Күйеу бала қонаққа келгенде ұсынылатын бұл тағам қазір қарапайымданып кеткен. Қазіргілер қой сойғанда оның ішек-құрылысын тастай салады. Олардың өте пайдалы екенін ескере бермейді.
Өрметөс – қой төсінен жасалатын тағам. Оны екіге айырып, екі шетін өру арқылы құс қанатына ұқсас қылып жасайды. Бұл күйеу балаға “қанатың талмасын!” деген тілектестікті білдіреді.
Жаужүрек
Бұл тағам қойдың бауырынан жасалады. “Жаужүрек” деп аталуының себебі – оның құрамында қорқынышты жоятын гормонға әсер ететін элемент бар. Сондықтан оны ер адамдар мен жас балаларға береді. Сондай-ақ қойдың бауырында миокард инфарктының алдын алатын гепарин бар.
“Жаужүректі” ыстық тіскебасар ретінде ұсынуға да болады.