«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет54/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай

«Көкке бактым «алла» деп,
Тамаша 
етіп
құдіретін.
Рахматы оның онда көп,
БіЗге түк жоқ тиетін»,—
деп құдіреті мен рахметін көк аспанға тыгып алып, «ал­
ла» жердегі адамға рахымсыз қарайды деп Абай құдай- 
ға тіл тигізуге дейін барады. Екінші шумақта:
«Неге суйсін ол мені,
Өзім ақымақ, алмадым,
Көрдім артық бір сені
Рахматынан алланың,—
деп сүйгенін алланың рахматынан артық бағалайды. 
Ал Абай заманындағы түсінікте сүйген жарды рахматы­
нан артық көру — дін бұзғандық, имансыздық. Құдай- 
ға тіл тигізетін өлеңдер Абайдың төл туындыларында 
да бар. Келтірілген шумақтарға да тек аударма деп қа- 
рауға болмайды. Аударумен қатар бұл өлеңде Абай өз 
ойын, көңіл күйін, құдайға қарым-қатынасын білдіреді. 
Аталған өлеңде Лермонтов «құдай» деген ұғымды ашық 
айтпай, астарлап қана сездірсе, Абай ешбір іркілмес- 
тен, «алла» деген ұғымды өз аудармасына еркін кіргі- 
зеді. Демек, Абайдың дін туралы түсініктерінің қалып- 
тасуына орыс ақын-жазушылары да ықпал етті.
Абайдың дін туралы түсініктерінің калыптасуына 
байланысты ескеретін тағы да бір мәселе 
ұлы ағарту- 
шынық әлеуметтік көзқарасы панисламизм идеялары- 
мен күресу барысында шыңдала түскендігі.
XIX ғасырдың соды мен XX ғасырдың бас кезінде

Валиханов Ч. Ч.
Собр. соч. Т. IV. С. 297.
6 —5384
73


Россиядағы мұсылман халықтарының арасында панис- 
ламшылар өздерінің іс-әрекетін күшейтті. Олар өзбек, 
азербайжан, татар, башқұрт, тәжік, түрікмен, кырғыз, 
қазақ халықтарын Россиядан бөліп, жеке дара Россия 
мұсылмандарының мемлекетін құруды көкседі. Бұл 
мемлекетті басқарушылар дін иелері — имамдар мен 
хазіреттер, халифтер мен қарилер болмакшы болды. 
Осы мақсатпен дін иелері үгіт-насихат жұмысын күшей- 
те отырып, халықты өз саясаттарына көндіру үшін ауыл 
сайын молда жіберуге тырысты. Панисламшылар тобы- 
на қосылуын өтініп, дін иелері Абайға да хат жазды.
Абайдың пікірінше, қазақ халқына қандас елдерді 
біріктіретін діни, мұсылмандық қауым емес, өзінің жер- 
лес және рухтас көршісі орыс халқының көмегі кажет; 
оған шариғат пен надан молда емес, жас ұрпактың кө- 
зін ашатын білім мен ғылым, білімді адам керек. Бұл 
жөнінде көмекті рухаии езудің орталығы Меке мен Ме- 
динеден емес, Россиядан, оның ғылымынан, окығанда- 
рынан іздестіру, күту керек.
Қорыта айтқанда, ойшыл ұлы ақынның дін жөнінде- 
гі түсініктері өз халқының діни сарындарға қарсы ба- 
ғытталған прогресті рухани мәдениетінің, шығыс және 
орыс классиктерінің озық ойлы өкілдерінің ықпалымен 
дін иелеріне, діни ақындарға және панисламизм сияқты 
діни ағымдарға қарсы идеялық күрес үстінде калып- 
тасты.
Абайдық «иман» туралы түсінігі де діни көзкарас- 
тан көп алшақ, исламшыл ұғымға жанаспайды. Құран- 
да иман туралы бір ғана түсінік бар. Исламша, иман 
дегеніміз құдайға шексіз, шүбәсіз нанудың, сенудің сим­
волы, бұл дүниеде барлық ауыртпалыққа тезімділік 
жасап рахатты о дүниеден, «ұжмақтан» күту. Абай түсі- 
нігі мұнан мүлде өзгеше. Ол өзінің «Он үшінші сөзінде», 
иман жөнінде бір емес, екі түрлі түсінік бар екендігін, 
иманның екі түрлі болатынын айтып, «иман» деген 
діни ұғымға ғылыми және моральдық мән, мазмұн бе- 
руге ұмтылады.
Абайша иман екі түрлі: бір — якини иман, екінші- 
сі — таклиди иман.
Якини иман — шын иман, шын нану, сену. Бұл иман 
ақылдан, дәлелден, ғылымнан туады. Бір нәрсеге сен- 
генде, «соның хақтығына ақылы бірден дәлел жүргізер- 
лік болып», «ақыл дәлелімен» нану керек. Бұл иман
74


білімге, ғылымға, ақыл дәлеліне негізделуге тиісті. Де- 
мек, Абайша, шын иман танымнан шығуы, тууы керек. 
Неге сенсең де, соның сырын, ішкі мәнін біліп сен, тіпті 
құдайға сенгенде де, оған ақыл дәлелі арқылы сеи дей- 
ді. Абайдың иманға беріп отырған бұл түсінігі — көпте- 
ген философтарға тән рационалдық түсінік.
Таклиди иман — еліктеуден шыққан иман, наным, 
сенім. Бұл иман ақылдан, ғылымнан, дәлелден тумаған, 
тек дін иелерінің айтқаньіна иланудан, соларға еліктеу- 
ден туған иман. Абай сөзімен айтқанда таклиди иман — 
«кітап оқу бірлән, яки молдалардан есту бірлән» бола- 
тын иман. Бұл иман — өзі ештемені білмей, еш нәрсе 
туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай 
көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шық- 
қан соқыр сезім, үстірт наным. Абайдың адғаруынша, 
дінге сенушілердід иман туралы медземі осы екінші тү- 
сінік, олар шын иманның не екенін білмейді, өйткені 
шын иман ғылымға, танымға байланысты, ал дінге се- 
нушілердің «якини иманы бар деуге ғылымы жоқ», дей- 
ді Абай.
Иманның екі түрін талдап келіп, Абай, біріншіден
шын иман — таныммен барабар дегенді аңғартады. 
Екіншіден, иманды этикалық, адамгершілік мәселесімен 
ұштастырып, иман дегеніміз ар мен ұят дейді. «Ұят кім- 
де болса — иман сонда», «кімнің ұяты жоқ болса, оның 
иманы жоқ» деп түйеді Абай өз пікірін.
Сонымен қатар, Абай мұсылман ғұламаларымен сөз 
жарыстырып, дауға түсіп, дін иелерінің имансыздығын, 
оларда иман туралы жоғарғы екі түсініктід де жоқ 
екендігін дәлелдеуге тырысады. Ағартушының айтуыд- 
ша, дін иеле^ідід имады — алдау мен арамдық. Олар 
өзідід бас пайдасына карай, «ақты қара дед, я караны 
ақ деп, өтірікті — шыд деп ант етеді», «қылыш үстінде 
серт жоқ», «құдай тағаланыд кешпес күдәсі жоқ» деген 
жалғад мақалды қуат көрген мұндай пендеиід жүзі 
құрсыд»,— деп Абай дүмше молдаларға лағдет айтады. 
Антиклерикалдық бағыттағы ағартушы дід иелері — 
ары мед имадыд, данымы мен седімід сатушы екі жүз- 
ділер екендігід, олардыд халықты дададдықтад шығар- 
ғысы келмейтідін, өйткені 
даданды алдау одайға 
түсетідін, ал қарадғылықта арамдықтыд анық көрід- 
бейтідін бірнеше едбектерінде баса айтады.
Алайда ағартушы өзі өскен ортаныд шедберінен то- 
лык щыға алмайды, «иман» дегед ұғымдыд киялдад ту-
75


ran жалган түсінік екенін, мүлдем мазмұнсыз ұғым еке- 
нін айкын аңғара алмайды. Сондықтан ол бұл ұғьімға 
моральдық мән, мазмұн беру жағын қарастырады. Бұл, 
әрине, дінге ағартушылық тұрғыдан қараған әлсіздік- 
тің, дін шеңберінен толық шыға алмағандықтың сал- 
дары.
Абайдың «жан» туралы түсінігі де діни түсінікке 
сәйкес емес. Діни түсінікте адам жан мен тәннен тұра- 
ды, тән өледі, жан мәңгі өлмейді, иманды адамның жа- 
ны жұмакка барып рахат, имансыздың жаны тозаққа 
барып бейнет көреді-міс. Абай бұл мәселені басқаша 
түсінеді. Оның пікірінше де адам жан мен тәннен тұра- 
ды. Абай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет