Зерттеужұмысының өзектілігі. Наным-сенім – дүниені, өмірді, адамдар қарым-қатынасын танып-талдап және ой елегінен өткізіп, игеруден туатын тұжырым-түйін. Наным-сенімсіз дүниеге көзқарас жүрекке жетпеген, санаға сіңбеген, көңілге қонбаған абстрактылы түсінік болып қалады. Наным-сенімге айналған білім-түсінік адамды ешқашан немқұрайды қалдырмай, іс-қимылға бастайды, адамның тұлғалық ұстанымына айналады. Сондай-ақ оған ие болған адамды өзгертіп, көзін ашады, бойындағы қабілеттерді оятып, жігерлендіреді, өмірдегі келеңсіз құбылыстарға қарсы тұрғызады. Наным-сенім адамға сыртқы күшпен, үгіт-насихатпен таңылмайды. Оған адам ойланып, толғанып өз еркімен жетеді. Адам өз нанымынан оп-оңай бас тартпайды, керісінше, оны табандылықпен қорғайды.
Қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінде қазақ халқының наным-сенімдерінің жиі кездесетінін білеміз. Қазақ халқының қанына сіңген наным-сенім сөздерден ұлттың болымысы мен дүниетенымы айқын көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасқан дүниетанымын дәріптейтін наным-сенімдер ұлттық құндылықтарымызға айналған. Алайда осы мәселенің ғылыми тақырып ретінде зерттелуінде олқылықтар аз емес. Міне осы жағдайлар зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеужұмысыныңмақсаты. Қазақтың наным-сенімдеріндегі ұлттық құндылызтарды зерделеу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
– қазақтың наным-сенім сөздерінің зерттелуін қарастыру;
қазақ халқының діни наным-сенімдерінің болмысын талдау;
– қазіргі қазақ тіліндегі наным-сенім сөздердің ерекшелігін анықтау;
наным-сенімдердегі ұлттық құндылықтарды зерделеу;
Зерттеунысаны: қазақтың наным-сенімдері.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне байланысты сипаттау, жүйелеу, салыстыру, жинақтап қорыту сияқты дәстүрлі әдіс-тәсілдерден басқа компоненттік талдау, кешенді талдау әдістері, тілдік бірліктерді зерттеу амалдары мен принциптері басшылыққа алынды.
Зерттеудереккөздері. Жұмыстың ғылыми-теориялық негізі ретінде жалпы тіл біліміндегі тарихи грамматика және когнитивтік лингвистика мәселелеріне арналған қазақтың наным-сенімдеріне қатысты еңбектерді негізге алдық. Шетелдік және ресейлік ғалымдар: Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторный, Б. Бартольд, Л.П.Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев т.б. және отандық ғалымдар Ш.Уәлиханов, А. Төлеубаев, Қ.Сартқожаұлы, Д. Банзаров, Т. Ғабитов, Ғ. Есім, С. Ақатаевтардың ғылымыи зерттеулері қарастырылды.