне келгесін, ағайындары ұнатпай, онша елемейді.
Арада 3
-
4 жыл ӛткеннен кейін, тай Ақбӛрте бесті
болады. Сол елде
болғаннан кейін бәйгеге қосады.
Сол бәйгеден жалғыз ӛзі озып келеді де, оның бәйгесіне тігілген жүз тайлақты бес Сыбанның ұлына
Еспембет бӛліп беріп,
Шақырып алып Еспембет
Ақтамберді қолбасын
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақты есептеп
Біреуін де алмады.
Осы жолдардан
-
ақ ӛзінің ірілігін, мырзалығын кӛреміз. Осы оқиғадан кейін кӛзге түсіп, ауызға ілігеді.
Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол
жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет
кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе
-
жекте қазақтан сегіз батырды бір ӛзі ӛлтірген қалмақтың
батырына Еспембет жалғыз ӛзі қарсы шығып
Жетіп келіп Еспембет:
-
Ақтамберді ер,
-
деді,
-
Мен барамын сіз үшін,
Кезегіңді бер,
-
деді.
Жас санама, бас сана,
Қайратымды кӛр,
-
деді.
Ақтамберді қарт батыр
Қол жайып бата берген.
Тотан шығып жӛнелді
Найзаға таққан шоқтай боп,
Ақбӛрте кетті құнтиып
Садақтан тартқан оқтай боп,
Қанға сусап қалмақ тұр
Обатұғын оптай боп.
Еспембет келе сӛйледі,
Ерлікке сай қайраты,
Қаруға сай амалы:
«Сен –
қалмақтың қабаны.
Қарсыңа қалай жіберді
Қазақ саған баланы?
Қазақ сені қорлады,
Баладан тӛмен санады
Жігерің болса, қайраттан,
Баланы саған балады.
Ағаштан жұлып алмадай
Басыңды бала алады»
[1;102],-
деп
қалмақтың намысан тиіп, ащы тілімен мұқата білді. Осы сӛзден кейін Еспембетке жігерленіп, қалмақты
қалайда жеңу керектігін ойластырды. Сол кезде қалмақтың батыры ашуланып, тістеніп, екі ұртына қан
толып, шыдай алмай Еспембетпен қылыштасады
.
Қылыштары жарқ
-
жұрқ етіп, денелері
қанға боялып,
екі батырдың жекпе
-
жектегі ерлігін Қабанбай, Ақтамберді сынды бытырлар жандарын шүберекке
түйіп, ел үшін туған ерім деп Еспембетті қолдайды.
Иә, күрес үстінде жеңіліс пен жеңіс бар. Біреуі
озып шығатыны шындық. Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы күресте Еспембет ӛзінің батырлық
ерлігін кӛрсетіп, қалмақ батырын ӛлтіріп, атын олжа етеді. Осыдан кейін рухтанған қазақ қолы
жӛпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне қайтады. Жасынан
-
ақ халқының жауына қару
жасап қызмет етсем деген тілегі орындалады.
Бет бұрып тізгін тартқан жоқ
Жаудың мың мен санынан.
Ӛле
-
ӛлгенше ел болды
Еспембеттің арманы.
Ӛзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Еспембеттей ер қайда?
Еспембеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда?
[1;103], -
деп
Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады.
Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін кӛрсететін мінез
-
ӛз жері, ӛз елін сүю.
Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сӛздер айтып,
ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт
-
ӛзіне серік
боларлық атты ӛзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да ӛтеді. Ақбӛртені ол құлын кезінен
танып, кӛзінен таса қылмаған.
Жігіттің батырлығын айқындайтын –
оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде кӛрінеді. «Ер
басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда,
кӛпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, ӛліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге
мұрындық болады.
«Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады. Бұл шығарма арқылы
қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз.
Дулат Бабатайұлының екінші бір дастаны «Шаштараз». «Шаштараз» дастанның этикалық
-
философиялық мән
-
маңызы, ғибратты тәлімі, ӛнегелік қырлары ұланғайыр.
«Шаштараз» дастанында: дүниені уысынада ұстаған патшаның басында қос мүйіз болады.
Оны жан баласы сезіп қойса, бақыты таяды екен. Патша тәжісін басынан ешқашан түсірмейді. Шашы
ӛсіп, патшаның сиқын кетіреді. Сонда шаһардағы ең епті шаштаразды шақырып алып, сырын ашып
айтады. Не сұрасаң бәрін беремін, қолдан келетін кӛмегін аямайтынын ашық айтады. Үй де, ділда да,
жиһаз да, қызметшілеп де, саят құруға құс та, құралайды кӛзге ататын мерген де, құшағыңа сұлу қыз
да беремін деп уәде етеді.
Дүнияда не қажет,
Керегіңнің бәрін ал –
Қызметкер –
күң мен құл,
Ӛлі жиһаз, тірі мал.
Алғыр құс, атқыш мерген бар,
Саясаттап сайран сал.
Ұнатып елден сұлу сүй,
Лебізі тәтті, шәрбәт –
бал.
Бірақ саған үш түрлі
Қоятұғын шартым бар»
[2;93],-
деп былай дейді.
Біріншіден, басымдағы қос мүйізімінің барлығын құпия ұстайсың, екіншіден, басқаның шашын
қимайсың, үшіншіден, аузыңнан шыққан сӛзге ие боласың дейді.
Шаштараз міндетін атқарады. Мүйізді кӛрген соң, есінен танады, іштей булығып айтқысы
келеді. Бірде таң алдында, алакӛбеде шаһардан шығып, ен далада етбетінен жатып, кӛрген
-
білгенін
шыдай алмай ақыры қара жере сыбырлап қояды.
«Кеше күндіз патшаның
Шашын алып берді,
-
деп,
Қасиетті басынан
Қос мүйізін кӛрдім»,
-
деп,
Жерге тӛсеп ауызын,
Ӛзінен
-
ӛзі күбірлеп,
Мақтан тойын тойлайды
Кеудесінде дүбірлеп.
Мың қайтара айтқанда
Ортайды куде толғаны.
Сілесі қатып ұйықтады,
Естіген адам болмады»
[2;95],-.
Ішіндегі бар сырын жерге айтып, жеңілдеп қалғанын сезеді. Бірақ, аузынан шыққан сӛзі,
топыраққа сіңеді, топыраққа
сіңген сӛзі жеті жыл жерде сақталып, шаштараз ішіндегі сӛзін айтқаннан
кейін сауық
-
сайран салып, айтқан сӛзінің жерге сңіп кеткенін де білмейді. Күндер, айлар, жылдар
ӛтеді. ол байлыққа кеңеліп, молшылықта ӛмір сүре бастайды. Патшаның ұсынған мол байлығына
кеңеліп, ӛзіне лайықты жар таңдап бақытты ғұмыр кешіп жатады.
Күндердің
-
күнінде ӛзен тасып, сырын тӛккен ойпаң жерге құрақ ӛсіп, шаштараздың лебізін
құрақ судырлап, жел жыбырлап, жалпақ әлемге жайып жібереді. Осы бір мезетте жырау былайша
баяндайды:
..
.Кӛк құрақ басын иеді,
Жылы леп пен жылмақ жел
Бұраңдатып сүйеді,
Сылдырлатып ән салды..
Дүниеге хабар таралды,
Жел айтқанды ел айтып,
Патшаға хабар барады.
Қамыс айтты, жел айтты,
Ел айтқанда, шын айтты
[2;97].
Серт пен сырға осалдық танытқаны үшін, шаштараздың басы алынады. «Ешкімді жамандама,
қара жер де жеткізіп қояр» деген аталы сӛздің мағынасы мен тағылымына жете түсінбегендігі ақыры
түбіне жетеді. Екі елі аузыңа, тӛр елі қаққа сал деген қазақ мақалы бекерден
-
бекер айтылмаса керек.
Дулат Бабатайұлының шығармалары қанық та айқын бояумен, ӛзгеше ӛрімдерімен, сан
құбылған сӛз сиқырларымен ерекшеленіп тұрады.
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясында Дулат Бабатайұлы тұңғыш рет патша ӛкіметінің орталық езгі
саясатының астарын ашып айтып, оның ел ішіндегі «жексұрыны, қанды ауыз ұлық болған, қазақтан
шыққан кәпірдің» образын ашық суреттей білген.
Дулат –
кестелі тілді, шешен ақын ғана емес, ХІХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясына жаңа
форма, соны мазмұн әкелген жаңашыл қаламгер. Ол жазып та, айтып та шығарған.
Жалпы, Дулат Бабатайұлының ақындық мұрасы негізінен осы алуандас жанды, бейнелі
образдық жүйесімен, нақышты, кестелі тілімен, терең мағыналылығымен, сыңғыр қаққан келісімімен
ерекшеленеді.
Әдебиеттер
:
1. Қорабай С. Дулат Бабатайұлының шығармалары.
-
Алматы. Ана тілі, 2013ж.
2.
Бабатайұлы Д. «Тұнық тұма» Алматы
.
Раритет
,
2002 ж.
3.
Қорабай С., Керімбек Ж. Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы, 2005ж.
Литература
:
1.
Корабай С. Произведении Дулат Бабатайулы. Алматы Ана тілі, 2013г
.
2.
Бабатайулы Д. «Тұнық тума» Алматы «Раритет»
2002 г
.
3.
Корабай С., Керимбек Ж. История казахский литературы Алматы, 2005г
.
References:
1. Korabay S. Dulat Babataiulnin shigarmalari.
–
Almati. Ana tili, 2013.
2. Babataiuli D
. «
Tunik numa
»
Almati, Raritet, 2002 .
3. Korabay S., Kerimbek G. Kazak adebietinin tarihi Almati, 2005.
Автор туралы мәлімет
Тулегенова Шынар Исланбекқызы
-
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы. Қостанай қ. Абай к., 26 үй,
e-mail:Sangik_98@mail.ru
Тулегенова Шынар Исланбековна –
преподователь кафедры теории языков и литературы,
КГУ им. А.Байтурсынова. г.Костанай ул. Абая 26,
e-mail:Sangik_98@mail.ru
Tulegenova Sihinar Islanbekovna
–
teacher of language and literary theory, Kostanay State
University named after A.Baitursynov. Kostanay city, 26 Abay St., e-mail:Sangik_98@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|