«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай


Алтынсарин Ы.
Таңдамалы шығармалар. 72-бет.
2 Бұл да сонда. 280—281-беттер.
3 Соида. 280-бет.
47


ой-пікірі еркіндікті аңсайтынын», «қазақ халқы ұғым- 
тал, ақылды, дарынды, бірақ оқымағандығын», «ке- 
лешегінің зор» екендігін үнемі ескерте отырып, Ыбырай 
бұқараға «шынайы білім беруді», «пайдалы өнер үйре- 
туді», «жалпы халықтың оқуына жарайтын кітаптар 
шығаруды» өмірлік мақсат етті.
Халықтың тарихы мен рухани мұрасын жақсы бі- 
лу — Ыбырайдың өз халқын мақтаныш етуіне, оны сү- 
юіне, оның келешегіне кәміл сенуімен қатар, ағар- 
тушының дүниеге көзқарасынын, қалыптасуына да пэр- 
мен ді ықпал жасады.
1850 жылы август айында Ыбырай Орынбор қала- 
сында қазақ балалары үшін ашылған мектепке алы- 
нып, оны 1857 жылы үздік бағамен бітіріп шығады. 
Мектепте оқыған жылдар Ыбырай творчествосы мен 
оның дүниеге көзқарасының қалыптасуындағы мәнді ке- 
зең болды. Бұл жылдары Ыбырай қала өмірімен таны- 
сады. Ауыл мектептерінде жүргізілмейтін математика, 
физика, география, химия, тарих ғылымдарын оқып, 
дүниеге көзқарасы кеңейе түседі.
Ыбырай мектептен алатын білімге қанағаттанбай, 
ез бетімен көп оқиды.
Осы жылдары Ыбырай Орынбордағы орыстың демо- 
кратиялық интеллигенциясынан көп үйренеді, орыс хал- 
қының оқу, білімдегі жетістіктерімен жан-жақты таны- 
сып, меңгеруге талпынады. Орыс мәдениетінің кейбір 
бұқарашыл және прогресшіл үлгілерін казақ тіліне ау- 
дарып, орыс графикасының негізінде қазақ алфавитін 
жасайды. Бұл кезең Ыбырайдың дін туралы түсінікте- 
рінің қалыптасуына да зор эсер етеді. Өйткені Европа 
мәдениетін дәріптеуші-ағартушы қазақ халқының ілге- 
рі даму жолына ислам дінінің үлкен кедергі болып тұр- 
ғанын теред түсіне отырып, діни идеологияға қарсы кү- 
реске шығады. Кейінірек, кәмелетіне келген кезде, дін- 
мен, дін иелерімен, діни оқу орындарымен күрес үстінде 
үлы педагог азаматтық мектептер (светские школы) 
ашады, онда діни сабақтар емес, ғылыми сабақтар жүр- 
гізеді.
Ағартушы орыстың алдыңғы қатарлы интеллиген- 
циясының кеңестері арқылы өз бетімен бүкіл жер жүзі- 
не аты шыққан ұлы педагог әрі философ Ян Амос Ка- 
менскийдід педагогикалық тәлімімен және философия- 
лык көзқарасымен танысады. Оны өзіне ұстаз тұтқан 
Ыбырай Ақтөбе орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі
48


A. A. Мозохиннің үйленуіне байланысты жазған құттық- 
тау хатында: «Ендігі жерде мынандай ақылды бұлжыт- 
пай ұстаңыз, бұл менің айтып отырғаным емес, атақты 
философ-педагог К&менскийдің айтқаны. Ол кісі: «Қо- 
лындағы барын қанағат ете білетін адам шын бакытты 
адам» және «біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік 
етіп отырмыз дей алатын адам — шын бақытты адам» 
деген екен, ал тағы бір араб философы «бақыттылық 
неде?» дегенде «нысаптылықта» деп жауап берген екен, 
міне, осы ақылды алыңыз. Өз өмірін теріс өткізіп жүр- 
ген баска адамдарға еліктемей, сіздің жас келіншегіңіз 
де осындай көзқарасқа үйренсін»,— деп семьяға Камен­
ский мен араб философынық пікіріне сүйене отырып ті- 
лек айтып, ағалық кеңес береді.
Демек, Европа, орыс және араб халықтарының мә- 
дениетімен жақсы таныс болған Ыбырай өзінің ағарту- 
шылык, демократиялык, гуманистік идеяларының не- 
гізін бүкіл адам баласы, 
мәдениетінін, мұрасынан 
алады.
Казак, орыс және баска халыктардың рухани мәде- 
ниетімен қаруланған Ыбырай тәжірибелік және теория- 
лык іс-әрекетке кіріседі. Ыбырай өзінің саналы өмірін 
бір-ақ нәрсеге — ағартушылық жұмысына 
арнайды. 
Жергілікті әкімдер мен патша чиновниктерінің, дін ие- 
лері мен кертартпа ауыл ақсақалдарының ағартушылык 
ісіне қарсы әрекетіне, қазақ даласында азаматтық мек- 
тептер үлгісінің, оку құралдары мен программалардың, 
мектеп үйлерінің жоктыгына, оларға деген қаржының 
жетімсіздігіне, «шоқынып кетеді» деп корқып, көлтеген 
ата-аналардың балаларын оқуға бермеуіне байланысты 
оқушылардың жоқтығына қарамастан, демек ағартушы- 
лық жұмысының барысында кездескен қиыншылықтар- 
дың еш әрқайсысына мұқалмай, 1861 жылдан 1889 жыл- 
ға дейін, 28 жыл бойы Ыбырай үздіксіз ағартушылық 
майданында еңбек етті. Абзал педагогтың ақылы, сезі- 
мі, іс-әрекеті, қазақ жастарын тәрбиелеуге жұмсалды. 
Ардагер ағартушы өзінің ең соңғы тынысын да «мектеп» 
деп алғандай. Қайтыс боларынан бір ай бұрын, 1889 
жылы 15 июнь күні Орынбор оқу округінің жанындағы 
татар, башқұрт, қазак мектептерін басқаратын инспек­
тор В. В. Катаринскийге төсек тартып жатып жазған 
хатында:
«Сізге соңғы хатымды жазғаннан кейІн мен тағы да 
ауырып қалдым. Бұл жолы бұрынғыдан анағұрлым қат-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет