Қазақтың тұңғыш дикторының аты-жөні кім?


– Сіз қазақ тілінде, ал Нелли Омарова орыс тілінде жаңалықтар жүргізген тұңғыш диктор. Дос болдыңыздар ма?



бет4/5
Дата22.01.2023
өлшемі73,5 Kb.
#62319
түріКонкурс
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зұлқия Жұматова тұңғыш дикторы

– Сіз қазақ тілінде, ал Нелли Омарова орыс тілінде жаңалықтар жүргізген тұңғыш диктор. Дос болдыңыздар ма? – Нелли Омарова радио-­телевидениеде 40 жыл жұмыс істеді. Бірақ көз жұмғанда көңіл айтқан, іздеген адам болмады. Бірге қуандық, бірге жыладық. Ол уақытта соғыстан кейінгі кез, киетін дұрыс киім жоқ. Ол тігінші болатын, маған бір жаға тігіп әкеп береді де, бүгін басқа киімде боласың дейтін. Оны ­Левитан «табиғаты диктор» деп бағалады. Мәскеудің телевидениесіне барғанда жұмақ көргендей болдым. Бізде ­ондай жағдай болған жоқ. «Шіркін-ай, ­Алма­тының телевидениесін дәл Мәскеу­дегідей болғанын көрсем арманым болмас» деуші едім. Құдай соған жазды. ­Арманым орындалды. Бір емес, бірнеше рет мені хабарға шақырды. «Келбетті» түсірді, «Дара жолға» шақырды. Телевидениенің қырық жылдығында Д.Назарбаева Нелли екеумізді шақырып, Алғыс хат берді. Ол кезде 80 жастамын. Көңілім толқып, тіпті сөйлей алмай қалдым. «Бірінші диктормын, қазір 80 жастағылар арасында байқау өткізсеңдер, қатысар едім, аласыңдар ма?» дедім. Бәрі құрмет көрсетті. Қазір мен шаршадым. Ештеңенің керегі жоқ, атақты дер уақытында бермеді. Ондай жағдайлар бір менің ғана емес, ­талай ұлылардың басынан өткен. Мен кетіп барам ғой енді, бүгін жатам, ертең тұрам ба кім білсін?! – Өздеріңізден кейінгі дикторлар ­туралы не айтасыз? – Бізден кейін Мариям мен ­Ласкер келді. Екеуі қол ұстасып, той жасап қосылғанына қуандым. Данара деген диктор болды, жүргізгені ұнайтын. Мен сізге айтайын, адам қай уақытта да өмірде болып жатқанның барлығын біліп тұрғанды жақсы көреді ғой. Қазір телевизор көрмеймін, шынын айтайын, көп оқимын. Құдайға шүкір, қызымның арқасында, газет-журналдарды үйге әкеп тұрады. Балаларым, немерелерім жақсы көреді. Қазір төртеуіміз ғана қалдық. Төртеуі қайтыс болды. – Қандай жазушыларды, ақындарды жақсы көресіз? – Классик жазушыларды, Толстойды жақсы көремін. Абайды, Мұқағалиды, Қадырды сүйіп оқимын. – Мақсатқа жету деген не? – Мақсатсыз адам – адам емес. Менің айтатыным – адамға жанашыр бол. Кешірімді болу – пейілден. Қисық ағашты түзетуге болады, қисық пейілді түзете алмайсың, оны көр түзетеді. Баршаңа, менің сүйікті ұжымыма мың алғыс. 100 жасымды атап өтіп жатыр. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет