Қазазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министірлігі



Дата18.11.2023
өлшемі18,7 Kb.
#124615
Байланысты:
Қылышбек Арсен эссе

ҚАЗАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Сәулет кафедрасы



ЭССЕ

Тақырыбы:14-16 ғасырлардағы Ортағасырлық мемлекеттер

Орындаған:Қылышбек Арсен
Тобы:CM 23-5K16
Қабылдаған:Тилеукулов Гаухар

14-16 ғасырлардағы Ортағасырлық мемлекеттер


Моғолстан-14 ғасыр ортасында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты.Бұл мемлекетті құрған Тоғлық Темір 1348ж—1362ж.Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.14-15ғ Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы - Алмалық қаласы. 14 ғасыр ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі Мауреннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған.Моғолстан аталу себебі Шығыс жазбаларында моңғол сөзіндегі “ң” әрпі түсіп қалып, “моғол”, “моғолстан” сөзі қалыптасып кеткен. Хан өзінің билігін бұрыңғы жүйемен жүргізеді.Салық жинауда жаңа шаралар қолданады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне кіруі баяу жүрген енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген.Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады. 14 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпайды. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың арасында Алтын Ордаға және Моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның әр жеріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған.Көптеген жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
Сібір хандығы-15 ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибан ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға дейін жететін.
Шибан ұлысының құрамында Жошының бесінші ұлы Шибан ұлысты екі рет иеленді:1227 жылы Шыңғыс хан Батый мен Орда Ежен хан арасындағы дау-дамай кезінде Жошы ұлысын 3-ке бөліп, Шибанға «Боз Орданы» берді.
1246 жылы моңғолдардың «Батыс жорығынан» кейін Батый ұлысты 14 бөлікке бөлді.
Ұлыстардың құрамы мен шекарасы жиі өзгеріп отырды. Алайда Шибан ұрпақтары ұлысты сақтап қалды. Өзбек ханның реформаларынан кейін Шибан ұлысы өз шекарасын өзгеріссіз сақтап қалған жалғыз әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде белгілі.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468)
Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр хан (1428-1468).Түменнің шеткі аймақтық статусынан «көшпелі өзбектер мемлекетінің» астанасына айналуы шибан әулетінің өкілі Әбілхайыр ханның тұсына сәйкес келеді. Қала келесі 18 жылға (1428-1446) мемлекеттің елордасына айналады. «Чинги-Тура уәлаяты» термині дәл сол кезеңде пайда болған. «Шыңғыснама» мен «Нүсретнама» еңбектерінде түмен хандарына Қазан қаласы бағынғаны туралы дерек кездеседі.
Түмен хандығы (1468-1508)
Ибақ ханның Ұлы Орданың билеушісі Ахметті өлтіруі.Түмен хандығы дербес мемлекет ретінде XV ғасырда пайда болды. Оның алдында «Ібір» атауымен Алтын Орданың құрамында еді. Тобыл өзенінің орта ағысында орналасқан. Ақ Орда, шибан, тайбұға билеушілерімен ұзаққа соғылған тартыстың нәтижесінде мемлекеттегі жоғарғы билікті Ибақ иеленді. 1471 жылы ноғай мырзаларымен, Ұлы Орданың билеушісі Ахмет ханмен, қазақ билеушілерімен (Керей мен Жәнібек) одақ құрған Ибақ Әбілхайыр ханның мирасқоры Шайх-Хайдарды жеңді. Ал 1481 жылдың қаңтарында ноғай мырзалары Мұса және Жаңбыршымен бірігіп, Ұлы Орданың ханы Ахметті өлтірген. Ноғай мырзаларының қолдауына ие болған ағайынды Ибақ хан пен Мамық сұлтан 1492 жылы Қажы-Тарханды сәтсіз шабуылдады. Жорықтың нәтижесіз аяқталуына қырым ханының көмек бермеуі себеп болды.
Ескер жұрты (1508-1563)
Мемлекеттегі дағдарыс Мамықтың өлімінен кейін хан тағына отырған Ағалақтың тұсына сәйкес келді. «Кіші мұз дәуірі» көшпенді халықтың Орта Азияға қоныс аударуына алып келді. Халықтың бірінші тобы 1490-шы, ал екінші тобы 1510-шы жылдары көшті. Халық санының күрт кемуі саяси дағдарысты тудырды. Тақ үшін талас шиеленісе түсті. Ибақ ханның ағасы Ағалақ Ноғай Ордасына бет алып, Мәскеу билеушілерімен қарым-қатынас орнатты. Хан тағына отырған Құтлық 1506 жылдан бастап «Түмен және Сібір ханы» ретінде белгілі. Алайда сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер мен климаттың әсері 1510-1511 жылдары бірнеше ұлыстың Орта Азияға көшуімен аяқталды. Биліктен Шыңғыс ұрпақтарын ығыстырған тайбұғалық Махмет Сібір князьдігінің (уәлаяттың) негізін қалады. Тайбұға әулеті мемлекеттің жаңа билеушілеріне айналды. 1555 жылы тайбұғалық билеуші Едігер өзінің Орыс патшалығына тәуелділігін мойындады.
Мәскеу мемлекетінің Сібірді жаулап алуы (1582-1598).
Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты. 1574–1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі. 1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі. 1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығының Мәскеу мемлекетінің құрамына кіру үрдісі басталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет