«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет55/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес,
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңшең білмес»,— дейді.
Бұл жерде Абай «адам өлмейді, тек білмейтін кісі 
ғана тәннен жанның бөлінгенін өлу деп есептейді» деген 
ой айтып отыр. Бұл пікірін оның көптеген басқа да пі- 
кірлерімен салыстырсақ, Абайдың жанның өлмеуін тү- 
сінуі В. Г Белинскийдің түсінігімен бірдей, Абайша 
«мені» мен «менікінің» екі түрлі мағынасы бар. «Мені- 
кі» дегеніміз адамның денесі, ал «мен»— сол дененің 
рухани жемісі, өзі өлгенде артта калдырған ісі, өнері. 
«Менікі»— дене — өледі, «меннен» айрылады, ал «мен»— 
дененің рухани жемісі, адамның артына қалдырған игі 
ісі, өнері өлмейді». Сондықтан да Абай:
«Көп адам дүниеде бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»,— дсйді.
Артында өлмейтұғын мұра қалдырған жанды шы- 
нында да рухани жағынан өлді деп ешкім де санамай- 
ды. Онын, көзі жұмылып, жер қойнына кірсе де, ойы, 
пікірі, халқына істеген игі істері өмір. сүре бермекші.
Ғылым мен діннің арақатынасын сөз еткенде де, 
Абай ғылымды діннен жоғары бағалайды. «Ғылымсыз 
ақірет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз
тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бар-
76


майды»1,— деп дінніц уагыздарын ғылымға бағынды- 
рады.
Шын мәніндегі рахат дінге сенген соқыр сезімде 
емес, ғылымда, дүниенің әрқилы құбылыстарын білуде, 
түсінуде, өз білгеніңді халыққа білдіруде, халыққа тү- 
сіндіруде деп дінді ғылым дәрежесіне түсірсе, «ғылым -— 
алланың бір сипаты, ол қақиқат»,— деп ғылымды кұдай 
дәрежесіне көтереді.
«Балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды сатсаң 
да балаңа орыстың ғылымын үйрет!»— деп ұлы ақын 
халқын жас ұрпақты оқытуға шақырады. Ғылымға ұм- 
тылып білім алғанда я тілмәш, я адвокат болу үшін, 
«домалақ қағазбен» халықтың мазасын алу үшін үйреп- 
бе. Салтыков пен Толстойдай адам болу үшін үйрен, 
адам баласына қызмет ету үшін үйрен деп, жас ұрпақ- 
қа жар салады. Ғылым табуды, білім алуды «адам 
болудың» негізгі бір шарты деп санайды. «Надандарға 
бой берме», «Болмасаң да ұқсап бақ бір ғалымды көр- 
сеңіз»,— деп жастарға жігер береді.
Абайдың жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі туралы 
пікірлері де діни түсінік емес, ағартушылық түсінік. 
Ұлы ақын өзі өскен ортаның қиян-кескі іс-әрекетте- 
рін, ұрпақтан-ұрпаққа созылған ру таласын, партиягер- 
шілігін, барымташылығын көре отырып, ескі ұрпақтың 
да, өз ұрпағының да адамг^ш ідік қасиеттеріне қана- 
ғаттанбайды.
Абай әсіресе би мен болыстардың, қажылар мен бай- 
лардың озбырлығы мен зұлымдығыи аяусыз әшкерелей- 
ді. Олардың діні мен құдайы, ақылы мен білімі, ұяты 
мен ары, жақыны мен жақсысы — бәрі мал болып кет- 
кенін, «мал болса, тіпті құдайды да паралап аламын» 
дейтінін айтып, олардың надандығына, арсыздығына 
ызаланады. Дала феодалдарының өзі бұзылғанымен 
қоймай, зымияндығы мен зұлымдық касиеттерін бүкіл 
халыққа рух етіп сеуіп отырғанын, сондықтан да, үстем 
таптың бірлік үшін, ғылым үшін, әділет, адамгершілік 
үшін емес, кайта керісінше, еңбек етпей, алты бақан 
алауыз болып, қулық, сұмдық қуатынын, оның бірлігі 
кем, тірлігі жарамсыз екендігін, бірін-бірі көре алмай- 
тындығын, бірін-бірі аңдып, жаулап, барымталап, ұр- 
лап кірпік қақтырмай отыратынын, соның салдарынан 
«қой жүнді қоңырлардың күн көре алмай жүргенін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет