«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет40/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
4 —5384
49


ты ауырдым, жұрт меиі жаиы калса болар еді деп ка- 
уіптенулі. Әлі де аурумын, ұйдым жок десем де бола- 
ды, тамақ ішпеймін, жүрегімнін соғуы күшті, ентіге 
беремін. Троицкіден үшінші доктор шақырганнан кейін, 
қазір тәуірірексің деседі; ол маған 10 июльге дейін іше- 
тін дәрі беріп кетті...
Сіздің хатыңызды алдым, оныңызға үлкен рахмет. 
Егер тәуір болсам, августың аяғынан бастап облысты 
барлап қайтпақпын. Ал, егер сіз август айының орта 
шенінде, не болмаса, 20-лары шамасында да бізге кел- 
сеңіз, онда біз Торғай, Ырғыз арқылы Орынборға де- 
йін аралаған болар едік.
Бұдан артық жаза алатын емеспін. Қөргенше қош 
болыңыз, қымбатты Василий Владимирович»,— деп хал 
үстінде жатый, әдеттегісінше «облыстық мектептерді 
барлап қайтуды» Торғай мен Ырғыздағы оқу жұмыс- 
тарын тексеріп, сонан сод Орынборға барып, онда жаңа 
мектептер аштыру мәселесін көтеруді аңсап жатты.
Амал не, бұл жолы ол өз жоспарын орындай алма- 
д ы — 1889 жылы 11 июль күні дүниеден қайтты. Бірақ 
абзал адам, ардагер педагог, кемеңгер ағартушы артын- 
да өлмейтұғын іс, ұмытылмайтын мұра қалдырды.
Ыбырай қазақ сахарасында тұңғыш рет шын мәнін- 
дегі азаматтық мектептердің (светские школы), азамат- 
тық білімнің (светское образование) ірге тасын кала- 
ды. Егер Ыбырайға дейінгі қазақ елінде кездесетін оку 
орындары түгелге жуық діни мектептер мен медресе- 
лер болса, ұлы педагог өз еңбегімен, өз ұсынысы, өз іс- 
әрекетімен төрт жерде уездік орыс-қазақ училищесін 
(Елек, Қостанай, Торғай, Ыргыз), 5 облыстық мектеп 
(Жетіқара, Обаган, Бөрте, Қараторгай, Қарабұтақ), бір 
қолөнер училищесін (Ақтөбе) және орыс балаларына 
арнап 2 мектеп ашты.
Орскіде Ыбырайдың ынтасымен тұңғыш мұғалімдер 
мектебі ашылды. Қазақ халқының тарихында бірінші 
рет педагогикалық білім беретін оқу орнының іргесі 
қаланды. 1889 жылы Ыргыз қаласында агартушының 
ұсынысымен қыздар училищесі ашылды. Бұл — Шығыс- 
тағы қыздарға арналған оқу орындарының алғашқыла- 
рының бірі болып саналады.
Сөйтіп, Ыбырай өз қолымен Қазақстанда 14 оку ор- 
нын ашты. Мұнан бір гасыр бұрын, қазақ даласын қа- 
раңғылық пен діни соқыр сезім жайлап тұрган кезде
50


14 емес, тек бір ғана оку орнын ашкан адамнын, аты 
қазақ тарихынан үлкен орын аларлықтай еді.
Бұл оқу орындарының бәрі азаматтық оқу орындары 
болып, діни оқу орындарына қарама-қарсы қойылды. 
Мысалы, сол кезде, Ыбырай сөзімен айтқанда, «Елек 
уезінде жеті медресе бар, бұларда тек Мухаммед діні 
ғана оқылады»1, ал азаматтық мектептердің мақсаты 
халыққа пайдалы білім беру: математика, география, 
физика, азаматтық тарих, т. б. пәндерді окыту, жастар- 
ға құдайды емес, табиғатты таныту, құлшылықты емес, 
өнер үйрету.
Ыбырай тек ағартушылық жұмыспен ғана шұғылда- 
нып қойған жок. Онымен коса ол бірталай ғылыми-пе- 
дагогикалық еқбектер жазды. Педагог-ғалым өзі ашқан 
мектептерге арнап қазақ тарихындағы тұңғыш окулык- 
тарды —«Қазақ хрестоматиясын», «Орыс тілін казақ- 
тарға үйретудің бастауыш құралын» шығарды. Мүның 
үстіне халық-ағарту мәселелері жөніндегі Ыбырайдың, 
баяндамалары мен жазбаларында, есеп қағаздары мен 
нүсқау хаттарында және Қазақ университетінің профес- 
соры Н. Ильминскийге, Орынбор оку бөлімінің нұсқау- 
шысы В. Қатаринскийге, Актөбе училищесінің меңгеру- 
шісі Д. Мозохинге және т. б. жазған хаттарында (тек 
қана 1955 ж. шыққан «Таңдамалы шығармаларына» 
оның 80-нен аса хаты кіргізілген) педагогика ғылымына 
байланысты көптеген теориялық мәні бар ойлар, тол- 
ғаулар, методикалық нұсқаулар бар.
Педагог-жазушы — балалар жазба әдебиетінің негі- 
зін салды. Ыбырай жазған 50-ден астам қысқа әңгіме- 
лер мен ертегілер оның педагогикалық идеяларымен 
тЫгыз ұштасады.
Ыбырай этнографияга байланысты еңбектермен де 
шұғылданды. «Орынбор ведомствосы қазақтарының өл- 
ген адамды жерлеу және оган ас беру дәстүрінің очер- 
кі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, 
қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркі» атты 
еңбектері этнография ғылымына қосылган үлкен үлес. 
Шоқан тәрізді Ыбырай да география қогамының мүше- 
сі бола отырып, қазақ халқының әдет-гұрпы мен діни 
ұгымдарын жан-жақты зерттеп, ол жөнінде гылыми 
құнды пікірлер қалдырды.
Бұл айтылғандардан Ыбырай творчествосының ал-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет